Екі к?рінісі бойынша ?шінші к?рінісін т?р?ызу ж?не сызу
Көкшетау қаласы,(қазақ тілінде оқытылатын) дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Сызу, бейнелеу өнері және технология пәнінің мұғаліміКажигалиев Куанышбек Айтжанұлы
(Сызу пәнінен ашық сабақ)
Сынып: 9
Тақырыбы: КЕСКІНДЕР - КӨРІНІСТЕР
Графикалық жұмыс «Екі көрінісі бойынша үшінші көрінісін тұрғызу және сызу»
Модельдің екі көрінісі бойынша үшінші көрінісі мен изометриясын салу.
Сызу - графикалық кескіндерді рәсімдеу, орындау және айырып тану теориясының негізгі
қағидалары және практикалық амалдары.
Сабақтың мақсаты:
1. Білімдік:оқушылардың дәптер бетінде сызу бағытын білуін, сызу құралдарымен, және сызу тәсілімен танысу, танымдық қабілеттін арттыру.
2. Дамытушылық: оқушылардың еңбекке қызығушылығын арттырып, ой-қиялдарын, өзіндік практикалық әрекет ортасын қалыптастыру,ой қорытып, нақты шешім жасауға үйретіп, ойлау қабілетін дамыту.
3. Тәрбиелік: оқушыларды ұқыптылыққа, әсемдікке, төзімділікке, үнемділікке тәрбиелеу, кез келген ісін аяқтауға, сызбаларды салауатты сызып, топпен жұмыс жасап, бір-бірін тыңдай білуге үйрету, мәдениетті болуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Тәжірибелік сабақ.
Көрнекі құралдар: сызғыш, қарындаш, сурет дәптері, өшіргіш, плакаттар, жұмыс оры, оқу құралдары.
Пәнаралық байланыс: бейнелеу өнері, сызу, геометрия, математика
Сабақтың барысын жүргізу жоспары:
1. Ұйымдастыру бөлімі. Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру, сабаққа дайындығын бақылау. Оқушылардың назарларын сабаққа аудару. Сабақ жоспарымен таныстыру.
2. Теориялық бөлімі. Графикалық жұмысымен таныстыру, сарамандық бөліміне толық түсінік беру, түсіндіру.
3. Сарамандық жұмыс. Жаңа сабақтың сарамандық бөліміне толық түсінік беру.
4. Өтілген сабақты қайталау, еске түсіру.
5. Сарамандық бөлім: әр оқушы жекелей тапсырмаларды орындай білуге жатықтыру.
6. Қорытындылау. Графикалық жұмыс орындату
7. Үй тапсырмасы. Ж ұмысты аяқтау
2788285113030Сабақ барысы.
Нәрсенің берілген негізгі екі көрінісі бойынша оның үшінші негізгі көрінісін салу - сызу пәнінің басты есептерінің бірі. Осындай есептер оқушылардың кеңістікті елестету қабілетін дамытуға әсерін тигізеді. Сондықтан бұл есепті оқушы шығара алатын болуы тиіс. Берілген екі көрініс бойынша үшінші көріністі тұрғызу үшін нәрсенің кеңістіктегі пішінін көз алдымызға елестетіп, түсініп алуымыз керек. Басқаша айтқанда, сызбаны оқи білу керек. Сызбаны оқудың екі әдісі бар. Бұлардың біреуі - талдау әдісі де, екіншісі - толықтыру әдісі. Бұл әдістердің екеуі де геометриялық қарапайым денелердің проекциялары қалай кескінделетінін білуге негізделген.
Талдау әдісі. Бұл әдісті қолданғанда берілген күрделі нәрсені өзімізге белгілі қарапайым геометриялық денелерге ажыратамыз. Қарапайым геометриялық денелерге призманы, пирамиданы, конусты, цилиндрді және шарды жатқызамыз. Осы аталған геометриялық денелердің кескіндеріне тән сипаттық белгілерді есте сақтау керек.1-мысал.а-суретте алдыңғы және үстіңгі көріністері берілген нәрсені талдап, оның сол жақ көрінісін салу керек. Берілген нәрсені параллелепипедке және үшбұрышты призмаға ажыратуға болады. Тұтас нәрсенің және оның бөліктерінің аксонометриялары, ә-суретте келтірілген. Призманы параллелепипедке бір жағымен тақап қояды. Призманың келесі жағы параллелепипедтің сәйкес жағымен бір жазықтықта жатыр. Енді профиль проекцияның - сол жақ көріністің екіге бөлінген тіктөртбұрыш болатынын түсіну қиын емес (б-сурет).
1-сурет
-381064770
-85725047815502-мысал.1, а-суретте кескінделген күрделі геометриялық дененің сол жақ көрінісін салу керек.Тапсырманы орындау үшін сызбаны оқып, күрделі денеге талдау жасайды. Алдымен оны өзімізге белгілі геометриялық денелерге ажыратамыз. Дененің алдынан қарағандағы көрінісінде төрт горизонталь сызық бар. Олар нәрсені үшке бөледі. Жоғарғы екі горизонтальсызықтың аралығындағы бөлігі (1) қиық конус екеніне, ортаңғы бөлігі (2) алтыбұрышты дұрыс призма екеніне көз жеткізу қиын емес (1, ә-сурет). Ал төменгі бөлігі екі жарты цилиндрден (3) және (5), параллелепипедтен (4) тұрады. Бұл аталған қарапайым геометриялық денелердің проекцияларын салу өткен тақырыпта (§21) қарастырылды. Берілген күрделі дененің сол жақ көрінісі оны құрайтын қарапайым денелердің сол жақ көріністерінен тұрады. Алдымен астыңғы бөлігінің сол жақ көрінісін салуға болады. Біз жарты цилиндрді (3) көреміз, ал параллелепипед (4) және жарты цилиндр (5), оның тасасында тұрғандықтан, көрінбейді. Аталған бөліктер (3, 4 және 5) профиль проекциялар жазықтығына олардың алдынан қарағандағы көрінісінің деңгейінде орналасқантіктөртбұрышқа проекцияланады. Бұл тіктөртбұрыштың биіктігі алдыңғы көріністен, ені үстіңгі көріністен алынады. Сол жақтан қарағанда призманың үш жағы көрінеді. Бұл үш жақтың ортаңғысы деңгейлік фигура болғандықтан, бұрмаланбай натурал шамасын сақтап проекцияланады. Қалған екі жағы профиль проекциялар жазықтығына 60°-қа тең бұрыш жасап көлбейді. Сондықтан проекцияда бұл екі жақтың ені ортаңғы жақ енінің жартысына тең болады. Қиық конустың сол жақ көрінісі оның фронталь проекциясына тең трапеция болады. Сол жақ көріністі тұрғызуды оның симметрия осін салудан бастау керек.
2-сурет
3-мысал.2, а-суретте бас және үстіңгі көріністері берілген тетікбөлшектің сол жақ көрінісін салу керек.Тапсырманы орындау үшін берілген көріністерге зер салып қарайық. Нәрсенің кеңістіктегі пішінін көз алдымызға елестетіп көрейік. Бұл жағдайда бізге өзімізге белгілі үшбұрышты призма мен цилиндрден тұратын тетікбөлшек беріліп отыр. Цилиндрдің де, үшбұрышты призманың да ойықтары бар (2, ә-сурет). Призманы оның табанына параллель жазықтықпен ортасынан қиып, жоғарғы бөлігін алып тастайық. Енді призманың қалған бөлігін 2, ә-суреттегі ойығы бар призмамен салыстырып, олардың бірдей фигуралар екендерін көреміз. Енді берілген тетікбөлшектің сол жақ көрінісін салу оңай (2, б-сурет).Цилиндрдің сол жақ көрінісі вертикаль оське қарағанда симметриялы фигура екеніне, ал призманың сол жақ көрінісінде симметрияның жоқтығына көңіл аударған дұрыс.
Графикалық жұмыс
Екі көрінісі бойынша үшінші көріністі тұрғызындар, өлшемдерді түсірәндер (қосымша).
25146001715135
Модель және тетікбөлшек кұрылымдарында көптеген әрқилы пішінді ойықтар мен қиықтар болуы мүмкін екенін білеміз. Олардың сызбада үзілме сызықпен орындалған сұлбалары сызбаны күрделендіреді, оны оқуға және өлшіем түсіруге қиыншылық тудырады. Сондықтан тетікбөлшектің көрінбейтін бөліктерін кескіндеудің өзгеше, мейлінше ыңғайлы әдісі ендірілген . Бұл әдіс қималар мен тіліктерді қолданудан тұрады.
Тілік шартты ұғым екенін есте берік ұстау қажет.Нәрсені шындығында тілмейді. Қиып өтетін жазықтық пен сызбаны тұрғызатын адамның екі ортасында орналасқанбөлшектің бөлігін көрсетілгендей ойша алыстатады. Нәтижесінде модельдің ішкі құрылымы көрінеді. Тілікте қиюшы жазықтықта және оның арғы жағында орналасқаны кескінделеді.
Тілікте қиюшы жазықтықта және оның арғы жағында орналасқаны кескінделеді.
Жүргізілген жазықтық шартты түрде тіліп өткен модельдің немесе тетікбөлшектің қабырғаларын негізгі жазудың горизонталь сызықтарына 45° бұрыш жасап, тұтас жіңішке сызықтармен сызбалайды. Сызбалау сызықтардың арасындағы интервал 1... 10 мм (оқыту сызбаларында ұсынылған сызықтау сызықтарының арақашықтығы 1,5...4 мм). Егер сызбада бірнеше тілік орындалса, олар бірдей сызықталуы керек.
3-суретте бір проекция (фронталь) жазықтығында орындалған тілік басқа проекцияда (горизонталь) орындалған нәрсенің бейнесіне әсер етпейтіні көрінеді.
Қиюшы жазықтықтың орналасуына қарай, тіліктер:
горизоиталһ тілік жазықтығы П 1 горизонталь проекция жазықтығына параллель
вертнкаль тілік жазықтығы П 1 горизонталь прекция жазықтығына перпендикуляр;
көлбеу тілуші жазықтық горизонталь проекция жазықтығымен тік бұрыштап өзге бүрыш жасап орналасады.
вертикаль тіліктер екі түрге бөлінеді:
фронталь - тілік жазықтығы П2фронталь проекция жазықтығына параллель;
профиль- тілік жазыктығы П3профиль проекция жазықтығына параллель.
Қиюшы жазықтықтардың санына карай тіліктің бөлінуі:
қарапайым бір ғана киюшы жазықтық;
күрделі бірнеше қиюшы жазықтықтар болса.
Модельдін ұзындығын бойлай орындалған тілікті бойлық, ал оның ұзындығына перпендикуляр тілік - көлденең деп аталады
342900548640
3-сурет
Киюшы жазықтық симметрия жазықтығымен түйісетін болса, онда затты қиюшы жазықтықтың орналасуын көрсетпейді. Кері жағдайда, тілуші жазыктықтың орналасуын сызбада тілік сызығымен көрсетеді. Тілік сызығы ұшін үзік сызық қолданылады. Үзілме сызықтарда қарау бағытын көрсететін нұсқағыш қою қажет. Нүсқағышты үзілме сызықтың сыртқы шетінен 2...3 мм қашықтықта сызу керек, нұсқағыштың өлшемдері. Тілік сызығының басында және аяғында алфавиттің бір әрпін қою керек. Қима А-А түрдегі жазуымен белгіленеді.
Горизонталь, фронталь және профиль тіліктер тиісті негізгі көріністердің орнында орналасады. Көлбеу тілік нүсқағышпен көрсетілген бағытқа сәйкес тұрғызылып, орналасуы қажет. Мүндай тіліктерді сызбаның қандай да болмасын бос жерінде, сондай-ақ басты көріністегі заттың бейнесінен айырмашылығы болмайтындай жағдайда бұрып орналастыруға жол беріледі. Мүндай тіліктің белгісіне катарлас белгісі қолданылады.
Заттың бір, шектеулі жеріндегі кұрылысын аныктауға арналған тілік жергілікті деп аталады. Жергілікті тілік сызбада тұтас ирек сызықпен көрсетіледі. Бұл сызык сызбаның баска сызықтарына сәйкес келмеуі керек.
Бір жазықтықпен орындалып, заттың ішкі кұрылысы анықталатын, бірақ оның сырткы көрінісі жартылай көрінбейтін тілік толық деп аталады. Оны тілік жазықтығындағы заттың пішіні симметриялы болмаса қолданады.
Заттың сыртқы түрін сақтап қалу үшін, көріністің жартысын және тіліктің жартысын, тұтас ирек сызыкпен бөлек көрсетіп біріктіруге болады. Егер мұндай жағдайда көріністің жартысы мен тіліктің жартысының әркайсысы симметриялы фигура болып табылса, онда бөлуші сызық болып симметрия осі табылады. Тілік көрінісі проекциялар жазықтығына тәуелденбей, вертикаль симметрия осінен оң жақта, горизонталь осінен төмен орналасады.
Егер симметрия осіне заттың сыртқы тұрпатына тиесілі қырынын проекциясы түссе, онда тілікті көрсетілгендей етіп орындайды симметрия осіне заттың ішкі тұрпатына тиесілі қыры түссе, онда тілікті көрсетілгендей етіп орындайды, яғни заттың қыры бәрібір сақталады.
Тетікболшектің қаттылық қырлары, кұлақшалары, шабактары және т.б. жұқа кабырғалы элементтері кешенді сызбада көлденең тілікке түссе сызықталмайды, ал аксонометрияда сызықталады.
Қарапайым тілігі бар модельдің сызбасында өлшемдерді қойған кезде, бөлшектің ішкі тұрпатына қатысты өлшемдерді тілік жағынан қою қажет, ал сыртқы көрініске жататындары тілік орындалмаған жеріне қойылады. Сонымен қатар, бір элементке қатысты тіліктерді, заттың бір кескініне топтастыру екенін есте сақтау қажет.
7. Үй тапсырмасы. Нәрсенің негізгі екі көрінісі бойынша оның үшінші негізгі көрінісін салуға бірнеше жаттығулар орында.Практикалықжұмыстарын аяқтап келу.