Діни экстремизмні? алдын алу


Сабақтың тақырыбы: «Діни экстремизмнің алдын алу»
Мақсаты:
Білімдік: Экстремизм, терроризм, терминдеріне түсінік беру,
Қазақстан Республикасындағы лаңкестікпен қарсы күрестің құқықтық негіздері, қазіргі таңдағы ахуал жайы жөнінде мағлұмат беру.
2. Дамытушылық: Оқушыларды ақпараттық құралдары мен ғаламтор материалдарын пайдалана отырып, дамыта оқыту.
3. Тәрбиелік: Келер ұрпақ жас өренді өмір қауіпсіздігі, жанашырлыққа, бейбіт рухтағы адами қасиеттерге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: дөңгелек үстел
Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап /ситуация туғызу, шешу жолын айту, нақты дәлелдер келтіру/
Сабақтың көрнекілігі: Тақырыпқа сай дидактикалық материалдар / слайд суреттері – бейне роликтер,
Сабақтың жүрісі:
І. Ұйымдастыру
ІІ. Сабақ жоспарымен таныстыру1 Экстремизм деген не? Экстремизмнің негізгі белгілерін қалай ажыратамыз?2 Бүгінгі шиеленіскен діни ахуалдың себеп - салдары қандай?3 Діни экстремизм және оның алдын - алу үшін не істеу керек деп ойлайсың?4 ҚорытындыІІІ. Қорытындылау
Кіріспе сөз. Бүгін сіздер «Діни экстремизмнің алдын алу» атты дөңгелек үстелде бас қосып отырсыздар. Қоғамның ең әлсіз тұсы дін, жастарымыздың дін туралы сауаттылығы нашарынан ба, әлде бір себеппен бе, секталарға кіру себебі, бүгінгі «Діни экстремизмнің алдын алу» тақырыбы да осы арнаға келіп саяды.
Ата-бабалар армандаған Тәуелсіз еліміз күн санап қарыштап даму үстінде. Бүгінгі таңда мемлекетіміздің мереәі үстем боп, қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған бейбіт заман кешудеміз. Осындай ұлан байтақ жеріміз бен салт дәстүрімізді, ата дінімізді, бұхара халқымызды әрі қарай алға бастау үшін сарабдал саясат пен мықты қауіпсіздік керегі-ақ.
Қауіпсіздік деп – біз не үшін бұл ұғамға үңіліп отырмыз. Тұманы қалың жаһандану қоғамында ішкі сыртқы сақтымызды қадағалау біз үшін бүгінгі таңның өзекті мәселесі. «Жау жоқ деме жар астында деген» атам қазақ бүгінгі таңның алаңдатарлықтай қазаққа қауіп төндіріп отырған ЭКСТРЕМИЗМ деген сыртқы күш.
/бейне ролик/
Экстремизм деген не сөз? Біздің елге қашан келді? Біз естімеген бұл сөздің мағынасы қандай несімен қауіпті, қайтсек біз құтыламыз? Енді осы сұрақтарға сатылап жауап беріп көрейік.
Экстремизм деген не? Қоғамға тигізер әсері қандай?Нұржан: Қазіргі таңда діни - ахуал жағдайында жалпы экстремизм деген терминге зерттеушілер ортақ бір нақты мазмұн беретін балама сөз тапқан жоқ. Әр ғалым өзінше сөз саптайды. Бір анығы, қоғам үшін бұл – үлкен қауіпті құбылыс.
Жақсы, Нұржанныңның сұрағына қосатын болсам, я нақты балама жоқ Енді осы экстремизмнің мағынасын объективті түрде түсіндіріп көретін болсам,. Экстремизм (ехtгеmus) деген латын тілінен енген термин, сөздік мәні соңғы, шеткі деген мағынаны білдіреді. Дінмен байланыстағы сөз. Нақты анықтамасына көшсек. Экстремизм – жеке адамдардың, топтардың, ұйымдардың және сол сияқты қоғамдық қызметте барып тұрған ұшқары пікірге, пәтуасыз позиция мен шытырманды шараларға бейімділігі.
Бұл әрине сіз естіп отырғаныңыз терминдік мағынасы. Ал жалпақ тілмен айтар болсақ елге ылаң салушы. Сырттан келіп іштен ірітіп елдің берекесін қашырып қоғамды мемлекетімізді жаулап алуға бағытталған ұйым.
Экстремизмнің негізгі белгілерін қалай ажыратамыз?Мейрамбек: Менің ойымша біріншіден, мемлекетте диктатура орнатуды ашық жариялайды, яғни бұл дегеніңіз елдегі азаматтардың саяси және азаматтық құқықтарын кемсіту; екіншіден, елдегі конституциялық құрылымды үзілді - кесілді мойындамайды, оны зорлық - зомбылық күшімен жоюға және билікті заңсыз басып алуға ашық түрде насихаттайды; үшіншіден, заңсыз қарулы жасақтар құрады; төртіншіден, елде әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, тіл және діни алауыздықты қоздырады, сонымен қатар, осы ерекшеліктер бойынша азаматтардың құқығын шектеуді мақсат етеді; бесіншіден, елде белгілі бір ұлттың немесе діни конфессияның тоталитарлық режимін орнатуға ұмтылады.
Сонымен, «діни экстремизм» дегенді қалай түсіндірер едіңіз?Көркемай – Бауржан. Қоғамдағы дәстүрлі діннің құндылықтарын жоққа шығару. Дәстүрлі дінге жат «идеяны» белсенді насихаттау. Зайырлы қоғамға қарсы әрекет ету. Қоғамға белгілі бір діни конфессия бойынша өз түсініктері мен көзқарастарын насихаттау деуге болады.
Жоғарыда аталған іс - әрекеттерді жасайтындарды, сәйкесінше, экстремистер дейді. Соңғы жылдары экстремистер өз мақсаттарына жету үшін «қанды террорлық» әрекетті құрал ретінде қолданып, әлем жұртшылығын алаңдатып отыр.
Қалай келді біздің елімізге, осы мәселеге тоқталайық.
1991 жылы еліміз тәуелсіздігімізді алған уақыттан жан-жақтан миссионерлер қаптап ағыла бастады. Аяғынан енді қаз ір тұрған жас қазақ мемлекеті кімнің дос кімнің қас екенін айыра да алмай қалды.
Миссионерлердің ниеті мемлекетті құлатып басқа мемлекет құру. Шеттен келген миссионерлер өз істерін астыртын жүргізіп үгіт насихатын жүргізе бастады.
Иманы әлсіз, діни сауаты шамалы қазақ жастарын өз қатарларына біртіндеп тарта берді.
Батыстан келген бей ресми ұйымдар, топтар мемлекетімізге қауіп төндірді.
Салт-дәстүрі мен ата дінінен айрылған қазақ иегово куәгерлеріне, кришнайттерге қосылды.
Жат ағымдар
Қазіргі қоғамда өзекті мәселе ретінде ойландыратындай деңгейге жетті. Жат ағымға әсіресе жастар тез бейімделуде. Бұрынғы кез бен қазіргі кезіміз жер мен көктей. Кезінде имандылықта, намаз оөып жүрген адамға ерекше құрметпен қарайтын болсақ, бүгінгі күні керісінше намазоқитын адамнан қауіптеніп, үрке қараймыз. Ата-аналар балаларына мешітке баруға тиым салып, намаз оқытпай қарсы шығуда. Сүттей ұйыған отбасының шырқан бұзып, шаңырағын шайқалтуда. Бұл әрине экстремистік ұйымдардың әсерінің нәтижесі. Бұрын ата-анасына қарсы келмей сыйлайтын қазақ жастары, қазіргі уақытта ауыр сөз айтып, берген тамағын төгіп жемейтін деңгейге жетті. Қаншамасы мойнына крест тағым шоқынып кетті. Бұндай жағдай біз үшін, біздің еліміз үшін өте қауіпті.
Экстремистік топтардың пиғылы адамдарды өз тобына қосып мемлекетке айдап салып көздегендеріне жету.
Қазіргі ақпараттық технологияларды қолдану арқылыда халықты қаратуда. Мысалы, интернет арқылы, бейне роликтер, теледидар, радио, поштаңызға келіп тұрған хаттар, тегін таратылған кітапшалар барлығы астыртын ұйымның іс-әрекеті.
ОҚИҒА /оқушылардың дайындаған шағын көрініс, қаламызда болып жатқан оқиғалардың бірі /
Оқиғадан кейін оқушыларға сұрақтар қою және бейне роликтер көрсету.
Экстремистік ұйымдар уағыз насихаттан бөлек қара күшті, қару жарақты химиялық және де басқа да құралдарды қолдану және қолданамын деп қорқыту сияқты әртүрлі әрекеттерге барады.
Сақтану жолдары:
Әр адам өзіне сенімді боп ешкімге еліктемеу
Кез-келген ұсынылған кітап, газет, бейне сынды ақпараттты қабылдамау
Діни сұрақтар болса тек мешіттегі арнайы тағайындалған имамнан сұрау
Ата-ана баласының кімдермен байланыста, қайда жүргенін хабардар боп отыру керек.
Қазақстанға қауіп төндіріп отырған экстремистік топтар:
Хизб ут – тахрир
Құраншылар
Таблиғи Жамағат
Әл-кайда
Талибан
Уахабшылар
Иегово куәгерлері
Сиентолог
Кришнайттер
Қорытынды: Әрбір азамат қоғам тыныштығы үшін діни экстремизмге табанды түрде қарсы тұруы тиіс. Қазақ халқы ертеден - ақ бірліктің, ынтымақтың маңызын жете түсінген. Бабаларымыздан өсиет болып бізге жеткен Бақ қайда барасың ынтымағы мен бірлігі жарасқан елге барамын деген қанатты сөз бүгінгі күн ішінде өз көкейкестілігін жойған жоқ. Кемеңгер бабаларымыз «алтау ала болса ауыздағы кетер, төртеу түгел болса төбедегі келер»деп елді бірлікке шақырып отырған. Елбасымыздың «Әлеуметтік экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» атты жолдауында біз сөз еткен ұғымдардың ерекше аталып өтуі тегін емес, Сондықтан бәрімізге қастерлі тәуелсіздігіміздің нығаюы үшін, елімізде ұлтаралық және дінаралық татулықтың сақталуы үшін бір кісідей атсалысайық. Бірлігіміз бекем, тәуелсіздігіміз баянды болсын достар.
ОРАЛ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР КОЛЛЕДЖІ
Бекітемін:
Директордың ОТЖ орынбасары
___________ Голенок С.Е.
«____» ________ 2014 ж.
Ашық тәрбие сағатының тақырыбы:
«Діни экстремизмнің алдын алу»
Өткізген: Иманбаева Г.М.
Орал, 2014 жыл