Баяндама Та?ырыбы:ДІНИ САУАТСЫЗДЫ?ТЫ? ТАРИХИ АСПЕКТІЛЕРІНІ? К?РІНІСІ


Ізбас Сенім Айтжанқызы
БҚО, Теректі ауданы, Федоровка ауылы
Федоровка қазақ жалпы орта білім беретін мектебі
ДІНИ САУАТСЫЗДЫҚТЫҢ ТАРИХИ АСПЕКТІЛЕРІНІҢ КӨРІНІСІ
Көпғасырлық тарихи кезеңдерде қатталған діни және мәдени көптүрлілігімен ерекшеленетін Қазақстан тәуелсіздік жылдарында дүниежүзіне түрлі конфессиялар мен этностардың тату ғұмыр кеше білетіндігін паш етіп келеді. Біздің еліміздегі бейбітшілік пен келісім, діндер мен мәдениеттер әлемдік деңгейде мойындалған.
Тарих жылнамасына енген жылдарда өзара түсіністік, толеранттылық пен келісім негізінде Қазақстан халқы бірлігінің тұрақты негізі қалыптасты. Оның түп тамыры рухани тұтастықта жатқандығы да еш күмән туғызбайды. Бұл жетістіктердің ауқымдылығы мен тереңдігінің шынайы көрінісі.
Қазақстан халқы Ассамблеясының XХI сессиясында Президент Н.Назарбаевтың айтылған сөздерімен нақтыланады: «Бейбітшілік, руханият және келісім мәдениеті біздің осындай бірлікті Ел болмысымыздың кепілі. Мәдениет – тіршіліктің тірегі, ортақ игіліктерді ұлықтап, ұлтты ұлы істерге ұйыстырудың бірегей тетігі. Бейбітшілік, руханият пен келісім: бәрінің тамыры – мәдениетте. XХI ғасырдың ең басты заңы – татулық! Келісім – экономика мен сая-саттың, қауіпсіздіктің, өмірдің заңы. Біз келісім мәдениетін дәстүр ретінде ұрпаққа мұра етуге тиіспіз. Келісім мәдениеті Мәңгілік болуы керек»,- деп атап көрсеткен.
Мемлекет басшысы Қазақстанның болашағын тұжырымдай отырып, зайырлы мемлекет ел халқының тарихи таңдауы болғанын ерекше ескертті және қоғам назарын мемлекеттің, қоғам мен діннің өзара тиімді әрекеттестігінің үлгісін іздеуге бағыттады. Қазақстан кез келген экстремизмге түбегейлі қарсы бола отырып, дәстүрлі діндерді қолдайды.
Елбасының «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында: «Қазақстан – зайырлы мемлекет. Азаматтарды ар-ождан бостандығымен қамтамасыз ете отырып, мемлекет, дегенмен, қоғамға өз бетінше біздің дәстүріміз бен заңдарымызға қайшы келетін әлдебір қоғамдық нормаларды тықпалайтын әрекет-терге өте қатаң қарсы тұратын болады», - деп ерекше атап өтіледі. Сол себепті де, мемлекеттік құрылымдар мен Қазақстан қоғамы алдында этносаралық және конфессияаралық келісім негізінде зайырлы, толерантты қоғамды әрі қарай дамыту идеясын жүзеге асыру секілді маңызды әрі жауапты міндеттер тұр.
Терроризм мен діни экстремизмді алдын алуға және халық арасында терроризмге қарсы ойларын қалыптасуға аумақтық БАҚ-тың тиімділігінің орны ерекше. Атап айтсақ 2013 жылы аудандық, облыстық бұқаралық ақпарат құралдарында 30-ға жуық мақала жарияланса, биыл облыстық «Огни Алатау» газетінде «Как не попасть в сети религиозных сект?», аудандық «Алакөл» газетінде «Жақсылыққа жарысайық» атты мақалалармен толықты. Өңірлік басылымда салт-дәстүр, тіл мен дінге арналған «Дін мен дәстүр» айдары да қажетінше насихат жұмысын атқаруда. Сондай-ақ, «діни экстримизм, діни терроризмнің алдын алу» мақсатында ұйымдастырылған шаралар облыстық «Жетісу» телеарнасы арқылы да насихатталды. «Дінаралық сұхбат – рухани астасудың жолсерігі» атты аудан жастары арасында ұйымдастырылған пікір-алмасу алаңында көрсетілген «Адасқандар» және «Ақиқат» сынды деректі фильмдер қатысушылардың діни сауатылығын көтеруге ықпал етті.
2013 жылы діни экстримизм мен терроризмнің алдын алу, оған жол бермеу мақсатында әлеуметтік маңызы бар жобалар аясында ішкі саясат бөлімінің жоспарына сәйкес Үкіметтік емес ұйымдарға «Діни экстримизм, діни терроризмнің алдын алу» тақырыбына 1 млн. теңгеге лот бөлінді. Осы жоба аясында «Бүгінгі қоғамдық өмірдегі әртүрлі діни бірлестік өкілдерінің тең құқылы қатысуы» және «Дінаралық түсіністік – бейбітшілікке жол» тақырыптарындағы дөңгелек үстелдер, «Достық эстафетасы» акциясы, «Конфессияаралық ынтымақтасу» байқауы, «Брейн-Ринг» интеллектуалды ойыны, «Терроризм мен діни экстре-мизімнің алдын алу» және «Алакөл ауданы бойынша дінаралық толеранттылық» тақырыптары негізінде көшпелі семинарлар өткізілді. Осы іс-шараларға аудандағы елді – мекендерден 4000-ға жуық адамдар қатысты.
Үстіміздегі жылдың басынан «Құқықбұзушылық пен жемқорлық мәселелерінің алдын алуға байланысты кешенді іс-шаралар өткізу және терроризм мен экстремизмнің алдын алуға бағытталған ұйымдастыру-тәжірибелік іс-шараларын ұйымдастыру» және «Алакөл ауданының тұрғындары арасында дін мәселелері жөнінде ақпарат - насихат топтарының жұмысын ұйымдастыру» атты соммасы 2 млн. 800 мың теңге болатын 2 лотты «Алакөл Қамқор» ҮЕҰ ұтып алған.
Алдағы жылдарда да дін саласындағы мемлекеттік органның қызметі қоғамдық санада мемлекеттің зайырлылық қағидаттарын нығайту мен «Қазақстан-2050» Стратегиясының жасампаз міндеттерін жүзеге асыруға тұрғындардың кейбір топтарының қатыспай қалуын болдырмау үшін қоғамдық және діни мүдделер арасындағы дұрыс тепе-теңдікке қол жеткізу, сондай-ақ, радикалды діни идеологияларды жою бағытында шоғырланатын болады. Бұл міндеттерді қоғамда жүзеге асыруда екі онжылдықтан бері Отанымыздың сенімді тірегі ретінде қызмет атқарып келе жатқан келесідей негізгі идеялар басшылыққа алынбақ:
- бірлік, келісім және өркендеу – біздің басты құндылықтарымыз;
- Қазақстан – толерантты, қоғамды, зайырлы мемлекет;
- отансүйгіштік, ұлттық дәстүр
және мәдениет – ұлттың рухани негізі.
Рухани діни құндылықтар қоғамда толеранттылық пен түрлі конфессия өкілдері арасында өзара сыйластықты қамтамасыз ете отырып, Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму мақсаттарының негізін қалыптастыруы тиіс.
Дін – адамзат баласын имандылыққа, ізеттілікке, мейірімділікке, адамгершілікке, жалпы айтқанда адами рухани құндылықтарға жетелейді. Оның шариғатын, ұстанымын, насихатын оң түсініп, дұрыс қабылдаған жөн. Діни сауатсыздықтың салдарынан жастардың, жасөспірімдердің адасуының алдын алу мақсатында бірінші кезекте ата-ана, ұстаздар, ұжым, орта олардың діни бағытын аңғарып, жол көрсетіп, ықпал етейік. Себебі бұл әрекетіміз бірлігі жарасқан, дамыған 30 елдің қатарына енеміз деген мақсатымыздың жүзеге асуына, ұлттық идеямыз Мәңгілік Ел ұста-нымымыздың мәңгілікке айналуына үлес қоспақ. Олай болса ағайын, дініміз Исламға, пайғам-барымыз Мұхамедке (с.ғ.с.), кітабымыз Құранға адалдық танытайық!
Діни сауатсыздық – діни экстремизмнің бастауы
Бүгінгі таңда діни экстремизм мен терроризм сөздерін естімеген адам аз шығар. Баспа немесе ғаламтор беттерінен шет елдердегі және Қазақстандағы діни ахуал, соның ішінде діни экстремизм мен терроризм тақырыптарына қатысты мәліметтер жетерлік. Бұл аталған мәселенің ғаламдық деңгейде орын алып отырғандығының белгісі.
Қазірде діни экстремизм мен терроризм ұғымы ислам дініне таңылған қауіпті қосымша екендігі өкінішті ақиқат болып отыр. Ғасыр басындағы қарулы қақтығыстар жиі орын алған Ауғаныстан, Ирак, Израиль-Палестина аймақтарындағы террактілік актілерді ислам атын жамылған радикалды топтардың өз мойындарына алуы ориенталисттік бағыт ұстанушылардың «ислам терроризмі» теориясын іс жүзінде дәлелдеп бергендей болды. Бұл жағдай Қазақстандағы діни экстремизмнің табиғатын айқындай түседі. Өйткені, тәуелсіздік алғаннан кейінгі діни жаңару халықтың басым бөлігінің исламға бет бұруы ата дінімізге үлкен сұраныс туындатты. Діни экстремизм арнайы оқулықтарда діни экстремизм «басқа дін ұстанушылар мен дінді ұстанбайтындарға төзімсіздікті уағыздау, өзге діндерге нақты бір діни ілім шеңберінде қарау, бағалау. Басым жағдайларда діни экстремизм дінге қатысты болмай, саяси немесе өзге де мақсаттарға қол жеткізу үшін, нақты бір дін қағидаларын жамылғы ете отырып зиянды әрекет ету» деп көрсетіледі. Осы анықтамадағы сипаттамаларды негізге ала отырып қарастыратын болсақ жоғарыда айтылған дәстүрлі емес діни ағымдардың ұстанымдарын экстремисттік деп бағалауға болады. Елімізде мұндай ағымдардың таралу аймақтары да әр түрлі. Сарапшылар пікіріне сүйенсек, жихадқа шақыратын экстремисттік ағымдар еліміздің батыс өңірлерінде кең таралған. Олар бұл үдерісті батыс өңірінің экономикалық қуатына, яғни мұнай шикізатына қызығушылық (аталмыш топ мүшелерінің мұнай құбырларынан мұнай ұрлау фактілері анықталды), Ресеймен шекараластық, әсіресе, «әлемдік жихад» экстремистік тобы әрекет ететін Астрахан облысымен шекараластық, сондай-ақ, халықтың дәстүрлі ислам қағидаларынан хабарсыздығын алға тартады.
Жалпы діни экстермизмнің қай аймақта болмасын (Қазақстан бойынша) таралуына себеп болатын бірнеше алғышарттарды атап өтуге болады. Ең алдымен бұл діни сауатсыздық. Дінге толық таныммен келмеу діни сауатсыздықтың басты көрінісі болып отыр. Бұл жерде Абайдың иманды «якини» және «тақлиди» деп бөліп қарастыруы өзекті болуда. Мұның алғашқысы танымнан, ақыл дәлелінен туындайтын шын иман. Екіншісі «өзі ештемені білмей, еш нәрсе туралы ойламай, дін иелерінің сөзіне еріп, «ел қалай көшсе, мен де солай көштім» деген надандықтан шыққан соқыр сезім, үстірт наным» – бұл қазіргі қоғамға тән, діни сауатсыздықтың көрінісі, діни радикалданудың себебі болып отыр.
Тұрғындардың арасында, әсіресе жастардың өзгелерге еліктеуі, белгілі бір топтың мүшесі болуға деген ынтасы соқыр сенімге негізделген діншілдікке әкеледі. Мұндай соқыр сенім діни фундаментализмнің, сәйкесінше діни фанатизмнің алғышарттары болуда. Фундаменталисттік көңіл-күй экстремизмге апарар жол, өйткені экстремисттік пайымда өзінің ғана діни ұстанымы ең шынайы, ақиқат әрі таза деп ұғынылады. Сәйкесінше, өзге дін өкілдеріне төзімсіздік, қысым көрсету секілді көңіл-күй туындайды. Мұндай ұстаным өз сенімін, көзқарасын мейлінше кең тарату, қажет болса күштеп таңу әрекетіне саяды. Осы жағдайда, діни мотивтегі терроризм көрінісі мен оның өкінішіті салдары орын алады.
Ғаламтор кеңістігіндегі экстремистік идеялар тарататын сайттардың еркін қолжетімділігі де маңызды себептердің бірі болып табылады. Мұндай сайттарды екіге бөліп қарастыруға болады. Мысалы, кейбір сайттар мұсылмандардың қысымға ұшырауы, әсіресе АҚШ, Еуропа, Израильдегі мұсылмандар туралы ақпараттар, қанға бөккен адамдардың суреттерін, бейне-материалдарды ашық көрсету арқылы күллі әлемді мұсылмандарға жау ретінде көрсетуге ұмтылады. Сондай-ақ, сайттағы түрлі шейхтардың уағыздары бейне-жазба түрінде таратылады. Уағыздарда зайырлы биліктің исламға жат екендігі, мұндай мемлекет басқарушылары, дін қызметкерлері «діннен шыққандар» деген пікір мейлінше дәлелді айтылып, оларға бағынбауға шақырылады. Мұндай ақпараттар сауаты төмен, өзін мұсылман санайтын адам санасында қысымдағы мұсылмандарды құтқару мен халифат сипатындағы мемлекет құруға қатысу, қажет болса, құрбан болу туралы ой туындатады. Өз ойын сайтта берілетін жихадқа шығу, шахид болу туралы хадистер мен аяттар арқылы нығайтып, өзгермес ұстанымға, өмірлік мақсатқа айналдырады.
Келесі сайттар адамды бірден қарулы жихадқа шығып, зайырлы билікті құлатуға шақырмайды. Мұндай сайттардың сыртқы безендірілуі де тек исламға арналған ақпараттық портал түрінде берілуі мүмкін. Олардағы басты мақсат мемлекетте ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрлі дінді бөлшектеуден басталады. Мысалы, «http://uraza.kz/» сайтында Рамазан айында оразаны бұзудың тыйым салынғандығы туралы: «Ораза тұтудан, оның міндеттілігін мойындамай бас тартқан адамның кәпір (дінсіз) екеніне ғалымдар бір ауыздан келіскен» деген ақпарат берілді. Бұл қазақ жерінде таралған дәстүрлі Ханафи мазхабына қайшы, мұнда ораза ұстамау діннен шығармайды. Сол секілді, беташар, сәлем салу т.б. дәстүрлерді «Құдайға серік қосу» деген пәтуа беретін сайттар діни ортадағы бөлінушіліктерді туындатып, діни фундаментализмге итермелейді.
Берілген сайттардың ортақ ұраны «Таухид – бұл мақсат, ал жихад – оны жүзеге асыру жолы», «жихад әркімнің жеке міндеті» деген ой. Бұл ой ашық немесе жасырын түрде мейлінше белсенді түрде таратылады, таңылады. Мұндай мәселені шешу ұлттың келбетін сақтаудың кепілі болмақ. Бір ұлттың діни ұстанымдар негізінде бөлінуі салдарынан тұтас мемлекеттердің тұрақтылығы шайқалғандығын тарих көрсетіп берді. Аталмыш мәселенің алдын алу кезек күттірмейтін шара. Бұл бағытта, заңдар қайта қаралып, толықтырылды, арнаулы орталықтар құрылды. Ақпараттық түсіндіру жұмыстары күшейтілді. Алайда, діни экстремизммен күресте ең маңызды қадам бұл діни сауаттылық екендігі даусыз. Діни сауатты болу үшін белгілі-бір діни курсты бітіру шарт емес. Діни сауаттылық ұлттық тарих, дәстүрмен қатар, әлемдік деңгейдегі үрдістерден хабардар болудан құралады. Өз Отанын сүю мен дәстүрін ұстану, тарихын қастерлеу діни сауаттылықтың бір қыры. Өйткені, қазақ тарихына үңілген кез-келген адам қазақ халқында өзге елді жаулау, өзге ұлт пен дінді кемсіту секілді көріністердің орын алмағандығын көреді. Сондай-ақ, ұлттық дәстүрдің ислам шарттарына қарсы келмейтіндігін, тіпті үндесіп тұратындығын байқау үшін де асқан сауаттылықтың қажеті жоқ.
Діни сауаттылық дін туралы білім ретінде жалпы сауаттылықтың құрамдас бөлігіне айналуы тиіс. Барлық әлемдік, дәстүрлі, жаңа пайда болған діни ағымдардың тарихын, ілімін, құндылықтар жүйесінен танып-білу мен жалған діндердің, экстремистік топтардың белгілерін ажырата алу дағдысы қалыптасқан адамда радикалды идеяларға қарсы «ақпараттық иммунитет» қалыптасады. Осы тұрғыдан алғанда жастар арасында діни сауаттылықты қалыптастырудың негізгі құралы ретінде «Дінтану» курсы өзекті бола түседі. Ортаңғы білім беру мектептерінде 2009 жылдан бастап оқытылып келе жатқан аталмыш пән қазіргі таңда жаңарту мен толықтыруды қажет етеді. Өйткені, қазіргі таңдағы діни ахуал күрделене түсті. Сәйкесінше, «дінтану» пәнінің оқулығына әлемдік діндер мен дәстүрлі емес діни ағымдар туралы объективті мәліметтер берумен қоса діни экстремизм туралы түсінік, оның белгілері, ғаламтордағы көріністері секілді күрделі бөліммен толықтырылуы тиіс. Аталмыш пәннен сабақ беретін мұғалімдерге арналған әдістемелік құралдар дайындалып, біліктілікті көтеру курстары ұйымдастырылуы қажет. Мұндай курстарда арнаулы мамандар мұғалімдерге экстремизмнің табиғаты, алғышарттары туралы мағлұматтар беріп, экстремистік сайттарды анықтау, салыстыру жолдарын үйретеді. Бұл шара ұстаздардың оқушылармен жұмыс істеуге дайындығын арттырады.
Дін туралы білім мектеп қабырғасымен шектеліп қалмай, арнаулы және жоғарғы оқу орындарында жалғасын тапқаны жөн. Қазақстанда қалыптасқан дінаралық келісім татулықты сақтау мен келер ұрпаққа жеткізуге өз үлесін қосар болса, өз кезегінде еркін әрі қызығушылықпен жинақталған білім мен тәжірибе өмір соқпақтарында сүрінбеудің кепілі.