?аза? тілі Лепті с?йлем (2 сынып)


Бекітілді: ___________
Пән мұғалімі: _____________________
Пәні: қазақ тілі
Сыныбы: 2 «А»
Күні: 26.11.2014
Сабақтың тақырыбы: Лепті сөйлем
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: мәтінмен жұмыс істеу әдістемесі арқылы лепті сөйлем туралы білімдерін толықтыру, тиянақтауға мүмкіндік жасау; 
Дамытушылық:оқушылардың оқу әрекетімен шұғылдануы арқылы теориялық ойлау, сөйлеу қабілеттерін дамыту;
Тәрбиелік: күн тәртібін сақтауға, өз еңбегін дұрыс ұйымдастыра білуге тәрбиелеу.
Сабақтың әдіс: танымдық ойлау әдістері, көрнекілік, сұрақ-жауап.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың көрнекілігі: Тақырыптық суреттер, ережелер
Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Сәлемдесу
Оқушылады тугелдеу
Оқушылардың назарын сабаққа аударту
II. Психологиялық дайындық:
Қазақ тілі -атаң, анаң.
Қуат алар Отан да одан.
Дүниеде ешбір асыл,
Тең келмейді қатар оған.
II. Үй тапсырмасын сұрау.
III. Жаңа сабақ.
Оқулықпен жұмыс.
Балалар оқулығымызды ашып хабарлы, сұраулы алған білімдерініді еске түсірейік.
185-жаттығу. Өлеңді рөлге бөліп оқып, көтеріңкі дауыс ырғағымен айтылған сөздерді тап.
Сөйлем соңындағы тыныс белгілеріне назар аудар.
7239036195Адамның көңіл күйін, сезімін білдіретін сөйлемді лепті сөйлем дейміз. Олар көтеріңкі дауыспен айтылады. Лепті сөйлемнен соң леп белгісі (!) қойылады.
00Адамның көңіл күйін, сезімін білдіретін сөйлемді лепті сөйлем дейміз. Олар көтеріңкі дауыспен айтылады. Лепті сөйлемнен соң леп белгісі (!) қойылады.

а)Алақай, мен Астанаға баратын болдым!
ә)Тұр орныңнан!
б)Қап, сиямның таусылып қалғаны!
в)Мына қардың аппағын-ай!
186-жаттығу. Хабарлы сөйлемдерді сұраулы және лепті сөйлемдерге айналдырып жаз.
Сыныпта оқушылар көп. Мектеп ауласына әдемі гүлдер егілген.
Сыныпта неше оқушы бар? Керемет, сыныпта оқушылар көп!
Мектеп ауласына қандай гүлдер егілген? Алақай, мектеп ауласына әдемі гүлдер егіліпті.
187-жаттығу. Алақай, ура, жасасын сөздерін қатыстырып сөйлемдер құра.
Алақай, апам ауылдан алма алып келді.
Қазақстан халықтарының мызғымас достығы жасасын!
188-жаттығу.Сөйлемдерді салыстырып, айырмашылығын дәлелде.
Үй тапсырмасы.
Ережелерді жаттау.
Cурет бойынша әңгіме құрап келу. Әңгімеге ат қой.
Бағалау.Оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігін ескере отырып,белсене қатысып,жаттығу орындап,сұрақтарға жауап берген оқушылардың білімін бағалаймын.