?аза? тілі Та?ырыбы: С?з ж?не оны? ма?ынасы Саба? жоспары 3 сынып


Пәннің аты: қазақ тілі
Уақыты: 09.01.2016 65 сабақ 3 «ә» сынып
Сабақтың атауы Сөз және оның мағынасы
Мақсаты
Күтілетін нәтиже 1. Сөздердің әртүрлі мағынасымен таныстыру; сөздерді мағынасына қарай сөйлем ішінде орынды қолдана білуге үйрету.;2. Сөздік қорын молайту;3. Зейінділікке тәрбиелеу.Сабақтың әдісі: салыстыру, жаттығу, сұрақ - жауап., дидактикалық ойындар.
Психологиялық ахуал Біз балдырған баламыз,
Құстай қанат қағамыз.
Дүниені аралап,
Оқып білім аламыз. Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
Қызығушылықты ояту
1. Көркем жазуЖақсы, жылы, түзу, бүлдіру, күлкілі.• Осы сөздер қатарында қай сөз артық? Неліктен? «Бүлдіру» сөзі артық, себебі ол қимылды білдіреді, яғни етістік. Ал қалғандары сын есімдер.• Осы сөздерге қарама - қарсы мағыналы сөздерді тауып айт. Мысалы, жақсы - жаман, жылы - суық, түзу - қисық, бүлдіру - түзету, күлкілі - қайғылы.2. Бұл қандай сөздер?• Мағынасы бір - біріне қарама - қарсы сөздер (антонимдер)• Мағынасы жуық сөздер ( синонимдер)• Айтылуы да, жазылуы да бірдей, бірақ мағынасы әртүрлі сөздер (омонимдер)
Сергіту сәті Жұмбақ шешу● Қарамен жазылған сөздерді қарама - қарсы мағыналы сөздермен алмастыр.Жақыннан әкеп хабарды.Ренжітер барлық адамды.Алыстан әкеп хабарды,Қуантар барлық адамды. ( жеделхат)Жеңілдікпен аршылар,Көзіңнен жас тамшылар.Қиындықпен аршылар,Көзіңнен жас тамшылар. ( пияз)● Бес жолды өлең құрастыру1. Пияз2. Ащы, пайдалы.3. Аршылады, ашытады, өседі.4. Жуа5. Аршыған кезде пияз көзді ашытады. Ой сергітеді,шашағандары
басылады
Ой толғаныс 1-топ
Көп нүктенің орнына қарама - қарсы мағыналы сөздерді жаз.қатты -...... жүру -..........таяз -.......... кию -............жылы -........ кіру -...........кең -.......... сөйлеу -.........әр бағандағы сөздердің ортақ қасиетін табу, қай сөз табына жататынын анықтау;2-топ
Тасымалданбайтын сөзді табу.
Берілген әріптермен және сөздермен сөйлем құрап айту• Жолдасым желмен жарысты. Жарас жақсы жігіт.• Досым допты домалатты.• Суық сумен сүртіндім.
Үйге тапсырма Оқулықтағы тапсырмаларды орындау Күнделіктеріне жазып беремін
Бағалау Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалауБағалау парақшасын толтырады.
Кері байланыс Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады