С?з ж?не оны? ма?ынасы 3 сынып (ашы? саба?)
Сабақтың тақырыбы: Сөз және оның мағынасы.
Сабақтың мақсаты: а ) Сөйлемнің сөздерден тұратынын еске түсіру, сөздің белгілі бір мағынасы болатынын, ал сөйлем құрамындағы сөздердің сол мағыналарына сай түзілетіні туралы ұғым беру, сөздерді дұрыс қолдана білуге үйрету.
ә) Көркем жазуға тәрбиелеу. б) Оқушылардың сөздік қорын арттыру.
Сабақтың әдісі: «Топтастыру» Қарама – қарсы элементтер «Соңғы сөзді мен айтамын»
Сабақтың көрнекілігі: Кестелер.
Сабақтың барысы:
Қызығушылықты ояту.
Шаттық шеңбері.
Алақанды ашайық,
Күннің нұрын салайық.
Таза ауаны салайық,
Достық мейірімін салайық.
Жүрек жылуын салайық,
Қонақтарға сыйлайық.
Топқа бөлу.
Топ «Қарама – қарсы мағыналы сөздер»
Топ « Мәндес сөздер»
Топ «Әртүрлі мағыналы сөздер»
Сөз дегеніміз не?
Сөздер неден құралады?
Дыбыс дегеніміз не?
Дауысты дыбыс нешеге бөлінеді?
Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді?
Сөйлем дегеніміз не?
Мағына тану
жас бала жас жігіт жас ағаш
жас қала Жас көздің жасы
жас адам жас қанат
1-жаттығу. Суретке қара.
Пішіні қандай?
Неден жасалған?
Бұл зат не үшін керек?
2 – жаттығу. Мағынасы бойынша сөз таңдап жаз.
Қартая бастаған, жас емес – қарт.
Еңбектенуді жақсы көретін адам – еңбекқор.
Адамның сенімді серігі, үй күзететін – ит.
Балаларға білім беретін орын – мектеп.
3 – жаттығу. Артық сөзді тап
а) ізетті
ә) әдепті
б) көркем
в) инабатты а) еркелеу
ә) жүгіру
б) қылжақтау
в) секіру а) жөнсіздік
ә) жолсыздық
б) көргенсіздік
в) ұқыпсыздық
Сергіту сәті
Жаза – жаза жазуды,
Көркем етіп жазамыз.
Талып кетті қолымыз,
Сәл дем алып аламыз.
4 – жаттығу. Жаңғалақ қандай сөзді дұрыс пайдаланбады?
6 – жаттығу. Суретте берілген сөйлемдерді оқы. Дыбысталуы бірдей
сөздерді тап. Олардың мағынасын түсіндір.
Бекіту.
Топтық жұмыс.
топ. Әртүрлі мағыналы сөздер ойла.
топ. Мәндес сөздер ойла.
топ. Қарама – қарсы мағыналы сөздер ойла.
« Соңғы сөзді мен айтамын» стратегиясы.
Оқушыларға мағынасы қиын сөздер жазуға сөздер беріледі. Оқушылар қағаздың арт жағына сол сөздердің түсіндірмесін жазады.
Білімдерін бағалау.
Үйге тапсырма беру. 5 –жаттығу 103 бет.
« Надек орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Сөз және оның мағынасы
Қ.А. Қалиева
– 2016 оқу жылы