Ашы? саба?. с? ж?не оны? ма?ынасы
Сабақтың тақырыбы: Сөз және оның мағынасы Сабақтың мақсаты: 1. Сөз және оның мағынасы туралы білімдерін кеңейту. 2. Қазақ тілінің тіл байлығы арқылы оқушының тілін дамыту, сауатты көркем жазу дағдыларын қалыптастыру. 3.Табиғат-анаға, ондағы өсімдіктер дүниесіне, құстар тіршілігіне сүйіспеншілік сезімдерін ояту. Сабақтың типі: Жаңа сабақ .Сабақтың түрі: Дәстүрлі емес, экологиялық- ертегі сабақ.Сабақтағы көрнекі құралдар: Табиғат көрінісі бейнеленген тақырыптық мазмұнды сурет. Жасалған құстардың суреті. Жеке оқушылармен жұмыс істеуге арналған үлестірмелер. Сабақтағы жаңа технологиялар: Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасыҚызығушылықты оятуМағынаны тану Ой толғанысВенн диаграммасыСабақтың өтілу барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі Балалар қазір бізге қандай сабақ? «Қазақ тілім -өз тілім, ана тілім,Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені,Болашағым, бақытым, дара тілім.Міне, балалар, кемеңгер, ғұлама, ақын, жазушыларымыздың тілі-қазақ тілі сабағы. Ал ендеше біз қазақ тілі оқулығын алайық. 2.Үй тапсырмасын тексеру Сұрақтар қоя отырып үй тапсырмасын пысықтау .1.Құрмалас сөйлем дегеніміз не?2.Дара және күрделі сөйлем мүшелері дегеніміз не?3.Бастауыш дегеніміз не?4. Баяндауыш дегеніміз не?5. Сөз таптарын ата: 3. Жаңа сабақ. Бүгінгі өтетін сабағымыздың тақырыбы – Сөз және оның мағынасы. Сөз- не заттың, не қимылдың, не сапаның, не санның атауы. Сөздің мағынасын дұрыс түсініп, білетін болсаңдар, қоршаған ортаны да жақсы біліп танисыңдар.Сөз мағынасының түрлері:Мағынасы жуық сөздерМағынасы қарама-қарсы сөздерДыбысталуы бірдей, мағыналары әр басқа сөздер 7-жаттығу. Өлеңді мәнерлеп оқу.Өлеңнен мағынасы қарама-қарсы сөздерді тап.8-жаттығу. Мақалдарды оқып, жатқа жазМейірімді алғыс алса,Мейірімсіз қарғыс алар.2. Ақылды іс тындырады,Ақымақ тіс сындырады Қызығушылықты ояту: Балалар бүгін біз қазақ тілі пәні бойынша дәстүрлі емес, экологиялық ертегі сабағын өтеміз. Бүгінгі өткен сабақты тиянақтаймыз. Сендер ертегі тыңдағанды жақсы көресіңдер ме? -Иә. Олай болса, мені жақсылап тыңдаңдар. Ертегіде жануарлар да, құстар да, ағаштар да айналаны қоршаған табиғаттың бәрі де сөйлеп кетеді. Ертегі кейіпкерлерімен бірге бүгін біз де сөйлейміз, пікірлесеміз, бір- бірімізге көмектесеміз. Ерте - ертеде жапан түзде жалғыз терек өмір сүріпті. 20-жасында ер жетіпті 30-ында бұғанасы бекіпті 40-та кемеліне келіпті 50-ден асқан соң қартая бастапты. Кейбір бұтақтары сынып, қотыр қабығының әр жеріне құрт түсіпті. Құрт көбейіп, оның әр жерін тесіпті. Тұла бойы қақсап,ауырған соң амал бар ма? Ух, жаным-ай, жаным-ай! Енді не қыламын? Құрт ауруына шалдықтым.Тесіп барады, бұтақтарым сырқырайды, жапырақтарым сыздайды , жәрдем ете көріңдер деп, терек күндіз- түні зарлап көмек сұрайды. Оның даусын естіп, бір күні Ақ көгершін ұшып келеді.-Терек, ауруыңыз жаман екен. Мен дәрігердің кім екенін іздеп көрейін, деп көгершін ұша жөнеледі. -Балалар көгершінмен бірге Теректің ауруын емдейтін дәрігерді іздеп біз де жолға шығайық. Ол үшін мына тапсырманы орындап жіберейік. 9-жаттығу. Берілген сөздерге мағынасы қарама-қарсы сөздерді тап.Мейірімді— сұйық—Жуас— қашық—Қымбат— Мағынаны тану кезеңі: Көгершін ұшып келе жатып бір төбенің басында отырған сауысқанды көреді де, оған келіп болған жәйді баяндайды. «Терекке жақсылық жасай көр!», -деп өтінеді. «Әркімнің өз жұмысы бар ғой, менің көмектесуге уақытым жоқ»,-дейді. Сауысқанның уақыты жоқ болса, онда біз көмектесіп мына тапсырманы орындап жіберейік.
10-жаттығу. Жақсы-жаман, жоғары-төмен, есік-терезе, әңгіме-үндемеу, оңай-қиын, үлкен-кіші. Біз балалар, тапсырманы дұрыс орындап, теректің бір жарасы болса да жаздық. Көгершін ұшып келе жатып балаларына ұрысып жатқан бір құсқа кездесіпті.2-екіБаласына ж2-ріп,Ұрысып жатыр к2-лік,2-леніп, с2-ріп«Алып қапсың 2-лік»,2-нші рет 2-іңді,Көрсетпе деп ж2-рді. 3-тапсырма: Қай құспен Ақ көгершін кездесті? (КЕКІЛІК)Ол ұрысты естіп, араласпай-ақ қояйын деп, көгершін ары қарай ұшып кетеді. Балалар, құс екеш құста баласына екілік алғаны үшін ұрсады екен. Сендер де нашар баға алсаңдар аналарың ренжиді. Сондықтан бүгін жақсы баға алуға тырысыңдар. Көгершін одан әрі ұшып кетіпті. Қалың тоғайдың ішінен құйқылжыта ән салған Бұлбұлдың үнін естиді.Ол Бұлбұлға да Теректі емдеу керек екенін айтады.Кешір Көгершін! Маған ренжіме менің өз кәсібім бар ғой. Менің әнімді ормандағы аңдар мен құстар түгіл адамдар да жақсы көреді.Мен үшін адамдардан көмек сұра дейді. Кәне бұлбұлдың тілегін орындап мына тапсырманы орындайық. Келесі тапсырманы орындап жіберйік Өзің қалаған сөз жұптарымен сөз тіркестерін жаса. Жақсы және жаман сөдерін дәлелде. - Балалар сендер тапсырманы дұрыс орындап теректің тағыда бір жарасын жаздыңдар. Көгершін ілгері қарай ұшып кетеді. Айдын көлде сыланып жүзіп жүрген аққуға кездеседі. Оған да теректі емдей көр деп өтініш айтады. Аққу: Мен қасиетті құспын ғой. Мына айдын көлдің ластануына байланысты Аққулар айдын көлден ұшып кетіп оралмайтын болып жүр. Соған байланысты басқа құстарға ақыл-кеңес беретін Аққулар азайып барады. Мен бұл жерден кете алмаймын. Мен саған ақыл айтайын. Мына тоғайда үйсіз - күйсіз, жұмыссыз жүрген құстар бар, солардың бірін тап та өтініп көр. Мүмкін солардың біреуі саған ілесіп Теректі емдеп қалар,- дейді. Құс патшасы Аққу бізге ақыл сөздер айтты, енді олардың ешқайсысы айдын көлден ұшып кетпей, бізге ақыл айтып жүрсін деп Аққулардың көлден ұшып кетпеуіне көмектесейік. «Аққуды қондыру ойыны»Үлестірмелерді тарату Көгершін Аққудың ақылын тыңдап ормандағы сенделіп жүрген құстардың ішінен бір құсқа кез болады. Ол құс Көгершіннің тілегін орындап , онымен бірге Терекке келіп, оның құрт ауруын жазған екен. Проблемалық сұрақ: Олай болса, ол қандай құс деп ойлайсыңдар?Тоқылдақ ,Тоқылдақ. Дұрыс айтасыңдар, бұл тоқылдақ еді . Олай болса бүгінгі ертегіміздің тақырыбын қалай деп атасақ болады?“Тоқылдақ - орман дәрігері”.Балалар Ақ көгершін қандай құстарға жолықты?Сауысқан, кекілік, бұлбұл, аққу .Қандай құстардың жауабы ұнады? Қандай құстардың жауабы ұнамады? Міне , балалар біз де табиғатты, қоршаған ортаны қорғауымыз керек. Тоқылдақтар ағаштарды құрттардан, шіруден сақтайды. Жасыл желек біздің денсаулығымызға пайдалы.Сол үшін біз де табиғатты аялап, қорғайық. Сабақты қорыту: Білесіңдер бастауыш пен баяндауыштан тұрамын,Тұрлаусыз мүшемен көркейемін толамын,Айтыңдаршы, қандай Қандай сөйлем боламын?Оларға мысал келтір.Үйге: 12- жаттығу. Оқушылардың білімін бағалау.