Поурочный план по казахскому языку на тему Тіл-барлы? білімні? кілті


«Алматы облысы Жамбыл ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
«Аққайың» балабақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
БаяндамаТіл-барлық білімнің кілті
Фонетикалық есту қабілеті туралы ойындар
Дайындаған:Ғ.Б.Орынтаева

Ұзынағаш селосы, 2016-2017 жыл

Тақырыбы:Тіл-барлық білімнің кілті
Мақсаты: Баланың ойын белсендіре отырып шығармашылық машықтары мен таным біліктіліктері арқылы есту қабілеттерін дамыту.
Міндеті:
Білімдік: Баланы тыңдауға,естуге үйрету. Фонетикалық есту қабілеті- тура сөйлеуге үйрету .
Дамытушылық: Ойын арқылы баланың өз сөзін естіп дұрыс дыбыстау артикуляциясын табуға (артик-сөйлеу дыбыстарын шығарудағы,жасаудағы дыбыстаушы мүше қызметі) дыбыстаудағы кемшілікті түзеуге баулу.
Тәрбиелік:Тыңдау, тура сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.
Өзекті мәселе:
Ана тілінің барлық дыбыстарын дұрыс айтуы; қысқа және ұзын, ұқсас және ұқсас емес, ұяң, қатты және ақырын сөздерді ажырата білуі; сөздерді буынға бөле білуі; қатаң (жуан) және жіңішке дауыссыздарды саралай, оларды жеке айта білуі; сөздегі бірінші дыбысты анықтай және атай білуі; дауыстың екпінін, күшін, сөздік тыныстауды еркін реттей алуы.
Фонетика - (грек. phônçtіkуs – дыбыстық, дауыстық) – тіл білімін тілдің дыбыстық жағын зерттейтін саласы. Фонетикалық есту қабілеті- тура сөйлеу негізі. Баланы тыңдауға,естуге үйрету.
Адам баласының негізгі ерекшелігі –дыбысқа көңіл қоя білуінде. Онсыз тыңдау да, сөзді түсіну де мүмкін емес.
Сонымен қатар есту арқылы фонеманы (фонема-дыбыстардан тұратын сөз) тану,есту,талдау және топтауды білу керек.
Кішкене бала дыбысты есту мен салыстыруды басқара алмайды.Оған есту мен салыстыруды үйрету керек. Балалардың фонетикалық есту қабілетін дамытуды ойын түрінде жүргізген тиімді.
Ойын мақсаты баланы тыңдау мен ести білуге үйрету. Ойын ойната отырып баланың өз сөзін естіп дұрыс дыбыстау артикуляциясын табуға (артик-сөйлеу дыбыстарын шығарудағы,жасаудағы дыбыстаушы мүше қызметі) дыбыстаудағы кемшілікті түзеуге ниеттенгенін байқайсыз.
Фонетикалық фонематикалық тілдік дамымаушылығы -бұл ана тіліндегі дыбыстарды дұрыс емес айтылуы. Балалар ойын кезінде дыбыстық тіркестерді, сөздерді естіп, дауыстың тембрін, күшін және биіктігін ажыратуды үйрене білуі қажет. Осыдан кейін олар дыбыстық құрамы жағынан жақын дыбыстарды, кейінірек-буындарды және қазақ тілінің фонемаларын ажыратуды үйренеді. Жұмыстың соңғы кезеңінің міндеті балаларды қарапайым дыбыстық талдаудың қалыптасуы-сөздегі буындардың санын анықтай білуі, екпінді буынды бөлу, дауысты және дауыссыз дыбыстарға талдау жасау болып табыладыТіл дыбыстарын дұрыс айтып үйретуде баланың сөйлеу тілінің дәрежесін, қай дыбыстарды алмастырып айтатынын тексеріп алу керек. Алдымен алфавит ретімен суреттерді көрсетуден бастаймын.
А-аю,ат,ара; Ә-әже,әтеш,сәбіз;Б-бала, бесік, борсық;И,Й-ине,ит,ай,қой,; Ү,Ұ-ұлу,ұя,үкі;Ы,І-ыдыс,құлын,түлкі т.б.
«Тізбек»
Мақсаты: Сөздің бірінші және соңғы дыбысын ажыратып үйрету.
Құралдар: заттық суреттер
Ойын барысы: Бірінші суретті орналастырады, содан кейін соның соңғы дыбысынан басталатын суретті қояды т.с.с жалғастырады. Мысалы: алма- ара- автобус-сабын- нан
«Суретті таңда»
Мақсаты: Берілген сөзге суретті тауып көрсету.
Құралдар: Берілген дыбыстан басталатын сөздері бар заттық суреттер, басқа дыбыстардан басталатын бірнеше суреттер.
Ойын барысы: Ойынның алдында заттық суреттерді үстелге орналастыру, балалар қарап алсын. Сосын тапсырма беріледі: бір дыбысқа барлық суреттерді жинастыру. Мысалы: қалта, ақша, аққала т.с.с.
31445205715
Балалар ойын кезінде дыбыстық тіркестерді, сөздерді естіп, дауыстың тембрін, күшін және биіктігін ажыратуды үйрене білуі қажет. Осыдан кейін олар дыбыстық құрамы жағынан жақын дыбыстарды, кейінірек-буындарды және қазақ тілінің фонемаларын ажыратуды үйренеді
Жұмыстың соңғы кезеңінің міндеті балаларды қарапайым дыбыстық талдаудың қалыптасуы-сөздегі буындардың санын анықтай білуі, екпінді буынды бөлу, дауысты және дауыссыз дыбыстарға талдау жасау болып табылады
Ойын- дегеніміз не? Ойын дегеніз – халықтың баланы әдептілікке, сауаттылыққа баулитын құралдың бірі.Ойынның пайдасы – баланың ой өрісінің қалыптасуын, дамуын мақсат етіп қояды. Сондай-ақ балалардың адамгершілік сезімін оятуға, адамдармен дұрыс қарым –қатынас жасау, еңбек адамдарына, басқа ұлт өкілдеріне, достық, туған жеріне сүйіспеншілік сезімін тәрбиелеуге көңіл бөлінеді. Дидактикалық ойындар арнайы мақсатты көздейді және нақты міндеттерді шешеді. Ойынның міндеті баланың қызығушылығын оятып, белсенділігін арттыру мақсатында іріктеліп алынатын нақты мазмұнмен анықталады.
Дидактикалық ойындарды тиімді пайдалану сабақтың әсерлілігін, тартымдылығын, белсенділігін, баланың ынтасын күшейтеді. Ойын ережесі балалардың түсінуіне оңай, қарапайым, әрі қысқа болуы керек.
1. Заттық дидактикалық ойындар-дидактикалық ойыншықтармен және түрлі ойын материалдарымен ұйымдастырылады.
Дидактикалық ойындар



Сөздік дидактикалық ойындар
Үстел үсті ойындары







Дидактикалық ойын балалардың қоршаған орта туралы түсінігін кеңейтеді, баланы ойнай білуге баулып, ақыл-ой қызметін қалыптастырады, әрі адамгершілікке тәрбиелеу құралы болып табылады.
Фонематикалық қабылдауды қалыптастыру бойынша жұмыс ең алдымен сөздік емес дыбыстар материалында жүзеге асады. Арнайы ойындар мен жаттығулар үрдісінде балаларда сөздік емес дыбыстарды тану мен ажырату қабілеттілігі дамиды
Артикуляциялық жаттығулар
Тілім менің көңілді
Сағатқа ол ұқсайды
Оңға-солға соғудан
Шаршамайды ешқашан
Біздің қақпа ашылды
Ақ маржандар тізілді
Мақтанамыз көрсетіп
Аппақ түзу шарбақты
Отырып атқа шабамыз
Таңдайды біз қағамыз.
Ат шабады алдыға
Таңдай қақтық тағыда (таңдай қағу,қол шапалақтау)
«Р»- «Қ» дыбыстарының артикуляциясын қайталауда мына бір өлең сөздерді
Қардан енді қорқам деп,
Жар салыпты қар-қар деп
Барлық қарға бұл күнде
Қар-қар,-дейді бір тілде
Қарға қалай қарқылдайды? –деп сұрау арқылы «Р» дыбысын тура қайталатуға мүмкіндік болса,жеңіл ырғаққа құрылған сөз тізбектері бала тілін ұстартуға ықшам, жеңіл жаттап алуға ыңғайлы
Ға-ға-ға-ұшып келді қарға
Ыз-ыз-ыз-Айнұр жақсы қыз
Ыр-ыр-ыр-ырылдайды қасқыр
Ойын- «Кім жылдам ойнайды?»
Ойын шарты? Тәрбиеші бір сөз айтады,ал балалар сол сөздің мағынасын өзгертіп айтуға тиіс. Сара/шара,қара/дара, тырма/тырна, лақ бұлақ, үйрек/бүйрек.
Біздің Сәкен Қызық екен
Үш түймесі үзік екен
Бұл қар, сұр қар,сүр қар
Қарабай,Қарабай
Қасы-көзі қара май.
Жарға қарап жығылғын
Жан-жағына қарамай
Ұл-қызына ерген
Немереңбіз әже
Немереңнен өрген
Шөбереңбіз әже ( дауыс ырғағы мен дауыс екпініне байланысты өзгеріс)
Өз іс тәжірбиемде мен балалармен тілдік дидактикалық сөздік жұмысын жүргізе отырып, оларды айналасындағы заттармен таныстырып, атын атай білуге, қасиеті мен сапасын, түр- түсін және пішінін ажырата білуге, өмірдегі, қоршаған ортадағы түрлі құбылыстар жайындағы ұғым, түсініктерін дамыта отырып, белсенді түрде тілдік қарым- қатынас жасай білуге үйретемін.
Мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қорларын дамыту ісінде :
-балалардың сөздік қорларын дамыту;
-жаңа сөздерді меңгерту;
-үйреген сөздерін тиянақтап, анықтап, әрі байытып отыру басты міндет болып саналады. Баланың тілін дамытуда ауызекі сөйлеу, тілдің дыбысталу мәдениетіне тәрбиелеуде, байланыстырып сөйлеу, сөздік қорын дамыту үшін сабақта және сабақтан тыс уақытта ойналатын дидактикалық ойындарды пайдаланамын.Дидактикалық ойындар. Бұл ойынды белгілі ережесі мен мазмұны бойынша үлкендер ұйымдастырады. Дидактикалық ойындардың міндеті балалардың бағытталған ортақ іс -әрекетін ұйымдастыру.Оқытушы ойындар. Бұл ойын барысында бала еш мәжбүрсіз,байқамай қажетті білімдерді алады.Балалар ойын тапсырмаларына қызыға көңіл бөледі.
«Кім солай сөйлейді?»
Мақсаты: Жануарларды дауысынан айыра білуге және дауыстарын еліктеуге үйрету.
Құрал: Доп
Ойын барысы: Ойынға 4-5 бала қатысады. Балалар жарты дөңгелекке тұрады, ортасында доппен тәрбиеші тұрады. Балалар доп лақтырып бір жануарды айтады. Бала допты қағып алып сол жануардың дыбыстауын еске түсіру керек. Немесе допты лақтырып: «Ит қалай үреді көрсетші»



«Бұл не қылған дыбыс?» Мақсаты: Балаға бір дыбыстан бір дыбысты және сөздің басындағы дыбысты ажыратуды үйрету
Құрал: Бірдей дыбыстан басталатын суреттердің аттары.
Ойын барысы: Ойынға 3-5 балаға қатысуға болады. Ойыншылар үстел басына отырады, мұғалім балаларға суреттерді көрсетіп аттарын атайды. Балалар зейінді тыңдап сөздегі бірдей дыбыстарды танып білуі қажет. Табылған дыбыс нақты айтылуы қажет. Мысалы: ааапа, ааааана, ааайна, ааалма.
Тұжырым:Ойын балаға дұрыс сөйлеу мен мінез құлық туралы қажетті білім береді, балада ұжым мен ондағы өз орнына дұрыс қарым қатынасты, қажетті дағдылар мен қабілеттерді тәрбиелеуге көмектеседі.
Күтілетін нәтиже:
-балалардың сөздік қорларының болуы;
-жаңа сөздерді өз деңгейінде меңгеруі;
-үйреген сөздерінің тиянақты болуы;
-байланыстырып сөйлеу тіліндегі машығының болуы.
Қолданылған әдебиеттер:
1.Мектепке дейінгі мекемеде тілдегі кемшіліктері бар балалармен педагогикалық-түзету жұмыстары /Под ред. Ю.Ф. Гаркуши. М.: Секачев В.Ю., 2000.
2.Балалардың тілін дамыту/Новоторцева Н.В.
2. Дамыту академиясы /Ярославль.
3.Логопедия/Флерова Ж.М. Ростов н/Д., 2000.
4. Мектеп жасына дейінгі баланың тілін дамыту /Эльконин Д.Б. Москва–Воронеж, 1998.