?аза? тілі п?нінен ?ыс?а мерзімді жоспар С?з ж?не оны? ма?ынасы
Қазақ тілі
Тақырып: Сөз және оның мағынасы туралы түсінік Күні: 20.12.16 ж.
Оқушы саны: 24 Сабаққа қатыспағандар:
Сабақ мақсаты: оқушыларға сөз және оның мағынасы жайлы толық мағлұмат беру
Міндеттері: а) Сөйлемдегі сөздердің байланысы тақырыбын қайталата отырып, сөз және оның мағынасы туралы түсінік беру.
ә)Балалардың сөздік қорын байыту, ой-өрісін дамыту.
б) Ойлай білуге, ойын толық жеткізе алуға үйрету.
Күтілетін нәтиже: Оқушылар сөз және оның мағынасы туралы түсінік алады. Білімдерін өмірде қолдана алады.
Ресурс Оқулық, дәптер, сызба, үлестірмелі материал, суреттер
Сабақ кезеңдері Мұғалім әрекеті Оқушы әрекеті Оқыту үшін бағалау мен оқытуды бағалау
Мотивациялық Шаттық шеңбері
Менің көңіл-күйім неге ұқсайды...
Топқа бөліну: сақина ойыны арқылы, шапалақ санына қарай Сабаққа ынта-ықыластарын аудару. Ынтымақтастық ортасын құру.
Топ басшысын сайлау. Топта жұмыс істеу ережелерін еске түсіру Ауызша
Операциялық Миға шабуыл
Алдымызда қай мереке келе жатыр? Олай болса, Аяз аталарымызға сыйлық жасауға көмектесейік
Ыстық доп. Кім көп ереже біледі.
Оқушылар допты бір-біріне лақтыра отыра, алдыңғы сабақ бойынша білетін ережелерін ортаға салады.
Дәптермен жұмыс. Күн реті. Көркем жазу сәті. Сөздік жұмыс
Шұғыла, диктант, оқулық, шайхана, білезік, нұр, күміс.
Білезік сөзіне дыбыстық талдау, түсінік беру
Топтық тапсырма.1-топ. Білезік әшекей бұйым. Білезікті қыз – келіншектер, әжелер, апалар тағады. Білезік күмістен, алтыннан жасалады. Күміс білезік тағып жүрсе көп ауырмайды деген ұғым бар.ІІ топ. Сабақ сөзіне мәндес сөздер асоциациясын құру.Сабақ сөзі қандай мағыналарда жұмсалатынын айтып түсіндіру. Сабақ сөзін оқушылар білім алу деп түсінеді. Сабақ оқу оқушыға үлкен міндет болып табылады. Сабақ оқымаған оқушы болашақта үлкен армандарына қол жеткізе алмайды.ІІІ топ. Бұрыш сөзінің екі мағынада қолданылып тұрғанын дәлелде. Бұрыш сөзіне мәндес сөздер асоциациясын құру.Бұрыш сөзі бірінші мағынасында тамаққа қосылатын бұрышты білдіріп тұр, екінші мағынасында үйдің бұрышын білдіріп тұр.ІV топ. Топталып бір мағына беретін тағы қандай сөздер тобын білесің? Дұшпан сөзіне мәндес сөздерін тауып, жазу бұлар қандай сөздер?Қарамен жазылған сөздер тобы тойтарыс берген сөзі. Бұл сөз жеңіске жету, жауына қарсы тұру деген мағынаны білдіріп тұр. Топталып бір мағына беретін сөздер. Дұшпан сөзіне мәндес сөздер жау деп алсақ болады.Сергіту сәті:
Жаттығу жұмыстары
Оқушылар талдайды, пікірлерін білдіреді. Шығармашылық тапсырма:1. Құмырсқа сөзіндегі әріптерді пайдаланып басқа сөз құрау.2. С әрпінен басталатын сөздерді ғана пайдаланып әңгіме құрастыру3. Ө әрпінен басталатын сөздер анаграммасын құру4. З әрпінен басталатын зат есімді пайдаланып, мәндес сөздерді жазуБалалар ылдыңғы сабақтарда өткен барлық теориялық материалды ойын ойнау арқылы жадына түсіреді. Практикамен ұштастырады. Сөздік жұмысын орындауда, ережемен байланысын көреді.
Дәптерге көркем, әрі сауатты жазуға дағдыланады.білезік сөзінің жазылуы мен мағынасы туралы ой толғайды. Дыбыстық талдау жасау арқылы, дыбыс туралы түсініктерін кеңейтеді, жетілдіреді.
Б-дауыссыз, ұяң
І-дауысты,жіңішке
Л-дауыссыз, үнді
Е-дауысты,жіңішке
З-дауыссыз, ұяң
І-дауысты, жіңішке
К-дауыссыз, қатаң
7 әріп, 7 дыбыс
Топтық тапсырма орындалады. Әр топ өзіне берілген тапсырманы орындайды. Берілген сөздерге ассоциация құрады.
Кейбір сөздердің бірнеше мағынада қолданылатыны жайлы қорытындыға келеді.
Қимылдарды қайталап орындайды.
Жаттығу жұмыстарын орындауда, үлгімен тексеру, жұптық , өздік жұмыстар орындалады. Әр тапсырманы орындай отырып, сөз және оның қолданылу мағынасының ерекшеліктеріне көз жеткізіп отырады.
Шығармашылық тапсырманы орындау арқылы сабақта алған білімдерін бекітеді. Ойларын түйіндейді Ауызша мадақтау
3 шапалақ
5 саусақ
Топтық, жұптық
Рефлексия Баспалдақ әдісі
Шеңбер уақыты
Бағалау
Үйге тапсырма: жаттығу, ереже жаттау Сабақта алған әсерлерін, қиындықтарын стикерге жазып іледі. Көңіл-күйлерін 5 саусақ әдісімен қай сатыда екендіктерін көрсетеді. 5 саусақ