Конспект урока по казахскому языку на тему С?з ж?не оны? ма?ынасы (4 сынып)


Сыныбы: 4 Күні 26.11.2014 ж Пәні -қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы Сөз және оның мағынасы
Мақсаты
Сөздердің әртүрлі мағынасын қайталай отырып; сөздердің мағынасына қарай сөйлем ішінде орынды қолдана білуге, ажырата білуге үйрету және фразеологиялық сөз тіркестері туралы түсінік беру. Сөз мағыналарын дұрыс қолдана білуге баулу.  Өз бетінше орындауға, ізденуге, зерттеуге үйрету.
Күтілетін нәтижелер
Сөздерді мағынасына қарай сөйлемде қолдана біледі.
Сөздік қорларын артады, шығармашылық қабілеттері, ой-өрісі дамиды.
Әдіс- тәсілдер АКТ, СТО, ОҮБ, топтық жұмыс, жұптық жұмыс, мақал-мәтелді түсіндіру, сұрақ- жауап «Мен саған, сен маған», «Дұрыс па, бұрыс па?», «Поезд» тренинг, рефлексия, топтастыру
Керекті жабдықтар Үлестірмелі карточкалар, мақал-мәтелдер, смайлик, бағалау парағы, плакат, маркер, дәптер, интерактивті тақта, эмблема
Сабақ барысы:
Сабақ кезеңдері Мұғалім әрекеті  Оқушы әрекеті
КіріспеОқушыларды сабаққа ұйымдастыру.Мұғалім:- Бүгінгі сабақ ерекше сабақ, өйткені біздің жұмысымызды келген қонақтарымыз бағалайды, сондықтан бүгінгі сабақта белсенділік танытып, білімдерінді көрсете алуға тырысасыңдар деп ойлаймын.- Олай болса іске сәт дей отырып, бүгінгі сабағымыздың мақсатын хабарлауға рұқсат етіңіздер.Ұстаздарға бағалау парағын ұсыну:
Үй тапсырмасын тексеру.
Оқушыларды ортаға жинап, поездың вагонын құрастыру
(психологиялық ахуал туғызу)
«Поезд» жаттығуыОйын ортада жүргізіледі. Ең алдымен, 1 мен 2-ге саналып аламыз. 1-номердегілер қолдарын 1 рет соғып, аяқтарымен еденді 2 рет тарсылдатады, ал 2-номердегілер 2 рет қолдарын соғып, 1 рет аяқтарын еденге тарсылдатады. Барлығы бері бұрылып қонақтармен амандасады.
Топқа бөлініп отыру. Санау бойынша 1,2 нөмірлері 2 топ құрайды. Оларға топтың атауы, эмблемасы ұсынылады.
1-ші топ «Ойшылдар» ұраны: Оқусыз білім жоқ, Білімсіз күнің жоқ.2-ші топ «Зеректер» ұраны: Оқу- білім азығы,Білім- өмір қазығы.
Балалар топта отырып, «Мен саған, сен маған» топтар бір- біріне сұрақтар қояды.
Тұсауке
сер
Негізгі бөлім
Жаңа сабаққа кіріспе.
а) өткенді еске түсіру.
- Сөз дегеніміз не?
- Сөздің қандай мағыналарын білесің?
«Сөз және оның мағынасы »
туралы өткен сыныптарда алған білімдерін еске түсіру.
Мысал келтіреді
Үлестірмелі карточкалармен жұмыс.
Постер құрастыру
Әр тапсырманы жеке қарастыру
Сергіту сәті «Жұмыр қылыш»
Мақал- мәтелдерді түсіндіру  Дәптерлеріне күннің жадысы мен сабақтың тақырыбын жазып алады.
Көркем жазу
Жақсы, әдемі, қой, сұлу, жаман
Осы сөздер қатарында қай сөз артық? Неліктен? «қой» сөзі артық, себебі ол қимылды білдіреді, яғни етістік, және заттың атауын білдіреді, яғни зат есім. Ал қалғандары сын есімдер.
Осы сөздерді сөздің мағыналарына қарай топтаңдар. Мысалы, жақсы-жаман- қарама- қарсы сөздер (антоним) әдемі, сұлу- мәндес, мағыналы сөздер (синонимдер ), қой- айтылуы да, жазылуы да бірдей, бірақ мағынасы әртүрлі сөздер (омонимдер)
1) Көп мағынасын табу (омонимдер)
  Жүз: ақша, сан, қимыл, бет-әлпет,
  Біз: етік тігетін құрал, көпшілік,
  Жаз: жыл мезгілі, дәптерге жазу, алашаны жазу
  Жақ: дене мүшесі, от жақ, оң-сол жақ, нанға май жағу
2) Берілген мақалдардың ішінен қарама- қарсы сөздерді (антонимдерді) тап.
Үлкенге - құрмет, кішіге – ізет.
Көз қорқақ, қол батыр.
Дос жылатып айтар, дұшпан күлдіріп айтар
Жақсымен дос болсаң, жетерсің мұратқа,
Жаманмен дос болсаң, қаларсың ұятқа.
3) Мәндес сөздерді (синонимдер) жазу.
Әр топ үш сөзден.
Ел- халық, жұрт, көпшілік, қауым, халайық.
Әдемі- сұлу, көркем, келбетті, сымбатты
Мереке- мейрам, той, қуаныш, мерей
Мықты- күшті, қайратты, жігерлі
Қорытынды
Үйге тапсырма
Бағалау
Қорытындылау
«Дұрыс па, бұрыс па?»
а) Дұрыс емес тұжырымды түзетіп айту, дұрыс жауапты дәлелдеу
Үйге тапсырма: үйге берілген тапсырма түсіндіріледі
Бағалау: ұстаздардың бағалауы:
Формативті бағалау. Оқушылардың өзара бағалауы өтті.
Рефлексия «5 минут»
2 жұлдыз, бір тілек Мәндес сөздерді басқаша синоним деп атайды. дұрыс
Қарама-қарсы мағыналы сөздер антоним деп аталады. дұрыс
Жақсы, жаман - синоним сөздер жоқ, олар антоним
Қыстырма сөздер сөйлем мүшесі бола алмайды. иә
Бастауыш – сөйлемнің тұрлаусыз мүшесі
жоқ, тұрлаулы мүшесі
Дауысты дыбыстар 2-ге бөлінеді
Иә, жуан, жіңішке д\дыбыстар
Бірыңғай мүшелердің арасына нүкте қойылады
жоқ, үтір қойылады
Сөз мағынасының түрлеріне 3 мысал келтіріп, сөйлем құрастыру Мағынасы мәндес,жуық сөздер. Мағынасы қарама-қарсы сөздер. Дыбысталуы бірдей, мағыналары әр басқа сөздер
Бағалау парағы бойынша қорытынды жасау
Бүгінгі сабақтан алған білімдері мен әсерлерін айта отырып, қорытындылайды. Алдымен әр топ бірін-бірі бағалайды, одан кейін мұғалімнің оқушыларды бағалауы.