Конспект на тему С?з ж?не оны? ма?ынасы
3 сынып
Қазақ тілі
Мұғалім: Исембаева К.Ж.
Сабақтың тақырыбы: Сөз және оның мағынасы. 8−14 жаттығулар.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік Оқушыларға сөз және оның мағынасы туралы білімдерін тереңдету. Сөз туралы берілген білімді еске түсіру. Сөздердің лексикалық мағынасын байқату. Мәндес сөздермен, қарама-қарсы мағыналы сөздермен, омонимдермен жұмыс.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, сөздік қорын дамыту, сөйлеу, әңгімелеу дағдысын жетілдіре отырып, мәнерлеп сөйлеуге, әдемі жазуға, өз бетінше жұмыс орындауға дағдыландыру.
Тәрбиелік: Ұжымда өзін-өзі ізгілікке тәрбиелеуге дағдыландыру.Зеректікке, ұқыптылыққа, адалдыққа баулу. Көркем жазу арқылы әсемдікке тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Оқушылардың жаңа білімді меңгеру сабағы.
Әдіс-тәсілдері: СТО технологиясының тәсілдері, түсіндіру, сұрақ-жауап,
көрнекілік көрсету арқылы түсіндіру,жарыс, ойын.
Көрнекілік: Сөйлем , суреттер, қима қағазадар
Жоспар:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасымен тексеру
ІІІ. Жаңа сабақ.
ІҮ. Жаңа сабақты бекіту.
Ү. Қорытындылау, бағалау.
ҮІ. Үйге тапсырма.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: а)Сәлемдесу , оқушыларды түгендеу,психологиялық дайындық.
ә) Сабаққа әзірлігін тексеру, оқу құралдарын дайындау.
Үй тапсырмасымен жұмыс:.
Оқушылардың білімді белсенді меңгеруге дайындау кезеңі.
Сөз және оның мағынасы.
Мағынасы жуық сөздер. (синоним сөздері)
Мағынасы қарама-қарсы сөздер.(антоним сөздері)
Көп мағыналы сөздер.(омоним сөздері)
Жаңа сабақ.
Оқушыларды сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру.
Оқушыларға сөз және оның мағынасы туралы білімдерін тереңдету. Сөз туралы берілген білімді еске түсіру.
Сөздердің лексикалық мағынасын байқату.
Дәптермен жұмыс. Көркем жазу сәті
--------------------------------------------------------------------
(Қаламсапты дұрыс ұстау мен дұрыс отыру ескертіледі.
.
заттың
Ереже: Сөз сапаның атауы.
қимылдың
Мысалы: күн, үй, жазушы (заттың атауы), көгілдір, терең, домалақ (сапаның), оқы, жүр, ойла (қимылдың атауы).
8−жаттығу.
Өлеңді түсініп оқы.
Өлеңнен сөл сөзіне мағынасы жуық сөздерді теріп жаз.
Көп нүктенің орнына мағынасы жуық сөздерді тауып жаз.
Жақын, ...
Суық, ... СИНОНИМ сөздер
Батыр, ...
Сергіту сәті.
9─жаттығу. Қарамен жазылған сөз − Алма сөзінің сөйлем мазмұныны сәйкес мағынасын түсіндіру
Алма бар,
Алма барда,
Алмұрт алар ма?!
Алмұрт алма,
Алма ал.
Алма ─ қимыл атауы
Алма ─ жеміс, яғни зат атауы. ОМОНИМ сөздер
10-жаттығу орындалады.
Мақалды көшіріп жаз.
Мағынасын түсіндір.
Қарамен жазылған сөздерге мағынасы қарама−қарсы сөздерді тауып айт.
Кітаптың бағасы арзан,
Іші толған маржан.
Арзан − қымбат
Іші − сырты
Тар─кең
Жаңа─ескі
Жақсы─жаман АНТОНИМ сөздер
Жуан─жіңішке
Сабақты қорыту: Біз не білдік? Талқылау.
Үйге тапсырма: 14-жаттығу. Ережелерді пысықтау.
Оқушы білімі мен белсенділігін бағалау