?аза? тілі Т?рлаусыз м?шелер.Толы?тауыш


Күні:22.10.2016жыл Пәні:Қазақ тілі
Мұғалім:Муканова К.С. Сынып : 8 «В»
Сабақтың тақырыбы: Тұрлаусыз мүшелер. ТолықтауышСабақтың мақсаты: Білімділік:Тұрлаусыз мүшелер туралы түсінік беру ,тақырыптың мазмұнын меңгерте отырып, толықтауыштың өзіне тән белгілерін, түрлерін таныту;
Дамытушылық: шығармашылық белсенділігін, танымдық дербестігін арттыру, жазу арқылы сөз байлығын молайта отырып, іздену қабілеттерін дамыту;
Тәрбиелік:туған жерді аялай білуге, сұлулыққа, адамгершілікке баулу
Сілтеме: Мұғалімдерге арналған нұсқаулық
Үлестірме материалдары
Оқу нәтижесі: Әр оқушының өзіндік ой-қиялына ерік бере отырып,
оқушыларды шығармашылықпен жұмыс істеуіне жағдай жасау
Сабақта қолданылатын материалдар: Интерактивті тақтамен жұмыс, үнтаспа,үлестірме парақшалар,шарлар,кәмпиттер,суреттер.
Оқыту әдістері: Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер, оқытуда АКТ-ны пай-далану, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.
Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:юОқушыларға психологиялық ахуал туғызу Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
А.Сәлемдесу
Ә.Түгелдеу
Шаттық шеңбері «Жақсы сөз – жан азығы» - дейді қазақ. Мына жүрекшені бір – бірімізге бере отырып, әрқайсымыздың жақсы қасиеттерімізді айтайық. Әр түрлі пішіндер арқылы оқушыларды «Толықтауыш» тобы,«Тура толықтауыш» тобы және «Жанама толықтауыш » тобы деп бөлеміз
Үй тапсырмасын тексеру «Сиқырлы шар».
Үрленген шарларды жару арқылы, ішіндегі сұрақтарға жауап береді.
1. Тұрлаулы мүшелер дегеніміз не?
2. Бастауыш дегеніміз не?
3.Баяндауыш дегеніміз не?
4.Сөйлем мүшелері дегеніміз не?
5.Дара мүше дегеніміз не?
6.Сөйлем дегеніміз не?
7.Хабарлы сөйлем дегеніміз не?
8.Сұраулы сөйлем дегеніміз не?
9.Лепті сөйлем дегеніміз не?
10.Бұйрықты сөйлем дегеніміз не?
11.Нұралы қырман басында жүр.Сөйлемде бастауышты тап.
12.Дина кітапты оқыды.Сөйлемде баяндауышты тап. Талдау,жинақтау,қорыту
Жаңа тақырып Қызығушылықты ояту.
Тұрлаусыз мүшелер. Толықтауыш дегенде ойларыңызға не келеді? (жеке, топта жариялау)
Сөйлемде бастауыш пен баяндауыштың төңірегіне топтасып, бірі – ойды анықтау үшін,екіншісі – ойды толықтыру үшін,үшіншісі – ойды пысықтау үшін алынған сөздерді сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері дейміз.
Толықтауыш тұрлаусыз мүшелердің бірі.
Толықтауыш пен баяндауыш білдіретін амал-әрекеті,іс-оқиғаны заттық мағына жағынан толықтыру үшін жұмсалатын сөйлем мүшесін атаймыз.
Толықтауыш көбінесе баяндауышпен байланысқа түседі.
Толықтауыш тұратын септіктер және толықтауыштың түрлеріТолықтауыштың сұрақтарыМысалдар
Тура толықтауыш табыс септігіндеКімді? Нені?Жаман – сыйлағанды білмес. Оқушылар емтихан тапсырды
Жанама толықтауыштар
Барыс септігінде
Жатыс септігінде
Шығыс септігінде
Көмектес сптігінде
Кімге? Неге?
Кімде? Неде?
Кімнен? Неден?
Кіммен? Немен?
Күресуге дәрмен жоқ.
Халықта жер бар.
Күштіден істі озды.
Бала тоқсанды беспен бітірді.
1.Күрделі зат есімнен,сын есімнен,сан есімнен,етістіктен: Көрсетпе көз жасыңды (нені) Жүз – жиырма беске (неге?) бөлінеді.
2.Негізгі сөз бен көмекші есім не көмекші етістік арқылы: Бұл соншалық сенімді айтылған байлау үй ішіне (кімдерге?) мақұл көрінеді.
3.Туралы,жөнінде,жайында шылауларының қатысуы арқылы: Сіз жөнінде (кім жөнінде?) көп естігенмін.
Үйірлі мүшеден болған толықтауышты үйірлі толықтауыш дейміз.Мысалы: Көкірегі сезімді,көңілі ойлыға (кімге?),Бәрі де анық тұрмай ма ойлағанда? Жасау дегеннен (неден?) көз тұнады.
Жаттығумен жұмыс: 44-жаттығу. Әке,ақылды, төрт, ол, оқыған, оқу сөздерін атау және ілік септіктерден басқа септіктерге қойып, толықтауыш етіп сөйлемдер құраңдар.
Тақтамен жұмыс:
Тақтаға бірнеше мақал-мәтелдер берілген,толықтауышты тауып,астын сызу керек..
1. Әкеге қарап ұл өсер.
Шешеге қарап қыз өсер.
2.Тау тасымен көрікті, ел жасымен көрікті.
3.Тіліңмен жүгірме, біліммен жүгір.
4.Оқығаныңды айтпа, тоқығаныңды айт.
5.Атаға баланың алалығы жоқ.
6.Елінен безген оңбайды,
Көлінен безген қонбайды.
7.Ерден аспақ болса да,
Елден аспақ жоқ
Сергіту сәті «Кел билеңдер!»
Оқушылар сергіп, демалады
Шығармашылық жұмыс
Үлестірмелі қағазбен жұмыс.
І топ. Толықтауышты тауып, сұрағын қойыңдар.
Қансонарда бүркітші шығады аңға,
Тастан түлкі табылар аңдығанға.
Жақсы ат пен тату жолдас – бір ғанибет,
Ыңғайлы ықшам киім аңшы адамға. («Қансонарда бүркітші шығады аңға», А. Құнанбаев)
ІІ топ. Толықтауышты тауып, сұрағын қойыңдар.
Адам тіктеп көре алмас күннің көзін,
Сүйіп, жылып тұрады жан лебізін.
Қызыл арай, сары алтын шатырына
Күннің кешке кіргенін көрді көзім. («Жазғұтырым», А.Құнанбаев)
ІІІ топ. Алыстан сермеп,
Жүректен тербеп,
Шымырлап бойға жайылған;
Қиуадан шауып,
Қисынын тауып,
Тағына жетіп қайырған
Толғауы тоқсан қызыл тіл
Сөйлеймін десең, өзің біл.
Өткірдің жүзі
Кестенің бізі
Өрнегін сендей сала алмас.
Білгенге маржан,
Білмеске арзан,
Надандар бәһра ала алмас. (А.Құнанбаев )
Жаттығумен жұмыс:45-жаттығу. Әңгімедегі тура және жанама толықтауыштарды тауып, қандай сөз табынан жасалғанын, қандай септікте тұрғанын анықтаңдар.
Тура толықтауыштар:ұнататынын, жек көретінін, жауап(-ты жалғау жасырын тұр), қандай пиғылда екенімді.
Жанама толықтауыштар: Алла Тағаламен, пайғамбарларға, бар екендігіне, одан, талап-тілектерімізге, қас-қабағына, соларға.
Екі жақты күнделік
Менің толықтауыш туралы білетінім Болашақта не білгім келеді
Оқушылар сұрақтарға жауап береді
Білу, түсіну, қолдану. Әр топ- тың спикері шығып қорғайды
Үйге тапсырмасын беру 47-жаттығу,ережелерді қайталау.
Үй тапсырмасын білу, түртіп алу
Бағалау Формативті бағалау Топтардың бірін-бірі бағалауы
Рефлексия «Күн шуағы».
Осы тақырыппен байланыстыра отырып жақсы тілек тілеп «Күн шуағы» нұрына жабыстырады . «Екі жұлдыз, бір тілек »