?аза? тілі п?нінен саба?. Та?ырыбы: Т?рлаусыз м?шелер


Сынып: 3 «А»
Пән: Қазақ тілі
Күні: 23.11. 2015 жыл
Сабақтың тақырыбы: Тұрлаусыз мүшелер
Сабақтың мақсаттары: Тұрлаусыз мүшелерді ажырату, сөйлемде атқаратын қызметіне түсінік беру, бастауыш пен баяндауыштың байланысын меңгеру. Оқушылардың сөз, сөйлем, сөйлем мүшелері туралы білімдерін кеңейте түсу таза, сауатты жазу дағдысын жетілдіру.
Сабақтың әдіс - тәсілі: Топтық жұмыс, сұрақ - жауап, ой қозғау.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі: Психологиялық дайындық.
Оқушыларды тыныштатып, зейіндерін сабаққа аудару.2. Үй тапсырмасын тексеру: Қайталау. Сурет бойынша әңгіме құрастыру.
3. Өткен сабақты қайталау1. Сөйлем дегеніміз не?
2. Сөйлемнің қандай мүшелерін білесіңдер?
3. Сөйлемнің қандай түрлері болады?
4. Сұраулы сөйлем дегеніміз не?
5. Хабарлы сөйлем дегеніміз не?
6. Лепті сөйлем дегеніміз не?
4. Қызығушылықты ояту: «Ой қозғау» Суретпен жұмыс.
Төрт түлік туралы сөйлемдер құрастыру.
5. Жаңа сабақ: Тұрлаусыз мүшелерЕРЕЖЕ: Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері бастауыш пен баяндауыштан тұратынын білесің.Сөйлемнің қалған мүшелерін тұрлаусыз мүшелер деп атайды. Оларға Кімнің? Ненің? Қандай? Кімге? Неге? Қайда? Кімді? Нені? Қалай? Неше? Нешінші? Қайдан? Қашан? Немен? Қанша? Қай? Не себепті? Не үшін? Қайтып? сұрақтар қойылады
“Ой қозғау”
1 – жаттығу. Сөздерді оқы. Қайда? сұрағына жауап болатын сөздерді теріп жаздырамын.
Аулада, жоғарыда, артта, мектепте, тау басында.
2- жаттығу. Көп нүктенің орнына тұрлаусыз мүшелермен толықтырып жаз. Сөйлемде қандай өзгерістер болды?
Орманда қайың өсіп тұр. Оның жіңішке бұтақтары бар. Желден жапырақтар сыбдырлайды. Жылы жақтан құстар ұшып келеді. Олар көктемде ұя жасайды. Ұядан балапандар ұшып шығады.
“Ой шақыру” 3 – жаттығу. Өлеңді мәнерлеп оқы. Тұрлаусыз мүшелерді тауып, сұрақ қой.

Құмартамын кітапқа,
Өлең – жырды жаттаймын.
Қонып тұрған бұтаққа,
Торғайларды атпаймын.
М. Бақтыбаев
6. Сергіту сәті «Қарлығаштар » әніне билеу.
7. «Өзіндік жұмыс»
4 – жаттығу. Мәтінді көшіріп жаз. Қарамен жазылған сөздерге сұрақ қой. Ол сөздердің қай сөзбен байланысып тұрғанын айт.
Назым мен Әсем бір сыныпта оқиды. Екеуі үнемі бірге жүреді. Сыныпта бір партада отырады. Ешқашан ренжіспейді. Сабақты екеуі де жақсы оқиды. Оларға оқушылар қызыға қарайды.
8.«Шығармашылық жұмыс»
1 - топ:
2 - топ: Әр топ өздерінің мақал – мәтелдерін оқып, мазмұнын ашады.
3 - топ:
9. Қорытынды.
Семантикалық карта толтыру.
Сөздер ----------------- Тұрлаулы мүшелер --------------------- Тұрлаусыз мүшелер
қызық
таза
жүгірді
жақсы
күз
гүлді
10. Бағалау: Қалыптастырушы бағалау.
11. Үйге тапсырма: Тұрлаусыз мүшелер ереже. 5 - жаттығу. Бет ……

Кері байланыс: Ауызша