П?ні: Материктер мен м?хиттар географиясы Та?ырыбы: Жер ?ыртысыны? ??рылымы Саба?ты? ма?саттары: 1. Білімділік: Жер ?ыртысыны? ішкі ??рылысы зерттеліп отыр?ан ??былысын, фактіні?, за?ны? ай?ын, на?ты т?сінігін беру. 2. Дамытушылы?: О?ушыларды
Сыныбы: 7 Күні: Тексерілді:
Пәні: Материктер мен мұхиттар географиясы
Тақырыбы: Материктер мен мұхиттар карталары
Сабақтың мақсаттары:
1. Білімділік: Материктер мен мұхиттар туралы алған білімдерін жинақтап, одан әрі таным деңгейін арттыру.
2.Дамытушылық: Оқушылардың әр материкті, мұхитты жете тануға қызығушылығын ояту, оларды қосымша ізденуге, картамен жұмыс істеуге, қорытынды жасауға дағдыландыру.
3. Тәрбиелік: Өзін дұрыс ұстай білуге, мәдениеттілікке және ойын дұрыс, нақты жеткізе білуге баулу.
Сабақтың түрі: суреттеу-түсіндіру, өзіндік ізденіс
Оқыту әдісі: Сұрақ-жауап, іздену
Сабақтың әдістемелік жабдықталынуы: Кескін карта, дүние жүзінің картасы, атлас карта, оқулық, глобус
Сабақтың жоспары:
№ Сабақтың кезеңдері Берілетін уақыт (мин)
1. Ұйымдастыру 1-2
2. Үй тапсырмасын сұрау 10-12
3. Өткен сабақпен жаңа сабақты байланыстыру 2-3
4. Жаңа сабақты түсіндіру 18-20
5. Жаңа сабақты бекіту 5-6
6. Үйге тапсырма беру 1-2
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Сыныпқа кіріп, оқушылармен сәлемдесіп, оқушылардың зейінін тұрақтандырып, жаңа сабақты түсіндіре бастаймын.
Жаңа сабақты түсіндіру:
Карта-математикалық заңдылыққа негізделе отырып (масштаб және проекция бойынша) жасалатын Жер шарының, Күн жүесіндегі басқа ғаламшарлардың және т.б кішірейтіліп әрі жинақталып, шартты белгілермен бейнеленген кескіні. Жер шарының бірнеше есе кішірейтіліп берілетін нақты бейнесі глобус деп аталатыны белгілі. Глобустағы Жер бетінің дәл бейнесін картаға көшіру үшін картографиялық проекциялар қолданылады. Картографиялық проекция (кескін) – Жер шарының бетін математикалық тәсілдер арқылы жазықтықта бейнелеу. Жердің шар тәрізді болуына байланысты оны жазық карта бетінде бейнелеу барысында әр түрлі дәрежеде бұрмалану болады.Тең бұрышты проекция қолданылған картада бұрыштар мен шағын географиялық нысандардың пішіндері нақты сақталады.Тең ауданды проекция қолданылған карталарда аудан дәл беріледі. Мұндай проекция қолданылған карталардан материктер мен елдердің мұхиттардың ауданын нақты анықтауға болады.Еркін алынған проекциялар негізінде жасалған карталарда бұрмаланулардың барлық түрлері кездескенімен, олар карта бетінде ұтымды бейнеленеді.Цилиндрлік проекция көбінесе Жер шары толық бейнеленген карталарда пайдаланылады. Карталар мынадай 4 белгісіне бөлінеді:
А) Қамтылатын аумағына (жарты шарлар немесе дүние жүзі карталары, Дүниежүзілік мұхит картасы, материктер мен олардың бөліктерінің картасы, топографиялық карталар);
Ә) Мазмұнына (жалпы географиялық және тақырыптық);
Б) Масштабына (ұсақ, орта және ірі масштабты карталар);
В) Қолданылу сипатына (ғылыми-анықтамалық, оқу карталары мен мәдени-ағарту, техникалық және туристік карталар);
Жаңа сабақты бекіту:
Сұрақ: Карталар қанша түрге топтастырылады? Жауап: 4; қамтылытын аумағына, мазмұнына, масштабына, қолдану сипатына қарай топтастырылады
Сұрақ: Кешенді карталар дегеніміз не? Жауап: Көп жағдайда тақырыптық крталар бірнеше компоненттерді және олардың өзара байланысын көрсетеді. Мұндай карталар кешенді карталар деп аталады.
Сұрақ: Глобус дегеніміз не? Жауап: Жер шарының бірнеше есе кішірейтіліп берілетін нақты бейнесі глобус деп аталады.
Сұрақ: Картографиялық проекция дегеніміз не? Жауап: Жер шарының бетін малематикалық тәсілдер арқылы жазықтықта бейнелеу.
Сұрақ: Дүниежүзілік карталарда көп пайдаланылатын проекция ?Жауап: Көп конусты проекция.
Сұрақ: Жер жары толық бейнеленген карталарда пайдаланылатын проекция- Жауап: Цилиндрлік проекция.
Сұрақ: Азимуттық прекция қандай мақсатта қолданылады-
Жауап: Белгілі бір нүктеден жан-жаққа бағытталатын кеңістікті дәл бейнелеу үшін қолданылады.
Қорытынды: Бүгінгі сабақта, материктер мен мұхиттар карталарын, шартты белгілер жүйесін, проекциялардың түрлерін айтып түсіндірдім.
Үйге тапсырма: Материктер мен мұхиттар карталары мәтінін оқып, баяндау. Атлас картадан түрлерін анықтап, оларға мысал келтіру
Пәні: Материктер мен мұхиттар географиясы
Тақырыбы: Жер қыртысының құрылымы
Сабақтың мақсаттары:
1. Білімділік: Жер қыртысының ішкі құрылысы зерттеліп отырған құбылысын, фактінің, заңның айқын, нақты түсінігін беру.
2. Дамытушылық: Оқушылардың жаңа білімді қорытындылау, жүйелеу, қабылдау ойға сақтау қабілеттерін арттыру, дамыту.
3. Тәрбиелік: Жақсы қасиеттерге үйрету. Экологиялық тәрбие беру.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Оқыту әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндірмелі
Сабақтың әдістемелік жабдықталынуы: Оқулық, кескін карта, дүние жүзінің картасы, атлас карта, глобус
Сабақтың жоспары:
№ Сабақтың кезеңдері Берілетін уақыт (мин)
1. Ұйымдастыру 1-2
2. Үй тапсырмасын сұрау 10-12
3. Өткен сабақпен жаңа сабақты байланыстыру 2-3
4. Жаңа сабақты түсіндіру 18-20
5. Жаңа сабақты бекіту 5-6
6. Үйге тапсырма беру 1-2
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Сыныпқа кіріп, оқушылармен сәлемдесіп, үй тапсырмасын сұрауға кірісемін
Жаңа сабақты түсіндіру:
Жердің қатты қабығы болып саналатын литосфера жер қыртысы мен мантияның жоғарғы бөлігін қамтиды. Жер қыртысы құрылымдық ерекшеліктеріне қарай материктік және мұхиттық болып бөлінеді.
Геологиялық жыл санау-Жер қыртысын құрайтын тау жыныстарының уақыт тәртібімен түзілу реті, жасы туралы ілім. Жердің геологиялық жасы литосфераның қалыптасқан уақытынан бастап есептеледі.
Жер қыртысы мен тіршілік дүниесінің неғұрлым ірі өзгерістерін көрсететін геологиялық уақыт аралығы эра деп аталады. Жердің даму тарихы 5 эраға жіктеледі. Әр эра неғұрлым қысқа уақыт аралықтарына-дәірлерге бөлінеді. Дәуірлердің аттары көбінесе сол кезеңге сәйкес келетін тау жыныстары табылған жерлердің атымен аталады. Мысалы, кембрий, пермь, юра. Геохронологиялық кестеде Жер тарихындағы басты оқиғалар – тау жасалу кезеңдері, климаттық өзгерістер, тіршіліктің дамуы және т.б көрсетіледі.
Литосфералық плиталар теориясы бойынша, жер қыртысы және мантияның жоғарғы бөлігі жекелеген плиталардан тұрады. Қазіргі кезде 7 ірі платформа мен ондаған кіші плиталар анықталған. Олар құрылымдық ерекшеліктеріне байланысты материктік және мұхиттық плиталарға ажыратылады. Ірі литосфералық плиталардың көпшілігі материк пен оларға жалғасып жатқан мұхит табандарын қоса қамтиды. Аса ірі плиталар қатарына Еуразиялық, Солтүстік Америкалық, Оңтүстік Америкалық, Африкалық, Үнді-Аустралиялық, Антарктикалық, Тынық мұхиттық плиталар жатады. Ал Тынық мұхиттық плита мұхиттық плита болып табылады. Мұхиттық плиталарда гранит қабаты болмайтындықтан олар салыстырмалы түрде жұқа және қозғалмалы болып келеді.
Әрбір материктің негізін жер қыртысының тегістелген, салыстырмалы түрде тұрақты бөліктерін-платформалар құрайды.
Жер қыртысының қозғалмалы белдеулері геосинклиналдар деп аталады.
Қазіргі ірі геосинклиналдық белдеулерге Альпі-Гималай, Батыс және Шығыс Тынық мұхиттық белдеулер жатады.
Жер шарында 800-ден астам сөнбеген жанартау бар, олардың басым көпшілігі мұхит табанында шоғырланған.
Жаңа сабақты бекіту: Геохронологиялық кесте
Эралар Дәуірлер Қатпарлықтар Тіршіліктің дамуы
Кайнозой
Kz
67 Төрттік немесе антропогендік 1,8 млн жыл Неогендік, 23,2 млн жыл, Палеогендік, 42 млн жыл Альпі қатпарлығы Сүт қоректілер мен құстардың қарқынды дамуы. Адамның пайда болуы. Жабдық тұқымды өсімдіктертердің қаулап өсуі.
Мезозой
Mz
165 Бор, 70 млн жыл
Юра, 55-58 млн жыл
Триас, 40-45 млн жыл Мезозой
Қатпарлығы Құстардың пада болуы. Алып бауырымен жорғалаушылардың кең таралуы. Ашық тұқымды өсімдіктердің қаулап өсуі.
Палеозой
Pz
330 Пермь, 45 млн жыл
Карбон, 65-70 млн жыл
Девон, 55-60 млн жыл
Силур, 35 млн жыл
Ордовик, 60-70 млн жыл
Кембрий, 70-80 млн жыл Герцин қатпарлығы Теңіз маржандары, трилобиттер, ірі қос мекенділердің кең таралуы.
Өсімдіктердің құрлыққа шығуы
Папоротниктер мен плаундардың қаулап өсуі.
Каледон
қатпарлығы Протерозой, 2,1 млрд жыл Байкал
қатпарлығы Көк-жасыл балдырлардың кең таралуы. Алғашқы қарапайым теңіз ағзаларының пайда болуы.
Бактериялардың пайда болуы.
Архей, 1 млрд жыл Қорытынды: Бүгінгі сабақта, жалпы жер құрылымымен оның ішінде, материктік және мұхит табандарының жер қыртысын, геологиялық жыл санауды, литосфералық плиталар және олардың қозғалыстарымен таныстық, үйрендік, білдік.
Үйге тапсырма: Жер қыртысының құрылымын оқу, мазмұндау.
Кескін картаға жер бедерін салу.
Пәні: Материктер мен мұхиттар географиясы
Тақырыбы: Жер бедері
Сабақтың мақсаттары:
1. Білімділік: Жер бедері туралы оқушыларға түсінік беру. Оқушылардың тіл байлықтарын сөздік қорларын молайту.
2. Дамытушылық: Дамытуға оқытуға негізделген шығармашылық қиялын, жүйелеу, ойлау қабілеттерін дамыту.
3. Тәрбиелік: Ұжымда өз бетінше жұмыс жасай білуге үйрету, білімді, ақылды, ізденімпаз етіп тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Оқыту әдісі: Баяндау, сұрақ-жауап
Сабақтың әдістемелік жабдықталынуы: Оқулық, кескін карта, дүние жүзінің картасы, атлас карта
Сабақтың жоспары:
№ Сабақтың кезеңдері Берілетін уақыт (мин)
1. Ұйымдастыру 1-2
2. Үй тапсырмасын сұрау 10-12
3. Өткен сабақпен жаңа сабақты байланыстыру 2-3
4. Жаңа сабақты түсіндіру 18-20
5. Жаңа сабақты бекіту 5-6
6. Үйге тапсырма беру 1-2
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен сәлемдесіп, түгендеп, үй тапсырмасын сұрауға кірісемін.
Үй тапсырмасын сұрау:
Сұрақ: Жер қыртысы құрылымдық ерекшеліктеріне қарай неше топқа бөлінеді және оларды ата Жауап: Материктік және мұхиттық болып екіге бөлінеді
Сұрақ: Геологиялық жыл санау дегеніміз не? Жауап: Жер қыртысын құрайтын тау жыныстарының уақыт тәртібімен түзілу реті, жасы туралы ілім
Сұрақ: Рифт дегеніміз не? Жауап: Жер қыртысындағы неғұрлым терең жарылыстардың жиынтығы рифт деп аталады
Сұрақ: Плита дегеніміз не? Жауап: Платформаларды әр түрлі шөгінді жыныстар жауып жатқан кішігірім бөлігін плита деп атайды.
Сұрақ: Жер қыртысының қозғалмалы белдеулерін не деп атайды? Жауап: Геогсинклиналдар
Сұрақ: Қазіргі ірі геосинклиналдық белдеулерге жататындарын ата? Жауап: Альпі-Гималай, Батыс және Шығыс Тынық мұхиттық белдеулер жатады.
Жаңа сабақты түсіндіру: Жер бедері барлық табиғат компоненттерінің (климат, ішкі сулар, топырақ-өсімдік жамылғысы, жануарлар дүниесі) қалыптасуы мен орналасу заңдылықтарына айтарлықтай әсерін тигізеді.Жер бедері ішкі және сыртқы күштердің қатар әсер етуі нәтижесінде өзгеріп отырады. Ішкі күштер әсерінен болатын қозғалыстардың екі түрі белгілі: тік қозғалу (жанартаулық құбылыстар, күшті жер сілкінулер, қатпарлану, жарылыстардың пайда болуы және т.б) және өздеріңе белгілі литосфералық плиталардың ғасырлық тербелмелі қозғалыстары. Бұл қозғалыстар жер бедерінің ең ірі пішіндерін-материктерді және мұхит қазаншұңқырларын қалыптастырады. Олар жер бедерінің ғаламшарлық ауқымдағы аса ірі пішіндеріне жатады. Құрлық пен мұхит табанындағы жазықтар мен тау жүйелері жер бедерінің екінші қатардағы пішіндерін құрайды.Ішкі күштердің әсерінен қалыптасқан ірі таулар мен жазықтар сыртқы күштердің әсерінен түрліше өзгерістерге ұшырайды. Мұхит табанының ең басты ерекшелігі – тұтас су асты жоталары жүйесін құрайтындығы. Олардың жалпы ұзындығы 75 000км-ден астам, ені 2000 км-ге, орташа биіктігі 3000 -4 000м-ге жетеді. Жоталардың жан-жағын қоршай, теңдессіз өте үлкен алқапты қамтитын терең ойыстар-қазаншұңқырлар орналасқан. Литосфералық плиталардың жанасатын бөліктері мұхит табанындағы ең қозғалмалы аудандары болып табылыды.
Жаңа сабақты бекіту:
Жер қыртысының құрылысы картасы мен физикалық картаны салыстыра отырып, материктер ме н мұхиттар табанындағы жер бедерін ата
Жер қыртысының қандай құрылымдарына сәйкес келетінін нақты мысалдармен дәлелдеңдер
Материктер мен мұхиттар пішіндерінің өзгеруін немен түсіндіруге болады?
Мысал келтір (Жер белдеріне)
Қорытынды: Сонымен, бүгінгі сабақта жер бедерінің неғұрлым ірі пішіндері жер қыртысының белгілі бір құрылымдарына сәйкес келетінін және литосфералық плиталардың жанасатын бөліктері мұхит табанындағы ең қозғалмалы аудандары болып табылатынын білдік.
Үйге тапсырма: Жер бедері мәтінін мәнерлеп оқып мазмұндау. Кескін картаға жер бедерін түсіру. Тест сұрақтарын құрастырып, қосымша материалдар алып кел
Пәні: Материктер мен мұхиттар географиясы
Тақырыбы: Ауа температурасы мен қысымының таралуы
Сабақтың мақсаттары:
1. Білімділік: Оқушыларды ауа температурасы мен қысымен таныстыра отырып түсінік беру
2. Дамытушылық: Ауа температурасын карта бойынша кестені оқу, білу және қысымды анықтау
3. Тәрбиелік: Оқушыларды өздерінің тұрған жерлеріндегі ауа температурасымен қамтамасыз ету мәселесімен таныстыру
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Оқыту әдісі: Суреттеп түсіндіру
Сабақтың әдістемелік жабдықталынуы: Дүние жүзінің картасы, климат картасы
Сабақтың жоспары:
№ Сабақтың кезеңдері Берілетін уақыт (мин)
1. Ұйымдастыру 1-2
2. Үй тапсырмасын сұрау 10-12
3. Өткен сабақпен жаңа сабақты байланыстыру 2-3
4. Жаңа сабақты түсіндіру 18-20
5. Жаңа сабақты бекіту 5-6
6. Үйге тапсырма беру 1-2
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен сәлемдесіп, жоқ оқушыларды түгендеу, сабаққа дайындалу
Жаңа сабақты түсіндіру:
Жер шарының ауа қабаты – атмосфераның құрамы мен құрылымы. Жердегі тіршілік үшін әсіресе атмосфераның ең тығыз төменгі қабаты тропосферадағы ауа құрамы мен ондағы жүретін процестердің маңызы зор. Мұнда бүкіл ауаның шамамен 9/10 бөлігі шоғырланған. Тропосферада ауа райының маңызды құбылыстары-бұлт, жаңбыр, қар, бұршақ, жел пайда болып, олар кейде адамзат пен тіршілікке қауіпті апатты жағдайларға-қуаңшылық, су тасқыны, қарлы борандар мен дауылдарға әкеп соқтырады. Жер шарындағы климаттың қалыптасуы мен таралу заңдылықтарын түсінуде климаттық карталардың маңызы зор.Климаттық элементтердің таралуы картада изосызықтар арқылы бейнеленеді. Температуралары бірдей нүктелерді қоса
сызықтарды изотермалар, қысымы бірдей нүктелерді қосатын сызықтарды изобара, жылдық жауын-шашын мөлшері бірдей нүктелерді қосатын сызықтарды изогиета деп атайды.
Ауа массалары:
1. Экваторлық – төмен қысым-0ºС
2. Тропиктік – жоғарғы қысым-30ºС
3. Қоңыржай – төмен қысым
4. Антарктикалық – 65ºС Ауаның әрқашан жоғары қысымды аймақтардан төмен қысымды аймақтарға қарай қозғалады. Сол себепті экватор маңындағы жоғары өрлеген ауа төмен түсе алмай, тропосфераның жоғарғы қабаты арқылы тропиктерге қарай жылжиды. Бірақ қозғалыстағы ауа Жердің өз білігінен айналуынабайланысты шығысқа қарай ауытқиды да, полюстерге жете алмайды. Біртіндеп суынып, ауырлаған бұл ауа 30ºс.е. пен 30ºо.е. маңында төмен бағытталады. Осы себепті екі жарты шарда да тропиктік ендіктерде Жоғарғы қысымды белдеулер қалыптасады. Полюстердегі сияқты мұнда да ауа ағындарының төмендеген қозғалыстары басым болады. Жер бетінде жоғарғы қысымды белдеулерден төмен қысымды белдеулерге қарай ауа ағындары бағытталады, олар тұрақты желдерді қалыптастырады.Сонымен, жер бетінде жоғары өрлеген ауа ағыны басым аймақтарда төмен қысым, төмендеген ауа ағыны басым аймақтарда жоғарғы қысым белдеулері қалыптасады.
Жаңа сабақты бекіту:
Атластағы климаттық карталарды пайдалана отырып:
Еуразиядағы 60ºш.б. меридианы бойымен;
40º және 50ºс.е. бойынша қандай изотермалар өтетінін анықтаңдар.
Жауын-шашынның жылдық мөлшері қанша болуы тиіс
Қыс пен жазда ауа массаларының желдердің бағытын анықтау
Төменгі ауа массалары нені білдіреді
Қандай белдеуде ауа қозғалысы қалай пайда болады
Қорытынды: Бүгінгі сабақта, атмосфераның жердегі тіршілігі үшін маңызын анықтадық. Жер бетінде ауа теапературасы мен қысымның таралуын, атмосфералық қысым белдеулерімен таныстық, білдік.
Үйге тапсырма: Атластағы климаттық картаны пайдалану, §6 оқу. Климаттық картамен жұмыс жасау
Пәні: Материктер мен мұхиттар географиясы
Тақырыбы: Ауа массалары мен басым желдер қозғалысы. Жауын-шашынның таралуы
Сабақтың мақсаттары:
1. Білімділік: Оқушыларға ауа массасы жауын-шашын туралы түсінік беру
2. Дамытушылық: Сөйлеу қабілетін дамыту, жаңа мағлұматтар беру арқылы ой-өрісін кеңейту, шығармашылыққа баулу
3.Тәрбиелік: Ізденімпаздылыққа баулу, жауын-шашынды қорғауға, оның қажеттілігін түсіне білуге үйрету
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Оқыту әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндірмелі, баяндау
Сабақтың әдістемелік жабдықталынуы: Климат картасы, суреттер, оқулық
Сабақтың жоспары:
№ Сабақтың кезеңдері Берілетін уақыт (мин)
1. Ұйымдастыру 1-2
2. Үй тапсырмасын сұрау 10-12
3. Өткен сабақпен жаңа сабақты байланыстыру 2-3
4. Жаңа сабақты түсіндіру 18-20
5. Жаңа сабақты бекіту 5-6
6. Үйге тапсырма беру 1-2
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен сәлемдесіп, жоқ оқушыларды түгендеп, зейінін тұрақтандырып жаңа сабақ түсіндіруге кірісемін
Жаңа сабақты түсіндіру:
Белгілі бір жерде ұзақ тұрақтаған ауа сол жерге тән өзіндік қасиеттерге (температурасы, ылғалдылығы, мөлдірлігі) ие болады. Осындай бір тектес қасиеттері бар, үлкен көлемдегі ауаның жиынтығын ауа массалары деп атайды. Қалыптасқан орнына байланысты ауа массалары 4 түрге ажыратылады:
1. Экваторлық (ЭА) температура жоғары, ылғал мол болады;
2. Торпиктік (ТА);
3. Қоңыржай (ҚА) жылдың төрт мезгілі болады;
4. Арктикалық және антарктикалық (АА);
Ауа массалары мұхиттық және континенттік болып жіктеледі. Мұхиттық ауа массалары континенттік ауа массаларымен салыстырғанда жазда салқын, қыста жылырақ болып келеді және жыл бойы ылғалды болады. Ал континенттік ауа массалары ылғалы аз, шаң-тозаңды, жазда ыстық болуымен ерекшеленеді. Қыста қоңыржай ендіктердегі континенттік ауа массалары қатты салқындайды. Ауа массаларының горизонталь бағытта орын алмастыруын жел деп атайды. Тұрақты, яғни әрқашан бір бағытта соғатын желдер жоғарғы және төменгі қысым белдеулерінің орналасуына баланысты пайда болады.Экватор маңында төменгі қысым белдеуі қалыптасқан, ал 30-шы ендіктерде жоғарғы қысым, сондықтан да жел Жер бетінде жоғарғы қысымды белдеуден экваторға қарай соғады. Бұл желдер пассаттар деп аталады. Жердің өз білігінен айналуы салдарынан пассаттар бағытынан ауытқиды. Солтүстік жарты шар пассаттары солтүстік- шығыстан оңтүстік-батысқа қарай, ал оңтүстік жарты шар пассаттары солтүстік батысқа соғады.Тұрақты желдер тропиктердегі жоғарғы қысым белдеулерінен қоңыржай ендіктердегі төмен қысымды белдеулерге (65 с.е. пен 65 о.е) қарай да соғады. Жердің өз білігінен айналуы әсерінен бұл желдер солтүстік жарты шарда оңға, ал оңтүстік жарты шарда-солға қарай ауытқып, батыс желдерін, яғни батыстан шығысқа қарай бағытталған тұрақты ауа ағынын қалыптастырады.Климаттық жағдайлардың қалыптасуын географиялық ендік пен Күннің көкжиектен биіктігі ғана емес, ауа массаларының қозғалыстары да анықтайды.Жер шарының кейбір аудандарында жауын-шашын шамадан тыс мол түссе, кей жерлерде оның мөлшері мүлде мардымсыз. Жауын-шашынның бұлай әркелкі тарадуы жоғарғы және төменгі қысымды белдеулердің орналасуымен түсіндіріледі.Экваторда ғана емес, барлық төменгі қысымды аудандарда жауын-шашын мол түседі. Керсінше, жоғарғы қысымды белдеулерде ылғалы аз, суық ауа ағындары төмен қарай бағытталады. Төмендеген сайын бұл ауа өзгеріп, қызу нәтижесінде құрғайды. Сондықтан жоғарғы қысымды аймақтарда жауын –шашын тмөлшері аз болады. Жер бетінде басым желдердің бағыты, жауын-шашынның таралуы мен мөлшері атмосфералық қысым белдеулерінің орналасуына тәуелді болады.Жауын-шашынның таралуына географиялық ендік те әсер етеді:Күн сәулесі неғұрлым аз түссе, жауын-шашын да соғұрлым аз жауады.
Жаңа сабақты бекіту:
Сұрақ: Ауа массалары дегеніміз не?
Жауап: Белгілі бір жерде ұзақ тұрақтаған ауа сол жерге тән өзіндік қасиеттерге (температурасы, ылғалдылығы, мөлдірлігі) ие болады. Осындай біртекті қасиеттері бар, үлкен көлемдегі ауаның жиынтығын ауа массалары деп атайды.
Сұрақ: Ауа массаларының қандай түрлері бар?Жауап: Экваторлық, тропиктік қоңыржай, арктикалық және антарктикалық. Өздерің тұрған жердің климатына қандай ауа массалары әсер етеді.
Қорытынды: Қорытындылай келе, бүгінгі сабақта Жер бетіне жауын-шашынның таралуы туралы жалпы оқып, білдік.
деректер жинау, климат картасын жасау.
Тақырыбы: Климаттық қалыптастырушы факторлар. Жер шарындағы климаттық белдеулер
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Оқулықтың тақырыбы бойынша алған білімдерін тексеру, ойлау қабілеттерін арттыру, график сызба білуге, жылдам есептеуге үйрету
2. Дамытушылық: Жаңа технологияларды пайдалана отырып, жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру, білімге құштарлығын, ізденімпаздылығын дамыту
3. Тәрбиелік: Оқушыларды табиғаты, елін жерін сүюге оны құрметтеуге, аялауға тәрбиелеу
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Оқыту әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндірмелі
Сабақтың әдістемелік жабдықталынуы: Климат картасы, суреттер, оқулық, кескін карта
Сабақтың жоспары:
№ Сабақтың кезеңдері Берілетін уақыт (мин)
1. Ұйымдастыру 1-2
2. Үй тапсырмасын сұрау 10-12
3. Өткен сабақпен жаңа сабақты байланыстыру 2-3
4. Жаңа сабақты түсіндіру 18-20
5. Жаңа сабақты бекіту 5-6
6. Үйге тапсырма беру 1-2
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен сәлемдесіп, оқушыларды түгендеп, зейіндерін тұрақтандырып, жаңа сабақ түсіндіруге кірісемін.
Жаңа сабақты түсіндіру:
Жер шарының климаты алуан түрлі. Ол Жер бетінде Күннің жылуы мен атмосфералық жауын-шашынның әркелкі таралуына байланысты болады. Белгілі климат зерттеуші ғалым Б.П. Алисов Жер шарында бір-бірінен температуралық жағдайлары және ауа массаларының қасиеттері мен әсер ету аймақтары арқылы айырмашылық жасайтын 13 климаттық белдеуді ажыратқан. Климаттық белдеулер негізгі және өтпелі болып бөлінеді. Негізгі климаттық белдеулер төрт ауа массаларына бөлінеді:
1. Экваторлық белдеу – қысым төмен, жыл бойы экваторлық ауа массалары әсер етеді. Күн сәулесінің мол түсуіне байланысты бұл белдеуде бүкіл жыл бойы ауа температурасы жоғары болады. Жауын-шашщын мол түседі, ауа райы ыстық, ылғалды әрі қапырық болады.
2. Тропиктік белдеу – жыл бойы тропиктік ауа массаларының ықпалында болады. Сондықтан бұл белдеуде тұрақты жоғарғы қысым мен төмен бағытталған ауа қозғалысы басым. Жазда температурасы өте жоғары, ал қыста салқын болып келеді. Тропиктік ауа массалары әдетте өте құрғақ
3. Қоңыржай белдеу – жыл бойы қоңыржай ауа массалары мен батыс желдері басым болады. Мұнда едәуір салқын, жыл мезгілдері айқын байқалады. Жауын-шашынның жылдық мөлшері жалпы алғада біршама мол болғанымен, белдеу ішінде әркелкі таралады.
4. Арктикалық және антарктикалық белдеу – жыл бойы арктикалық ауа массалары әсер етеді. Жыл бойы ауа температурасы төмен болады. Полюске жақындаған сайын табиғат жағдайы қолайсыз сипат алады.Өтпелі климаттық белдеулер негізгі белдеулердің аралығында орналасқан. Олардың аттарындағы «суб» сөзі латынның «таяу, маңы» деген мағынаны білдіреді. Өтпелі климаттық белдеулер: субэкваторлық, субтропиктік, субарктикалық және субантарктикалық.
Жаңа сабақты бекіту:
Климат қалыптастырушы факторлар
Мұхиттардың ықпалы
Жер бедерінің сипаты
Географиялық ендік
Ауа массалары
Жер шарындағы климаттық белдеулерді көрсетіңдер
Олардың қайсылары солтүстік және оңтүстік жарты шарларда қайталанып отырады
Өздерің тұрған жерде қандай ауа массалары, желдердің басым болатынын, ауа райы сипатының белгілерін және оның қандай климаттық белдеуге сәйкес келетінін анықтаңдар.
Қорытынды: Қорытындылай келе, бүгінгі сабағымызда, климат қалыптастырушы факторлар және Жер шарыедағы климаттық белдеулер туралы таныстық, білдік
Үйге тапсырма: Мәтінді оқу. Жер шары картасынан 13 климаттық белдеуді салып келу. Қосымша
Пәні: Материктер мен мұхиттар географиясы
Тақырыбы: Дүниежүзілік мұхит суы. Беткі ағыстар
Сабақтың мақсаттары:
1. Білімділік: Оқушыларды дүниежүзілік мұхиттың ағысымен таныстыру, олардың ерекшеліктеріне, маңызына тоқталу
2.Дамытушылық:Оқушылардың ойлау қабілеттерін, іскерліктерін, шығармашылық қасиеттерін шыңдай отырып, туған өлкеге деген мақтаныш сезімін қалыптастыру
3. Тәрбиелік:Табиғаттың сұлулығын аялауға, табиғаттағы өзгерістерді сезуге, бірін-бірі сыйлауға тәрбиелеу, эстетикалық тәлім-тәрбие беру.
Сабақтың түрі: Саяхат сабақ
Оқыту әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндірмелі, баяндау
Сабақтың әдістемелік жабдықталынуы: Карта, суреттер, оқулық, кескін карта
Сабақтың жоспары:
№ Сабақтың кезеңдері Берілетін уақыт (мин)
1. Ұйымдастыру 1-2
3. Өткен сабақпен жаңа сабақты байланыстыру 2-3
4. Жаңа сабақты түсіндіру 18-20
5. Жаңа сабақты бекіту 5-6
6. Үйге тапсырма беру 1-2
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасып, оқушыларды түгендеп, зейіндерін тұрақтандырып, жаңа сабақ түсіндіруге кірісемін
Жаңа сабақты түсіндіру:
Дүниежүзілік мұхит сулары гидросфераның негізгі бөлігін құрайды. Дүниежүзілік мұхит ғаламшарымыздағы жылу мен ылғалдың таралуын белгілі дәрежеде реттеп отыратындықтан жердегі тіршілік үшін маңызы өте зор. Жер шарында Дүниежүзілік мұхит суының алып жатқан ауданы 361,1 млн км. Күн жүйесідегі ешбір ғаламшарда дәл Жер шарындағыдай мөлшерде су жоқ. Олай болса, су – Жер табиғатының басты байлығы тіршілік көзі.
Мұхит суының басты қасиеттері – температурасы мен тұздылығы. Мұхит суының да жылынуы Күн сәулесінің түсу мөлшеріне тікелей байланысты. Дүниежүзілік мұхит суы көлемінің үлкен болуына орай, құрлықпен салыстырғанда судың баяу салқындауы нәтижесінде мұхитта жылу көп жинақталады.
Мұхиттың кейбір аудандарында бұл заңдылық мұхит ағыстары, тұрақты желдер, ал материк жағалауларында құрлықтың тікелей ықпалы мен олардан ағып шығатын өзен сулары әсерінен өзгереді. Судың температурасы тереңдікке қарай да өзгереді. Тереңдеген сайын алғашында температура күрт төмендейді, 3000-4000 м тереңдіктен кейін температура +2, – 0ºС аралығында тұрақтайды. Дүниежүзілік мұхит суының құрамы аса күрделі. Мұнда суда еритін тұздар мен газдар, органикалық және ерімейтін заттар да кездеседі. Оның құрамында 60-тан аса тұрақты компоненттер бар. Табиғи минералдардың барлығы дерлік мұхит суында еріген күйінде кездеседі. 1 л мұхит суындағы еріген тұздардың мөлшері судың тұздылығы деп аталады. Бұл көрсеткіш промилле арқылы есептеледі. Мұхит суының орташа тұздылығы 35 промилле шамасында. Тұздың өте жоғары көрсеткіші-41 промилле. Мұхит суының тұздылығы 36 промилле мұхит суының қату температурасы -2С шамасында болады. Арктикалық және антарктикалық белдеулерде қалың мұз қабаттары қалыптасады.Мұхит табанынының ең басты компоненттерінің бірі оның суы. Мұхиттың белгілі бір бөлігін алып жатқан зор көлемді суды су массалары деп атайды. Мұхит пен құрлық арасындағы жылу мен ылғалдың алмасуына беткі ағыстардың маңызы зор. Беткі ағыстардың қалыптасуының негізгі себебі жел. Ағыстар жүйесі солтүстік-шығыс пассаттың беткі су массаларын батысқа қарай айдауынан түзілген Солтүстік пассат ағысынан басталады. Ол Оңтүстік Американың шығыс жағалауында екіге айырылып, бір тармағы Экваторлық қарсы ағысты түзіп, судың бір болігі шығысқа қарай кері қайтады. Ал Пассат ағысының екінші тармағы Кариб теңізіне жетіп су деңгейін көтереді. Осы беткі су массасы Антиль аралдарын айналып өтіп, Жердің ауытқытушы күшінің әсерінен дұние жүзіндегі ең қуатты жылы ағыс – Гольфстримді түзеді. Гольфстрим ағысы Солтүстік Американың шығыс жағалауын бойлай, 40 с.е. дейін жетеді. Одан әрі су массаларының негізгі тармағы қоңыржай ендіктегі тұрақты соғатын батыс желдері әсерінен Солтүстік Атлант ағысына айналады. Бұл ағыс Скандинавия түбегін айналып өтіп, қоңыржай және полярлық ендіктердегі судың беткі температурасын жоғарылатады. Қоңыржай ендіктерден қайтқан су массалары Африка жағалауларындағы тереңнен көтерілетін суық суларға қосылып Канар суық ағысын түзеді. Ол әрі қарай Солтүстік Пассат ағысына жалғасады.Ірі су айналымы Атлант мұхитының оңтүстігінде де қалыптасады. Бұл жүйе Оңтүстік Пассат ағысы, Бразилия ағысы, Батыс желдері ағысы, Бенгел ағыстарынан құралады.Тынық мұхитында да осындай ағыстар жүйесі қалыптасады: мұндағы Куросио ағысы Гольфстримге ұқсас, ал Солтүстік Мұхит ағысы Солтүстік Атлант ағысына, Гумбольдт немесе Перуана ағысы Бенгел ағысына ұқсас.
Дүниежүзілік мұхитта беткі ағыстар жылу мен ылғалдың тасымалдануы мен бөлінуіне зор ықпал етеді. Ағыстар мұхиттардың батыс бөлігінде жылы суларды полюстерге қарай бағыттап, жоғары ендіктерді жылытады, ал шығысында экватор маңына салқын суларды алып келіп, жылынуына себепші болады
Жаңа сабақты бекіту: Тест арқылы
Жер бетіндегі Дүниежүзілік мұхиттағы ең терең шұңғыма
Ява
Мариан
Алеут
Филиппин
Курил-Камчат
Жер бетінің қанша пайызын Дүниежүзілік мұхит сулары алып жатыр?
60%-ын
40%-ын
71%-ын
26%-ын
29%-ын
Дүние жүзін алғашқы болып жүзіп шыққан адам?
Д.Ж.Кук
Ф.Магеллан
М.Поло
Х.Колумб
А.Веспуччи
Африка қанша мұхитпен шектеседі?
5;
3;
4;
2;
1;
Дүниежүзілік мұхиттың жалпы ауданы қанша млн км²?
320 млн км²
316 млн км²
361 млн км²
313 млн км²
363 млн км²
Қорытынды: Бүгінгі сабақта, дүниежүзілік мұхит суымен таныстық. Су массаларымен және беткі ағыстардың таралуын анықтап, білдік.
Үйге тапсырма: Оқулық мәтінін пайдаланып мұхит ағыстарын кескін картаға түсіріп келу. §9 оқу.
Пәні: Материктер мен мұхиттар географиясы
Тақырыбы: Мұхиттағы тіршілік .
Сабақтың мақсаттары:
1. Білімділік:Оқушыларға мұхиттағы тіршілік жайлы түсінік бере отырып, оның ерекшеліктері мен маңыздылығын және шаруашылықтағы алатын орны жайлы түсінік беру
2.Дамытушылық: Картамен, атласпен, кескін картамен, оқулықпен, жұмыс дәптерлерімен жұмыс істей білуге, іздендіруге дағдыландыру.
3. Тәрбиелік: Оқушыларды білімділікке, ізденімпаздылыққа, саналылыққа, уақытты үнемдеуге, ұжымдылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Оқыту әдісі: Сұрақ-жауап, іздену
Сабақтың әдістемелік жабдықталынуы: Атлас карта, оқулық, кескін карта, суреттер
Сабақтың жоспары:
№ Сабақтың кезеңдері Берілетін уақыт (мин)
1. Ұйымдастыру 1-2
3. Өткен сабақпен жаңа сабақты байланыстыру 2-3
4. Жаңа сабақты түсіндіру 18-20
5. Жаңа сабақты бекіту 5-6
6. Үйге тапсырма беру 1-2
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасып, оқушыларды түгендеп, зейіндерін тұрақтандыру.
Жаңа сабақ: Дүниежүзілік мұхит сулары тереңдеген сайын, өзінің табиғаты мен тіршілік дүниесінің құпияларымен адамзатты әлі де таңғалдыруда. Олардың ғажайып сыры әлі күнге дейін ашылған жоқ. Мұхиттардың терең тұңғиықтарын зерттеу барысында қазірдің өзінде ғылымға белгісіз тірі жәндіктер бабылуда. Мұхит суында тіршілікке қажетті қолайлы жағдайлар мен қоректік заттар жеткілікті. Тіпті тіршілік дүниесі тереңдігі 11022 м болатын Мариана шұңғымасында да жаңа жер қыртысы түзіліп, ыстық магма шығып жататын жарықтарда да, температурасы мен қысымы өте жоғары аудандарда да кездеседі. Мұхиттардағы тіршілік жағдайлары полюстен экваторға және су бетінен тереңдікке қарай өзгеріп отырады. Мұхиттың өсімдіктер дүниесі көзге көрінбейтін бактериялар, біржасушалы өсімдіктер мен ұзындығы 200 м-ге дейін жететін теңіз балдырларынан тұрады. Жануарлардан көзге көрінбейтін ұсақ жәндіктерден бастап, салмағы 160 т-ға дейін жететін алып киттер тіршілік етеді.Мұхиттағы тіршілік ұзақ геологиялық уақыт аралығында су массаларының қасиеттерін өзгертіп отырады. Судағы жасыл өсімдіктер бөліп шығарған оттегінің мөлшері артып, оның артық мөлшері ауаға шығару арқылы атмосфера құрамын өзгертеді. Тіршілік ету жағдайына байланысты мұхиттағы тіршілік дүниесі планктон (грекше «қалқыма»), нектон (грекше «жүзгіш») және бентос (грекше «тереңдік») деп аталатын 3 топқа бөлінеді. Планктон ағыстардың әсерінен еркін қозғалатын алуан түрлі бір жасушалы балдырларда, әр түрлі қарапайымдардан, ұсақ шаяндардан, теңіз құрттарынан, ішек қуыстылардан және бақалшақтардан тұрады. Өсімдіктер планктоны – жануарлар планктонының негізгі қорек көзі. Мұхиттағы аса ірі сүтқоректілер (кит тәрізділер мен ескек аяқтылар) де планктонды азық етеді. Нектонды мұхит сулары мен оның беткі бөлігінде еркін жүзетін балықтар, теңіз сүт қоректілері, теңіз жыландары мен тасбақалар, ірі моллюскалар құрайды. Нектон неғұрлым ірі жануарлардан тұрады. Олардың жалпы биомассасы бентостың жиынтық массасынан 23 есе аз. Бентосты мұхит түбінде бекініп тіршілік ететін өсімдіктер мен жануарлар дүниесі құрайды. Олар мұхит түбінде тіршілік етуге бейімделген әр түрлі балдырлардан, теңіз шөптерінен тұрады.Бентостағы тіршілік дүниесі селбесіп өмір сүруге бейімделген. Дүниежүзілік мұхит суларында жануарлардың 150 мыңға жуық, өсімдіктердің 15 мыңнан астам түрі кездеседі, олар саны жағынан өте көп болуымен ерекшеленеді.Зерттеулер ғылым мен техниканың ең соңғы жетістіктерімен жабдықталған қуатты ғылыми-зерттеу кемелерінің, мұхит түбінде жұмыс істейтін арнайы автоматты стансалардың, сондай-ақ жасанды Жер серіктерінің көмегімен жүргізіледі.
Жаңа сабақты бекіту:
Мұхиттағы тіршілік
Планктон (ағыстардың әсерінен еркін қозғалатындар)
Бір жасушалы балдырлар, қарапайымдылар, ұсақ шаяндар, теңіз құрттары
Теңіз жыландары, теңіз сүтқоректілер, молюскалар, сейзаяц, кальмар
Нектон (мұхит сулары мен оның бетінде бөлінгенде еркін жүзетін балықтар)
Балдырлар, шаяндар, маржан, полиптер және т.б.
Бентос (мұхит түбінде бекініп тіршілік етеді)
Қорытынды: Бүгінгі сабақта, мұхиттағы тіршілік дүниесімен таныстық.
Адамдар теңіздер мен мұхиттардың тіршілік дүниесін қандай мақсатта пайдаланатынын білдік.
Үйге тапсырма: §10 оқу. Мұхитта тіршілік ететін жануарлары мен өсімдіктерін толықтырып дәптерге жазып келу. Кескін картаға дүниежүзілік мұхиттағы баклыққа бай аудандарды анықтап, картадан көрсету
. Сыныбы: 7 Күні:
Пәні: Материктер мен мұхиттар географиясы
Тақырыбы: Табиғат кешені
Сабақтың мақсаттары:
1. Білімділік: Оқушыларды табиғат кешендерімен таныстыру; табиғаттағы болатын құбылыстардың ерекшеліктері мен маңызына тоқта
2.Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту. Картамен жұмысты жүргізуге дағдыландыру.
3. Тәрбиелік: Табиғаттағы болатын құбылыстарды танып білуге тәрбиелеу және бірін-бірі сыйлауға ұжымдылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Оқыту әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндірмелі баяндау
Сабақтың әдістемелік жабдықталынуы: Атлас карта, оқулық, кескін карта, суреттер
Сабақтың жоспары:
№ Сабақтың кезеңдері Берілетін уақыт (мин)
1. Ұйымдастыру 1-2
3. Өткен сабақпен жаңа сабақты байланыстыру 2-3
4. Жаңа сабақты түсіндіру 18-20
5. Жаңа сабақты бекіту 5-6
6. Үйге тапсырма беру 1-2
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасып, оқушыларды түгендеп, зейіндерін тұрақтандыру.
Жаңа сабақты түсіндіру:
Табиғат кешені дегеніміз өзара күрделі байланыста әрекет ететін табиғат компоненттерінің өзіндік ерекшеліктерімен көзге түсетін жер бетінің бір көрінісі. Ең ірі табиғат кешені географиялық қабық деп аталады. Географиялық қабық дегеніміз- литосфераның жоғарғы бөлігі, атмосфераның төменгі бөлігі және гидросфера мен биосфераның өзара күрделі байланысы мен әрекеттесуі нәтижесінде қалыптасатын ғаламшарлық дәрежедегі такбиғат кешені. Географиялық қабықтың құрылымы мен дамуында өзіндік заңдылықтар бар. Бұлар бүкіл географиялық қабыққа да, оның жекелеген компоненттері мен шағын көлемді табиғат кешендеріне де ортақ болып келеді. Осы заңдылықтарды білу айнала қоршаған табиғатқа нұқсан келтірмей байлықтарын тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.
Атпалы жыныстар
Күн
қуаты
Атпалы (магмалық) жыныстар
кристалдану
үгілу,
Магма
тасымалдау
Шөгінді жыныстар
Метаморфтық жыныстар
қайта
балқуы
жыныстардың
қайта өзгеруі
Жер қыртысындағы заттардың алмасуы
Географиялық қабықтағы ырғақты құбылыстардың жүруі түрлі себептерге байланысты. Жердің өз білігінен айналуы тәуліктік ырғақтылыққа себепші болады. Әрбір ірі табиғат кешені үшін температура мен ылғалдылықтың, өсімдіктер мен жануарлардың және адамдардың іс-әрекетінің өзіне тән тәуліктік жүйесі қалыптасады. Мысалы, күн мен түннің алмасуы, мұхит суларының толысуымен қайтуы, бриз желдері бағыттарының өзгеруі, тау жыныстарының күндіз қызып, түнде суынуы тәулік ішінде жүреді.Зоналық ерекшеліктерімен қатар әрбір табиғат кешендерінің жеке-дара өзіне ғана тән сипаттары болады.
Африканың, Аустралияның, Оңтүстік Америка мен Азияның саванналары бір-бірінен айырмашылық жасайды. Сондай-ақ Еуразияның қоңыржай белдеуінің түрлері бөліктерінде орналасқан.
Жаңа сабақты бекіту:
Сұрақ: Табиғат кешені дегеніміз не? Жауап: Табиғат кешені дегеніміз өзара күрделі байланыста әрекет ететін табиғат компоненттерінің өзіндік ерекшкліктерімен көзге түсетін жер бетінің бір көрінісі.
Сұрақ: Географиялық қабық дегеніміз не? Жауап: Географиялық қабық дегеніміз - литосфераның жоғарғы бөлігі, атмосфераның төменгі бөлігі және гидросфера мен биосфераның өзара күрделі байланысы мен әрекеттесуі нәтижесінде қалыптасатын ғаламшарлық дәрежедегі табиғат кешені.
Географиялық қабық қандай компоненттерден тұрады?
Географиялық қабықтың қандай заңдылықтарын білесіңдер
Өздерің тұратын жерден осы заңдылықтарды дәлелдейтін құбылыстрды атаңдар
Қорытынды:Қорытындылай келе, бүгінгі сабағымызда, жалпы табиғат кешені дегеніміз не екенін, табиғат кешендеріндегі барлық компоненттер географиялық қабықтағы тәрізді, бір-бірімен тығыз байланысты екенін толық танып білдік.
Үйге тапсырма: §11 оқу. Кескін картамен жұмысҚосымша материалдар жинау.