?осжа?таулылар класы. Ай??ла? немесе інжуір ж?не мидиялар. (7 класс)


Өтесін Мәди Өтесінұлы
Ақтөбе облысы Темір ауданы Шұбарқұдық гимназиясының биология пәнінің мұғалімі
7-сынып биология сабағы
Сабақтың тақырыбы: Қосжақтаулылар класы. Айқұлақ немесе інжуір және
мидиялар.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың өткен тақырыптарды еске түсіре отырып, қосжақтаулылар класының өкілі айқұлақтың құрылысымен таныстыру, білім білік дағдыларын қалыптастыру.
Дамытушылық: Пәнге тақырыпқа деген қызығушылықтарын арттыра отырып, ақыл-ойын, логикасын, ізденімпаздылықтарын, салыстыру, талдау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелілік: Адамгершілікке, табиғатты аялап қорғауға, бірлесіп жұмыс жасауға, ортақ іске араласушылық сезіміне тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту
Сабақтың түрі: Аралас
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, әңгіме, түсіндіру
Сабақтың көрнекілігі: Слайд, интерактивті тақта, электрондық оқулық, сулы препарат, ұлудың муляжы
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру: Оқушылармен сәлемдесіп түгендеу, сыныптың тазалығына, оқу құралдарын түгендеп тексеру, назарларын сабаққа аудару, топқа бөлу, топтың ережесімен таныстыру.
Үй тапсырмасын сұрау: «Бинго биология»
1. Бауыраяқтылардың қанша мыңға жуық түрлері бар?
2. Не себебті бауыраяқтылар деп аталған?
3. Үлкен тоспаұлудың дене тұрқы?
4. Ұлулардың буылтық құрттардан негізгі айырмашылығы?
5. Шапанша дегеніміз не?
6. Үлкен тоспаұлу немен тыныс алады?
7. Үлкен тоспаұлудың дене бөліктерін атаңыз?
8. Ұлулардың пайдасы?
9. Ұлулардың ауылшаруашылығына тигізетін зияны?
10. Кішкене тоспаұлу қай паразит құрттың аралық иесі болып табылады?
11. Үлкен тоспаұлудың көбеюі?
12. Шұбалшаңның қан айналым жүйесі?
13. Нериданың зәр шығару жүйесі?
Қызықты терминдер:
Описторхоз
Аскаридоз
Цистицеркоз
Шистозоматоз
Фациолез
Дракнулез
Жұптық жұмыс: «Биологиялық диктант»
1. Денесінің алдыңғы бөлігінде..........қармалауышы және........жұп көзі болады. 2. Тоспаұлудың бақалшағы...........заттан түзіледі. 3. Ұлудың денесі мен шапанша аралығындағы бос орын.........қуысы деп аталады. 4. Бастың астыңғы жағынан ұлудың........көрінеді. 5. ................қанды ұйылтпай сұйытатын зат. 6. Жыныс жасушаларынан жұмыртқа жасушасы мен сперматазоидтар бөледі де,.........тәсілмен ұрықтанады. 7. Үлкен тоспаұлу.........тыныс алады? 8. Үлкен тоспаұлудың жүрегі..........бөліктен тұрады, олар...........деп аталады. 9. Қан айналым жүйесі.............. 10. Зиянды керексіз заттар..........арқылы сыртқа шығарылады.
Тірек-сызба
1885315138429Былқылдақденелілер
типі
00Былқылдақденелілер
типі

11709401631950298069016319502980690163195
Бауыраяқтылар Қосжақтаулылар Басаяқтылар
Жинақтау
3114040133985
3904615-317519329404445002180590101600Ұлулар
00Ұлулар

41617901981201523365198120
389509041910002075815108585
321881588900
Жаңа сабақ: «қызығушылықты ояту»
Төрт сорғышпен қармақшалар басында,
Етпен бірге қосылады асыңа.
Шала піскен етті жесең байқамай
Қауіп-қатер туғызады басыңа.
Сиыр цепені
Кірпікшелер көп денесін қаптаған,
Су ішінде тыным тауып жатпаған.
Екі құлақ, екі көзі тағы бар,
Осы құрттың атын өзің тауып ал.
Ақ сұлама
Жас баланың тік ішегі мекені,
Көп мәлім дара жыныс екені.
Жұмыртқасы дамиды оның далада,
Жұқпайды ол таза жүрген балаға
Үшкірқұрт
Бұлар – Жер шарына кең таралған көпжасушалы жәндіктер. Олар мұхитта, теңізде, тұщы суқоймаларында, өзендерде тіршілік етеді. құрлықта кездеспейді. Қосжақтаулы ұлулар класының өкілі айқұлақ. Олардың бақалшағы ашып – жабылатын екі жақтаудан тұрады. Сондықтан бұл жәндіктер қосжақтаулы ұлулар деп аталған.Бұлардың бас бөлігі жойылып кеткен. Денесі тек тұлға және аяқтан ғана құралады. Айқұлақ судың түбінде мекендеп, сондағы құмға денесінің доғаланған алдыңғы бөлігімен көміліп жатады. Дене тұрқы он сантиметрдей. Жотасынан майысқақ сіңірмен байланысқан екі жақтаулы бауыр жағынан ашылып - жабылатын бақалшағы болады. Бақалшақтардың арасынан ай не құлақ тәріздес пішіндегі аяқтары көрінетіндіктен айқұлақ деп аталады.
Айқұлақтың бақалшағынан былқылдақ денесі көрінеді, басы жойылып кеткендіктен, денесі тұлға мен аяқтан құралады. Аяғының қасында айқұлақтың аузы көрінеді. Ауыздың екі жағында қармалауыштары және тіл тәрізді аяғының екі қапталында тақташалы желбезектер болады. Желбезектерді кірпікшелер қаптап жатады. Сол кірпікшелер қимылдағанда су кіріс симфонынан еніп, шығару сифонынан сыртқа шығады. Сифондар айқұлақтың артқы жағында бірінің үстінде бірі орналасады. Су астыңғы кіріс сифонымен енгенде, онымен қоса ұсақ жәндіктер де айқұлақтың бақалшағына енеді де, судың ағынымен аяқтың үстіңгі жағындағы ауызға барып, үлкен тоспаұлуға ұқсас- асқорыту жүйесіне түседі. Айқұлақта бас болмағандықтан, оның тілі, жұтқыншағы жоқ, сондықтан қорек алдымен өңешке, одан қарынға және ішекке өтеді. Айқұлақтың бауыры жақсы жетілген , оның өзегі қарынға ашылады.Айқұлақ бүйрегі арқылы зәр шығарады. Айқұлақта арнаулы сезім мүшелері болмайды. Айқұлақ-дара жынысты жәндік, бірақ оның аталығын аналығынан айыру оңай емес. Мидия-калифорниялық мидиялар-"бисал тізбегі" деп аталатын талшықтары арқылы жартастарға жабысып тірішілік етеді. Гамбут хитондары-"қақпақша" аталатын сегіз тілемшеден тұратын ұлулар. Мүйізді ұлудың артқа қарай бағытталған мүйіз тәріздес өсінділері бар қарақошқыл қабыршағы болады. Қосжақтаулы ұлулардың ағаштан жасалған құрылыстар мен кеме түбін тесетін түрлері бар. Олар өте қауіпті зиянкестер болып табылады. Денесінің алдыңғы бөлігіндегі қосжақтаулы кішкене бақалшағымен сүректі бұрғылан теседі. Сөйтіп өзіне жол салады да, ағашты пайдалануға жарамсыз етеді.
Постер қорғау.
Сабақты бекіту: Тест
1. Қосжақтаулы ұлулар класының өкілі?
А) Айқұлақ В) кальмар С) Сегізаяқ
2. Айқұлақта зәр шығару қызметін атқарады?
А) бүйрек В) бауыр С) аналь тесігі арқылы
3. Денесі қандай бөліктен құралған?
А) бас, тұлға аяқ В) тұлға, аяқ С) бас, тұлға, көз
4. Айқұлақтың тыныс алу қызметін атқарады?
А) өкпе В) желбезек С) бауыр
5. Тағам ретінде пайдаланылатын қосжақтаулылар?
А) айқұлақ В) сегізаяқ С) мидия
Жауаптары: 1. А 2. А 3. В 4. В 5. СҚорытынды:
Бауыраяқтылар Қосжақтаулылар Баяаяқтылар 1- жүзімұлу; 2 – тоспаұлу, 3 – жалаңаш шырышты, 4 – қошқармүйіз,   5 – кальмар, 6 – каракатица, 7– сегізаяқ, 8- айқұлақ , 9- кальмар
Бағалау: