Физика п?ні бойынша 10 сынып?а арнал?ан Газдарды? техникада ?олданылуы атты саба? жоспары
Пәні:физика Күні:20.11.15 Сыныбы: 10 мұғалімі Ербатырова А.Ж.
Сабақтың аты §4.8. Газдардың техникада қолданылуы
Сілтеме Білім стандарты, пән бағдарламасы, интернет материалдары. Деңгейлік курс материалдары (әдіс-тәсілдер)
Жалпы мақсаты Газдардың техникада қолданылуы жайлы мағлұматты Эдвард де Бононың «Ойлаудың алты қалпағы» әдісі арқылы беру
Газдардың техникада қолданылуы туралы интернеттен ақпарат іздеу
Өзгені бағалай білуге баулу
Күтілетін нәтиже Газдардың техникада қолданылуы жайлы мағлұмат алады
Газдардың техникада қолданылуы туралы интернеттен ақпарат іздейді
Өзгені бағалай алатын болады
Негізгі идеялар Газдардың қайталанбайтын ерекше қасиеттері бар. Сондықтан осы қасиеттері оларды түрліше, техникалық қондырғыларда пайдалануға болады. Газдардың әр түрлі қысымдағы қасиеттері түрліше болады. Үлкен қысым түсірілген газ серпімді дене бодып табылады. Р. Бойль ол газды «Ауа серіппесі» деп атаған.
Газдың қысымын оның массасын, көлемін немесе температурасын өзгерте отырып басқаруға болады. Газдың сығылғыштығы оның үлкен массасын аз көлемде ұстауға мүмкіндік береді. Сығылған газды құбырлар арқылы үлкен қысыммен алыс қашықтықтарда тасымалдауға болады. Сонымен қатар газдың көлемі температураға тәуелді өзгереді. Бұл қасиеті техникада пайдаланады. Сиеретілген газдың жылуөткізгіштігі нашар, онда диффузия және жылу беру процестері басқаша өтеді.
Газдардың қолданылуы:
1. Газ амортизатор ретінде қолданылады.
2. Газ қозғалтқыштардың жұмыстық денесі ретінде алынады.
3. Сиретілген газдардың қолданылуы.
Сұйық газдарды сақтайтын Дьюар ыдыстары.
Жоғары вакуум электронды-сәулелік түтіктерде қолданылады.
Элементар бөлшектердің үдеткіштерінде де жоғары вакуум жасайды.
4. Жоғары вакуумды алу.
Тапсырмалар
Топтық жұмыс Эдвард де Бононың «Ойлаудың алты қалпағы»
АКТ пайдалану арқылы тиімді ақпарат іздеу
Сабақтың түрі Қалыптан тыс сабақ.
Әдіс - тәсілдер Эдвард де Бононың «Ойлаудың алты қалпағы» әдісі
Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары: (мұғалім және оқушы немен айналысады)
І.Ұйымдастыру (3 минут)
Сәлемдесу
Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу. «Өрмекші торы» арқылы есімдерінің бастапқы әрпінен өзін қандай екенін айту.
1.3. Топқа бөлу (алты қалпақтың түстері бойынша бөлу)
ІІ. «Мағынаны тану» Жаңа сабақ.
Талқылау үшін сұрақтар беріледі Енді осы тақырыпты толық ашу үшін Эдвард де Бононың "Ойлаудың алты қалпағы" әдісін қолданамыз."Ойлаудың алты қалпағы" әдісі мынадай болады:• Ақ (ақ бұлттар) - фактілер, цифрлар және мәліметтерді таза күйінде беру• Қызыл (от) – ішкі сезім, эмоция, сезінулер және интуицияны білдіру• Қара (тұман) – негативті ойлау, мысалы: “бұл орындалмайды, себебі....”• Сары (күн) - оптимизмді, ашықтықты, позитивті және конструктивті ойлар, ұсыныстар, мысалы: «неге, бұл міндетті түрде орындалады!»• Жасыл (дала) – жаңа идеялар ағымын тудыратын шығармашылық ойларКөк (аспан) – жоғары деңгейдегі жалпы көзқарастарды, білдіреді, қорытындылайдыІV. Топтық жұмыс (15 минут) Оқушыларға тапсырмалар берілгеннен, топтасып дайындалуға 5мин уақыт берілді. Әр топ өзіне берілген тапсырмаға орай өзара ақылдасып, топтық жұмыс жасайды.Топтық қорғау.Топтар дайындалып болғасын, топтар өз жұмыстарын қорғауға көшеді. (4 минут)
Сарапшының бағалау критерийлерінің парағы
№ Бағалау өлшемдері Ақ қызыл қара сары жасыл көк Жалпы ұпайы
1 Тақырыпты әр түстің өлшемі бойынша толық аша алуы (толық ашылуына 5 ұпай, жартылай -3 ұпай) 2 Нақты айқындалған
(жоғ-3 нақты емес 1,5) 3 Басқалардың түсінуі үшін қиындық туғызбайды
( 2 н-се 1) 4 Интернет желісінен алынған мәліметі (әр ақпар 1 ұпай) 5 жұлдыз тілек 11-13 ұпай-«5»
8-10 ұпай- «4»
5-7 ұпай – «3»
V. Сергіту сәті «Мадагаскар» (1 минут)
Газ амортизаторларының техникада қолданылуы жайлы шағын эссе
VІ. Қорытындылау.
VІІ. Кері байланыс (не үйрендім, не қиын болды, сұрақ.) (2 минут)
Стикерге жазу
Кейінгі тапсырмалар Эссе жазу
Кейінгі оқу §4.8. Газдардың техникада қолданылуы