Ашы? ?йымдастырыл?ан о?у ?ызметі: С?йлеуді дамыту Та?ырыбы: ??с келді Б. ?озыкеев


Білім саласы: «Коммуникация»

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Сөйлеуді дамыту
Тақырыбы: «Құс келді» Б.Қозыкеев
Атырау облысы
Құрманғазы ауданы
Ю.А.Гагарин орта мектебі
Шағын орталық тәрбиешісі: Утегенова Гульмира Умирбаевна
Білім беру саласы: «Коммуникация»
Ашық ұйымдастырылған оқу қызметі: Сөйлеуді дамыту
Апта тақырыбы: «Көктем келді!»
Тақырыбы: «Құс келді» Б.Қозыкеев
Мақсаттары:
Білімділігі: балаларға құстар туралы түсінік беріп, білімдерін жетілдіру,
құстарға қамқорлықпен қарауға баулу
Дамытушылығы:  балалардың  құстар туралы ой-өрістерін, түсініктерін
дамыту; белсенділік, қызығушылықтарын арттыру;
сөздік қорын байытып, байланыстырып сөйлеуге
үйрету. 
Тәрбиелігі: құстарды қорғауға, қамқорлық жасауға баулу, табиғатты сүюге
тәрбиелеу.
Көрнекілігі: тақырыпқа байланысты суреттер, интерактивті тақта, слайдтар
Іс-әрекет кезендері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивация қозғаушы Жылулық шеңбері:Бала, бала, балақан,
Қане, қайсы алақан?
Саусақтарың айбат,
Былы, былай ойнат!
Топ-топ басайық,
Жалаудан күн жасайық,
Жаса, жаса алтын күн!
Жаса, жаса жарқын күн! Балалар іс-қимыл түрлерін жасап өлеңді қайталайды.
Ізденіс ұйымдастырушы - Балалар, жылда неше
мезгіл бар?
- Қазір қай мезгіл?
- Көктем мезгілі несімен
ерекше?
Көктем мезгіліне шолу жасаймыз.
Құстардың дауысы жазылған фонограмма қойылады.
- Балалар бұл ненің дыбысы?
-Балалар сендерді аналарың құстардың атына байланысты қалай еркелетеді?
Балаларға алдын ала дайындалған құстың жұмыртқасын көрсетеміз.
Балалар,бұл ненің жұмыртқасы?
Балалар, мына жұмыртқаның ішінде тапсырмалар бар екен.
Слайдтағы тапсырмаларды балаларға көрсетеміз.
1- ші көгершіннің тапсырмасы:
Дала құстары қандай топқа бөлінеді?
Қандай қыстайтын құстарды білесіңдер?
Жыл құстарын атап беріңдер.
2-ші аққудың тапсырмасы: құстардың дауысын салуҚарға қарқылдайды,торғай шырылдайды, аққу қаңқылдайды.
3-ші тырнаның тапсырмасы: жеке түрден көпше түрге айналдыр:
Құс, ұя, жұмыртқа, балапан, торғай, көгершін, аққу.
4-ші тапсырма торғайдың тапсырмасы: орыс тілді бірге үйренейік:
Құс –птица, жұмыртқа-яйцо, балапан-цыпленок, ұя-гнездо.
5-ші тапсырма қарлығаштың тапсырмасы:
Б.Қозыкеевтің «Құс келді» өлеңімен танысу:
Келіп көктем құстары,
Бау-бақшада ән салды.
Оларды жас достары,
Ұя жасап қарсы алды.
6-ші үкінің тапсырмасы:
Ұшты-ұшты ойынын ойнау.
7-ші қарғаның тапсырмасы:
Артық суретті анықта!
8-ші сауысқанның тапсырмасы:
Балапанға көмек берейік.
Интерактивті тақтадағы пішіндерден балапанға ұя құрастыру.
9-ші балапанның тапсырмасы: суретшінің қатесін тап! .
Сергіту сәті. Қазым,қазым,қаңқылда
Суда жүзіп саңқылда
Жем шашайын жейсіңбе? Кәмпит берші дейсің бе? Жоқ-жоқ кәмпит тәтті Болмайды ас
Арпа менен бидай шаш. Төрт мезгіл.
Қыс, көктем, жаз, күз.
Көктем мезгілі
Күн жылынады, жер көгереді, малдар өріске шығады, табиғат оянады..
Балалар көктем мезгіліне туралы слайд қарайды.
Құстардың дауысы
Балапаным, қарлығашым, аққуым, көгершінім..
Балалар жұмыртқадағы тапсырманы орындайды.
Тауықтың
Жыл құстары, қыстап қалатын құстар.
Көгершін, қарға, торғай, сауысқан.
Аққу, шымшық, қараторғай, тырна...
Балалар құстардың дауысын салады.
Қар- қар-қар
Шиқ-шиқ-шиқ.
Қаңқ-қаңқ-қаңқ.
Балалар жеке түрден көпше түрге айналдырады
Құстар, ұялар, балапандар, торғайлар, көгершіндер, аққулар...
Балалар тәрбиешінің көмегімен орыс тілінде хормен сөздерді
қайталайды.
Тәрбиешінің көмегімен
Б.Қозыкеевтің «Құс келді» өлеңін қайталайды.
Интерактивті тақтадағы пішіндерден балапанға ұя құрастырады.
Балалар слайдтағы артық суретті анықтайды.
Интерактивті тақтадағы пішіндерден балапанға ұя құрастыру.
Балалар суреттегі жіберілген қателерін анықтайды.
Рефлексация түзетуші Балалар, бүгін біз не туралы әңгімеледік?
Сендерге қай құстың тапсырмасы ұнады?
Біз бүгін қандай өлең үйрендік? Балалардың жауаптары
Күтілетін нәтиже: құстарды ажырата білу керек; тапсырмаларды
қызығушылықпен орындайды; сөздерді жеке түрден
көпше түрге айналдыра алады.