Бейнелеу ?нері саба? жоспары Кішкентай суретшілерді? ?лкен ??пиялары


Бейнелеу өнері
Кішкентай суретшілердің үлкен құпиялары. Живопись деген не?
Білімділік: Суретшілер құпиясын таныту. Живопись туралы түсінік
беру.
Дамытушылық: Оқушылардың шығармашылығын арттыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды әсемдікке баулу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: ой шақыру, демонстрациялау, өздік жұмыс.
Көрнекі құрал-жабдықтар: қарындаш, түрлі-түсті қарындаш, сызғыш, су
бояу, гуашь, өшіргіш.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Сәлемдесу. Оқушылардың сабаққа дайындығын қадағалау.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
А) Ой шақыру Түсіндірме:
Суретшілердің 7 түрлі құпиясын түсіндіре отырып талдау.
қарындаштар үнемі ұштаулы болуы керек. Оларды лақтырма.
Қылқаламды дұрыс пайдалана біл. Ол тез жарамсыз болып қалады, әрі қағазды бүлдіреді.
Жұмысты аяқтаған соң қылқаламды суда қалдырмай, сабынды сумен жуып, кептір.
Сурет салған парақтарды бүктеме, тегіс жерде ұқыпты ұста.
Бояулар әрдайым таза болуы керек. Оларды тек палитрада ғана араластыру керек.
Гушь бояулар мен фломастерлерді мұқият жауып қою керек. Олар тез кеуіп кетеді, жарамсыз болып қалады.
Жұмыс орның әрқашан таза әрі қолайлы болуы тиіс. Сурет салуға деген көңіл –күйің жақсарады.
Живопись дегеніміз-түрлі –түсті бояулармен салынған шығарма. Негізгі түстерге қызыл, сары, көк түс жатады. Негізгі түстерді араластыру арқылы басқа да түстер шығаруға болады.
Сергіту сәті. 1, 2, 3,
Бойға жинап күш,
Иілеміз оңға бір,
Иілеміз солға бір,
Үйренеміз өнер біз,
Шетімізден шеберміз.
ІV. Сабақты бекіту:
өздік жұмыс.
Түстерді араластыру арқылы басқа түстер шығару жұмысын жүргізу.
V. Сабақты қорытындылау:
- бейнелеу өнері сабағына қандай құрал –жабдықтар қажет екен?
-әр құралдың жұмыс міндеттері қандай?
VІ. Оқушылардың білімін бағалау:
Мадақтау
VІІ. Үйге тапсырма беру.
Доп суретін салу.