Математика п?нінен «4 цифрмен танысу.?лкен,кіші,кішкентай»
Білім беру саласы: «Таным»
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті:ҚМТҚ
Тақырыбы:«4 цифрмен танысу.Үлкен,кіші,кішкентай.»
Мақсаты:4 цифрын 4санынын таңбасы ретінде таныстыру , 4цифрының сандық қатардағы орнын анықтау,4цифрын өзге цифрлар арасынан табу,үлкен-кіші кішкентай сөздерін пайдалана отырып,заттарды көлеміне қарай салыстыруды үйрету.
Әдіс-тәсілдер:әңгімелесу ,сұрақ-жауап практикалық.
Қажетті көрнекі құралдар:үлкен,кішкентай заттардың салыстыруға апрналған суреттері,цифрлар карточкасы.
Әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық
қозғаушы
Педагог балаларға жұмбақ жасырады.
Әйгерім өз себетіне,
Үш саңырауқұлақ салды.
Қарап жүрмей тағы да,
Тал қасынан біреуін алды
Жоғалтпайық уақытты,
Бізге тек санау ғана қалды. Балалар жұмбақ өлеңнің жауабын табады.
4 саңырауқұлақ
Іздену
ұйымдастырушы 1-тапсырма
Педагог суретте неше саңырауқұлақ болса, жолақ ішіне сонша дөңгелек салуды тапсырады.Содан соң сұрақ қояды:
-Неше дөңгелек салдыңдар?
-Неліктен?
2-тапсырма
Педагог өлең оқып береді.
Білек күші тасыған
Төрт күрескер ағаң
Қолын қойып беліне
Шаршамайды ешқашан.
Педагог балаларға 4цифрының сандар қатарындағы орнын анықтап, сол сан нешені білдірсе, сонша моншақ
Бояуды тапсырады .содан соң өзге цифрлардың арасындағы төрттіктерді тауып, оларды қоршап шығуды тапсырады.
«Санамақ»Сергіту сәті
Бір, екі,үш,төрт
Жиналамыз бәріміз
Бір,екі,үш,төрт,.
Секіреміз бәріміз
Бір, екі,үш,төрт,
Отырамыз бәріміз.
Үлестірмелі материалдармен жұмыс
Педагог балаларға мынадай тапсырма береді.
Барлық үлкен шаршыларды іріктеп алып төменгі жолаққа,ал кішкентайларын жоғарғы жолаққа қойып шығуларын керек.Бірақ олардың саны тең екендігі көрініп тұратындай болсын.
Педагог 2-3 баладан шаршылардың көлемі қандай және әр жолақта неше шаршы бар екенін сұрайды.
3-тапсырма
Балалар бірінші қатарда неше киіз үй тұрғанын санайды,содан соң олардың көлеміне назар аударады.Осылайша 3 қатардағы суретке де талдау жасайды.
Балалар 4 дөңгелектің суретін салады және сұрақтарға жауап береді.
Төрт.
Үшке бірді қоссақ төртеу болады.
Балалар өлеңді мұқият тыңдайды.
Тапсырма дәптерге орындалады.
Балалар төрт моншақты бояйды.
Балалар 4цифрын сызады.
Балалар жаттығуларын орындайды.
Екі аяқтап алға қарай секіреді.
Бір орында тұрып секіреді,отырады.
Қолдарын жан-жаққа созады.
Балалар үлкен шарларды іріктеп алып , төменгі жолаққа, ал кішкентайларын жоғарғы жолаққа орналастырады.
Рефлексивті коррекциялаушы Д/О
Тәрбиеші балаларды оқу іс-әрекетіне жақсы қатысқаны үшін мадақтайды. Д/О ойнатылады.
Балалар мадақталынады.
Күтілетін нәтиже:
Біледі: 4 цифрын,үлкен, кішкентай сөздерін.
Игереді:4 цифрын өзге сандардың арасынан табуды,жұмбақты шешуді
Меңгереді: 4 цифры туралы түсінікті.