Саба?ты? та?ырыбы : Е? ?лкен орта? б?лгіш
Тақырыбы : Ең үлкен ортақ бөлгішСабақтың мақсаты :1.Білімділік: Берілген натурал сандардың ең үлкен ортақ бөлгішін таба білу, оларды есеп шығаруда қолдана білуге үйрету.
2 .Дамытушылық: шапшаң есептеу дағдысын қалыптастыру, математикалық терминдерді қолдана білуге, логикалық ойлау қабілетін, зейінін дамыту,деңгейлік тапсырмаларды орындауға ауызша есептеуге машықтандыру .
3.Тәрбиелік: ептілікке,тапқырлыққа, ұқыптылыққа, достыққа тәрбиелеуСабақтың типі: аралас сабақСабақтың түрі : Білімді тиянақтауСабақтың әдісі: сұрақ- жауап,талдау-жинақтау, өз бетінше жұмыс, тест, ауызша есептеу, ойынПән аралық байланыс: дүниетануСабақтың көрнекілігі: интер .тақта, слайд, кестелер, үлестірмелі материалдарСабақтың барысы:
І. Ұйымдыстыру кезеңі:
Сәлемдесу;
Оқушыларды түгендеу;
Оқушыларды сабаққа дайындау, мақсаты мен міндетін хабарлау, зейіндерін сабаққа аудару.
Бүгін білімімізге білім қосайық Бүгінгі күннің сабағы ерекше, себебі бізге қонақтар келді. Сендер сабақты ынталы зейінмен тыңдап, белсенді қатысып отырсаңдар,сабақ соңында жақсы бағаланасыңдар .
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:
А) Есептерді инт.тақта арқылы тексеру. №286
12 мен 32
12 – 1,2,3,4,6,12
32 – 1,2,4,8,16,32
ЕҮОБ(12,32)=4
30 бен 42
30 – 1,2,3,5,6,10,15,30
42 – 1,2,3,6,7,21,42
ЕҮОБ(30,42)=6
35 пен 60
35 – 1,5,7,35
60 – 1,2,3,4,5,6,10,12,15,30,60
ЕҮОБ(35,60)=5
36 мен 63
36 – 1,2,3,4,6,9,12,18,36
63 – 1,3,7,9,21,63
ЕҮОБ(36,63)=9
30 бен 45
30 – 1,2,3,5,6,10,15,30
45 – 1,3,5,15,45
ЕҮОБ(30,45)=15
27 мен 54
27 – 1,3,9,27
54 – 1,2,3,6,9,27,54
ЕҮОБ(27,54)=27
42 мен 56
42 – 1,2,3,6,7,21,42
56 – 1,2,4,7,8,14,28,56
ЕҮОБ(42,56)=7
80 мен 32
80 – 1,2,4,5,8,10,16,20,40,80
32 – 1,2,4,8,16,32
ЕҮОБ(80,32)=16
39 бен 65
39 – 1,3,13,39
65 – 1,5,13,65
ЕҮОБ(39,65)=13.
№296
ЕҮОБ(a,b)=30;
ЕҮОБ(a,b)=12;
ЕҮОБ(a,b)=18;
ЕҮОБ(a,b)=50;
ЕҮОБ(a,b)=24;
ЕҮОБ(a,b)=75.
Ә) Сұрақтар арқылы үй тапсырмасын бекіту:Жай сандар дегеніміз қандай сандар?
Құрама сандар жайында не білеміз?
ЕҮОБ табудың қанша жолын білеміз?
Өзара жай сандар дегеніміз не?
ІІІ. Есептер шығару кезеңі.
Балалар, біздің бүгінгі сабағымыз ерекше болмақ, себебі біз бүгінгі математика сабағында ғаламшарларға саяхатқа шығамыз, тапсырмалар орындаймыз.
Мұғалiм. Ғарышқа ұшы үшін біз зымыран жасауымыз керек, ал ол үшін біздің білімдеріміз қажет.
Сұрақтар:— Бiз уақыттың қандай бірліктерін білеміз ? Секунд, минут, сағат, тәулiк, апта, ай, жыл, ғасыр— Бiр ғасырда жыл неше? (100 )— жылда неше ай? (12 )— бір айда неше күн? (30, 31, 29, 28)— 1 айда неше апта? (4 )— бір аптада неше күн? (7 )-кұн мен түнді бір сөзбен қалай айтуға болады ? (тәулiк )— . 1 тәулiкте сағат неше? (24 )— 1 сағатта неше минут бар? (60 )— 1 минутта секунд неше? (60 )Бәрекелдi! Бiзде мынадай тамаша зымыран жасалынып шықты. .Бiздiң борт журналдарымызды ашамыз және бiздiң ұшу күнiң жазып қоямызДәптермен жұмыс: Бүгінгі күн ретін дәптерге жазуЖерді қоршаған бүкіл дүние –Әлем немесе Ғарыш деп аталады.
ПЛАНЕТА-грекше адасушы жұлдыз деген сөз.
Балалар, бұл не? – Күн. мен жұлдыздар-Балалар, біз қазір ракетамен ұшып келе жатырмыз, үнге ең бірінші жақын орналасқан планеталарға жетеміз.
Меркурий планетасының тапсырмасы:
Меркурий-бұл Күнге ең жақын және ең кіші планета.
Тірек білімдерін жетілдіру.Ауызша есептеу: карточкалармен жұмыс «Кім жылдам»
Мына мен қолдарына берген ракетадағы мысалдарды тез шығаруымыз керек.
Келесі аялдама Марс ғаламшасы. Бiз марс туралы ненi бiлемiз? Марс— Жер планетасына көршілес орналасқан. Ол ең суық тасты планета.
загрузка...
Марс планетасының тапсырмасы:
Оқулықпен жұмыс:
№287 (тақ номерлерін тақтада, жұптарын орындарында шығарып көрсетеді)
48 бен 84
48=2*2*2*2*3
84=2*2*3*7
ЕҮОБ(48,84)=12
70 пен 98
70=2*5*7
98=2*7*7
ЕҮОБ(70,98)=14
16 мен 45
16=2*2*2*2
45=3*3*5
ЕҮОБ(16,45)=1
52 мен 78
52=2*2*13
78=2*3*13
ЕҮОБ(52,78)=26
44 пен 65
44=2*2*11
65=5*13
ЕҮОБ(44,65)=1
72 мен 96
72=2*2*2*3*3
96=2*2*2*2*2*3
ЕҮОБ(72,96)=8
78, 117 және 195
78=2*3*13
117=3*3*13
195=3*5*13
ЕҮОБ(78,117,195)=39
110, 154 және 286
110=2*5*11
154=2*7*11
286=2*11*13
ЕҮОБ(110,154,286)=22.
№303
Қосылғыштардың коэффициенттерінің ең үлкен ортақ бөлгішін жақша сыртына шығарып жазыңдар:
12a+20b=4(3a+5b); 16c+24d=8(2c+3d); 30m+42n=6(5m+7n);
48x+60y=12(4x+5y); 18a+45b=9(2a+5b); 28c+63d=7(4c+9d)
49m+21n=7(7m+3n); 15m+25n=5(3m+5n).
Ай — күнмен тартатын күн жүйесiнiң жалғыз серiгi. Ай — жердiң ең жақын көршiсi Айда ауа да жоқ және су.
Ай планетасының тапсырмасы:
Ай тұрғындары емтихан бiздер үшін жасады. Бiздiң алдымыздағы жатқан тесті тез шешу керекТестiлiк тапсырмаларыІ нұсқа.
Қандай сандар жай деп аталады?
А) 0- ден 9 –ға дейінгіС) 1-ге және өзіне ғана бөлінетін натурал сандарВ) Екіден артық бөлгіштері бар натурал сандарD) 1 саны
Құрама сандар –
А) 0- ден 9 –ға дейінгі цифрларС) 1-ге және өзіне ғана бөлінетін натурал сандарВ) Екіден артық бөлгіштері бар натурал сандарD) 1 саны
Санды жай көбейткішке жіктеу дегеніміз не?
А) кез келген екі санның көбейтіндісі түрінде жазуС) жай сандардың бөліндісі түрінде жазуВ) бір санды қосынды түрінде жазуD) жай сандардың көбейтіндісі түрінде жазу24 санының жай көбейткіштерге дұрыс жіктелуін тап:
А) 24=2*12 С) 24=2*2*2*3
В) 24=3*4*2 D) 24=2*2*6
12 санының бөлгіштерін тап:
А) 1,2,3 С) 2,3,6
В) 1,2,3,4,6,12 D) 1,2,3,6,12
ІІ нұсқаҚандай сандар егіз сандар деп аталады?
А)Өзінен басқа бөлгіштерінің қосындысына тең сан
В)Айырмасы 2 – ге тең екі жай сандыС) 1-ге және өзіне ғана бөлінетін натурал сандарД) 1-ге және өзіне ғана бөлінетін натурал сандар2.Қандай сандар 2 – ге бөлінеді?
а)жұп сан в) тақ сан;
с) кемел сан д) егіз сан
3.Екіден көп бөлгіштері бар сан?
а) жай сан в) құрама сан;
с) тақ сан д) жұп сан.
18 санының жай көбейткіштерге дұрыс жіктелуін тап:
А) 18=2*12 С) 18=1*2*3*6*9*18
В) 18=3*4*2 D) 18=2*3*3
36 санының бөлгіштерін тап:
А) 1,2,3,4,5,6 С)1,2,3,4,6,9,12,18,36
В) 1,2,3,4,6,12 D) 1,2,3,6,12
Жер планетасының тапсырмасы:
Жер туралы ақпарат . Жер планетасы— бұл ерекше планета. Ол біздің үйіміз. Онда ауа бар және су көп. Бұл барлық тіршіліктің негізі. Жер тіршілік бар жалғыз планетаЛогикалық тапсырмалар
Үш түйеқұс ұшып барады. Аңшы біреуін атып алды. Неше түйеқұс қалды?
Сағат неше?
Бір жанұяда бес ұл бар. Олардың әрқайсысының қарындасы бар. Сол жанұяда қанша бала бар?
Қандай сан барлық сандарға қалдықсыз бөлінеді?
Төрт қойдың неше аяғы бар?
Үстел беті төртбұрышты. Оның бір бұрышын арамен кесіп алсақ, неше бұрыш қалады?
Егер тырна бір аяғымен тұрса 3 кг болады, ал екі аяғымен тұрса оның салмағы қанша?
Суретте қандай геометриялық фигуралар бейнеленген.
Қанша үшбұрыш бар (8)
ІҮ. Қорытынды «Зымырада жерді айнала ұшып біз біздің ғаламша қандай керемет, қандай әдемі екен көрдік. Адамдар, осы әдемілікті біз сақтайық және көбейтейік тек қиратпайық»!Балалар, саяхат жасау барысында бір жұлдыздар көрдік. Міне балалар сендердің де жолдарың осы жұлдыздардай жарық, жарқын болсын! Орталарыңда болашақта Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаев ағаларың сияқты ғарышкерлер болып, ғарышты зерттеуге ат салысасыңдар деген үміттемін!
Бағалау. Оқушылардың әр түрлі түстегі қағаздардың жинаған саны бойынша бағалау.
Үйге тапсырма: 296, 302