?ылыми жоба Мені? мысы?ым
Ақмола облысы«Ерейментау ауданының білім бөлімі» ММ«Балабек Жахин атындағы Новомарковка орта мектебі» КММ Ғылыми жоба Тақырыбы: “Менің мысығым” Авторы: 2-сынып оқушысыШарипканова Томирис Жетекшісі: бастауыш сынып мұғаліміТлеулесова Д.К.
Зерттеудің мақсаты:Мысықты қолға үйрету тарихын және түрлері туралы мәлімет жинастыру; мысығымның өсу кезеңіндегі іс-әрекетін, мінез-құлқындағы өзгерістерді бақылау арқылы оған менің үйімде тұру жайлы ма екендігін анықтау; саналылығы туралы қорытынды шығару; құрбы-құрдастарыма ұялы телефондар мен планшеттердегі мысықтарды емес, шынайы мысықты жақсы көру керектігін насихаттау; Міндеттері: 1.Интернет желісін, әдебиеттерді оқу арқылы мысықтың қолға үйретілуі және түрлері туралы мәлімет жинастыру.2.Өз мысығыма ұдайы бақылау жүргізу.3. Жиналған мәліметтер бойынша қорытынды шығару.
Зерттеудің өзектілігіҚазіргі кезде балалардың жан-жануарға деген, әсіресе мысыққа деген сүйіспеншілік, қамқорлық сезімдері азайып бара жатыр.Осы жобамда қызықты да пайдалы мәліметтерді айта отырып, құрбы-құрдастарыма оларды саналы тіршілік иесі ретінде құрметтеу және жақсы көру керектігін түсіндіргім келеді.Ал жалпы адамзат атаулы оларды өздері қолға үйреткендіктен олар үшін жауапты екендіктерін естерінен шығармау керек.
Мысықтарды қолға үйрету тарихынанМиацидтар — бұдан 50млн жыл бұрын пайда болған,барлық жыртқыштардың арғы тегі. Миацидтар кішігірім денелі және ұзын құйрықты жануар болған. Ал жабайы мысықтарды қолға үйрету осыдан кемінде 5 мың жыл бұрын басталған. Негізінен, үй мысықтарының арғы тегі Ливия мысығы болып саналады.
Мысықтардың көп тараған түрлеріАнгор мысығыБомбей Парсы мысығыСиам мысығыАзиаттық табби
Осының ішінде менің мысығым “Бомбей” түріне жатады екен деп шештім.
Түрлі мәлімет көздерінен мысықтар жайлы оқып білдім.1.Мысықтар 15-20 жыл тіршілік етеді екен.2.Мысықтардың көзі түнде жақсы көреді.3.Олардың мұрттары “антенна” қызметін атқарады екен.4.Мысықтар ешқашан адаспайды екен. Олар өз иесі мен үйін кез-келген жағдайда тауып алады екен.5.Мысықтар еш уақытта арқасымен құламайды екен.6.Мысықтар иесінің қай жері ауырса , сол жерге жатып оны емдейді екен.7.Мысықтар ауа-райын болжай алатын көрінеді.
Бақылау нәтижесі.{5C22544A-7EE6-4342-B048-85BDC9FD1C3A}Жасы2ай3 ай4 ай5ай6 ай7айСалмағы1кг1,3 кг1,5кг1,800кг2,500 кг3,100 кгМінез-құлқындағы өзгерістерАлғашқы рет суға түсірдік.Судан қорқады екен.Мысығыма Тұмар деген ат қойдым.Ол жүгіріп ойнағанды, жіппен, доппен ойнағанды ұнатады.Алғашқы рет тышқан ұстады.Оны бірден жемей, онымен біраз ойнады.Тұмар күніне 5 рет ұйықтайды.Еттен басқа тағам жемейді.Күніне 5-6 рет 2-3 түйір ет жейді.Менің жанымда ұйықтағанды, бізбен асыр салып ойнағанды жақсы көреді.Шомылдырғанда судан қорықпайды. “Аңға шыққанды” жақсы көреді. Ондай кезде бір орында ұзақ уақыт тырп етпей отырады.
Мысықтар- өте ақылды тіршілік иесі екенін байқадыңдар ма?!Ал мен оны өз мысығымнан жиі байқаймын.Тығылмақ ойнағанда мені кез-келген жерден тауып алады.Шомылдырғанда алғашқыда қорқып еді, соңынан үйреніп алды.
Фотоға түсіргенді түсінеді.Тамақты уақытында және арнайы ыдысынан ішеді
Ұйықтайтын уақытты біледі.Бізден бұрын дайындала бастайды. Бәрінен де мамық төсекте ұйықтағанды өте-өте жақсы көреді .
Ол менің ең жақсы досым.Мен бір жақтан келсем сағынады. Мен де оны сағынып қаламын.
Қазіргі кезде менің көптеген құрбы-құрдастарым ұялы телефондар мен планшеттердегі мысықпен ойнағанды жақсы көреді.Ал мен үнемі өз мысығыммен ойнаймын
1.Ұялы телефондағы мысықпен ойнап отырған бала еш қозғалыссыз отырады.2.Ол мысық бір қалыпта өмір сүреді.3.Бала оған үнемі өз дегенін істету арқылы оның бойында өзімшілдік қалыптасады4.Үнемі бір нүктеге қарауынан көру қабілеті төмендейді.3.Денесі шынықпаған , қозғалыста болмаған баланың физикалық жетілуі төмен болады.
1.Мен мысықпен ойнағанда жүгіремін, аунаймын, секіремін.Бұның бәрі менің денемнің шынығып жетілуіне әсерін тигізеді.2.Менің мысығым планшеттегі мысық тәрізді емес, ол саналы тіршілік иесі, әркез жаңа қылықтар шығарады.3.Үнемі өз мысығыммен тығыз қарым-қатынаста болғандықтан, оған деген жылы сезімім пайда болды,сол арқылы жан-жануарларға деген көзқарасым өзгерді,жалпы тіршілік атаулыға деген қызығушылығым артты.
Осы ғылыми жобамнан мынандай қорытынды шығардым.1. Менің мысығым мысықтардың даму кестесіне сай жетіліп келеді.2. Менің Тұмарыма менің үйімде тұру өте қолайлы. 3. Мысықтар саналы, ақылды тіршілік иелері.4.Мысығым маған қосымша дене шынықтырумен айналысуыма үлкен көмегін тигізеді.5.Менің бойымда жауапкершіліктің қалыптасуына әсер етті.
Құрбы-құрдастарыма ұсыныс:1.Жан-жануарларды жақсы көру керек.2.Бос уақыттарыңды тиімді әрі пайдалы өткізу үшін мысықпен дос болыңдар.3.Ұялы телефондар мен планшеттердегі мысықтан алшақтауға тырысыңдар, өйткені ол сенің денсаулығыңа қауіпті.
Ата-аналарға ұсыныс. Өз уақыттарыңызды үнемдеу үшін және балаңыз сізге кедергі жасамау үшін сіздер көбінесе оларға ұялы телефондар мен планшет немесе компьютердегі ойындарды ұзақ уақыт бойы ойнап отыра беруге рұқсат бересіздер. Балаларыңызды телефондағы мысықпен ойнатып қойғаннан гөрі, шынайы мысықпен достасуларына мүмкіндік жасаңыздар.Мысық баланың жалпы дамуына , бойларында адамгершілік, достық, жауапкершілік сезімдерінің қалыптасуына көп әсерін тигізеді екен.
Назарларыңызға рахмет!