Д?румендер денсаулы? кепілі о?у ?ызметі
-2968103241№23 «Жас даурен» балабақшасы
ІІ санатты тәрбиеші
Нусхабаева Манат Айтмурзаевна
Тараз қаласы
Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Әлеумет. Коммуникация. Таным
Бөлімі: Экология негіздері. Құрастыру.Сөйлеуді дамыту
Тақырыбы: «Дәрумендер денсаулық кепілі».
Мақсаты: Балаларға көкөністер мен жемістерді ажыратып, топтастырып үйретуді жалғастыру. Адамның денсаулығына пайдасы жайында түсіндіру. Олардың құрамы дәрумендерге бай екендігін меңгерту. Балаларға түсті қатты қағаздан пиязды құрастыра білуге үйрету. Табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру.
Сөздік жұмыс: Дәрумендер.
Билингвальды сыңары: Дәрумендер – витамины – vitamin’s.
Жемістер – фрукты – fruits.
Көкөністер – овощи – vegetable’s.
Заттық дамыту ортасы: Көкөністермен жемістердің, дәрумендердің суреттері, атрибуттар, түсті қатты қағаз, желім, сулық.
Инновациялық технология: Мнемо кесте.
Іс-әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық қозғаушылық
Ұйымдас-тырушылық –
ізденістік
Шаттық шеңбері:
Қуанамын мен де,
Қуанасың сен де,
Қуанайық достарым,
Арайлап атқан күнге.
Балалар, бүгінгі біздің оқу қызметіміздің тақырыбы: "Дәрумендер денсаулық кепілі" – деп аталады. Яғни, дәрумендердің денсаулығымызға деген пайдасын білетін боламыз.
Балалар, айтындаршы қазір жылдың қай мезгілі?
Қыс мезгілінде неше ай бар?
Қыс айларын атап беріндерші ?
Ал қыс мезгілінің ауа-райындағы өзгерістері қандай болады?
Балалар қыс мезгілінде біз тоңып, ауырып қалмас үшін не істеу керек?
Иә, қалың киініп, дәрумендер жеу керек.
Адамның дені сау болып, ширақ та, сергек болып жүру үшін дұрыс тамақтанудың маңызы зор. Сондықтан, адамның ағзасына әртүрлі қоректік заттар мен дәрумендер қажет. Біздің күнделікті тағамдарымыздың ішінде әртүрлі дәрумендер бар.
Солардың бірі - жемістер мен көкөністер.
Балалар мына суреттерге қарайықшы, не көріп тұрсындар?
Көкөністерге нелер жатады?
Жемістерге нелер жатады ?
Дұрыс айтасындар.
Балалар, ал жемістер мен көкөністер қайда өседі?
Жарайсыңдар.
Осындай көкөністер мен жемістер біздің денсаулығымызға әсіресе өсіп келе жатқан сендерге өте қажет.Өйткені, бұларда дәрумендер көп.
Дәрумендердің А, В, С, Д, Е, В1, В2 деген көптеген түрлері болады. Және де олар барлық тағамдарда кездеседі.
Балалар, сендер осы жемістер мен көкөністерден не дайындауға болатынын білесіңдер ме?
Олай болса, жеміс шырынын және көкөніс сорпасын дайындайық.
Ойын: «Көкөніс сорпасы, жеміс шырыны».
Жұмбақ: Қалың киінгенді ұнатады,
Шешіндірсең жылатады.
Жесең ащы,
Көзіннен шығарар жасты.
Ол не?
Ғажайып сәт: Балалар, бүгін бізге қонаққа Чиполино келді.
Сәлеметсіңдер ме! балалар. Сендер мені таныдыңдар ма?
Мен өздерін білетін, мультфилімнің кейіпкері Чиполино деген пиязбын.
Сендер мен туралы не білесіндер?
Олай болса, қане барлығымыз мына мнемо кесте бойынша пиязды сипаттап алайық.
Мынау не?
Пияз көкөніс пе, әлде жеміс пе?
Пияз қайда өседі?
Пияздың дәмі ащы ма, тәтті ме, қышқыл ма?
Пияздың түсі қандай? және оны бөлгендегі түсі қандай болады?
Пияз қатты ма, жұмсақ па?
Пияздың пішіні қандай?
Пияздан не дайындауға болады?
Чиполино: Жарайсындар балалар. Сендер мен туралы бәрін біледі екенсіңдер.
Мен ащы болсам да, менсіз астың дәмі жоқ. Ал сендер түшкірсендер, пысқырсандар мен сендерге шипа боламын.
Балалар, сендер көкөністер мен жемістердің құрамында кездесетін дәрумендердің қандай пайдасы бар екенін білесіндер ме?
Қазір біздің балалар дәрумендердің қандай пайдасы бар екенін айттып береді.
Назым: ”А дәрумені” бой өсіретін, сонымен қатар, көздің жақсы көруін сақтайды. Ол қызыл бұрышта, қызанақта, сарымсақта кездеседі.
Жәния: ”В дәрумені” ішкен асты қорытуға, терінің жаңаруына қажет. Ол қиярда, қырыққабатта, бұршақ пен картопта кездеседі.
Меруерт: ”С дәрумені” аскорбинка қышқылы, ағзаны нығайтып түрлі аурулардан қорғайды. Ол лимонда, мандаринде, пиязда кездеседі.
Арман: ”D дәрумені” бой өсірумен бірге, сүйекті қатайтады. Ол алмада, алмұртта, жүзімде кездеседі.
Чиполино: Өте жақсы балалар, сендер дәрумендер жайлы біледі екенсіңдер.
Осы дәрумендерді көп жесеңдер, суыққа төзімді боласыңдар, сүйектерін қатаяды, бұлшық еттеріңе күш береді.
Біздің денсаулығымыз мықты болу үшін, дәрумендерді қабылдаумен бірге дене қозғалысына мән беруді естен шығармауымыз керек. Қане, барлығымыз денемізді қыздырып, сергіту жаттығуымызды жасайық.
Сергіту сәті: Жалқаулықты тастаймыз,
Жаттығуды бастаймыз.
Иілеміз оңға бір,
Иілеміз солға бір.
Қимылдайды әр сәтте,
Аяқта, қолда бір.
Балалар, енді Чиполино қонағымызға өз шеберлігімізді көрсетейік. Қазір біз түсті қатты қағаздан пияз жасаймыз.
Мына пияздың дайын бөліктерін, бір-біріне кигізу арқылы құрастырамыз. Алдарыңдағы тұрған екі бөлікті қатты қағазды алып, қиылған жерін бір-біріне аяғына дейін кигіземіз.
Кигізген соң, оны ыңғайлатып тұрғызып қоямыз. Одан кейін үстіңгі жағына тәрелкедегі жасыл түсті сабағын алып желім жағамыз. Желім жаққан жерін пияздың үстіңгі жағына жапсырамыз. Қалған сабақтарын осылай жапсырып шығамыз.
Міне, құрастырылған пиязымыз дайын болды.
Чиполино қалай, саған ұнады ма?
Өте ұнады. Енді мені еске алатын болдыңдар. Ендеше, мен ертегіме қайттайын. Сау болындар! Балалар қайталап айтады, қимылдар жасайды.
қыс мезгілі
үш ай бар
желтоқсан, қаңтар, ақпан
қар жауады, суық болады, аяз болып мұз қатады.
қалың киіну керек
Мұқият тыңдайды.
Тақтаға қарайды.
Пиязды, картоп, қырыққабат, сәбіз, қызанақ т.б.
Алма, алмұрт, өрік, шие т.б.
Бау-бақшада. Жерде, ағашта.
тағамдар дайындайды
Пияз
Иә
Өз ойларын айтады.
пияз
көкөніс
жерде, бақшада
ащы
қоңыр, сарғыш
ақ
қатты
домалақ
тағам ретінде салат, тамақ дайындайды.
Білеміз
Қимыл-қозғалыстар жасайды.
Балалар зейін қойып тыңдайды, жұмыстарына кіріседі.
Тәрбиешімен бірге құрастырады.
Балалар қоштасады.
Мотивациялық қозғаушылық Балалар бүгін біз не туралы өттік?
Жемістер мен көкөністердің құрамында не бар екен?
Билингвальды сыңарлары:
Дәрумендер дегеніміз – орысша витамины, ағылшын тілінде - vitamin’s, жемістер – фрукты - fruit’s, көкөністер-овощи-vegetable’s.
Ал бізге қонаққа кім келді?
Қатты қағаздан не құрастырдық?
Жалпы жемістер мен көкөністер біріншіден дәрумендер берсе, екіншіден тағам ретінде пайдаланамыз, үшіншіден дастарханға сән ретінде қоямыз.
Жемістер мен көкөністер туралы
Дәрумендер
Қайталап айтады
Чиполино
Пияз құрастырдық
Күтілетін нәтиже:
Жаңғырта алады:Балалардың қызығушылығы мен сөздік қорларының көбеюі,тапқырлығы
мен шеберлігін шыңдауы.
Түсінеді:Көкөністер мен жемістерде дәрумендердің көп екенін,олардың адам ағзасына
пайдасы.
Қолдана алады:Көкөністер мен жемістерді ажыратып,топтастыруды.