Ойнай білу де-?нер 3 сынып


«Өзiн-өзi тану»сабағының жоспары.
Мектеп:Подстепный қазақ жалпы орта білім беретін мектебі
Мерзімі: 07.12.2016 жыл
Мұғалiм: Жунусова Гулзада Тыныштыбаевна
Сынып: 3 «а», «ә», «б».
Оқушылар саны: 25,24,23.
Тақырып: 13-сабақ «Ойнай білу де-өнер »
Құндылық: Қиянат жасамау.
Қасиеттер: Ешкімді ренжітпеу, қауіпті заттармен ойнамау, бірлік.
Сабақ мақсаты: Оқушылардың «сыйластық», «достық» туралы түсініктерін кеңейту арқылы қиянат жасамау құндылығының мәнін ашу.
Міндеттері:
-бірлік,шыдамдылық,сабырлық, ақылдылық адами қасиеттердің өмірдегі маңыздылығын түсіндіру;
-ешкімді ренжітпеу,жағымды қарым-қатынас жасау іскерліктерін дамыту;
-көпшілдікке, әділдікке,кешірімділікке ,қауіпті заттармен ойнамауға тәрбиелеу. Ресурстар:
(құралдар, мәлiметтер)
Моноблог,постерлер,
маркерлер,стикерлер,
суреттер.
Сабақ барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңi.
Оқушылармен амандасып, « Өзін –өзі тану » сабағының ережесін « 5 –Т » қайталау
Топқа бөлу.
Тыныштық сәтi. Орманға ойша серуен
Арқаңызды тік ұстап отырыңыз. Көзіңізді жұмып, терең тыныс алыңыз. Әрбір тыныс алған сайын неғұрлым босаңсып, сабырлы болуға тырысыңыз. Қазір біз орманға серуенге шығамыз. Өзіңізді сынып есігіне қарай беттетіп, есікті ашқаныңызды, дәлізбен өтіп, далаға шыққаныңызды елестетіңіз. Таза ауа жұтып, шашыңызды желбіреткен желді және бетіңізді сәл - пәл қыздырған күн сәулесін сезініңіз. Орманға қарай жүре бастаңыз.Келе жатқанда абай болыңыз, жәндіктерді басып кетпеңіз.Бір минут тоқтап айналаға көз салыңыз. Табиғаттың әсемдігі мен жылылығын сезініңіз. Гүлдің біріне жақындап, еңкейіп, оның нәзіктігі мен жұқалығына зейін салыңыз. Оны иіскеңіз және хош иісін жұтыңыз. Айналадағы бар нәрсені бақылап, ары қарай жүре беріңіз. Гүлдер, гүлдермен ағаштардың иісі, құстардың дауысы және жәндіктердің ызыңы. Орманға ендей түсіңіз, қараңызшы ағаштар биіктей әрі қалыңдай түсті. Жарық пен көлеңкенің ойынын қызықтаңыз, жапырақтардың сыбдырын тыңдаңыз. Біз өзімізді орманда бақытты әрі қауіпсіз сезінеміз.Алаңқайға шығыпосында бірнеше минут демалыңыз, түбіне барып отырғыңыз келетін ағашты таңдаңыз. Ағашқа жақындаңыз да оны діңінен құшақтаңыз.Оның қуаттылығын сезініңіз, ондағы өмір қуатын сезінуге және ұғынуға тырысыңыз. Енді оның діңіне арқаңызды сүйеп отырыңыз.Көзіңізді жұмыңыз, терең тыныс алыңыз және қоршаған айналаның жым-жырт тыныштығына көңіл бөліңіз.
Бізге қалайша жеңіл әрі тыныш және бақытты сезіну қандай. Табиғат неткен ғажап, оны қалайша сүйетініміз бен қадірлейтінімізді, бірде бір тірі жәндікке зиянымыз тигізбес үшін қамқорлық жасауды түсінеміз. Сіздің кез келген уақытта келіп демалатын орныңыз бар. Ал қазір мектептен қайтуға дайындалыңыз. Орныңыздан тұрып, айналаға тағы бір рет қараңыз,келген жолыңызбен кері қайтыңыз, жолыңыздағы жәндіктерді басып кетпеңіз.Міне, мектептің алдына да келдік.Айналаңызға тағы бір қараңыз. Таза ауадан терең жұтыңыз, есікті ашып, өз орныңызға қайтып келіңіз. Осы жым – жырттық, тыныштық, қанағат сезімін өзіңде сақтаңыз. Көзіңізді ашып, күлімсіреңіз!
2.Үй тапсырмасын тексеру
13-сабақ.56-60 бет.
Талқылау сұрақтары:
1.Өзара достар ойын кезінде өздерін қалай ұстау керек деп
ойлайсыздар?
2.Сендерге ойынның қандай түрлері ұнайды?
3.Сендердің ойларыңша ойынды қалай аяқтауға болады ? 3.Дәйексөз.
«Бәрінен күшті адам-өзіне-өзі ие болатын адам» Сенека .
1.Өзіне -өзі ие болу дегенге қалай түсінеміз? Оқиғаны әңгімелеу. Аңдар қалай ойнайды?
Қонжықтар кең алаңға жиналып жатыр.Олар әлі аяқтарын алыс-шалыс қана басады.Бастары қара қазандай үлкен ,қарындары салбырап жерге тиіп тұр.Бірақ та бірін-бірі қуып ойнаудан жалықпайды.Бұл олардың қашқанда қуып жету үшін,соңынан түскен аңшыдан құтылу үшін істеп жүрген жаттығулары.
Қонжықтар кәдімгі адамның балаларындай қоян-қолтық алысып,күресіп ойнайды.Олардан ұрғашы аю көзін алмай қарап,бақылап жатады.Қонжықтар қаз тұрған соң алдыңғы аяқтарымен белдеседі.Сөйтіп күресіп ойнауы оларға өскенде көп пайда келтіреді.Бұл-күш жинаудың,шынығудың бір түрі.
М.Зверевтен
Сұрақтар.
1.Қонжық ненің баласы?
2.Қонжықтар бір-бірімен қалай ойнайды?
3.Қонжықтардың енесі қонжықтар ойнағанда не істейді?
4.Шығармашылық іс-әрекет, топтық жұмыс.
1.Ойын түрлерін әңгімелеу.
2.Үстел үстінде ойналатын ойындар.
3.Спорттық ойындар. 5.Топпен ән айту. Ойлан,тап
Сөзі: Қ.Ыдырысовтікі. Әні: Ә.Еспаевтікі
Кел балалар,ойнайық,
Ойнайық та ойлайық.
Қандай жұмбақ болса да,
Шешпей оны қоймайық.
Қайырмасы:
Ал балалар тыңдаңдар,
Асығыстық қылмаңдар.
Асықпайық деп және
Бөгеліп те тұрмаңдар.
Бәрің жақсы тыңдаңдар,
Бөгеліп көп тұрмаңдар.
Жұмбақ та бар аспан көк,
Самолетпен зырлаңдар.
Жұмбақтар бар өзен,көл,
Пароходпен жүзіңдер,
Айдын суға шомылып,
Ақ шабағын сүзіңдер. 6.Үй тапсырмасы. 14-сабақ . 61-65 бет. 7. Соңғы тыныштық сәтi.
-Балалар, денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Бүгінгі сабақта өткен тақырыбымызды,құндылықтар мен қасиеттерді
жүректеріңізге сақтаңыздар.Сабақ аяқталды.Бүгінгі күндерің қуаныш әкелсін!
Оқиғаны әңгімелеу.

Аңдар қалай ойнайды?
Қонжықтар кең алаңға жиналып жатыр.Олар әлі аяқтарын алыс-шалыс қана басады.Бастары қара қазандай үлкен ,қарындары салбырап жерге тиіп тұр.Бірақ та бірін-бірі қуып ойнаудан жалықпайды.Бұл олардың қашқанда қуып жету үшін,соңынан түскен аңшыдан құтылу үшін істеп жүрген жаттығулары.
Қонжықтар кәдімгі адамның балаларындай қоян-қолтық алысып,күресіп ойнайды.Олардан ұрғашы аю көзін алмай қарап,бақылап жатады.Қонжықтар қаз тұрған соң алдыңғы аяқтарымен белдеседі.Сөйтіп күресіп ойнауы оларға өскенде көп пайда келтіреді.Бұл-күш жинаудың,шынығудың бір түрі.
М.Зверевтен
Сұрақтар.
1.Қонжық ненің баласы?
2.Қонжықтар бір-бірімен қалай ойнайды?
3.Қонжықтардың енесі қонжықтар ойнағанда не істейді?