?МТ? саба?ы. Т?сіне ?арай топтастыр
Күні:
Білім беру саласы«Таным»
БөліміҚарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру
Тақырыбы«Түсіне қарай топтастыр»
Мақсаты:заттардың арасыннан түстеріне
•балалардың құстар мен ағаштарға қатысты көлемдік (үлкен, кіші, биік, аласа) ұғымдарын кеңейту;
• құстарға қамқорлық жасауды тәрбиелеу.
•ойын арқылы логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, жалпы және ұсақ қол қимылдарын жаттықтыру.
Қажетті құрал-жабдықтар, көрнекіліктерқұстардың дауыстары (фонограмма), құстардың суреттері, ермексаз, желім, қағаз, қарындаш, бәйшешектер.
Билингвалды компонентермексаз – пластилин, желім – клей, қағаз – бумага, бәйшешек – подснежник, құс – птица.
Іс-әрекет кезеңі Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті + -
Мотивациялық-қозғаушылық
Ұйымдастыру-іздестіру
Рефлексивті-түзетушілік
Балаларға құстардың дауысын тыңдатады (фонограмма).
-Тыңдаңдаршы, нелердің даусы?
-Балалар, бұл құстардың қайда екенін білгілерің келе ме?
«Торғай пішінін құрастыр» дидактикалық ойыны
Құстардың ауласына бару үшін үлгіге қарап, пішіндерден құсты құрастыруды ұсынады.
Балалардың жұмыстарын тексеріп, талдайды
«Қандай құс» дидактикалық ойыны
Құстардың көлемдерін (үлкен, кіші) анықтады.
«Ағашқа неше құс ұшып келді?» дидактикалық ойыны
-Сонымен, ағашқа неше құс ұшып қоныпты? Санап көрейік.
Сергіту сәті
Торғай, торғай, торғайсың,
Жақын неге қонбайсың?
Жем шашайын тойып ал,
Суықтарда тоңбайсың.
-Балалар, құстар бізге ұшып келді. Тапсырмаларын ала келді, орындап берейік.
1-құстың тапсырмасы:
«Қанша-сонша» дидактикалық ойыны
Үстінде қанша шырша болса, сонша құсты астына қой.
2-құстың тапсырмасы.
Саусақ жаттығуы
Қолымызды жылы суға жуамыз,
Қолымызды жылытамыз.
Әр саусақты созамыз.
Қарындашты алақан арасында дөңгелетеміз; алдымен жай,
сосын тез дөңгелетеміз.
«Биік-аласа» дидактикалық ойыны
Биік ағашқа көгершіндерді, аласа ағашқа торғайды қою керектігін түсіндір. Салыстырып, көлемін (үлкен, кіші, биік, аласа) атауды ұсынады.
3-құстың тапсырмасы.
«Өз үйіңді тап» дидактикалық ойыны
Пішіндер бойынша өз үйін табуы керек, топта суреттер ілініп тұрады (үйлер – үлкен пішіндер арқылы көрсетілген).
«Мен өзімді не үшін мақтаймын?» ойыны
Әр балаға мадақтауды, не үшін екенін айтуды ұсынады.
Баларды құстардың барлық тапсырмасын орындағандары үшін мадақтап, ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін аяқтайды. Фонограмма тыңдайды.
Сұрақтарға жауап береді.
Геометриялық пішіндерден торғайды құрастырады. Пішіндерді (дөңгелек, үшбұрыш, сопақша) атайды.
Қарайды, тыңдайды, құстарды салыстырады, көлемін атайды.
Санайды, нешеу ұшып келгенін айтады.
Сергітту жаттығуын жасайды.
Тапсырмаларды орындап береді, көмектеседі
Санайды, орталықтан оң қолмен құстарды алып, сол жаққа жолақшаның үстіне қояды.
Саусақ жаттығуын жасайды.
Биік ағашқа көгершінді, аласа ағашқа торғайды қояды
Қолдарына таратпа материалдарды (кішкентай пішіндер) ұстап, ойнап жүреді, «Үйге» дегенде пішіндер арқылы үйлерін табады; іздейді, түсін, пішінін айтады.
Әр бала өзін мақтайды, не үшін екенін айтады Күтілетін нәтиже:
Нені білу керек қарапайым математикалық тапсырмаларды орындап, түсініп, балаларға құстар туралы көлемдік (үлкен, кіші) ағаштар (биік, аласа) деген ұғымдарын білуі қажет.
Нені игереді пішіндерді басқа геометриялық пішіндер арасында тауып алады.
Нені біледі түсі, көлемі әртүрлі болатынын.