Внеклассный урок по технологий на тему ?р халы??а ?нер т?н, ?нерліні? ісі с?н
«Әр халыққа өнер тән,өнерлінің ісі сән»
Сабақтың тақырыбы : «Әр халыққа өнер тән,өнерлінің ісі сән.»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік : оқушыларды халқымыздың ұлттық қолөнерімен таныстыру,олардың ерекшеліктерін меңгеру негізінде балалардың қолөнер саласы бойынша білімдерін тереңдету
Дамытушылық : еңбекке баулу пәні бойынша оқушылардың қызығушылығын арттыру. Шығармашылық қабілеттерін және эстетикалық талғамын дамыту
Тәрбиелік : оқушыларды әсемділікке,әдемілікке тәрбиелеу. Ұмытылып бара жатқан ұлттық қолөнері түрімен таныстыру.
Көрнекілігі құрал – жабдықтар: плакаттар , қанатты сөздер,дайын бұйымдар,ою – өрнек түрлері.
Пәнаралық байланыс : сыызу,бейнелеу өнері,тарих,геометрия,әдебиет
Сабақтың түрі : сайыс сабақ
Сабақтың жоспары:
1.Кіріспе сөз.
2. «Атымда менің сырым бар « екі топтың сәлемдесуі
3. «Кім алғыр « мақал – мәтелдер сайысы
4. «Ою жұмбақ « байқауы (мозайка құрастыру)
5. « Кім білгір « викториналық сұрақтар
6. Үй жұмысы (үйден дайындап келген тағам немесе салаттарын таныстырады)
7.Қорытынды сөз.
Сабақтың барысы :
Кіріспе сөз : - Құрметті ұстаздар , қымбатты оқушылар. Қазақ ұлттық мәдениетінің ең байырғы , аса құнды саласының бірі – қолөнер.Қолөнер әсемдікпен,сәнділіктің белгісі ғана емес, сонымен бірге ол халықтың арман ойының, тілек мүддесінің нышаны,осы тұрғыдан алып қарағанда қазақ халқының қолөнері мазмұндық ерекшеліктері сан алуан. Ендеше бүгінгі сабағымызды сайыс түрінде өткізсек деп шештік. Ол үшін осы сайыс сабағымызға қатысатын екі топты ортаға шақырайық.
1кезең : Сәлемдесу « Атымда менің сырым бар» деп аталады. Байқаудың шарты : топтар өз атының мән – мағынасын ашуы қажет.
2кезең : Мақал – мәтел сайысы.Қазақ халқының қолөнеріне байланысты мақал – мәтелдің бірінші жолы оқылады.Екінші жолын қатысушы топтар жалғастыруы тиіс.
«Шеберлер» тобына мақал :
1.Талаппен бастап,
Талғаммен аяқта.
2.Ою ойған, сызу да сызады.
3.Асыл қайшы пішуге сін,
Күміс қасық ішуге сән.
4.Ерінбеген етікші болады.
5.Әке көрген оқ жонар
Шеше көрген тон пішер
6.Шебердің қолы алтын
«Ою – өрнек» тобына:
1.Үйренгенің өзіңе құт
Істегенің еліңе құт.
2.Үлгісі көптің өрнегі көп,
Өнері көптің ермегі көп.
3.Өнерсізден құт қашар
4.Ойсыздан оюшы шықпайды.
5.Шебер көп жерде,өнер көп
6.Өнерлінің ісі ортақ
3. кезең : Құрастыру деп аталады.Бұл жерде құрметті оқушылар сіздердің жылдамдықтарыңызбен ойларыңыздың ұшқырлығы сыналатын болады. Яғни берілген қиындылардан бір ою – өрнектің суретін құрастырып шығу керек.
4.кезең : Сұрақ – жауап деп аталады .Сіздерге карточка түрінде ұсынылып оытрған сұрақтарды кезекпен алып, соған жауап берулеріңіз керек.
1.Ұлттық өрнек? Ою
2.Қазақ қыздарының бас киімі? Сәукеле
3.Киізден сырып,оюлап жасалған төсеніш?Сырмақ
4.Іс тіккенде саусаққа киетін құрал? Оймақ
5.Ең көне және танымал ою?Қошқар мүйіз
6.Жеңсіз жеңіл оюланған әйел киімі? Камзол
7.Кестеге арналған матаның аты? Шыт
8.Сәндік үшін төсектің тұсына ұстайтын кілемше тәріздес не? Тұскиіз
9.Ең қарапайым қолмен тігілетін тігіс? Көктеу
10.Ер адам киетін бас киім? Бөрік
5 .кезең: Үй жұмысы.Біз әр топқа алдын ала үйден арнайы бір тағам немесе салат жасап келуді тапсырған едік. Сонымен қатар тек дайындап қана қоймай оның құрамы мен пайдасы жайлы айтып өтуі тиіс.
Қорытынды: Ал, құрметті оқушылар бүгінгі сабақ сіздерге ұнады ма? Сабақ барысы оның өті деңгейі мен сіздердің қатысуларыныз маған ұнады. Бүгінгі белсенділіктеріңіз үшін сіздерге «өте жақсы» деген баға қоюға әбден лайықсыздар деп санаймын.Белсенділіктеріңіз үшін барлықтарыңызға рахмет. Келесі кездескенше сау болыныздар.