М?хтар Шаханов презентация ?аза? ?дебиеті (9 класс)


Жаңа сабақ Мұхтар Шаханов“Отырыр ” дастаны Сабақтың мақсаты 1.Білімділігі: М.Шахановтың өмірі мен шығарма-шылығына кеңінен түсінік бере отырып, “Отырыр”шығармасындағы кейіпкерлерге мінез- деме беру, өлеңнің идеясы мен мазмұнын ашу, құрылысына талдау жасау;2. Дамытушылығы: Мәнерлеп оқу дағдысын қа- лыптастыру ,тіл байлығын арттыру, ойлау қабі-летін дамыту. Өзіндік шығармашылық ізденуге баулу;Тәрбиелігі: Ақын шығармасындағы оқиға негізін- де оқушыларды елді күшпен емес, ақылмен билеу секілді игі істерге үйрету, ел алдындағы парызын түсіне білуге, ерлікке, қайсарлыққа тәрбиелеу. ІҰйымдастыру ІІ Үй тапсырмасынтест арқылыпысықтау ІІІЖаңа сабақ ІVАвтортуралы мәлімет V Оқулықпен жұмыс VIШығарма құрылысы VIІ Кейіпкерлерді ажырату VIІІМәтіндік талдаужұмысы ІХШирату кезеңі Х Сен білесің бе? X ІТест сұрақтары XІІҚорытындылау Сабақтың барысы Үй жұмысын пысықтауға арналған тест сұрақтары Фариза Оңғарсынова қай жылы, қай жерде дүниеге келген?А) 1931 ж. Алматы облысы , Нарынқол ауданыӘ) 1942 ж. ОҚ облысы , Отырыр ауданы Б) 1939 ж. Атырау облысы , Манаш ауылы Дұрыс жауабы: Атырау облысы , Манаш ауылы Фаризаның тұңғыш жыр кітабы қалай аталады және қай жылы жарық көрді ?А) “Қырық мысыл ” 1909 жӘ) “Бұлбұл ” 1967 ж. Б) “ Өмір –дария ” 1939 ж. Тест сұрақтары Дұрыс жауабы: “Бұлбұл ” 1967 жыл Мағынасын ашу Түрін-ай! Түрін –ай! Асыл қандай!Үңілдім үнсіз ғана басымды алмай.“Келе ғой, қошақаным,өзіме !” – деп,Әжем кеп сипағандай шашымнан жай – деген өлең жолдарын қалай түсінесің, мағынасын аш. (1942 жылы туылған ) Мұхтар Шаханов“Отырыр ” дастаны Топтастыру стратегиясы Мұхтар Шаханов кім ? 1942 жылы ОҚО, Ленгір ауданы,Қасқасу ауылындадүниеге келген. 7 жылдық мектепті бі-тірген соң “Жұлдыз”(қазіргі Сайрам ауда-ны “Коммунизм”кол-Хозында трактор тір-кеушісі,тракторшы Шымкент заводындабетоншы Газеттерде корректор,әдеби қызметкер, мен-шікті тілші, бас редактор Бірнеше өлең кітаптардыңжәне халық арасына кең та-раған бірқатар әндердің авторы яғни ақын, сазгер Тіл тағдырының жанашыры Арал теңізі тағдырын көтеруші Желтоқсан құрбандарын ақтауға атсалысқан М.Шахановтың өмірі,қызметі 1942 ж Оңтүстік Қазақстан облысы Леңгір ауданындағы (қазіргі Төле би) Қасқасу ауылында дүниеге келген. 1961ж – 1965ж «Оңтүстік Қазақстан» газетінде корректор, әдеби қызметкер. 1965ж – 1970ж «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш») газетінің оңтүстік облыстардағы тілшісі. 1970ж – 1971ж Шымкент облысының комсомол комитетінде бөлім меңгерушісі. 1971ж – 1976ж Телевизия және радиохабар жөніндегі мемлекеттік комитеттің аға, бас редакторы. 1976ж – 1979ж Баспа, полиграфия және кітап саудасы істері жөніндегі мемлекеттік комитетінің қызметкері. Отырар өңірі туралы Отырар- Әл- Фарабидей дананың, Өзбекәлідей ұлт мақтанышының , Шәмшідей сазгердің кіндік қаны тамған, ізі қалған жер.Отырар - өзінің көне тарихи құндылықтарымен бүкіл әлем ғалым- дарының, ЮНЕСКО-ның назарын өзіне аударған ұлттың рухани қазығы .Ұлы Отырар- Елбасымыз айтқандай,“қазақ өркениетінің алтын діңгегі”Біріншіден, бұл қала –адамзаттың екінші ұстазы Әл-Фараби-дің Отаны. Бұл жерден одан бөлек тағы 21-ден астам әл-Фарабилер, жүзден астам ғалымдар, академиктер,қоғам қайраткерлері,ақын-жазу-шылар мен өнер адамдары шыққан.Екіншіден, Отырар өз заманындағы руханият астанасы болғанАлександриядан кейінгі әлемдегі ең үлкен кітапхананың осы қаладаорналасуы. Үшіншіден, Отырар өзінің қаһарман қорғаушыларымен өшпес даңққа бөленген, батырлықтың , отансүйгіштіктің теңдесі жоқ үлгісінеайналған қала.Сондай-ақ бұл жерде Қожа Ахмет Ясауидің ұстазы бабтардың бабы Арыстанбаб жерленген. Отырар тарихта “Отырар ойраны” деген атпен қалды. Отырар туралы не білеміз? Отырар- ортағасырдағы ірі қала орны.Ол Оңтүстік Қазақстан облысы,Отырар ауданына қарасты Темір ауылындағы теміржол стансасынан солтүстік батысқа қарай 7км жерде орналасқан.Ол тарихта Тұрарбанд,Тұрар,Тарбанд (Фараб) деп аталады. Отырар-Ү-ХҮ ғғ. Арал бойындағы көшпелі тайпалармен сауда жасайтын орталық болған.Иран мен Орта Азиядан Сібірге, Монғолияға және Қытайға қатынайтын сауда жолындағы маңыз-ды қала болған.Кейбір зерттеушілердің пікірінше,қалада сол кезде әлемдегі аса ірі кітапхана және көптеген мешіт-медреселер болған.1218 ж. Хорезмшаһ Мұхамедтің Отырардағы билеушісі Қайыр-ханның әмірімен Шыңғыс хан керуенінің саудагерлері өлті-ріледі.Бұл Шыңғыс ханның Орталық Азияға шапқыншылық жа- сауына сылтау болды.Тарихи әдебиеттерде бұл қырғын “Отырар ойраны ” деген атпен белгілі.1219ж. күзде моңғол әскерлері Отырарға жетті.Моңғол шап-қыншылығы салдарынан Отырар қиратылып, қала тұрғындары қырғынға ұшырады. Отырардың қоршауға алынуы. 1219 жылы қыркүйек айында 200 мың адамнан тұратын моңғол әскері Отырарға шабуыл жасады.Шыңғыс хан әскерінің түменбасылары:Шаға- тай,Үгедей,Сүбедей,Жебе,Тонышар Отырарды қоршауға алды. 50 мың адамнан құралған әскері бар Қайырхан Отырарды табандылық-пен қорғайды.Олар қала қақпасын қатты бекітеді.Екі айдан аса оты-рарлықтар жаудан қорғанады.Осы аралықта азық-түліктің қоры таусы-лып,отырарда аштық орын ала бастайды.Аштыққа шыдамай,соғыс жеңі-ліспен аяқталады деп ойлаған Отырар әскерінің бір бөлігі моңғол-дар жағына өтіп кетеді.Ал Хорезм шаһ Мұхаммед болса,өзінің 400 мың әскері бола тұра, қол ұшын бермейді. Отырардың берілуі. Қоршауда 5 ай бойы болған Қайырханның әскерінде 20 мың адам ғана қалады.6 айға созылған соғыста шал-кемпірлер мен балаларда табан- тіресе шайқасты. Қала тұрғындары 2 ай бойы аш болды.Бірақ қаншама шабуыл жасағанмен, моңғолдар қаланы ала алмады.Шыңғысхан қаһарла-нып:”Бүкіл қол қырылса да,Отырырды алу керек!”-деген бұйрық бере-ді.Күн санап Отырыр тұрғындарының жағдайы нашарлайды.Азық–сулары таусылады.Отырарлықтар туған қаласын қорғауға барынша әрекетте-неді. Бірақ,не пайда, осы күндері адам ойламаған қайғылы оқиға болады.Отырарға Хорезм шаһы көмекке жіберген Қарашоқы деген қол-басы опасыздық жасап,қараңғы түнде өздері қорғап тұрған қаланың қақпасын моңғол әскерлеріне ашып береді.Қала тұрғындарының бірі қалемай өлтірілді.Қала осылай қирады. Сабақтың барысы Оқулықпен жұмыс Сөздікпен жұмысТөске өрлеген – атағы шыққанОсал тұсы - әлсіз жеріАлапатта - соғыста дегенді білдіреді Тірі өлік – ұяттан өлуБезбүйрек – ешкімге жаны ашымайдыШарам нешік – амалым жоқ Шығарманың құрылысы (композициясы) Шығарманың бастауы Дамуы Шарықтау шегі Шиеленісі Шешімі 6 ай бойы Отырарды ала алмаған Шағатай Отырардың күйреуі Шыңғысхан мен Қайырхан арасындағы арбасу Қайырхан мен қария арасындағы әңгіме. Қайырханның тілегі . Қарияның баланы құтқарып жіберуі Кейіпкерлерді ажырату Шыңғысхан-Шағатай – Шыңғысханның баласы Қайырхан –қолбасшы, Фараби мен Иасауидың жырларын дәріптеуші, батыр,аңқау дара тұлға .Қарашоқы – сатқын, Отырардың қақпасын ашып берген жауызҚария – Қарашоқы сатқынның әкесі Мәтінмен жұмыс а) Даңқың қайда төске өрлеген ? Екі жүз мың әскерменен Алты ай бойы кіп-кішкентай Отырарды ала алмау.. Алты ай бойы Отырардың осал тұсын таба алмау.... Тек жеңіспен көзін ашқан Менің алғыр ұрпағымның сүйегіне зор таңба ,- деп,Шыңғыс кімге ашу сөз айтып отыр. ә) Мәтіннен Шыңғыс сөзін тауып оқы . б) Шыңғыс пен Шағатай тілдесулерінен не ұқтың ? Мәтінмен жұмыс Алты ай бойы алапатта жеңілмеген Отырар ,Алты –ақ күнде жермен жексен қирады .Ұлы қала Азияның маңдайына сыймады ...Безбүйрек жау сәбилерді,Шал –шауқанды, кемпірді.Тіпті жүкті әйелдің де ішін жарып өлтірді,Содан бастап,Отырардың аянышты зарлы өмірі басталды -деген өлең жолдарынан нені аңғаруға болады ? Мәтінмен жұмыс Үш күннен соң екі адамды Шыңғысханға алып келді.Шыңғысхан алдына алып келген екі адам кімдер ? Қайран тірлік бақ пенен сор қырқысқан, Түлкі –сайға , Қыран өрге тырмысқан. Екеуіне алма кезек көз тастап, Ұзақ , үнсіз, ойға шомды Шыңғысхан ,-дегендегі түлкі кім, қыран кім ? Неге олай дейді ? Мәтіннен тауып,оқып бер. Мәтінмен жұмыс Ұлы ханым, Әділдік пе мұныңыз ? Өле -өлгенше боп өтейін құлыңыз. Отырарды мен қол ұшын бермесем, Оңай жаулап алар ма еді ұлыңыз ? –деп, Шыңғыстың құрметіне бөленуді ойлап, опасыздық жасаған Қарашоқыға Шыңғыс қандай баға берді ? Мәтіннен тауып, оқып бер . Мәтінмен жұмыс Сатқынның әкесін алдырып Шыңғысхан не туралы сұрады ? Оқып бер . Қария не деп жауап берді ? Оның жауабынан қандай адам екенін білуге бола ма ? 3. Қайырхан өлім сағатын күткен сәтте не деді ? Нені армандады ? Ол арман орындалды ма ? Сабақты қорытындылап, бекіту Осы шығарманы арқау ете отырып, Мұхтар Шаханов не айтпақшы болды деп ойлайсыңдар? Еліне қастандық жасамау Отанды аяққа таптамау Халқына қиянат жасамау Елін, жерін сүйетін азамат болу Шығарманың ой түйіндемесі 1219 жылы қыркүйек айында Шыңғысхан жасағы Отырыр қаласын екі жүз мың әскермен қоршап ал-ды .Бірақ қаншама шабуыл жасағанмен, моңғолдар қаланы ала алмады . Шыңғысхан қаһарланып:”Бүкіл қол қырылса да , Отырырды алу керек!”-деген бұйрық береді. Күн санап Отырыр тұрғындарының жағдайы нашарлайды . Азық –сулары таусылады . Әскер басшысы опасыздық жасап,қараңғы түнде өздері қорғап тұрған қаланың қақпасын ашып береді . Жау сақтындарды да , қала халқын да қырып салады. Қалаға жаппай от қояды. Сонымен алты ай бойы берілмеген, әлемге әйгілі Отырыр қаласының орнында төбе-төбе топырыақ пен күл үйінділері қалады . “Мәдени мұра “жәдігерлері Сен білесің бе ?Есіңде сақта... 1. Отырарда әлемнің 7 кереметінің бірі Александриядан кейінгі 2-ші кітапхана болған.2. Екінші Аристотель әл-Фараби осы қаладан шыққан.3. Қазіргі кезде ҚР бас муфтиі, шығыстанушы, профессор Ә. Дербіс Әлінің зерттеуінше Отырардан 21 (жиырма бір) Фараби шыққан.4. Қожа Ахмет Ясауидің ұстазы бабтардың бабы Арыстанбаб жерленген. Қорыту Тәуелсіздік Еркіндік Сөз бостандығы Ар-ождан бостандығы Теңдік Бостандық Азаттық * Сабақ аяқталды, тыңдағандарыңызға, Р А Х М Е Т !