??гімедегі халы?тар досты?ы (М.Ма?ауинні? «Бір атаны? балалары» повесі бойынша)
Қысқа мерзімді жоспар
Қ.З.Мусаханова «Л.Н.Толстой атындағы орта мектебі» КММ-нің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Алматы облысы,Қарасай ауданы, Іргелі ауылы
Пәні: қазақ әдебиеті Күні: 07.04.2015ж Сыныбы: 6 «А»
Сабақтың тақырыбы Әңгімедегі халықтар достығы
(М.Мағауиннің «Бір атаның балалары» повесі бойынша)
Мақсаты Әңгімедегі ұлттар арасындағы қарым-қатынасты түсіне білуге,ұлтына ,дініне, салтына қарамастан бір-бірінің арасындағы байланысты ұғына білуге үйрету, өз ойын жүйелі жеткізуге, өзінше ой түйіп, ой - қиялына ерік беру,іздендіру, шығармашылық қабілеттерін шыңдау;ойлы пікір айтып, сөйлеуге үйрету;
Күтілетін нәтиже -Мәтін желісі бойынша ұлттар арасындағы бірлікті түсінеді, қолдайды;
-Кейіпкерлердің бойынан адами құндылықты таба біледі, оны мысалмен дәлелдей алады;-Тапсырманы ұжымдасып пікірлесе түсінеді;-Топта жұмыс жасай алады;
-Топ пікірін тыңдап келіседі;-Түсінігін бағалауда белсенділік танытады, ойларын еркін, шынайы жеткізе алады;
Сілтеме Қазақ әдебиеті,жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына арналған оқулық , «Атамұра» баспасы, 2010ж ,250-264-бет
Қолданылатын әдістер мен стратегиялар Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер,: қызығушылығын ояту, мағынаны ашу, « Сұрағымды қағып ал» , «Тікелей радиоэфир» , «Ақылдың алты қалпағы» , « БЛУМ таксономиясы, АКТ, жас ерекшеліктеріне сай оқыту, талантты және дарынды балалардың сабақты терең меңгерулеріне ықпал жасаймын. Білім беру үшін және оқуды бағалау тәсілдері бойынша қалыптастырушы бағалау,оқушыларды жас ерекшелігіне сәйкес оқыту, көшбасшы.
Керекті жабдықтар
Оқулық,интербелсенді тақта, слайд, ватман,стикер, маркер,доп т.б
Сабақтың барысы Сабақ кезеңдері Уақыт Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Кіріспе 3 мин Психологиялық жағымды ахуал туғызу
Сергіту сәті «Отшашу» төменнен жоғарыға қарай он реттен қол шапалақтау арқылы
1мин Топқа бөлу
Достық, Татулық, Бірлік, Ынтымақ
Оқушылар өздеріне түскен атаулармен топқа бөлініп отырады
Үй тапсырмасын тексеру.
Оқушылардың өткен білімдерін тексеру үшін, «Сұрағымды қағып ал» әдісі арқылы сұрақ-жауап алу
Допты қағып алған оқушы сұраққа жауап береді
Негізгі бөлім
Білу 2мин Қазақстан Республикасының Халықтары Ассамблеясы туралы бейнеролик көрсетіледі.
Оқушылар бейнероликті мұқият көріп отырады.
Түсіну 5мин Жұппен жұмыс. Бейнеролик бойынша оқушылар жұптасып пікірлері тыңдалады Әр топтағы оқушы өз жұбымен ой бөліседі.
Қолдану 10мин Әңгімедегі халықтар достығы. Постер қорғау Әр топ тақырып бойынша постер құрып, қорғайды.
Талдау 5мин «Тікелей радиоэфир» стратегиясы. 3 топтан 3 оқушы шығады 1-журналист,2- тікелей эфир қонағы, 3- тыңдарман. Диалог жүргізіледі. Оқушылар тікелей эфир қонағына сұрақтарын қояды.
Жинақтау 6мин
5мин «Ақылдың алты қалпағы» стратегиясы. Алты түрлі түсті қалпақты балаларға ұсынады. Оқушылар таңдаған түстегі қалпақтары бойынша өз ойларын ортаға салып, тақырыпты қорытындылайды.
Бағалау
Үй тапсырмасы
Қорытынды рефлексия(кері байланыс) 1мин
2мин
5мин Формативті бағалау
«Біз бейбіт елдің ұландарымыз» тақырыбында эссе жазып келу
«Бүгінгі сабақтан алған әсерім» өз ой-пікірі.
Фигуралар арқылы әр топ бір-бірін бағалайды
Күнделіктеріне жазып алады.
Стикерлерге жазып іледі.