Т?уелсіз елім мені? Ашы? саба?



Тақырыбы: Тәуелсіз –елім менің!атты эстафеталық ұлттық ойындар жарысы.
Мақсаты:Балаларға тәуелсіздік туралы түсінік беру.қазақстан Республикасының басты жетістіктерімен таныстыру,патриоттық,отаншылдық сезімін ояту,елім жерін құрметтеуге тәрбиелеу.Ұлттық ойындарға қызығушылықты,сүйіспеншілікті дамыту.Ойындар арқылы шынықтыру төзімділікке ,шыдамдылыққа тәрбиелеу,мерекелік көңіл-күй сыйлау. Көрнекіліктер:Түрлі-түсті шарлар, тунель,жалауша,кедергі гимнастикалық отырғыштар . Жүргізуші:Қайырлы күн,құрметті бүлдіршіндер! «Салауатты өмір салтын сақтайық»ұранымен Тәуелсіздікке-25жыл мерекесіне арналған эстафеталық ұлттық ойындарымызды бастайық. Жүргізуші:Жарысқа қатысқалы отырған «Күштілер»мен «Ептілер»атты 2топты ортаға шақырамыз(топты тәрбиешілер бастап келеді) Жүргізуші:Тік тұрыңдар! «Шеру оңға»ҚР-ның көк байрағына қарап «ТІК ТҰРЫҢДАР»(тәрбиешілер мен балалар туға тік қарап тұрады) ӘНҰРАН орындалады. Жүргізуші:Ал,балалар,бізге тәуелсіздік оңайлықпен келген жоқ.Осындай бейбіт өмірге жету үшін қаншама аға-апаларымыз,ата-бабаларымыз қиындық көріп жаумен шайқасты.Тәуелсіздігімізді алып берген Сабира Мұхамеджанова,Ләззат Асанова, Қайрат Рысқұлбеков,Ербол Сыпатаев осы аға-апаларымыз қазақ халқының
мәңгі жүрегінен кетпейді. Сұрақ:1.Қазақстанның бас қаласы қай қала?(Астана) 2.Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті кім? (Әбішұлы Нүрсұлтан Назарбаев) 3. Қазақстан Республикасының рәміздерін ата?(Әнұран,Ту,Елтаңба) 4. Қазақстан Республикасының туында не бейнеленген?(Күн,Қыран құс,Ою) Жүргізуші:Ал,қана спортшы бүлдіршіндер!жарыспас бұрын әділқазылар алқасын сайлап, жаттығыу жасап алайық.Жүру, жүгіру, тұру,шеңбер бойына тұру. 1.Тік тұру,екі қолды жоғары көтеру,төмен түсіру (3-4рет) 2.Қолды белге қойып,белді оңға солға бұру. (3-4рет) 3.Қолды жоғары көтеріп,төмен еңкею(тізе бгілмейді) (3-4рет) 4.қолды жоғары көтеріп ауаны жұтады да қолды төмен түсіргенде ауаны шығарады. (3-4рет) Жүргізуші:Ойын 4-шарттан тұрады. 1.Жалаушамен кедергілер арасымен жүгіру. 2.Үңгірден өту. 3.Ат құлағында ойнаймыз. 4.Тауық күрес Жүргізуші:1. «Жалаушамен кедергілер арасымен жүгіру» Шарты:жалаушаны бір қолымен ұстап,кедергілер арасымент жүгіріп,белгіден айналып,келесі балаға береді.осылай ойын жалғасады. 2. «Үңгірден өту» Шарты:төрттағандап тунельден өтіп белгіден айналып ,жүгіріпкелесі қатысушыға қол салады.
3. «Ат құлағында ойнаймыз» Шарты:гимнастикалық отырғыштың үстімен жорғалап белгіден айналып, гимнас- тикалық отырғыштың үстімен жорғалап келіп, келесі қатысушыға қол салады.
4. «Тауық күрес» Шарты:2топтан бір бір бала шығып,бір аяқтарын байлап күреседі.Қай бала құлайды сол бала жеңіледі.
6032523495000 Жүргізуші:Әділ қазылар шешімін шығарғанша,ҚР-ның Тәуелсіздігіне-25жыл мерекесіне арналған балалар тақпақтарына кезек берейік. . Мерей:Көк аспанда тулайтын, Желтоқсанның күні бұл. Елім деген ұлдардың, Елжірейтін күні бұл. Әділет:Елбасы елімнің, Неткен айбат,әдемі. Тұнығымдай көңілдің, Ортада аспан әлемі. Нұрбек:Шырқап көкке аспан ән, Болашаққа бас қалам. Қасақ рухын биіктет, Ей,бас қалам-Астана!
Енді сөз кезегін әділқазыларға береміз. Балаларды марапаттау. Жарысымызды Тілеуханов Бекболат ағамыздың «Менің елім Қазақстан»әнімен аяқтаймыз хош сауболыңыздар!Балалар,сіздергеде рахмет!
6032522288500



79924500ЕПТІЛЕР
0ЕПТІЛЕР


«Жауқазын»балабақшасы
Бекітемін------------------
МКҚК «Жауқазын»б/б
Директоры: Т.Ләтіпова
«15» «10» «2016ж»
-3234155117Тәуелсіз-елім менің!
00Тәуелсіз-елім менің!


Ашық сабақ-командалық ойын
7827025-4814
00


Дайындаған дене шынықтыру нұсқаушысы:Балиғат Мариям Демеуқызы
Сай-Өтес.2016ж