Сыныптан тыс ж?мыс ?ранды ерді? ?рпа?ы ?айсар


7 – мамыр Қарулы күштер мерекесі
Тақырыбы: «Ұранды ердің ұрпағы қайсар»
Мақсаты: Оқушыларға Ұлы отанды сүюге, ерлік көрсеткен батырлардың бойындағы ержүректілік, отан сүйгіштік, ұлтжандылық қасиеттерін дәріптеу.Отанын, елін қорғай білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Буклет, шарлар, қанатты сөздер.
жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, оқушылар.Сіздерді Ұландар мерекесімен құттықтаймыз!
жүргізуші: «Қазақстан дейтін менің бар елім,
Жатыр алып жарты дүние әлемін» деп Қасым Аманжолов жырлағандай, Қазақстанның алыптығы сондай, оның аумағына Франция, Италия, Грекия, Швеция, Норвегия, мен Финляндия бәрі бірдей сыйып кете алады. Осындай байтақ, бай елімізді көзінің қарашығындай сақтап қорғау- әр азаматтың парызы.
1-жүргізуші: 1992 жылы 7 – мамырда Елбасымыз «Қазақстан Қарулы күштерін құру туралы» жарлыққы қол қойды.Ал 1998 жылдан бастап бұл күн еліміздің күнтізбесіне Отан қорғаушылар күні ретінде тіркелді, Биыл Қазақстан Республикасының Қарулы күштеріне 24 жыл.
2-жүргізуші: Жүрекке адалдықтың ескен гүлін
Ғажайып келешекке төккен нұрын
Ардақты ағаларға шын көңілден
Жолдаймыз алғыс пенен сәлем бүгін

Құрметті, ұстаздар ,оқушылар «Ұранды ердің – ұрпағы қайсар» Қазақстан Республикасының Отан қорғаушылар күніне арналған жиынымызды ашық деп жариялаймыз.
Ән ұран
Құттықтау сөз: Мектеп директоры Қыбраева Салтанат Ағисақызына беріледі.
1-жүргізуші: Армысыздар, ардақты азаматтар,
Отбасының тірегі елді бастар
Құтты болып мереке баршаңызға
Бақ – береке әкелсін отбасыға!
2-жүргізуші: Тәуілсіздік – рухы күшті ғажап күн
Артта қалды бодан болған азап күн
Елім, жерім қазағым деп тебіренем
Өйткені мен тәуелсізбін, азатпын.
Қазақ елі желбіреп көк байрағың
Гүлге оранды ауылың мен аймағың
10 – сынып оқушысы Мұратқазы Мұратты «Алға қазақ жігіттері» әнімен қарсы алайық.
1-жүргізуші: Отан сөзі халықтарда
Әр жүректе сақталады
Қолға алса барлық халық
Бейбітшілік сақталады
Ерасыл:Біз туған жеріміз, алтын бесігіміз – кең байтақ Қазақстан.Қазақстан біздің Отанымыз. Ал біздер тәуелсіз қазақ елінің ең жас ұландарымыз.Сондықтан өз елімізді, өз жерімізді әкелер мен аталарымыз сияқты қадірлеуге, сүюге, қорғауға тиісті екенімізді естен шығармайық.
1-жүргізуші: Көп аузынан түспейтін
Отан деген немене?
Оның тұлға, түс, кейпін
Достым білгің келе ме?
1-оқушы Әуелгі Отан - ана алды, оттың басы
Ербол Ауыл алды, аунаған шөптің қасы
Сағынғанда тым ыстық көрінеді
Жазда ойнаған үйшік қып сайдың тасы
2-оқушы Отан дейміз от жаққан жерімізд
Ерекен Отан дейміз өсірген елімізді
Отан дейміз туған жер,атамекен
Биік тау, орман тоғай көлімізді.
3-оқушы Отан дейміз кең байтақ астананы
А.Диас Жасыл жайлау, жаңа жол, жас қаланы
Отанның шеті де жоқ, шегі де жоқ
Ол бірақ өз үйіңнен басталады.
4-оқушы Отан – тарих, Отан тіл
Т.Диас Жасаған елің, өз халқың
Отан – өлең, Отан – жыр
Көтерген көкке ер даңқын
5-оқушы Отан сенің ата- анаң
Жасұлан Отан – досың, бауырың
Отан өлкең, астанаң
Отан аудан ауылың
Хормен: Отан осы достарым
Көңілге мұны түйе біл
Отан деп өс, жас қауым
Оны ардақтап сүйе біл
Жәнібек: Егеменді Қазақстан біздің еліміз,жеріміз. Отанымыз тіліміз дініміз.Ал біз өз Отанын сүйетін бойында намысы бар ұлтжанды азамат боламыз деп өз береміз.
ӘН: «Егеменді Қазақстан» орындайтын Ербақыт Жасұлан.
2-жүргізуші: Отан қорғаушылар күніне арналған оқушыларымыздың жыр шумақтарына кезек берейік:
Әдеби монтаж
Жәнібек
Қырандай түлеп ұшқан арманымыз
Біз бүгін өркін елдің сарбазымыз
Ант алып ар алдында сапқа тұрып
Қорғаймыз туған жердің ар намысын
Жасұлан
Көкбайрағы желбіреген арайлаған таң нұрымыз
Жігіттердің сынға түскен сұлтанымыз
Жауға қатал досқа адал
Жау жүрек Бауыржанның ұрпағымыз
Т. Диас
Алға бас қарыштай бер жас ұлан
Қанатың талмасын жас қыран
Жастықтың жігері бойында
Өзендей күші бар тасыған.
Ернұр
Жүрекке адалдықтың ескен гүлін
Ғажайып келешектің төккен гүлін
Ардақты ағаларға шын көңілден
Жолдаймыз алғыс пене сәлем бүгін.
Ерасыл
Өмір деген сынақ пенен бақыттан
Жаратылған зымыраған уақыттан
Ер адам боп тіреп жүрсе жаныңда
Нәзік жан боп қуанарсың шаттықтан
Береке
Қорғау үшін өмір көркін
Бүгіннен де ертең нұрлы
Болдырмаймыз соғыс өртін
Достар берік сапқа тұрды
А.Диас
Мен сенің бастау бұлағың
Өзіңе шашу бұл әнім
Сап түзеп шықты нық басып
Қырандай берік ұланың
1-жүргізуші:
Қырмызы қыздар!
Қызғалдақ қыздар құлпырған
Өздерің жайлы кеудеде біздің жыр тұнған
Қазақтың биін билеңдер кәне майысып
Отырған халқым сүйсініп қалсын сыртыңнан дей отырып биші қыздарымызды «Жаркент» биімен шақырамыз.
Ербол
Бақытты боп жүргенім
Сенің арқың Ұлы Отан
Елім менің – тірегім
Құшағыңда гүл атам
Елнұр
Армысыздар, ардақты азаматтар
Отбасының тірегі елді бастар,
Құтты болсын мереке баршаңызға
Бақ – береке әкелсін отбасыңа.
Нұргүл
Қара жер қаны сіңген бабалардан
Қорғауға шақырады балаларын
Сапқа тұр сарбаздары туған елдің
Қиынға қиыспайтын қара нарым
Еркебұлан
Қазағым менің ұлы елім
Ғаламның ашқан түнегін
Кеңбайтақ алтын өрісім
Өзіңдей асқақ жүрегім
Іңкәр
Сен маған жұмақ бағы сың
Бар әлем сені танысын
Ант мәңгі қорғауға
Алаштың арын намысын
Мадина
Абзал жанды ақылгой ағаларға
Ілтипатпен иілген бастарымыз
Еңбектерің жемісті қиыр шың боп
Шапағаты шуақ нұр құйылсын көп
Ерекен
Жасұландар, жас қырандар
Еркін елдің түлегіміз
Көркейі бер гүл еліміз
Жалындап тұр жүрегіміз.
2-жүргізуші:
Себездеп алтын ара жан – жағыңнан
Ту тіккен алаулаған арманыңнан
Кеудеңде махаббаттың шоғы маздап
Биіктен биіктерге самға қыран
Ән: «Біз Отанның ұланымыз» орындайтын Ербақыт Жасұлан
1-жүргізуші: Құрметті халайық, баршаңызды келе жатқан 9- мамыр –Жеңіс күнімен құттықтаймыз! Бүгінгі мамыражай тыныш өмір аталарымыз қалыптастырған берік бірлік нәтижесінде келеді. Ер жігіттің құл болмай, ару қыздың күң атанбай, халықтың бірлікте өмір сүруі нақ солардың арқасында.
2-жүргізуші: Мамырдың мамыражай күндерімен, майда желімен келіп жеткен мерекелеріңіз құтты болсын ардақты азаматтар.
1-жүргізуші: 7 – мамыр Қарулы күштер мерекелік жиыны аяқталды.

Ерасыл:Біз туған жеріміз, алтын бесігіміз – кең байтақ Қазақстан.Қазақстан біздің Отанымыз. Ал біздер тәуелсіз қазақ елінің ең жас ұландарымыз.Сондықтан өз елімізді, өз жерімізді әкелер мен аталарымыз сияқты қаділеуге, сүюге, қорғауға тиісті екенімізді естен шығармайық.
1-жүргізуші: Көп аузынан түспейтін
Отан деген немене?
Оның тұлға, түс, кейпін
Достым білгің келе ме?
1-оқушы Әуелгі Отан - ана алды, оттың басы
Ауыл алды, аунаған шөптің қасы
Сағынғанда тым ыстық көрінеді
Жазда ойнаған үйшік қып сайдың тасы
2-оқушы Отан дейміз от жаққан жерімізді
Отан дейміз өсірген елімізді
Отан дейміз туған жер,атамекен
Биік тау, орман тоғай көлімізді.
3-оқушы Отан дейміз кең байтақ астананы
Жасыл жайлау, жаңа жол, жас қаланы
Отанның шеті де жоқ, шегі де жоқ
Ол бірақ өз үйіңнен басталады.
4-оқушы Отан – тарих, Отан тіл
Жасаған елің, өз халқың
Отан – өлең, Отан – жыр
Көтерген көкке ер даңқын
5-оқушы Отан сенің ата- анаң
Отан – досың, бауырың
Отан өлкең, астанаң
Отан аудан ауылың
Хормен: Отан осы достарым
Көңілге мұны түйе біл
Отан деп өс, жас қауым
Оны ардақтап сүйе біл
Жәнібек: Егеменді Қазақстан біздің еліміз,жеріміз. Отанымыз тіліміз дініміз.Ал біз өз Отанын сүйетін бойында намысы бар ұлтжанды азамат боламыз деп өз береміз.
ӘН: «Егеменді Қазақстан» орындайтын Ербақыт Жасұлан.
Нағарашы орта мектебі
Тақырыбы
Ұранды елдің ұрпанғы қайсар
Отан қорғаушылар күні