Т?рбие са?аты: Мені? Т???ыш Президентім.
Менің тұңғыш Президентім!
Мақсаты: а) Жас ұрпаққа Нұр ағамыздың сан қырлы талант иесі, құдіретті тұлға екенін таныту.ә) Елімізге еңсе тіктетіп, мемлекетімізді мығымдап берген, халқымызды әлемге танытып, алаш баласының абыройын асқақтатып Елбасының кісілік келбетін меңгеру.б) Елін сүйген, елі сүйген Елбасынан үлгі алуға тәрбиелеу.Көрнекілігі: Елбасы суреттері, сөзжұмбақ, кәде-сыйлықтар, әнұран, т. б.Түрі: тәрбие сағатыӘнұран – орындау.Мұғалім:- Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Әбішұлы сияқты талантты тұлғаның, халқын сүйетін ұлтжанды азаматтың тұрғанын көрмеу, оны сезінбеу мүмкін емес еді.Мемлекет басшысы бұл тұрғыдағы тұжырымдарын биік мінбелерден сөйлеген сөздерінде қалың елі қазағына тебірене тұрып – «Мен үшін елімді дамыған елдердің сапына тұрғызып, санатына қосудан үлкен мақсат жоқ» десе «Қазақтың өзінің ұлттық қасиеттерінің қайта қалыптасуына қамқорлық жасау Президенттік те, перзенттік парызым» деген болатын.Мемлекет басқару ісі – машақатты да, мәртебелі міндет. Басшы басқарған ел – ең бай мемлекет, халқы ең бақытты халық.Қазір тәуелсіздігімізді алдық, біз – бақытты елміз. Елбасымыздың «2030 бағдарламасы» бойынша көптеген істер атқарылып келеді. Қалалар көркейіп келе жатыр.Ән: «Елім менің»Сөзжұмбақ шешу: «Тәуелсіздік»Мұғалім:- Балалар мына сұрақтарға жауап беріңдерші.1. Мемлекетіміздің аты?2. Елбасының әкесінің аты?Мұғалім: Ендеше балалар, қазір үйде жаттап келген тақпақтарыңды мәнерлеп айтып беріңдерші.Альфира:Тәуелсіздік – рухы күшті ғажап күнАртта қалды бодан болған азап күнЕлім, жерім қазағым деп тебіренемӨйткені мен – тәуелсізбін, азатпын.Зухра: Қазақ елі желбіреп көк байрағыңГүлге оранды ауылың мен аймағыңНұрсұлтаның биіктерге бастадыОл көрсеткен нұрлы жолдан таймағынЕркежан: Нұрсұлтанды тудырған, заманаларЖелтоқсан жел. Ұл мен қызАжал құшқан сондағыТәуелсіздік байрағын көкке тікті қазағыЕр Қарасай, Райымбек бабалары қолдады.Архат: Нұрсұлтанға рух берген кәрі тарих парағыДара шыңы қазақтыңДана басып тудың халық – алыптанТопырағы ол туған жердің киеліР. Ділназ: Тұратұғын болашақтың үні кепТартылар күй айтылатын жыры көпЕрекше бір еркіндікке, бауырларБасшымыздың бүгін туған күні депДарын: Әнге толсын барлық қала ауыл барҚағылсын бір барабандар, дабылдарЕлбасының туған күнін ардақтауБәріміздің борышымыз, бауырларДильназ:Ошақтың аяғы үшеуі болғанымен ұлт біреуҰлт тағдырын ойлауымыз керекҰлттық теңгеміз өз бабындаСымбат:Осы бағытпен өркендей берсе жағдаймыз бұдан да жақсаратынымызға күмән жоқ.Нұр аға – қазақ халқының маңдайына біткен бақ. Өз бағымызда бастан теппейік ағайынАстанаға саяхат.Мұғалім: - Балалар Астанадан қандай әсер алдыңдар? (балалардың жауабы)Қорытынды:1. Тәуелсіз елдің бір мүшесі ретінде сіздер қандай үлес қосып жүрсіздер?2. Басшы адам қандай болу керек?Интерактивті тақтамен жұмысМұғалім: (президентке тілек)- Нұраға! Далаңыз егісті, Ордаңыз кеңесті болсын. Отырған орныңыз келісті болсын. Жұмысыңыз жемісті болсын. Халықтың бағы баянды болсын – дей келе тәрбие сағатымыз аяқталады.- Бүгінгі тәрбие сағатына қатысқандарына ризамын.Хор: «Елім менің»