Мені? елбасым т?рбие са?аты


Менің елбасым Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Мақсаты: Қазақ халқының президенті Н.Ә.Назарбаевтың өмір жолы, туып-өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру. Елбасының өмір жолын үлгі ала отырып Отанын, халқын сүюге, ержүректілікке, азаматтыққа, патриоттыққа тәрбиелеу. Сөйлесіп бір жүрген қай сөзіңде де халықты биік қоясың,Халықпен бір ашығасың да, халықпен бірге тоясың.Жастықтың жалын шақтарыменен бірге айтып арман әндерін,Қазақстанның бақтарыменен бірге жапырақ жаясың. Тұманбай Молдағалиев. Тұңғыш Президентіміздің өмір жолы қиын да қайталанбас көп құырлы. Бұл – небір қиындықтар мен қатерлі тосқауылдарды жеңе білген және қиын кезеңдердің өзінде табыстарға қабілет күші жеткен нағыз қажыр қайрат иесі, таланты адамның өмір жолы. Ол -реформатор, “Қазақстан” атты өршіл кемені өз Отанының байлыққа кенеліп, гүлденуі үшін алға бастаған ұлы көшбасшы. Балалық шағы Менің атам да, анам да – қазақ. Қазақпын деп айтуға ешқашан намыстанған кезім жоқ. Намыстанбаймын да. Қайта маған тіл, діл, өмір, тіршілік сыйлаған туған халқыма бар есті тірлігімде қарыздар болып өтуге бармын. Ұлттың ұлы болмай тұрып, адамзаттың перзенті болу мүмкін бе? Мүмкін емес. Н.Ә.Назарбаев. Өскен ортасы Қиындық атаулыны жеңетін бір ақ нәрсе бар, ол - бірлік. Еліңді, жеріңді қорғау үшін қаншалықты қажет болса, Тәуелсіздік жемістерін, бүгінгі қол жеткен табыстарымызды сақтап қалу үшін де ол сондай қажет. Н.Ә.Назарбаев. Шығармашылығы Тарих толқынында. 1999 ж.Тарих тағылымдар және қазіргі заман. 1997 ж.Сындарлы он жыл. 2003 ж.Ғасырлар тоғысында 2003 ж Қазақстан жолы 2007 ж. Тәуелсіздік белестері. 2012 ж.Ғаламдық қоғамдастықты түбегейлі жаңарту стратегиясы және өркениеттер серіктестігі 2012 ж. Әндері Үшқоңыр. Алтынбек Қоразбаев 2001 жылы әнші Мейрамбек Беспаевтың орындауында шырқалған. Бұл ән елбасының өзінің кіндік қаны тамған жеріне деген сүйіспеншілігінен туған.