Тамыр ж?не тамыр ж?йесі тест ж?мысы 6-сынып


Тақырыбы: Тамыр және тамыр жүйесі
1. Тамыр дегеніміз не?
а) өсімдіктің жер үсті мүшесі
ә) өсімдіктің жер асты мүшесі
б) жемісі
в) гүлі
2. Тамыр қандай қызмет атқарады?
а) топырақтан сіңірілген су мен минералды тұздарды сабаққа өткізеді
ә) өсімдікті топыраққа бекітеді
б)қоректік заттарды қорға жинайды
в) барлық жауабы дұрыс
3.Тамырда қандай бөлімдер болады
а) бөліну
ә) өсу
б) сору
в) барлық жауабы дұрыс
4. Топырақтан суды бөліп алуға тамырдың қай аймағы қатысады?
а) сору бөлімі
ә) өткізу бөлімі
б) бөліну
в) өсу бөлімі
5. Негізгі тамыр –
а) жапырақтан шығады
ә)ұрықтан шығады
б) сабақтан шығады
в) гүлден шығады
6. Қосалқы тамыр –
а) ұрықтан шығады
ә)жемістен шығады б) жапырақтан шығады
в) тұқымнан шығады
7. Кіндік тамыр-
а) негізгі тамыры жақсы жетілген
ә) қосалқы тамыр жақсы жетілген б) жіп тәрізді тамыр
в)сабақ пен жапырақтан өсіп шығады
8. Шашақ тамыр –
а) сәбіз
ә) бақбақ
б) бидай
в)қауын
9. Кіндік тамырлы өсімдік–
а) жүгері
ә) бұршақ
б) қызылша
в)арпа
№ 2 ашық тест
Сұрақтарға жауап беріңіздер, көп нүктенің орнына тиісті сөздерді тауып жазыңыздар.
1.Тамыр қызметің ата?
2. Өсімдіктердің жерасты мүшесі .......
3.Қандай өсімдіктерді кіндік тамыр жүйесіне жатқызуға болады?
4. Ұрық тамыршасынан өсіп жетіледі ................ тамыр
5.Шашақ тамыр деп-
6.Қосалқы тамырлар өсімдіктің қай мүшесінең өсіп шығады?
7. Тамыр жүйесі ....... және ...... тамыр болып екіге бөлінеді.
8. Тамыр атқаратын қызметіне қарай ................. деп бөлінеді.