Тамыр ж?не тамыр ж?йесі та?ырыбына саба? жоспары (6 сынып)


Тақырыбы:Тамыр және тамыр жүйесі Сабақтың жоспары:Тамырдың қызметіТамырдың түрлері Тамыр жүйелері Тамыр — өсімдіктің жер асты мүшесі.Қызметі: а)тамыр-топырақтан сіңірілген суды және онда еріген минералды тұздарды сабаққа өткізеді; ә) өсімдікті топыраққа берік орнықтырады; б) қоректік заттарды қорға жинайды;в) көбеюге қатысады Тамыр жүйесі Тамырлар шығу тегіне қарай негізгі,жанама,қосалқы деп бөлінедіНегізгі тамыр — тұқымның ұрық тамырщасынан дамиды.Ол өте төмен қарай бағытталып,топыраққа тереңдей береді.Жанама тамыр — негізгі тамырдың жан-жағынан таралады.Қосалқы тамыр — сабақ пен жапырақтан өсіп шығады. Өсімдіктің топыраққа берік орнығып,қоректенуін күшейтеді. Тамырдың түрлері Тамыр жүесі Шашақ тамыр Кіндік тамыр Тамыр жүесінің түрлері Кіндік тамыр — негізгі тамыр өте жақсы жетіледі.Одан жан-жағынан жанама тамырлар тарайды.Дамуының алғашқы сатысында тамыр сабаққа қарағанда тез ұзарады.Себебі суды топырақтың терең қабатынан соруға тура келеді. Шашақ тамыр — негізгі тамыр болмайды.Болған күнде де өте нашар дамып,жуандамай,басқа тамырлармен бірдей өседі.Жуандығы біркелкі жанама немесе қосалқы тамырлар шашаққа ұқсап топталып жүреді. Тамыр дегеніміз не?Қандай тамыр негізгі деп аталады?Қандай тамыр жанама деп аталады?Қандай тамыр қосалқы деп аталады?Тамыр жүйесі дегеніміз не?Шашақ және кіндік тамырларды салыстырындар. Біліміңді тексер