Туым те?дігім, елта?бам елдігім


Тақырыбы: «Туым-теңдігім, Елтаңбам-елдігім».Мақсаты:Қазақстан Республикасының рәміздерін оқып үйрену.
Дамытушылығы: Әрбір белгісін түсіндіру,мағынасын ашу.
Тәрбиелілігі: Оқушыларды ел рәміздерін қастерлеуге,құрметтеуге тәрбиелеу.Көрнекілігі: Қазақстан Республикасының рәміздерін слайд арқылы көрсету.Қазақстан туымен тұғырлы,Елтаңбасымен еңселі.Әнұранымен айбатты.Ендеше бүгінгі тәрбие сағатымыз рәміздер туралы болмақ.
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру.Тәрбие сағаты Гимнмен басталады.II. Кіріспе: Қазақ халқы көптен күткен тәуелсіздікке қол жеткізді. Егемен мемлекет болды .
Әрбір азат елдің өзіңнің тәуелсіздігін білдіретін басты белгілері болады.
Солардың бірі мемлекеттік рәміздер. 1992 жылы 4 маусымда егемен еліміз Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері қабылданды. Олар Қазақстан Республикасының Гимні, Қазақстан Республикасының мемлекеттік Елтаңбасы, Қазақстан Республикасының Туы.Туымыз туралы: Мемлекеттік туымыз бірыңғай көгілдір түсті. Бұл түс төбедегі бұлтсыз ашық аспанды елестетеді. Бұлтсыз ашық аспан әрқашан да бейбітшіліктің , тыныштықпен жақсылықтың нышаны.Көк түс –Қазақстан халқының бірлік, ынтымақ жолына адалдығын білдіреді.Нұрға малынған алтын күн тыныштық пен байлықты бейнелейді. Күн –қозғалыс , даму, өсіп өркендеудің, өмірдің бейнесі. Қанатын жайған қыран құс –бар нәрсенің  бастауындай, билік, айбындылық бейнесі. Күннің астындағы қалықтаған қыран елдің еркіндік сүйгіш асқақ рухын, қазақ халқының жан дүниесінің кеңдігін жария етеді.Ағаш сабына бекітілген тұстағы тік жолақ ұлттық оюлармен өрнектелген. Күн, қыран, ою -өрнек алтын түсті. Қазақстан Республикасы мемлекеттік Туының авторы – суретші Шәкен Ниязбеков.
 Елтаңбамыз туралы: Елтаңба негізі – шаңырақ   ол елтаңбаның жүрегі. Шаңырақ мемлекеттің түп - негізі отбасының бейнесі. Шаңырақ - күн шеңбері. Айналған күн шеңберінің қозғалыстағы суреті іспетті. Шаңырақ - киіз үйдің күнбезі. Көшпелі түркілер үшін үйдің ,ошақтың, отбасының бейнесі. Тұлпар –дала дүлділі, ер-азаматтың сәйгілігі, жеңіске деген жасымас жігердің , қажымас қайраттың , мұқалмас қажырдың тәуелсіздікке ұмтылған құлшыныс бейнесі. Шаңырақ айналасындағы уықтарды тұлпардың қанаты қоршап тұр. Қанатты тұлпар қазақ поэзиясында кең тараған бейне. Қанатты тұлпар уақытпен кеңістікті біріктіреді. Ол -өлмес өмірдің бейнесі. Бесбұрышты жұлдыз «бағыңыз ашылып,жұлдызыңыз жарқырай берсін» деген асыл арқаны арқалап тұр. «Қазақстан» жазуы қазақ елінің айғағы.Елтаңбаның авторлары - Ж .Мәлібеков, Ш.Уәлиханов.Гимніміз туралы Гимн мәтінінде ғасырлар бойы тәуелсіздік үшін күрескен бабалар ерлігі көрініс табады. Сонымен қатар асыл мұрамыз - еліміздің кең байтақтығы, жер мен ел байлығы , біздің ұрпақтарымыздың болашағына айқын  жол ашатыны көрініс тапқан. Ең бастысы-тәуелсіздігіміздің алтын діңгегі-ел бірлігі баса айтылған.Гимн 2006 жылы 7 қаңтарда  Қазақстан Республикасының жаңа Гимні қабылданды. Шәмші Қалдаяқовтың «Менің Қазақстаным» әні Қазақстан Республикасының Гимні деп жарияланды. Кезінде Жүмекен Нәжмиденов жазған ән сөзіне Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен кейбір түзетулер енгізілді.Әнұран авторлары: Шәмші Қалдаяков,Жүмекен Нәжмиденов ,Нұрсұлтан Назарбаев Мемлекеттік рәміздерді мемлекеттік мекемелерден мектептерден көруге болады ( Слайд)III. Оқушылар өз өлеңдерін оқиды.Мемлекеттік Елтаңба,мемлекеттік Ту, Қазақстан туралы. (Слайд )көрсетіледі.
Рәміздерді құрметтеу,қастерлеу баршамыздың борышымыз.Гимніміздің сөзін жатқа білу міндетіміз.Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы – ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың сабының тұсында ұлттық өрнек тік жолақ түрінде нақышталған. Күн, оның шұғыласы, қыран және ұлттық өрнек бейнесі алтын түстес. Тудың ені мен ұзындығының арақатынасы – 1:2.Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Туының біркелкі көгілдір түсі бірігу идеясын білдірумен қатар, әрқашанда бейбітшіліктің, тыныштық пен жарқын болашақтың белгісі саналатын бұлтсыз ашық аспанды еске салады.Геральдика тілінде көк түс пен оның реңктері адам бойындағы адалдық, тазалық, үміт сияқты қасиеттеріне сәйкес келеді. Шұғылалы алтын күн тыныштық пен байлықты бейнелесе, дала бүркіті қазақстандықтар ұғымында дарқандық пен қырағылық, биіктік белгісі. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Туының авторы суретші Шәкен Ниязбеков.Бүкіл әлемдік Лондон олимпиадасында біздің Туымыз желбіреді. Сурет арқылы көрсету.Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы – дөңгелек нысанды және көгілдір түс аясындағы шаңырақ (киіз үйдің жоғарғы күмбез тәрізді бөлігі) түрінде бейнеленген, шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап уықтар шаншылған. Шаңырақтың оң жағы мен сол жағында аңыздардағы қанатты пырақтар бейнесі орналастырылған. Жоғарғы бөлігінде – бес бұрышты көлемді жұлдыз, ал төменгі бөлігінде «Қазақстан» деген жазу бар. Жұлдыздың, шаңырақтың, уықтардың, аңыздардағы қанатты пырақтардың бейнесі, сондай-ақ  «Қазақстан» деген жазу – алтын түстес.Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасының негізіне шаңырақ алынған. Ол Елтаңбаның жүрегі іспеттес.
Шаңырақ әлемнің біртұтастығын, мемлекеттің бастауы отбасы ошағын бейнелейді.  Қанатты тұлпар мәңгілік өмір, шексіз даму және Қазақстан секілді бір шаңырақ астында өмір сүріп жатқан халықтардың рухани байлығының белгісі. Қанатты тұлпар болашаққа үміт артар жас ұрпақтың арманы, самғау биігі.Елтаңба төбесінде бес бұрышты жұлдыз бар. Әр адамның өмірінде жол көрсетер өз жұлдызы болады. Мемлекеттің де осындай жұлдызы болуы керек.Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының авторлары сәулетшілер Шота Уәлиханов пен Жандарбек Мәлібеков.
IY.Тәрбие сағатымызды қорытындылай келіп,ант қабылданды.«Біз Қазақстан Республикасының азаматы  Отаным Қазақстанның дүние жүзінде алдыңғы қатарлы,әділетті ,өркениетті ел болуы үшін сапалы білім аламызмәдениетті адам боламыз.Туған халқымыздың ата-дәстүрін жалғастырамыз. Мемлекетімнің Президентін құрметтейміз. Конституциясымен заңдарын бұлжытпай орындаймыз. Елімнің Туын, Елтаңбасын, Гимнін сыйлап қастерлейміз.»