Сыныптан тыс іс-шара та?ырыбы:«Т?уелсіз елім — ?аза?станым»
Тақырыбы:«Тәуелсіз елім - Қазақстаным» Мақсаты : 1. Білімділігі: Балалардың бойында Қазақстанның өткені мен бүгінгі өмірін салыстыра отырып, өз еліміздің даму тарихы туралы танымдарын қалыптастыру. Ұлттық сана сезімін, саяси сауаттылығын ояту. Тәуелсіздік күні туралы терең мағлұмат беру. Тәуелсіздік үшін күрескен, желтоқсан құрбандарын еске түсіріп, желтоқсан құрбандарының ерлігі жайында түсіндіру. 2. Тәрбиелігі: Қазақстанның болашақ дамуына өзіндік үлес қосатын жеке тұлға екендерін ұғындыру. Қоғамның бір мүшесі ретінде адам өмірі мен жақсы тұрмыстық құндылықтарын ұғындыру, жауапкершілік сезімдерін ояту. Оқушыларға патриоттық тәрбие беру, Отанды сүюге және ерлікке баулу. Желтоқсан оқиғасында ел қамын жеген ерлерді үлгі тұту, өнеге алуға және халқының тарихын білуге үйрету, достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу. 3. Дамытушылығы: балалардың өткен тарихқа деген қызығушылығын ояту. Көрнекілігі: 1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері: Туы, Елтаңбасы, Әнұраны, Н.Ә. Назарбаевтың портреті, слайд, желтоқсан құрбандарының суреті. Жалаушалар. 2. Нақыл сөздер жазылған плакаттар. 3. Шарлар, гүлдер, музыкамен жабдықталған. Мұғалімнің сөзі: -Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар, ұстаздар және балалар !
"Тәуелсіз елім – Қазақстаным” атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер!
Слайд№1( экранда тақырыптың аты)
Әнұран орындалады.
-Бүгін біз Қазақстанымыздың Тәуелсіздік алған күнін тойлағалы отырмыз. Бәрімізге мейрам құтты болсын!!! . -Біз тәуелсіз елдің түлегі болғанымызға шексіз қуанамыз. Біздің отанымызды әлем таныды. Осы сәтте Отан туралы еріксіз ойға берілесің. Бұл ұғымның аясы кең. Отан – далаң, орман, тауың, ауылың мен астанаң.
Тәуелсіз ел болу дегеніміз –кеудеңді кере дем алып, еңсеңді көтере ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып келе жатқан салт-дәстүріңді , әдет ғұрпыңды айқындап көрсететін , өзіңнің өзгелермен тең екендігің сезіну және ана тіліңде емін-еркін сөйлеуің деп білемін. Тәуелсіздік- мағынасы зор, тамыры терең ұғым. - Қазақ халқы еркіндікке жету үшін қаншама қиын – қыстау кезеңдерді бастан кешірді. Мыңдаған жылдық тарихы бар. Ал, 1986 жылғы оқиға халықтың есінде мәңгі сақталады. 16 – желтоқсанда қазақ жастары Орталық алаңға шығып, Қазақстан тәуелсіздігін талап етті. Бұл күн - Қазақстан тарихында тәуелсіз Қазақстан Республикасының туған күні деп алтын әріппен жазылды. Сондықтан да желтоқсан бүкілхалықтық мереке. Слайд№2 (1991 жылы 16-желтоқсанда Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін жариялады. Егемен ел атанды)
- Балалар, біз осы тәуелсіздікке оңайлықпен қол жеткізген жоқпыз. Оның бір көрінісі- желтоқсан оқиғасы. 1986 жылы Алматының бас алаңына жастар жаман оймен барған жоқ.Олар бейбіт жолмен тәуелсіздікке қол жеткізу үшін қатысқан.Желтоқсан оқиғасында ерен ерлігімен көзге түскендер өте көп
Слайд№3(Қазақ елінің еркіндігі ,бостандық жолына бас тіккен азаматтар:Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Сабира Мухамеджанованың суреттері)
Олар – Қайрат Рысқұлбеков,Ләззат Асанова,Сабира Мухамеджанова.Ербол Спатаев, Жансая Сабитова, Дариға Смағулова, Мырзабай Акуев. Енді міне ,осы желтоқсан көтерілісіне қатысқан ағаларымыз бен апаларымыздың арқасында ата-бабаларымыз үш ғасырға жуық уақыт бойы армандаған тәуелсіздікке қол жеткіздік. Биыл тәуелсіздік ел болғанымызға 24 жыл болады.
Слайд№4 Қазақстан тәуелсіздігіне – 24 жы
Мұғалім:
Ерлігіңе қуанам да, сүйінем, Қайрат аға рухыңа мен иілем. Бәйшешектің солғанына ах ұрсам, Әділ жанның қазасына күйінем.
Желтоқсан оқиғасында әділдік үшін күрескендердің бірі – Қайрат Рысқұлбеков.
Слайд №5(Қайрат Рысқұлбековтың суреті, мағлұмат)
- Ендеше Қайрат жайындағы көріністен үзінді тамашалаңыздар. КӨРІНІС Слайд№6 Видео «Желтоқсан желі»
Он алтыншы желтоқсан Тәуелсіздік алған күн Ерекше боп мәңгілік Ел жадында қалған күн Он алтыншы желтоқсан Ел мерейі тасыған Қазақ деген қалың жұрт Бәрін кешті басынан Он алтыншы желтоқсан-
Тәуелсіздік алған күн.
Мерекеге ел тосқан
Атамменен барғанмын.
Он алтыншы желтоқсан
Тәуелсіздік алған күн.
Мерекеде ел тосқан
Шырқатып ән салған күн.
Мерекеге шығады
Бүкіл халық, біліп қой.
Отандастар ұғады
Тәуелсіздік- ұлық той
Аралаймын алаңды
Тәуелсіздік күні мен.
Батыр Қайрат ағамның
Суретіне үңілем.
Көк аспанда тулардың Желбіреген күні - бұл, Елім деген ұлдардың Елжіреген күні - бұл.
Қайраттай қайсар ұлдардың Жанымен келген еркіндік Жазира мен Ляззаттың Арымен келген еркіндік Қасірет пен қайғының Бәрімен келген еркіндік
Әр қазақтың есінде сақталады Желтоқсандық өрендер ақталады Ел намысын қорғаған сарбаздарым Ерліктерін мәңгілік сақталады. Тәуелсіздік мәңгілік сақталсын, Алдымызда барлық үміт ақталсын Тату – тәтті бірлік болып қашанда Бейбіт өмір бар халықпен жақталсын.
Енді міне біз тәуелсіз ел болдық Басқалармен терезесі тең болдық Әрқашанда біз дайынбыз тайсалмай Отан үшін болуға да құрбандық
Дүбірлетсін өңірді Дүбірлесін дүлділі. Қазақ деген елімнің Құтты болсын бұл - күні!
Елтаңбасы елімнің,
Неткен әйбат, әдемі.
Тұнығындай көңілді,-
Ортада – аспан әлемі.
-Міне, балалар, бүгінгі таңда Қазақстан тәуелсіз мемлекет. Біздің өзіміздің туымыз, елтаңбамыз, әнұранымыз бар. Егеменді Қазақстан мемлекетіміз. Слайд№5(ҚР-ның туы, елтаңбасы, президенттің суреті)
Сендер Отанымыздың ұрпақтарысыңдар. Жақсы оқып,үлгілі, тәртіпті болыңдар. Өз елің мен жеріңді көркейтіп, қазақстанның намысын қорғайтын келешек ұрпақтың ақылшысы, тірегі сендер болмақсыңдар. Мұғалім: «Болса екен қазақ баласы» Ертеңі өсіп елімнің Сабырлысы болса екен Ар-ұятты айбатты Азулысы болса екен Батыл, берік орнықты Байсалдысы болса екен Алғыр, зерек, мейрімді Ақылдысы болса екен Тапқыр, шешен талапты Өнерлісі болса екен Ойшыл, өткір, дарынды Білімдісі болса екен Сергек, іскер, сезімтал Саналысы болса екен Парасатты намысты Отаншылы болса екен Болса екен қазақ баласы Ел ішінде өсетін «Қайсарлығы қалтқысыз Махамбет қой» – десетін Ізгіліккке леп едім Жақсылыққа сеп едім Тәуелсіз елдің ертеңін Осылай көрсем деп едім - деп осындай отаншыл бүлдіршіндеріміз аман – есен өсе берсін. Олай болса балалар, «Әрқашан қун сөнбесін» әнін бірге тамашалайық Бірінші сыныптардың тақпақтары.Қазақ бии: бірінші сынып оқушылары
- Ал құрметті қонақтар осындай әдемі тілектермен, әндерімізбен бүгінгі ертеңгілігімізді аяқтаймыз. Сіздерге тағыда мейрамдарыңыз құтты болсын. Аспанымыз ашық болып, Қазақстанымыз гүлдене берсін!