Разработка на тему Т?уелсіз елім-?аза?станым


«Тәуелсіз елім – Қазақстаным » мерекелік ертеңгілігі Жүргізуші: Құрметті ата-аналар және қонақтар бүгін біз дүниені дүр сілкіндірген, тәуелсіздік туын алғаш көтерген әйгілі 1986 жылдың 16 желтоқсанына арналған «Тәуелсіз елім-Қазақстаным »атты ертеңгілігімізді өткізбекпіз. Егеменді еліміздің тәуелсіздік алғанына 25 жыл толды.
Десек те жасаған әр жыл қандай бақ,  Жастықтың гүлін уақыт жұлған аяп? Әрине тарих үшін 25 жыл түгіл,  Жүз жыл да – көзіңді ашып-жұмғандай-ақ.
Ортада «Ақбота» Ересек тобының балаларын қарсы алыңыздар!
Жүргізуші:
Шайқалмасын ешкімнің шаңырағы,Бақыт көрсін Отанның сан ұланы.Енді ағайын, көгінде қалықтасын,Қазағымның қастерлі - Әнұраны!Әнұран айтылады.1Жүргізуші:Бейбiт тандап арайланып атады                     Туған жердi аймалайды шырағы                      Байтақ елiм – ұлы Қазақстаным                      Ең бақытты балалардың Отаны-деп кезектi, балаларга берейiк
Ернұр: Тәуелсіздік мен білсем                   Той мейраммен басқалаң                 Ел мен жердің байлығы                 Төгіп- шашпау, ластамау2
Алтын:Ақыл- ойың, ар, санаң                    Ұлт намысы шаршаған                  «Тәуелсіз» деп айта алсаң                  Сыйлық берем мен саған
Арсений: Под щедрым солнцем золотым               Под ясным небом голубым              Мой флаг и герб в себя вобрали              Весь мир степей – родные далиАделина: Моя Родина – Отан,                       Край любимый Казахстан                   Горы, степи и поля-                   Это вся моя земля       Жүргізуші: Жыр арнадым еліме тебірене                       Үміт артам елімнің ертеңіне                       Тәуелсіздің алғалы 25жыл толғалы тұр                       Отаным жылдан жылға көркеюде                       Тілеймін әр адамға, бақыт қонсын                       Елімде бейбіт заман тыныш болсын – балалардың орындауында «Қасиетті домбыра » биін қабыл алыңыздар
Жүргізуші: Жігіттер итке таланып                      Ер басын күрек шапқан күн                      Аппақ қар қанға боялып                      Қып-қызыл мұз боп жатқан күн – деп 16 желтоқсанда болған оқиғаның үзіндісін «Тәрбиешілер» тобының орындауында көріңіздер
Көрініс:
-Қайрат пен тергеуші
Тергеуші:
-Сен 13-желтоқсан күні, сағат 10-да қайда болдың?
Қайрат
-Жолдастарымен бірге Фурманов көшесіндеТергеуші-Жоқ сен Сәтпаев пен Мир көшесінің қиылысында Совецкийді соққыға жықтың. Соның нәтижесінде ол қайтыс болды. Сен оны өлтірген.
Қайрат
-Мен оны көргенім жоқ
Тергеуші-Ақымақ, сен оны өлтірген! Әкетіңдер, атыңдар, көзін құртыңдар.
Қайрат
Күнәдан таза басым бар,
Жиырма бірде жасым бар.
Қасқалдақтай қаным бар,
Бозторғайдай жаным бар.
Алам десең алыңдар,
Қайрат деген затым бар.
Қазақ деген атым бар.
Еркек тоқты құрбандықАтам десең атыңдар… (сүйреп әкетедіЖүргізуші:
Озбырлық күшпен тұншығып,
Үміттің оты ұшқан күн.
Жанына таппай бір шындық
Ер Қайрат қыршын кеткен күн.
Жүргізуші:
-Дүниені дүр сілкіндірген 1986 желтоқсан оқиғасының қаһарманы Қайрат Рысқұлбеков 22-ақ жыл ғұмыр кешті. Елінің болашағы, бостандығы егемендігі үшін күресті. Осы қанды оқиғада қаза болған боздақтарымызға 1 мин үнсіздік жариялаймыз
Жүргізуші: ортада ер балалардың орындауында «Батырлар »биін қарсы алыңыздар.
Жүргізуші: Қазақ халқының жері болашағы үміті үшін желтоқсанда жас өмірін жалау еткен қазақтың ұл-қыздары Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Спатайұлы, Ляззат Асанқызы, Сәбира Мұхамеджанқызының аттарын атап айтпай кетуге болмас. Олардың аңсаған армандарымен үміт тілектері бұл күнде толық жүзеге асты. Қазақ елі тәуелсіздігін алды. Туымыз асқақтап желбіреп тұр. Бір ғана өкініш бар ол азаттық үшін жан аямай алысқан, сол боздақтардың кейбірінің бүгінгі бақытты сәтімізді көре алмауы. Сол боздақтарға арналған таппақтар тыңдаңыздар: 
Санжар:Айнымайды аспаннанБіздің тудың бояуыОны халық қашандаБиікке іліп қояды
Асема
Ән ұраным, жан ұранымАйтар әнім, айтар сөзімТуған жерім сағынарымЖүрсем егер дүние кезіп
Нарбек
16 - желтоқсанТәуелсіздік алған күнМерекеде ел қуаныпШаттанып ән салған күнАяулым
Жасасын азат ерлік күнЖасасын бейбіт елмен жерБостандық алған қазақтыңМәртебесін көрсін ел
Көркем
Қайраттай қайсар ұлдардың Жанымен келген еркіндік Жазира мен ляззаттың Арымен келген еркіндік Қасірет пен қайғының Бәрімен келген еркіндік 
Данияр
Он алтыншы желтоқсан Ел мерейі тасыған Қазақ деген қалың жұрт Бәрін кешті басынан 
Қарақат
Жүргізуші: Отан сенің ата анаң
Отан досың бауырын
Отан өлкен астанан отан аудан ауылын дей келе балалардың орындауында
«Егемен ел-Қазақстан» әнін қабыл алыңыздар
1Жүргізуші:   Теңіздей тербетіліп көл бетінде                         Бишілер билеп кетті тербетіле                         Аққудай қалықтаған теңіздегі                         Бишілер өнерлерін көрсетудеБи: Өзбек биі                   Адия На просторах Казахстана                  Много разных народов живет                 Все народы как братья равны                 Всем народам- любовь и почетДиас Ходит с песней по дворам             Дружбы караван           Ты всегда в душе моей           Независимый Казахстан  
Ағылшынша тақпақтар
1.Жүргізуші: Балалар енді біз қазір ойын ойнайық
Ойынның аты Менің Отаным Қазақстан деп аталады. Мен сіздерге сұрақ қоямын сіздер сол сұраққа өздерінің жауаптарынды айтып, тақтаға жапсырасыздар.
1. ҚР президенті кім?
2. Бас қаламыз қай қала?
3.Біздің ұлттық валютамзыз қалай аталады?
4.Мемлекеттік рәміздерге нелер жатады?
Сұрақтарға жауап беріп, Қазақстан картасына жауаптарын жабыстыру.
2.Жүргізуші: Балалардың жылы лебіздерін қабыл алыңыздар.Күн,аспан , саусақтарын т,б жабыстырады..
(Музыка әуенімен саз залына Әже кіреді қолында сандық. Саз залын бір айналып шығап ортаға тұрады)Әже : Жыр арнадым еліме тебірене                         Үміт артам елімнің ертеңіне                         Тәуелсіздік туған күні құтты болсын                         Отаным жылдан жылға көркеюде                         Тілеймін мен әр адамға бақыт қонсын                           Елімде бейбіт, тыныш заман болсын   Шашу шашады
Осымен тәуелсіздік күніне арналған «Ақбота» тобының ертеңгілігі аяқталды, көңіл бөліп тыңдағандарыңызға рахмет. Қазақстанымыздың көк байрағы желбіреп, еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын! Тәуелсіздік күні тағы да баршаңызға құтты болсын!