Біз сені? жаны?дамыз атты мерекелік кеш


Тақырыбы: «Біз сенің жаныңдамыз»
Күні:27.01.2016ж
Уақытты: 16.00
Мақсаты: Мектебіміздің үйден оқитын оқушының көңіл-күйін көтеріп,мейрімділік таныту. «Қайрымдылық», «қамқорлық», «жақсылық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту, жақсылық жасаудың адами қарым-қатынастағы мәнділігін түсіндіру,жақсы істер жасай білу іскерліктерін дамыту, қайрымдылыққа,ізгілікке,қамқор болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі:Қанатты сөздер, мазмұнды суреттер.
Барысы:
1-Жүргізуші:
Армысыздар қымбатты қонақтар, ардақты ата-аналар, ұлағатты ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі
«Біз сенің жаныңдамыз» атты мектебіміздің үйден оқитын оқушысына арналған мерекелік кешімізге қош келдіңіздер!Қазақтың жақсы қасиеттерінің асылы-жомарттық,кең пейілділік.Ол адамға қызмет қылып,жақсылық жасау пейілді жанға тән сипат.
Ендеше,жақсы сөз,жақсы тілекті,
Болайық ізгі ниетті,
Жақсылық ойлап кісіге,
Тілейік үлкен-кішіге дей келе,алғашқы сөз кезегін мектебіміздің тәрбие ісінің меңгерушісі Шораева Назігай апайға беріледі.
2-жүргізуші:
Қайырымды бола білу үлкен іс,
Үлкенге ізет,кішіге құрмет көрсетіп.
Жақсылықты жаса қолдан келсе егер,
Біле білсең өзің үшін ол жеңіс.
Армысыздар,құрметті қонақтар,ата-аналар,балалар! Мектебімізде өтіп жатқан
«біз сенің жаныңдамыз» атты мерекелік кешімізді бастаймыз.
1-жүргізуші:
Қайырымды жандар айнала,
Ортаға келсін жайлана.
Жолықпастан қайта біз,
Махабат сөзін айтамыз.
Сүйеміз барлық ананы,
Жүрегім оттай жанады.
Бақыттымыз осы біз,
Қасымызда досымыз-дей келе «Қыздар-ай» тобының биші қызы Төлепберген Нұрайдың орындауындағы «Индия» биін тамашалаңыздар.
2-жүргізуші:
Өмірде ана-бақыт,ана-пана,
Өмірді өркендетер ана ғана.
Өсірген талай шешен,талай көсем,
Талай ер,талай ақын,талай дана-дей келе барлық осы аналардың құрметіне Жұпархан Қазынаның орындауындағы «Апатайым-анашым» әнін қабыл алыңыздар.
1-жүргізуші:
Жақсылықты ақ жүрекпен қабылдап,
Самға биік,жалын атып жүр алда.
Жігеріңмен сеніміңді оттыққып,
Жас қырандай қанат қағып қиянға.
Асқақ арман-үлкен өмір бастауы,
Болашаққа бақыт үнін жолдайды!
2- жүргізуші:
Сымбатына сән киімі жарасатын,
Аспандағы ай менен таласатын.
Өнеріне сай келіп тұрғанына,
Бишілерге қызығып таңқаласың –дей келе «Кішкентай қыздар-ай» тобының биші қызы Үсенбек Раминаның орындауындағы «Испанский» биімен қол соғып қошеметтеп қарсы алайық.
1-жүргізуші:
Жырымды бүгін арнасам сізге айып па,
Өмірден озған ағаға асыл ғайыпта.
Арыстың әсем жағасындағы арулар,
Жүргендей бүгін ескексіз мініп қайықта.
2-жүргізуші:
Шаршаса да сыр бермеген әкешім,
Сен мен үшін еңбексүйгіш әкесің.
Өзіңде үлгі,ісіңдң үлгі балаңа,
Кім сүймейді болса өзіңдей әкесін-дей келе мектебіміздің әнші қызы Тұрғанбек Сымбаттың орындауындағы «Көңілді күн» әнін қабыл алыңыздар.
1-жүргізуші:
Отбасы-алтын ұя,киелі шаңырақ болса,сол шаңырақтың мұрагері,ұрпақ жалғасы балалар болып табылады.Отбасында балалар негізгі тәрбиені ата-анадан алады.Олай болса,баланың басты ұстазы ата-ана-дей келе оқушыларымыздың дайындаған «Әке мен бала» көрінісісіне кезек берсек.
2-жүргізуші:
Жасынан сүйіп өсер балапанын,
Бір саған сенім артар балапаның,
Бір сәтке ұмытармын қиындықты.
Сипаса маңдайымнан алақаның-дей келе сөз кезегін Әдиба әжемізге береміз.
1-жүргізуші:
Келесі кезекте 6-сынып оқушысы Сәбитқызы Әсемнің орындауындағы «Турецкий» биін тамашалаңыздар.
2-жүргізуші:
Мейрімділік-ғажайып өмір есігі,
Мейрімді болсаң,сазды әуенмен тербетілер бесігің.
Ашық болсын мұқтаждарға көңілің мен есігің,
Мейрімсіз болсаң,Алладан болмас кешірім.
Қол ұшын бер жетімдерге жылаған,
Қайтарма қолын ананың көмек сұраған
Оу,Адамзат,сіңірген бойыңа мейрімді - дей келе,сөз кезегін мектебіміздің психологы
Сейітова Гүлзада апайға береміз.
1-жүргізуші:
Осымен «Біз сенің жаныңдамыз» атты мерекелік кешімізді аяқтай келе,баршаңызға балаларға деген жүрек жылуын бөлісуге атсалысып,ыстық ықыласыңызбен аялы алақандарыңызды созып,балғын бөбектерге адамдық мейрімділік пен жомарттық танытқандарыңызға рахмет айта отырып,
келгендеріңізге алғысымызды білдіреміз.
2-жүргізуші:
Балалар-біздің болашағымыз. «Жақсыдан-шарапат» демекші,бала жүрегінің нәзік лүпілін жаны жайсаң,көңілі шалқар,жүрегі жұмсақ адамдар ғана біледі.
Қымбатты ата-аналар,ұстаздар,оқушылар!Осымен бүгінгі өткен «Біз сенің жаныңдамыз» атты концерттік бағдарламамыз өз мәресіне жетті.Өмірлеріңіз күндей нұрлы да,шуақты болсын.
Келесі кездескенше сау болыңыздар!