Мерекелік концерттік кеш: Мектеп-білім тірегі, ?стаз оны? ж?регі


Әсет Бейсеуов атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығы
атты ұстаздар күніне арналған мерекелік кештің сценарлық бағдарламасы
Дайындаған: Досчанова А.С.
«Мектеп- білім тірегі, ұстаз оның жүрегі» атты ұстаздар күніне арналған мерекелік кештің сценарлық бағдарламасы
Жүргізушілер шығады.
1- жүрг. Армысыздар, бармысыздар,   Қош келдіңіздер,  Құрметті де аяулы  ұстаздар!
2-жүрг. Ұстаз деген – жарық күні ғаламның,Ұстаз деген – анасы ол адамның.Бүкіл әлем мойындайды еңбегін,Сен де одан адам болып жаралдың.Ұстазыңды түсінген сен тереңнен,Бар әлемге еңбегімен еленген.Сенің бағың өрге қарай өрлесе,Ол да бірге қуанышқа кенелген.Сол арқылы сен де өмірді жалғадың,Ізгі іс қой, ұстаз тілін алғаның.Мақтау алсаң ұстаздардың алдында,Ол өзіңнің орындалған арманың.Ұстаз сөзін айтып жүрдік ән қылып,Одан басқа жүрген кім бар жанды ұғып.Ұстаз деген – ұлылардың ұлысы,Қасиеті бас иелік мәңгілік!         1- жүрг. Шолпан, Бүгін бізде үлкен мереке. Бүгін ұстаздар қауымының төл мерекесі. Олай болса бүгінгі күн ұстаздарға арналмақ. Ұстаз -ұлағатты есім. Күн сәулесі өмірге қандай жарық берсе, ұстаз есімі де шәкірттерге күндей жарық береді.
Ақырын жүріп анық бас.
Еңбегің кетпес далаға
Ұстаздық еткен жалықпас,
Үйретуден балаға, – деп Абай атамыз айтқандай, шәкірттерінің өзінен озғанын калаған ұстаздар қауымы, мерекелеріңіз құтты болсын!
II жүргізуші: Денсаулықтарыңыз  мықты болсын, шаңырақтарыңыз шаттыққа  толсын, біздей  шәкірттеріңіз көп болсын!
БІРГЕ:  Мерекелеріңіз құтты болсын!
Ән: «Ұстазым менің ұстазым» 1Дсынып оқушысы Әділбай Алтынбектің орындауында
1-жүргіуші: Сен қалай ойлайсың, Шолпан? Менің ойымша, кез-келген мұғалім ұстаз бола алмайды. Себебі ұстаздық-өнер, тағылымы терең өнер. Ал өнерлі болу кез-келген адамға қона бермейді. Олай болса, шын ұстаз болу үшін табиғи дарын ізгілікті ізденіс пен ерен еңбекке ұштастырылуы шарт. «Шәкіртсіз ұстаз тұл» деген сөз тегін айтылмаса керек.
2-Жүргізуші: Қуаныш, мен  осы сөзің дәлелді бола түсу  үшін мына жыр шумақтарын қосайын.                            
 Ұстаз болу – жүректің батырлығы,
Ұстаз болу – сезімнің ақындығы,
Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,
Азбайтұғын адамның алтындығы –
деп ақын Ғафу Қайырбеков ағамыз жырлағандай, біздің мектебімізде сөзі маржан, үні ән ұстаздардың бар болғанын мақтаныш етемін. Әрине, ұстаз жүгі–ауыр жүк. Адамның жан дүниесін түсініп, ренжітпей, қателігін сездіре білу – бұл нағыз шеберлік емес пе?!
             1-Жүргізуші:   Ендеше,
Ұрпақпен өмір жолы жалғанады,
Көңілді күндер тусын алдан әлі
Ән-шашу әсем әуен, түрлі өнер,
Бүгінгі күн сіздерге арналады.
     Ұстаз туралы ән сіздерге арналады, аяулы ұстаздар, қабыл алыңыздар! 
Алдарыңызда  4Ә сынып оқушысы Фариданың орындауында «Ұстазым» әні
І жүргізуші:  Қашан көрсең күнге ұқсаған жанары –
Ұстаздардан көнбіс адам жоқ әлі!
Мектеп көрген әдептілер айтпақшы,
Мұғалімнен шықпаңыздар жоғары!
ІІ жүргізуші:     Орындалып, айталық, бір ойдағы іс,
Отырармыз қуанышта, тойда біз.
Сондай кезде есте болар бір нәрсе:
Мұғалімнен бұрын сөйлеп қоймаңыз
І жүргізуші:     
Ақыл. Сана. Сабыр. Талас-тартысу –
Мұғалімнің табиғаты, жалпы осы.
Бос уақыты: ойдан басқа ойы жоқ,
Бос уақыты: әрбір түннің жартысы.
ІІ жүргізуші:     Ал, мұғалім барса алдыңа, дұрысы:
Жүрегіңмен сездір дағы ұлы ісін,
Ұшып тұрып, қалбалақтап қол беріп,
Тастай қылып тындырып бер жұмысын!
Сіздерге арналады Би: Қазақ биі «Қыз сылқымы» 8Ә сынып қыздарының орындауында
         2-жүрг.     Күллі өмірін жеткіншекке арнаған
                  Мұғалімді ардақтайды барша жан
                  Ол мектептен шықпаса да қыс- жазы,
                  Жемісі оның жердің жүзін шарлаған
                   Бала десе ойламайды өз қамын
                   Керсем дейді күнге де кол созғанын            
                   Шәкірттерін өзінен де озғанын.  
 1- жүрг.   Ұстаздар! Қандай ғажап халықсыздар!
                  Шәкіртке шыңдай биік алыпсыздар.
                  Жан біткен жанарына нұр сыйлаған,
                  Күндей боп күлімдеген жарықсыздар.
      2-жүрг.  Қуаныш, екеуміз ұстаздар туралы нақыл сөздер айтып жарысып көрсек қайтеді?
      1-жүргізуші: Ал ендеше баста.
      2-Жүргізуші: «Ұстаз болу-өз уақытын аямау, өзгенің бақытын аялау»,
      1-Жүргізуші: «Ұстазға қарап шәкірт өседі»
      2-Жүргізуші: «Аспаз көрген ат таныр, ұстаз көрген хат таныр»
      1-Жүргізуші: «Ұстазыңды ұлы әкеңдей сыйла»
      2-Жүргізуші: «Ұстазы жақсының-ұстамы жақсы»
      1-Жүргізуші: Шолпан, екеуміз Ұстаз туралы қанша мақтау сөз айтсақ та тауыса алмаспыз. Ендеше, қымбатты ұстаздар, шәкірттеріңіздің өздеріңізге арналған өлең-шумақтарына кезек берелік.
1-оқушы: Әр сабағың өтіп жатыр білінбей,
Перне басқан оркестрдің үніндей
Әр баланың жүрегіне жол тауып,
Тұрасың сен, дирижер боп күлімдей.
Әр сабаққа кіресің сен сыйынып,
Жыр оқисың нөсер болып құйылып
Қас-қабағын қалт жібермей шәкірттің,
Қарайсың-ау нұр жүзіне сүйсініп
Жалын атып, от боп, бірге жанасың,
Білім беріп, содан бақыт табасың
Бар өмірің өрнектеліп баламен,
Жасарып бір мәңгі жас боп қаласың.
 2-оқушы: Мұғалімді анамдай жақсы көрем,
Қиналамын қымбат теңеу таба алмайӨз баласын тастап кетіп үйіне,
Ел баласын оқытады, ой Алла-ай.
Мұғалімді жақсы көрем сезімтал,
Үлгі етемін өнегелі сөзін бал
Мұғалімнің мұғалімін танимын,
Көкіректе көретұғын көзім бар.
3-оқушы: Мұғалім-ұстазысың балалардың,
Болашақ ғалымдардың, даналардың
Өмірде сенің алар орыныңды
Бәрі де жеткізе алмас бағалардың
Өткізіп өз алдыңнан талай бала,
Бойына құйдың ақыл , ой мен сана
Сарп етіп сан жылдық еңбегіңді,
Ақылшы, тәрбиеші, болдың ағаАтағым Алатаудай болып биік,
Тұрса да төбем өсіп көкке тиіпАлдыңда әрқашанда тағзым етіп,
Тұрармын «Ұстазым!» деп басымды иіп.
Тамашалаңыздар! Испан стилінде көркем гимнастикадан үзінді 7А сынып оқушысы Бахтиярова Жұлдыздың орындауында
1 жүргізуші:             Табан тіреп төзгенсің қанша ауырға
Тарап демде кетеді шаршауың да
Бал-бұл жанған балғын жүз, жәудір көздер
Тұрғанында солардың қоршауында
2 жүргізуші:             Қиындыққа кезіксең көп асу да,
Қанша терің төгіліп жол ашуға,
Сен шәкірттің ұстазы болмайсың тек,
Сен өмірдің ұстазы боласың да!
1 жүргізуші: «Ұстаз» ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор.
2 жүргізуші: Ия, ұрпаққа айтар ақылы, көрсетер өнегесі бар, аналық, әкелік сезімнің, дана ойдың ыстық лебі бар аға ұрпақ өкілдері, мектептің жүрегі ардагер ұстаздарымыз ортамызда отыр.  (қонақтарды таныстырады)
1 жүргізуші: Толеуова Майра апай, Даулетбаева Айтолған апай
2 жүргізуші Тыныбекова Бақыт апай, Акшалова Марияш апай, Абдубаева Шұға апай.
1 жүргізуші: Құрметті қонақтар,  сіздер салып кеткен сара жол-ұстаз жолы – ұлы жол. Өткен жолдарыңызға көз жіберіп, еске ала отырып, өздеріңізге бірнеше сұрақ қоюға рұқсат етіңіздер.
1 сұрақ: Майра апай! Ұстаздық өмірге қалай келдіңіз? Жүрек қалауымен бе, әлде осы мамандықты таңдауға себепші оқиға немесе бір жағдай болды ма?
2 сұрақ: Айтолған апай! «Ұстаз болу жүректің батырлығы» дейді, осы ұстаздық қызметті таңдауда батырлықпен қандай қасиет адам бойынан табылу керек деп ойлайсыз?
3 сұрақ: Бақыт апай! Мектебіміздегі қай ұстазды жастарға үлгі етер едіңіз? Сол ұстаз туралы не айта аласыз?
4 сұрақ: Марияш апай! Мектептен кейінгі уақтыңызды қалай елестетесіз?
5 сұрақ: Шұға апай! Мектеп өмірінде қай мектеп басшысы сізге көбірек ұнады? Оның жақсы қасиеттерін атаңыз.
Сіздерге көп рахмет, аяулы да мейірбан ұстаздар.
 2-жүргізуші: Ұстаз-шәкірт алдында сыйлы адам. Ұстаз жайлы айтылар сыр да, жыр да көп. Ұстаз сенімін ақтау-адамгершіліктің белгісі. Мұғалімнің жүрегі соғып тұруы үшін: жауаптылық, қажырлылық,, білімділік, жүректілік, сүйіспеншілік, сабырлылық керек екен.
1-жүргізуші:  Шәкірттер санасына сәуле шашып, шырақ отын маздатқан ұстаздар қауымына ақ лебіз, жылы тілегін білдіру үшін ортамызға  мектебіміздің басшысы Мира Багарам қызын шақырамыз.
1-жүргізуші Осындай ұлағатты ұстаз аналарымыздан кейін қалайша өткен шаққа оралмасқа. Ендеше ұстаздарымызды осы жолды таңдаған сәті студенттік өмірлеріне апарып қайтсақ.
Экранға назар аударайық.
2-жүргізуші:       Асыға сәлем жолдап жүректен біз
Бірге өсіп ен жайлаған ұл менен қыз,
Тәтті күй, асқақ ән мен әсем биді,
Сіздерге тарту етіп ұсынамыз,-дей келе алдарыңызда сіздерді мерекелеріңізбен құттықтауға келген 5А сынып оқушыларын қабыл алыңыздар. Флешмоб.
1-  Жүргізуші: Қазақта жақсы сөз бар, «Әзілің жарасса атаңмен ойна» деген, ендеше сахна төрінен ұстаздар өмірінен  аздап әзілге орын берсек.
Әзіл – қалжың отауы.      ҰСТАЗДАР ӨМІРІНЕН.
1.Мұғалімдер кім болуды армандайды?
Мұғалімдер әсте әртіс, жазушы, сот, бастық, сылақшы, майлаушы, немесе еден сыпырушы болуды армандамайды. Өйткені:
Қуаныш: -Әр мұғалімнің жұмыс бөлмесі, отыратын жұмыс үстелі, қармағында 30-40 оқушысы бар, кішігірім бастық емес пе? Ашса алақанында, жұмса жұдырығында, – дегендей ұрыс, төбелес жөніндегі бала мен ата-ана дауын да бір өзі шешіп отырады.
Шолпан: -Әр мұғалім өз сабағының шебері, яки режиссері, көбінесе басты рөлде де өзі ойнайды. Әртіс демей көр, кәне. Көпшілік көрініске де өзі қатысады.
-Бір тыным жоқ. Кабинет тазалығы да өз мойнында. Демек, майлаушы да өзі,  сылаушы да өзі. Безендіруші де өзі.
Қуаныш: Ж азушыларға келер болсақ, тіпті кейбір жазушыларыңыз да, мұғалім құсап күнде жазуға отырмас.
Соңғы кезде бухгалтер мен кассир де өздері.
Ұстаздарымыз сан алуан қосымша мамандықтар меңгеруде. Ендеше қай мекемеге қандай мамандық иесі өте зәру болса, 2-3 айлық жазғы демалыс кезінде біздің ұстаздарды шақыруларыңызға болады.
                                          2. Неге бармайсың?
Баласы шешесіне айтады:
-           Мен енді мектепке бармаймын!
-           Неге бармайсың?
-           Сол … Асанов таспамен оқ атады, Сотқаров оқулықпен басымнан ұрады, тағы біреуі аяғымен шалады…     Бармаймын!
-           Жоқ, балам, сен қайткенде де баруың керек. Біріншіден, жасың қырықтағы адамсың, екіншіден, мектеп директорысың.
                                            3.  “Суретші”
Мұғалима Асанның әкесіне шағым айтады:
-           Кеше сабақта сіздің ұлыңыз партаға шыбынның суретін салып қойыпты. Мен оны шын екен деп қолымды ұрып алдым.
-           Сіз оны айтасыз, – дейді әкесі. - Бірде ол ваннаға крокодилдің суретін салыпты. Зәрем ұшқаны сондай, тұра қашамын деп қабырғадағы есіктің суретіне соғылдым.
*    *    *
Мұғалім:
-           Картадан Ертіс өзенін көрсет.
Асан:
-           ???
Мұғалім:
-           Картадан Ертіс өзенін көрсет.
-           Асан:
-           ???
-           Мұғалім:
-           Неге көрсетпейсің, үнсіз қалдың ғой?
Асан:
-           Мұғалім, картада ағып жатқан өзен көрінбей тұр.
   Ән: «Мектебім»10Ә сынып оқушысы Гүлсиманың орындауында тамашалаңыздар

Оқушылардан жиналған ТҮСІНДІРМЕ СӨЗДІК
Каникул – жылдың ең қысқа күндері.
Күнделік – үлкендерге көп көрсете бермейтін құпиям.
Математика – мен түгіл әкемнің де тісі бата бермейтін “жаңғақ”.
Дос – бақылау жұмысында дәптеріне жазғандарын бақылатып отыратын я қыз, я ұл.
Сабақ – үзілісті зарықтыра күттіретін 45 минут.
Спорт секциясы – әжеме айтатын басты сылтауым.
“Апайға айтам” – қыздардың негізгі қаруы.
1-      Жүргізуші: Қуаныш, Мұғалімдер бізден емтихан алғанды жақсы көреді, осы сәтті пайдаланып, біз де ұстаздарымыздан сынақ алып көрсек қайтеді?
1-      жүргізуші: Сен сонда ұстаздарымызбен орнымызды ауыстырып көрсек қайтеді дегің  кеп тұр ма?
2-      Жүргізуші: Иә, иә, тура солай, бүгін ұстаздар оқушы болсын, біз мұғалім болып емтихан алып көрейік.
1-Жүргізуші:-ендеше тыныштық сақтаңыздар! Мұғалімдерге арналған емтиханымызды бастаймыз. /Мұғалімдерге шарлар үлестіріледі. Әр шардың ішінде сұрақтар бар. Мұғалімдер шарды жарып, сұрақтарға жауап беруі керек/.
Сұрақтар:
1.         Домбырада – жетеу, сырнайда – алтау, қобызда бесеу. Бұл не? /әріп/
2.         Бұл санда қанша әріп бар болса, сонша сан бар. Ол қай сан? /Жүз/
3.         Жел соққанда тау ық бола ма? /Ық болады/
4.         Теңізде қандай тас болмайды? /Құрғақ/
5.         Ертістің ортасында не бар? /Т әріпі/
6.         Өзі судан шығады, бірақ судан қорқады. Бұл не? /Тұз/
1-Жүргізуші: Енді, ұстаздар, кезек-кезек билет алыңыздар. Сол билеттегі сұрақтарға дұрыс жауап берулеріңізді сұраймыз. Билет ретімен тұрып алыңыздар
№1 билет. Сыныпта сіз үшін ең сүйікті оқушы болу керек пе?
№2 билет. Сабақта ұйықтап қалған оқушыны оятасыз ба?
№3 билет. Сабаққа кешігіп келгенде өзіңізді қалай сезінесіз?
№4 билет. Ата-аналарға балалардың тәртібі туралы хат жазасыз ба?
№5 билет. Сабақта анекдот айтқан кезіңіз болды ма?
№6 билет.Сіз ата-ана жиналысын өткізуді жақсы көресіз бе? Жиналыс мазмұнды және қызықты болу үшін не істейсіз?
№7 билет. Осы мектептің алғашқы директоры кім?
№8 билет. Мира Багарамовна мектептегі нешінші директор?
№9 билет. Мектебіміздің ғимараты нешінші жыл салынған?
№10 билет. Әсет Бейсеуовтің қанша жылдығын тойлаймыз?
№11 билет. Ә.Бейсеуов биылғы туылған күнін тойлауға қандай ұсынстарыныз бар?
№12 билет. Осы мектептің ашылғаннан бері бірінші күннен бастап жұмыс істеп келе жатқан мұғалімдерді атаңыз?
 Көп рахмет сіздерге, ұстаздар! Барлығыңыз да емтиханнан сүрінбей өттіңіздер.
Би «Араб биі» орындайтын 11А сынып оқушылары
--------------------------------------------------------------------------------------------
2-жүргізуші:        Жақсы жандар жанымызда әрқашан
                             Ұлағатты сөзін биік ұстаған
                    Ардақты ұстаз асыл анаң секілді                                                   
                            Тәрбиелейді балапандай жасыңнан
1-жүргізуші: Ұстаз мейірі-Ана мейірімі пара-пар,
Тұла бойға қуат болып таралар
Көп жасаңдар бұл өмірде шуақ боп,
Айналайын білім берген ұстаздар.
1-Жүргізуші:  Мұғалім, ғазиз мұғалім-
Төгілген арай, шуағым
Арманым қонса, қолыма,
Арқаң деп сенің ұғамын
Мұғалім, ғазиз мұғалім-
Сарқылса мәңгі бұлағым
Ұланың бүгін тойыңда
Арнайды саған бұл әнін.
2- Жүргізуші: «Ұстаз» деген ардақты, киелі, үлкен құрметпен айтылатын сөз, ол әр адамның жастайынан сауатын ашатын, өнеге үйретіп, тәрбие беретін «Білім» атты кемеге отырғызып, болашаққа жол көрсететін, анаңдай әлпештеп, маңдайынан сипайтын адам.
Білдіріп шәкірттердің ақ ниетін,
Ұстаздың алып жүрген атын еркінБіз сізге өлеңнен өріп ұсынамыз,
Жүректің алғысы мен рақметін.
Ән ……………………………………………………………………………………
1-ЖҮРГІЗУШІ:  Менің ең сүйікті мақалым: Оқу-күрекпен құдық қазғандай / инеменМен шамасы дұрыс айтпадым-ау деймін. әріптер де, сөздер де бытырап, біртүрлі шашырап кетті ме, қалай?
Ендеше мен сендерді көмекке шақырайын, менің айтқан мақал-мәтелдерімді түзетуге көмектесіңдер.
1.         Қына басқа бітеді / тасқа
Білім шашқа бітеді /басқа
2.         Біліп тұрсаң да, сұрама / сұрап ал
3.         Аз біл, көп сөйле /Көп біл, аз сөйле
4.         Көрмес – шошқаны да көрмес /түйені
5.         Өнер алды – ұзын тіл /қызыл тіл6.         Жығылып жатып, жығылғанға күлме /сүрінгенге
        2- Жүргізуші:  Қадіріңді кезінде             Білмепті ғой ұланың.
             Қазір әрбір сөзіңе,
             Елеңдейді құлағым.
             Бірдей етіп ұстадың.
             Демей бізге бөтенсің.
             Кейде акылын ұстаздың,
             Сағынады екенсің.
              Сол ұстазға жаны нұр,
              Демек үлкен адаммын.
               Есейсек де бәрі бір,
               Баяғы шәкірт, балаңмын-деп қанша есейіп кетсек біз  сіздерді  ешқашан  ұмытпаймыз.
1-Жүргізуші: Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салған диқан да, мал бағып терін төккен шопан да, көк күмбезінен әрі өткен ғарышкер де бәрі-бәрі ұстаздан білім, тәлім алған, сондықтан ұлағатты ұстаздар сіздерге бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді.
 ІІ жүргізуші:  Құрметті ұстаздар! Біздің кешіміз осымен аяқталады. Халықтың нұрлы ертеңі үшін, ел игілігі жолында атқарып отырған еңбектеріңіз жемісті болсын! Шәкірттеріңіз еліміздің мәртебесін өсіріп, көсегесін көгертер асыл азаматтар болып өссін!
«Ұстазым» әні орындалады.