Мерекелік іс-шара: ?ош, даярлы? топ


Мектепалды даярлық топ тәрбиешісі: Кутемгенова Гульдана Кайровна
Тақырыбы: Даярлық топпен қоштасып, біз мектепке барамыз!Мақсаты: Балаларды мектепалды даярлық тобынан шығарып сала отырып, оқу-білімге деген қызығушылықтарын оятып, Отанын, елін, жерін, құрметтеуге баулып, адамгершілікке,сыйластыққа тәрбиелеу.Әдісі: Ертеңгілік.Барысы: І Ұйымдастыру кезеңі.ІІ Кіріспе сөз. (Музыка ойналып тұрады. )– Құрметті ата-аналар, ұстаздар, қонақтар! Бір жыл бойы мектепалды даярлық тобында, және «Айналайын» шағын орталығында тәрбиеленіп, білім нәрімен сусындап, оң, солын танып, білім жолына қадам басқалы отырған бүлдіршіндеріміздің даярлық топпен және шағын орталықпен қоштасу ертеңгілігіне қош келдіңіздер. Бүлдіршіндерімізге сәт-сапар тілей отырып, «Балалықпен қоштасып, біз мектепке барамыз !» атты ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер. Өтті қызық көп күндер,Алты жасқа жеттіңдер.Барасыңдар мектепке,Бір белестен өттіңдер.Олай болса, қоштасқалы отырған бүлдіршіндерімізді ортаға шақырайық.Тәрбиеші:Өсті міне бойларыңӨсті ақыл-ойларыңҚуанышқа ортақпын,Құтты болсын тойларың!Айналайын, балалар,Алда мектеп- ана бар.Өздеріңнен өседі,Өнерпаздар, даналар1 оқушы: АйымНағыз білім ырыс бақ,Дүниені тұр ұстап,Енді біздер сабаққа,Кірісеміз дұрыстап.2 оқушы: ДинараТәрбие берген ұямыз,Тәртіпті бала боламызҚоштасып даярлық топпененБіріншіге барамыз.
3 оқушы: ТолғанайҚұшағыңда жарқылдап,Өтті сәби күндерім,Мектепке барам мен енді,Даярлық топ қош енді.
4 оқушы: ДәрияӘліппеден әріп танып,Алғаш рет оқимыз.Тәрбиеден тәлім алып,Санамызға тоқимыз.
5 оқушы: Әділет
6 оқушы: Махамбет
(Есік қағылып , «5»-тік баға кіреді.)– Сәлеметсіңдер ме,балалар! Мені сендерге «Білім ханшайымы» балалардың мектепке барардағы білімдерін тексер,- деп жіберді. Менің қолымда «Білім ханшайымының» беріп жіберген, бірнеше тапсырмалары бар. Осы тапсырмаларды оқып, орындауларыңды талап етемін. Мен сендердің берген жауаптарыңа қарап, мектепке даярлықтарыңды тексеремін.І тапсырма Сұрақтарға жауап беру.ІІ тапсырма Сауат ашу сабағынанІІІ тапсырма Математика сабағынан.ІҮ тапсырма Өз өнерлеріңді көрсетесіңдер.
І тапсырма– Біз қай елде тұрамыз?
– Сендердің ауылдарыңның аты қалай аталады?– Неше жыл мезгілі бар?– 1 аптада неше күн бар?Ж а р а й с ы ң д а р б а л а л а р !ІІ тапсырма– Дауысты дыбыстарды қандай текшемен белгілейміз?– Дауыссыз дыбыстарды ше?– Тақтаға өз атын кім жазып береді?– Мақал-мәтел кім айтады?III тапсырма– 1-ден 20-ға дейін тура және кері санап беріңдер?– Суреттер бойынша кім есеп құрастырып береді?– Берілген фигураларды атаңдар?– Ойын: Сандарды ретімен орналастыр3 2 7 5 6 4 9 10 8 1ІҮ тапсырма(Өнерлеріңді тамашалайық)
Талай қызық той өткіздік,Бірақ орны ерекше.Даярлықпен қоштасатын,Бүгінгі той ерекше.Ән: «Қошақаным» хор Ойын: «ия, жоқ» балалармен1. Мектепке біз барамыз ба?2. Кілең бестік аламыз ба?3. Айтқан тілді аламыз ба?4. Ақылды бала боламыз ба?5. Нан жеймін деп жылаймыз ба?6. Танартен ерте тұрамыз ба?7. Сабақта отырып ұйықтаймыз ба?8. Ойыншықтармен ойнаймыз ба?9. Екі алғанда жылаймыз ба?10. Оқушы біз боламыз ба?Ата аналармен ойнау:1. Балаңызға әрқашан тірексіз бе?2. Сабақ оқып, есепке сіз жүйріксіз бе?3. Тамағын уақытылы бересіз бе?4. Төзімділікке сіз әр уақытта төзесіз бе?5. Сериал көріп жатасыз ба?6. Ұрып, нұқып үйретуге барасыз ба?7. Оқыту мұғалімнің жұмысы деген кері тартпа сөзді айтасыз ба?8. Сен оқыт, мен оқып шаршадым деп ұрысуға дайынсыз ба?9. Балаңыз үшін балаларды ұрасыз ба?10. Бала үшін асулардан асасыз ба?БИ:Жаяу биі ортаға Мерей би тобы шығады.
Ойын «Тез тұратын сандар»Шарты: Балаларға бірден 10 – ға дейінгі сандар беріледі, музыка тоқтағанда бір қатарға тез тұру керек.ӘН : «» орындайтын .( Хормен барлық бала айтады.)Еткен еңбек жемісі,Ақталды деп санаңыз.Білім, әлем көгіне,Қанат қағып ұшамыз.Балаларға алғыс хат тапсыру.Сүйікті балғын бала шақ.Сендердікі болашақ.Озат болып оқыңдар,Ойға білім тоқыңдарҚорытынды – Құрметті осы мерекеге жиналған ата-аналар! Бала біздің болашшағымыз, еліміздің ертеңі. Сол ертеңгі ел тізгінін ұстайтын ұрпағымызды тәрбиелеп, бойына ізгілік нұрын себу мына отырған сіздер мен біздердің міндетіміз.Міне, бүгін біздер осы бүлдіршіндерімізді мектепке даярлап, шығарып салғалы отырмыз. Осы балаларға сәт сапар тілей отырып, ата –аналар сіздерден ақ бата сұраймыз.