5 сынып?а арнал?ан саба? жоспары.Та?ырыбы:PAINT графикалы? редакторы. Сурет салу, са?тау ж?не ашу


ШҚО, қ.Семей, «№3 жалпы орта білім беретін мектеп-кешені» КММ
информатика пәні мұғалімі Камбарова Альфия Куандыковна
Cынып:5
Тақырыбы: PAINT графикалық редакторы. Сурет салу, сақтау және ашу
Мақсаты: Оқушыларға Paint графикалық редакторы, редактордың құрал саймандарын дұрыс пайдалана білу және командаларды орындай алу қызметін меңгерту
Міндеттері Қандай әдіс-тәсілдер арқылы іске асырамыз
Оқушыларды графикалық редактор командаларымен, құралдарымен,үзінділермен жүргізілетін жұмыс түрлерімен таныстырып, редакторда жұмыс жасай білуге үйрету Түсіндіру, көрнекілік, баяндау
Графикалық редактор ұғымымен таныстыра отырып оқушылардың дүниетанымдарын,ой-өрістерін, пәнге деген қызығушылықтарын дамытуСұрақ-жауап, талдау,салыстыру. ой қорыту
Эстетикалық талғамдарын қалыптастыру, шапшаңдыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу Жұптық жұмыс
Әдістер мен стратегиялар: түсіндіру, көрнекілік, баяндау, сұрақ-жауап, талдау, салыстыру, ой қорыту.
Құралдар-жабдықтар: ДК, оқулықтар, презентация, таратпа карточкалар.
Сабақ барысы:
Сабақ кезеңдері Мұғалімнің іс-әрекеттері Оқушының
іс-әрекеттері
Ұйымдастырыу кезеңі Амандасу. Оқушыларды түгендеу. Сабаққа дайындықтарын тексеру. Зейіндерін сабаққа аудару. Сабақтың мақсатымен таныстыру. Амандасады, сабаққа келмеген оқушыларды айтады
II. Үй жұмысын
тексеру Тест жұмысы
Информатика 5 сынып электронды оқулықтағы «Ақпаратты ізеу, жазу, және оқу» тақырыбы бойынша тест жұмысын орындайды
ІІІ. Қызығушылықты ояту Петроглифтер дегеніміз не?
Уақыт өте келе адамдар тасқа емес тағы неге салған?
Қазіргі таңда техниканың дамуына байланысты суреттерді қайда салуымыз мүмкін?
Ерте кезден-ақ адамдар өз ойларын тасқа бейнелеп,уақыт өте келе қағазға түсірген, ал қазіргі таңда біздер өз ойымызды компьютер арқылы бейнелей аламыз.
Ендеше бүгінгі өтетін тақырыбымыз
PAINT графикалық редакторы Оқушылар үйден дайындаған видеоарын көрсетеді
Қағазға,папирусқа оқушылар өз ойларын айтады
Компьютерге, арнайы программалар арқылы саламыз т.б. оқушылар өз ойларын, жауаптарын береді.
Оқушылар зейін қойып тыңдайды
ІV. Мақсат қою кезеңі Оқушыларды графикалық редактор командаларымен,құралдарымен,үзінділермен жүргізілетін жұмыс түрлерімен таныстырып,редакторда жұмыс жасай білуге үйрету Зейін қойып тыңдайды
V. Жаңа
тақырыпты
түсіндіру 1.PAINT графикалық редакторы туралы түсінік
Раіnt бағдарламасын іске қосу үшін Пуск => Все программы => Стандартные => Раіnt
Редакторды жүктегеннен кейін экранда әдеттегідей, тақырып жолынан, меню мен жұмыс үстелінен тұратын терезе пайда болады. Менюді пайдалана отырып, терезеде құрал-саймандар тақтасын, палитраны және қалып-күй жолын жарықтандыруға болады. Егер жұмыс ортасының өлшемі терезе өлшемінен үлкен болып берілсе, онда жұмыс ортасының төменгі және оң жақтарында айналдыру жолақтары пайда болады. Қалып күй жолында меңзердің пикселдердегі координаттарын байқауға болады.
68580078105Тақырып жолы
00Тақырып жолы
304800016764000198120021717000
Құралдар жиыны
Сурет салу алаңы
Меню жолы
Түстер палитрасы ы
Құралдар жиыны
Сурет салу алаңы
Меню жолы
Түстер палитрасы ы

Құрал-саймандар тақтасы жұмыс аймағының сол жағында орналасады және онда мынандай құрал-саймандар бар:
— суреттің ерікті аймағын белгілеу;
суреттің тік төртбұрышты үзіндісін белгілеу;
суреттің белгілі бір бөліктерін өшіруге арналған өшіргіш;— тұйық контурды құю;
-67310143954500суреттен түс таңдау;
— экрандағы бейненің өлшемін өзгертуге арналған масштаб;
-42545212788500
-56515261493000— жіңішке сызықтарды сызуға арналған қарындаш;
— ерікті сызықтарды сызуға арналған кисть (қылқалам);
-70485323659500
— түрлі түсті нүктелерді салуға арналған бүріккіш;
-66040374967500
10160451358000— мәтінді енгізу мен қалыптастыруға арналған жазу (әріптердің пішіні мәтін атрибуттарының тақтасының көмегімен өзгертіледі, ол меню арқылы шақырылады);
— түзу сызықтарды салуға арналған сызық;
-22225492315500қисық сызықтарды салуға арналған қисық (алдымен түзу сызық саламыз, содан кейін екі рет сызық қисықтығын береміз, бұл маустың сол жақ батырмасын басып жылжыту арқылы орындалады);
85090587883000 тікбұрыш, көпбұрыш және эллипс - қажет фигураны салуға мүмкіндік беретін құрал-саймандар, фигура дұрыс салынуы үшін (шаршы, шеңбер) маусты жылжытқанда Shift пернесін басып ұстау керек.
-79375105473500-6350069024500-8636038036500-100965-254000—салынған кескінді болдырмау үшін Сtrl+Z пернесін басу керек.
1665605685419000
-57150172783500Палитра жұмыс аумағынан төмен орналасқан және түсnер жиынтығъшан басқа (түрлі түсті шаршылар), негізгі және фонның түстерін көрсететін түс индикаторы бар. Түстер маус батырмасын қажетті түсте басу арқылы таңдалынады. Оң жақ батырмамен — фонның, ал сол жақ батырмамен негізгі түсті тандаймыз. Өшіргіш кескінді фон түсімен өшіреді. Тікбұрыш, көпбұрыш және эллипс тандалған режімге байланысты, фон түсімен боялуы мүмкін. Палитраны өзгерту үшін, оған маустың оң жақ батырмасымен екі рет шерту керек.
873125139509500Меню.
Меню алты пункттен тұрады, оларды маустың батырмасын басу арқылы тандауға болады. Менюдің әр пункті созылған бағыныңқы менюден тұрады. Меню арқылы терезенің түрін, жұмыс аймағының өлшемін өзгертуге, суреттің бөлігін көбейтуге, суреттің белгіленген бөлігінің түсін өзгертуге, еңкеюін ауыстыруға, суретті сақтау немесе қалпына келтіруге, суреттің экранға беру режимін өзгертуге (масштаб), суреттің бір бөлігін көшіруге және оны алмасу буферінде сақтауға (ақпаратты уақытша сақтауға арналған жадтың арнайы аймағы) болады.
Зейін қойып тыңдайды
VІ. Компьютердегі тәжірибелік жұмыс Компьютерде деңгей бойынша тапсырма орындату:
Тапсырма-1. Жұмбақтардың шешуін тап, суретін сал, 5-сынып атымен сақта
 1) Қақаған қыста,
Өседі тыста.
Өзгертпей өңін,
Сақтауға ұста.    (Шырша)
 2) Күндіз кірер «інге»,
Жұрт қалады білмей.
Шығады тек түнде,
Болам дейді күндей.   (Ай)
 3) Көктем сайын жайқалып,
Жаңбыр суын ішемін.
Күз болғанда сарғайып,
Қурап-қурап түсемін(Тоғай)
Тапсырма-2.
Қожанасыр мен оқытушы
Қожанасыр мектепте оқып жүрген кезінде оқытушысы:
-Қожанасыр күн неше сағат? - деп сұрапты.
-Бүгін күн жиырма бес сағат болса керек, - деп Қожа.
-Жиырма төрт сағат емес пе?-деп жекіріпті оқытушы сонда.
-Кеше «күн енді бір сағат ұзайды» дегеніңіз қайда,тақсыр!-депті оған Қожа.
Тапсырма-3
Раіnt графикалық редакторын ашып, Файл-Открыть командалары арқылы 5 сынып құжатынан 3 тапсырма суретін аш және оны боя
Компьютерде жұмыс жасайды
Жұмбақтардың шешуін, тауып, суретін салады, сақтайды
Мәтінде не туралы айтылғанын анықтайды, суретін салады
Раіnt графикалық редакторын ашып, Файл-Открыть командалары арқылы 5 сынып құжатынан 3 тапсырма суретін ашады, бояды
VІI. Сергіту сәті Сәйкестік кестемен жұмыс
Оқушылар сәйкес торларға + белгісін қояды
VІII. Бекіту
Cұрақтар:
6159522669500Редактор қызметтерін ата?
Оқушылар сұрақтарға жауап береді Құрал-саймандар мен бояуларды қолдана отырып, сурет салуға;
Суреттерді бөлек бөліктерден құрастыруға;
Суретке мәтінді енгізу және қалыптастыруға;
Бар графикалық объектілерді түзетуге;
Схемаларды сызуға жәнс т.б. мүмкіндік береді.
ІХ. Үй тапсырмасы PAINT графикалық редакторы. Сурет салу, сақтау және ашу тақырыбын оқу және «Ертегілер еліне саяхат» тақырыбында қалаған бір ертегі кейіпкерін салып келу
Күнделікке жазады