?ыс?а мерзімді саба? жоспары Paint графикалы? редакторы. Сурет салу са?тау ж?не ашу (5 сынып)


Астана қаласы әкімдігінің «№78 мектеп-гимназия» информатика пәні мұғалімі: Абильдина Айгуль Кабдрахмановна
5 сынып информатика қысқа мерзімді жоспар
Сабақтың тақырыбы: Paint графикалық редакторы. Сурет салу сақтау және ашу.
Сабақтың танымдық мақсаты: Paint графикалық редакторын іске қосуды, жұмыс өрісін, құрал-саймандар тақтасын, палитраны, сурет салу жолдарын пайдалануға үйрету.
Сілтеме: 5-сынып оқулығы. Авторы: Е.Вьюшкова, Н. В. Параскун, Б.Қ. Әбенов электрондық оқулық, презентация
Күтілетін нәтиже: Оқушылар сурет өлшемін орнатуды, сақтауды біледі. Түстер палитрасын іске қосуды. Қылқалам, қарандаш, сызық, доғал масштаб құралдарын қолдануды біледі.
Әдіс –тәсілдер: Сын тұрғысынан ойлау («Оқулықпен жұмыс», «Миға шабуыл », «Мағананы тану», «Ой шақыру» «Білу» .
Мұғалімнің іс- әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Мативациялық кезең
Сыныппен сәлемдесу.
Сыныпты ұйымдастыру (оқушыларды тексеру, аудиторияны қалыпқа келтіру)
Оқушыларды түстер арқылы топқа бөлу.
Оқушыларды бүгінгі сабақтың тақырыбымен және мақсатымен таныстыру.
«Топтастыру»
Суретті қайда салуға болады?
Қандай графикалық редакторларды білесіздер? Оқушылармен мұғаліммен амандасады, сабаққа дайын.
Жағымды психологиялық әсер алады.
Оқушылар сұрақтарға жауап береді.
Операциялық
кезең «Оқулықпен жұмыс»
Оқушылар 5 мин оқулықтағы тақырыппен танысады және постерге «Ой шақыру» сызбасын жасайды.
«Түсіну»
Мағынаны тану ( компьютер тікелей көрсету арқылы іске асады)
Графикалық редактор – графикалық бейнелерді құруға және өзгертуге арналған программа.
Paint (ағылшынша сурет, сурет салу) – бұл растрлық (нүктелерден тұратын) бейнелермен жұмыс істеуге арналған графикалық редактор.
Пиксель (ағылшанша picture element – суреттің элементі) растрлық бейненің ең кішкентай элементі.
«Сергіту сәті»
Түймедақ алқабы
«Қолдану»
Компьютердегі тәжірибелік жұмыс жасаймыз.
Слайдтағы суретті салу.
Оқушы тапсырманы орындалуын түсінеді
Қажетті мағлұматты дәптерге түртіп алады.
Әр оқушы тапсырмаларды орындайды.
Оқушылар компьютермен жұмыс жасайды.
Рефлекциялық кезең «Бұлттар сұрақ-жауап»
PAINT графикалық редакторы дегеніміз не?
Графикалық деректерді ензізу үшін қандай құрылғылар қолданылады.
Графикалық редактор дегеніміз не?
Растрлық графиканың артықшылығы
Paint бағдарламасын қалай ашамыз?
Қандай тәсілмен файлды ашуға және файлды құруға болады?
Бағалау.
Тақырыптың мазмұнын бағалау.
Өзін өзі бағалайды.
Рефлексия.
Бас бармақ
Бас бармақ жоғарыға қарап тұрса – Мен түсінемін
Бас бармақ көлденең тұрса – Мен түсінгендеймін
Бас бармақ төмен қарап тұрса – Мен түсінбедім Оқушылар сұрақтарға жауап береді, өз ойларын айтады.
Жауап парақшасынан тексереді.

Оқушы бүгінгі тақырыптың ашылуын бағалайды.
Оқушылар өзін-өзі бағалау бетшесі арқылы бағалайды.
Оқушы өз шешімен бөліседі.
Үй тапсырмасы §14 Қарапайым графикалық редакторы. Сурет салу сақтау және ашу оқу
«Өзіңді тексер» тестін орындау, Тәуелсіздік тақырыбында сурет салу. Үйге тапсырма алады.