?н мен ?нші бай?ауы
«Ән мен әнші» ән байқауы
Алматы қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде 2016 жылдың қаңтар айының 26 жұлдызында мектеп акт залында ұстаздар мен оқушылардың бірлескен «Ән мен әнші» ән байқауы жүргізілді. Байқау ұйымдастырушылары қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері Оспан Әсел Оспанқызы мен Еламанова Айнұр Нұрниязқызы.
Байқаудың негізгі мақсаты мектептегі тәрбиенің рөлін арттыру, талғам мәдениетін тәрбиелеу, интеллектуальды мәдениетті қалыптастыра отырып, ұстаз бен оқушы арасындағы талғамдық құндылықтарға жету қабілеттерін қалыптастыру мақсатында қазақ тілі мен әдебиеті апталығында өткізіліп отыр. Аталмыш байқау негізінде өз қабілеттерін белгілі бір шығармашылық салада байқап көре білетін, кәсіби деңгейі жоғары шығармашыл ұстаздарымыз бен дарынды оқушыларды анықтау, мектеп оқушыларының музыкалық-эстетикалық талғамын шыңдау көзделіп отыр. Байқау өз деңгейінде өткізілді, кеш соңында байқауға қатысушылар дипломмен марапатталды, ал бас жүлде алған жұлдызды жұпқа бағалы сыйлық табысталды.
Байқау жеңімпаздары:
Бас жүлде: Тұрсынбайұлы Ерзада мен Бакизова Жания
1-орын: Досанов Саят пен Асқарова Інжу Бақытқызы
2-орын: Әкім Әйгерім – Игібай Ерасыл
3-орын: Бекен ағай – Жолжақсынова Ділдә
Ал қалған жұптар «Көңілді ән», «Ең үздік орындаушы», «Стильді жұп», «Ең креативті жұп», «Әдемі ән» секілді номинациялар берілді.
1 - Жүргізуші: Армысыздар құрметті көрермендер, ұстаздар мен оқушылар!!! Бүгін міне, мектебімізде ұйымдастырылып отырған «Ән мен әнші» ән байқауына қош келдіңіздер!!!
2 - Жүргізуші: Біз бүгінгі сайыста мектеп ұстаздары мен оқушыларының жұптасып ән айтуларын тамашалайтын боламыз және оза шапқан жарық жұлдыздарды сіздермен бірге анықтайтын боламыз. Өздеріңізге ұнаған жұптарыңызға қолдау көрсетіп, қошеметтеп отырыңыздар. Әр жұп жарық жұлдыз болуға лайық, олай болса шын жүйрікті бірге анықтайық.
1 - Жүргізуші: Ендеше уақытты көп созбай бүгінгі жұлдызды кеште ән шырқайтын жұптарымызды таныстырып өтсек:
Қайыпқали Медет Ұзақбайұлы – Еркебұлан Алтынай
Әкім Әйгерім Жанұзаққызы – Игібай Ерасыл
Оспан Әсел Оспанқызы – Балтағұлов Мирас
Құдабаева Жазира Қожабековна – Габдикалыков Аділет
Бекен ағай – Жолжақсынова Ділдә
Тұрсынбайұлы Ерзада - Бакизова Жания
Нұрдәулет Ұлан – Нұрмұхамет Сара
Досанов Саят – Асқарова Інжу Бақытқызы
Бейісбеков Ашир - Гүлжахан
2 - Жүргізуші: Құрметті көрермендер жұптарымызбен танысып болсақ, бүгінгі сайыста төрелік ететін әділ қазылар алқасымен таныстырып өтсек:1. Усипбаева Балжан Тургынбековна2. Амирова Гүлзаман Уаповна3. Манкараев Асқар Сайлаубайұлы
Құрметті қазылар алқасы сіздердің алдарыңызға бағалау парақтары таратылды, бағалау ең жоғарғы ұпай 5 ұпай, ең төменгі ұпай 3 ұпай. Ал ұпай санын сайыс соңында айтасыздар.1 - Жүргізуші: Екі жұлдыздың сахнасына алғашқы болып бірінші жұбымыз шыққалы тұр. Ендеше қарсы алайық. Нұрдәулет Ұлан мен Нұрмұхамет Сара «Сенен басқа» әнімен қабыл алыңыздар!2 - Жүргізуші: Тағы да бір тамаша ән алау от боп лауламақ. Қарсы алыңыздар, Ерзада мен Жания Естайдың «Құсни Қорлан» әнімен. Құрметті көрермендер қол соғып, қолдап отырыңыздар.
1 - Жүргізуші: Айшылық алыс жерлерден жылдам хабар алғызған деп осыдан екі ғасыр бұрын Ыбырай Алтынсарин сымтетік (телефон) жайында арман етіп, өз өлеңіне тиек етсе, армандар орындалып, міне бүгінде сол сымтетік жайлы көптеген әндер туындап жатыр. Олай болса, алдарыңызда Қайыпқали Медет Ұзақбайұлы мен Еркебұлан Алтынай «Алло» әнімен қарсы алайық.2 - Жүргізуші: «Әнді сүйсең, менше сүй»,- демекші, «Бол жанымда» әнімен сахна төрінде Жазира мен Темірлан Аділетті қарсы алыңыздар.
1 - Жүргізуші: Көп жұп көбіне саябақта қауышып жатса, ал бұл жұп вокзалда қауышыпты. Қарсы алыңыздар ортада Әкім Әйгерім Жанұзаққызы мен Игібай Ерасыл «Вокзалда қауышқан қыз» әнімен.2 - Жүргізуші: Әннің де естісі бар, есері бар
Тыңдаушының құлағын тесері бар,
деп Абай атамыз айтқандай, келесі орындалар әніміз Абайдың өз шәкіртінің туындысы болса, әрине, есті әндер қатарына жатары анық. Қарсы алыңыздар ортада Оспан Әсел Оспанқызы мен Балтағұлов Мирас : «Бұл ән – бұрынғы әннен өзгерек» әнімен.
1 - Жүргізуші: Келесі жұп «Егіз - лебіз» әнімен өз бақтарын сынап көрмекші, олай болса, қарсы алыңыздар ортада: Бейісбеков Ашир мен Гүлжахан қыздарыңыз.
2 - Жүргізуші: Досанов Саят пен Асқарова Інжу Бақытқызы «Ана – сен бақыттысың»
1 - Жүргізуші: Құрметті көрермендер кешіміз де шарықтау шегіне жетіп қалды. Бүгінгі сайысты қорытындылайтын жұлдызды жұбымыз Бекен агай мен Ділдә Жолжақсынова болмақ. Бізге белгілісі олар қазір сахна төріне шықпақ. Ал қандай өлең айтатындары бізге белгісіз.
2 - Жүргізуші: Құрметті көрермендер жұлдызды жұптарымыз өз әлдерінше әндерін орындап шықты. Қазір олардың жүректері қуаныш пен үрейге толы, міне сырғыған сын сағаты да таяп қалды.Музыкалық номер. Қазылар алқасы ойланғанша: Бекен ағай – «Көк тудың желбірегені»1 - Жүргізуші: Бүгінгі жұлдызды кешіміздің жеңімпаздарын анықтау үшін сахна төріне қошеметтеп әділ қазылар алқасын шақырамыз.
2 - Жүргізуші: Ән мен әншінің әнұраны.
Байқаудың қазылар алқасына
№ Бағалау өлшемдері №1 №2 №3 №4 №5 №6 №7 №8 №9 №10
1 Сырт келбеті, киім кию үлгісі 2 Шығармашылық,
ән таңдау деңгейі; 3 Әнді орындау шеберлігі 4 Сахналық қойылым 5 Қорытынды баға Алдарыңызда бағалау парақтары таратылды, бағалау ең жоғарғы ұпай 5 ұпай, ең төменгі ұпай 3 ұпай.Әр жұп өз әнін орындап біткеннен кейін сөз кезегі сіздерде. Ал ұпай санын сайыс соңында айтасыздар.