Домбыра — хал?ымызды? м?расы


Кіріспе
Кәсіби оқу жүйесінің пәрменді түрдегі даму сатысы бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі. Қазақ халқының аспаптық музыкасы, соның ішінде домбыраға арналған күйлер ең жоғары кәсіби өнеріміздің бірі. Бізге жеткен күйлердің әуен ырғағы, тақырыбы мен мазмұны, халықтың көкейкесті ой-арманынан туған. Ал, халық күйшілері сол күйлерді сақтап, келесі ұрпаққа жалғастырды. Соның арқасында, қазіргі күйлер өмірдің тар жол бұралаңдарынан өтіп, біздің заманның айғағы болып отыр.
Өткен ғасырдың соңында еліміз егемендік алып, тіліміз мемлекеттік мәртебеге ие болып, тарихымыз түгенделуде. Ендеше қазақтың күй өнері, күй жанры да өзінің тарихи түр-сипатын анықтап, дәстүрлік ерекшеліктерін белгілеп алуға тиіс. Мұның өзі, күй жанрының даму сапасының келешекте жоғары сатыға көтерілуіне жол ашып береді. Дәл осы кезеңде біз табиғи қалпы сақталған, әуен ырғағы бұзылмаған, бұрынғы нұсқасы өзгермеген күйлерді студенттерге үйретуге міндеттіміз, әрі мұны болашақта жас күйшіні тәрбиелейтін музыкалық білім көзінің қайнар бұлағына айналдыруға тиіспіз. Өйткені күй – қазақ халқының рухани асыл қазынасы.
Қазіргі домбыра үйрену әдістемесі ғасырлар бойы қалыптасқан күй үйрену тәжірибесінің қағидаларымен тығыз байланыста болуы керек. Халық күйшілері қалдырған күй үйрену тәжірибесінің негіздерін жинақтап, қазіргі домбыра үйренудің жүйелі әдіс-тәсілдерін жасап, домбыра үйренудің болашақтағы бағыт-бағдарын анықтап алуды өмірдің өзі талап етіп отыр.
Қазақта  күйшілік өнердің сан ғасырлық даму тарихы бар. Ендеше, Ұлы Қорқыттан бастап ұлы халық күйшілері өзінен-өзі пайда болмағаны белгілі жай. Олардың тәлім-тәрбие алған ұстаздары болғаны, сол ұстаздардың арасында қазақтың әншілік, жыршылық, күйшілік, шешендік, ақындық сияқты өнер түрлері қалыптасқаны мәлім.
Өнерді көріп, әдісін тауып баптайтын шынайы бапкер болғанда ғана шеберліктің шыңына көтерілуге болады. Қазақта күй өнері тәжірибесі өте жоғары дәрежеде болғанын дәлелдейтін жүзднген көне күйлер, күй жанрының дәстүрлік сипаты, күй жанрының мектептері т.б. сапалық дамуы тарихи шындық. Халық өнерпаздарының өздері жасаған әдістемелік жүйесі бар екенін осыдан-ақ білеміз.
Ең бастысы бұрынғы халық күйшілерінің күй үйрену тәжірибесінен адасып қалмау. Қүйдің мазмұнын түсініп, мәнерлеп жақсы тарту үшін шеберлік қажет. Күй тартудың барлық сырларын, оның тұнып тұрған әдістерін жүйелі түрде үйрену үшін ұстаздық үлкен тәжірибе керек, ғасырлар бойы қалыптасқан күй тарту өнерін жан-жақты меңгеру үшін әдістемелік жүйе керек.
Қазақтың домбыра өнері бүгінгі таңда екі бағытта дамып келеді. Біріншісі, ғасырлар бойы келе жатқан күйшілік өнер жолы. Екіншісі, қазіргі кәсіпқой домбырашылар дайындайтын музыкалық оқу орындары.
Ендігі жерде, халқымыздың рухани талап-тілегін қанағаттандыра алатындай дәрежеде домбыра өнерін дамыту үшін, домбыра тарту шеберлігін жан-жақты зерттеген еңбек қажет. Көнеден келе жатқан күй өнерінің тарихы жайлы, дәстүрлік түр-сипаты және мектептері туралы жүйеленген бағыттары айқындалуға тиіс. Батыс Қазақстан мектебінің орындаушылық дәстүрінде домбыраның барлық техникалық дыбыс мүмкіншілігін пайдалану салалары көп. Соның бірі оң қол мәселесі.
Домбыра өнерінде Батыс Қазақстандық төкпе, Шығыс Қазақстандық шертпе тәрізді дәстүр қалыптасса, сол екі мектептің айырмашылығы қағыс түрлерінде. Батысқа тән күйлер оң қолдың сермей соғуымен орындалып, «қара қағыс», «ілме қағыс», «бөгеме қағыс» т.б. болып сан түрге бөлінсе, ал Шығыс Қазақстандықшертпе дәстүрінің ерекшеліктерінде күйлердің ән тектес әуенді,  сазы мен жұмсақ нәзік үнді болып келуін саусақ басымен шертіп тарту әдістерін жатқызуға болады.
Қазақ халқының дәстүрлі домбыра үйрену мектебінде аспапты меңгеруде түрлі әдіс-қағыстарды суреттейтін көптеген түсініктер бар. Осы сөздердің көбі дәстүрді сақтау және алға алып барудың керектігінен туған және күні бүгінге дейін ауызша үйрету жүйесінде белсенді түрде қолданылып келеді.
Домбыраның қағыстары күйдің мазмұнын түсіндіруде ең басты құрал, қысқаша айтқанда домбыраның қағысы – күйдің тілі. Сондықтан да, оң қолдың қағысының неше бір түрлерін көрсететін, әрқайсысының белгілі бір өзіне тән аты бар, көптеген әртүрлі терминдер мен атаулар бар.
Біз бүгін домбыра аспабында сирек кездесетін әдіс-амалдарды үйрету тәсілімен танысқалы отырмыз. Ұлы күйшілердің күй үйрену тәжірибесін сақтай отырып қолдан келгенінше кейінгі ұрпаққа күйді бұзбай жеткізу – қасиетті борыш.
Мазмұны
Домбыраның тарихы
Домбыраның түрлері
Сипаттамасы
Домбыраның дамуы
Көп ішекті домбыра
Домбыраны зерттеу нәтижелері.
Домбыра аспабының шығу тарихы
XIX ғасырда қазақ халқының тұрмысында анағұрлым кең тараған Музыкалық аспап екі ішекті домбыра болатын. Егер бұрынғы заманда көне аспаптар ән, жыр,ертегі-аңыздарды сүйемелдеу үшін ғана қолданылған болса, енді домбыра жеке шығарма орындауға арналып, күрделі аспаптардың қатарына қосылды.

Почта маркасындағы домбыра
Әр түрлі ескерткіштерге, сондай-ақ этнографтардың жазып қалдырған еңбектеріне жүгінсек, домбыра және өзге халықтардың осы тектес аспаптары тіпті сонау орта ғасырларда белгілі болған екен. Мысалы, Әбу Насыр әл-Фарабидің еңбектерінен тамбур аспабы жайында оқимыз.
Өзбектердің домбыраға өте ұқсас екі ішекті дутары алғаш рет әл-Хусейнидің «Музыкалық канон» деген трактатында ауызға алынды.  HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/%D2%9A%D0%B0%D0%B7%D0%B0%D2%9B%D1%82%D0%B0%D1%80" \o "Қазақтар" Қазақтың халық аспабы домбыра XIV ғасыр жазбаларында кездеседі. Оның бастағы түрі мен құрылысы қазақтың домбырасынан аумайды, осындай аспап аттарының ұқсастығы да олардың түпкі шығу тегі бір екекін көрсетсе керек.
Өткен жүз жылдықта ұлы халық композиторы Құрманғазымен бірге Дәулеткерей, Тәттімбет, Сейтек, Байсерке, Қазанғап секілді саңлақ күйшілер дүйім жұртты аузына қаратқан еді. Бұлар бармағынан бал тамған майталман домбырашы болуымен бірге нелер бір ғажап күй де шығарған шын мәніндегі өнер иелері-тін. Солардың арқасында домбырада тартылатын күйлердің музыкалық формасы үздіксіз жетілдіріле түскен-ді. Домбыраның техникалық мүмкіндіктері артқан сайын домбыра тарту өнері де едәуір өрге басып, байи түсті.
Қазақстанның батыс аудандарында домбыра тартудың өзгелерге ұқсамайтын бөлек дәстүрі қалыптасқанын айту керек. Батыс аудандардағы домбыраның негізгі өзгешелігі, көлемі үлкен болып келеді, сондай-ақ шанағы сопақ, мойны жіңішке, перне саны көбірек. Сондықтан мұндай домбыраны тартқанда қолданылатын техникалық, тәсілдерді шанағы жалпақ домбыраға қолдану қиын, өйткені бұл соңғы домбыраның мойны едәуір енді және ондағы перне де аз.
Шанағы жалпақ домбыраның бірнеше нұсқасы кең тараған. Егер батыс аудандардағы домбыраларға 12—14 перне тағылса, ал шанағы жалпақ домбыраға не бары 7—8 ғана перне байланған. Перне санын арттыру процесі өте баяу жүрді және оның өзі орындалатын репертуарға тікелей байланысты еді. Әдетте, жаңа перне онымен алғаш орындалатын күйдің атымен аталынды. Пернелердің бірі домбырада «Түрікпен күйін» орындағанда байланды да, «Түрікпен пернесі» деп аталды. Бейтарап терция интервалын беретін басқа бір перне Қазақстанның батыс аудандарында «Сарыарқа пернесі» деп аталады.
Аңыз-ертегілердің бірінде аспаптағы жоғарғы тиектің қалай пайда болғаны жайында айтылады. Жаумен шайқасып, одан соң алыс сапар шегіп әбден қалжырап келе жатқан батыр жолшыбай демалуға аялдайды. Сайдың ішіндегі саялы жерде жайғасып отырған соң талдан бір шыбық кесіп алады, оған жылқының қылын керіп байлайды да, дыбыс шығармақ болып көреді. Бірақ қолдан жасаған тым жұпыны аспаптан ешқандай үн шығатын емес, тым-тырыс, меңіреу күйінде қала береді. Батыр оны жанына тастай салады да, өзі қисайып жатып ұйықтап кетеді. Ол жанындағы өзі жасаған аспаптан шығып жатқан дауыстан оянады. Қолына алып қараған батыр аспаптың мойын тұсынан титтей ағаш тиекті көреді, оны әлдебіреу ішектің астынан келтіріп орнатып қойған екен. Батыр: «Е, бұл шайтанның ісі болды ғой»,— деп ойлайды. Бәлкім содан бері қалған сөз болса керек, халық арасында жоғарғы тиекті «шайтан тиек» деп атайды. Ішекті жылқының қылынан тағу, жоғарғы тиектің болмауы көне аспаптарға тән сипат.
Домбыраның түрлері[өңдеу]

Домбыра-контрабас

Кішкентай домбыра
Қазақ даласының әр өңірінде кездесетін домбыралар жергілікті жер жағдайына, тұрмыс-салты мен дәстүріне, ән, жыр, күй мектебі мен әр өнерпаздың орындаушылық мәнеріне, аспапшы шеберлердің ісмерлігіне байланысты әртүрлі пішімде дамытылып, өзгеріп отырған.
Ән, жыр айтуға арналған домбыраның пернелері 8 – 9, әрі кеткенде 14 – 15-ке жетсе, күй домбырасына 20-дан астам перне тағылады. Олардың құлақ бұрауы да қажетіне қарай (кварта, квинта) өзгертіледі. Домбыра, негізінен, екі ішекті және кейде үш ішекті болып келеді. Домбыра тартуда қағыстардың түрлері өте көп. Мысалы, «сермеп ойнау», «іліп қағу», «шертіп ойнау», т.б.
Қазіргі кезде домбыраның 20-дан астам түрлері бар. Олардың ішінде
ән мен күй домбырасы
торсық
тұмар
кең шанақты (екі нұсқасы)
балдырған
балашық
шіңкілдек
аша
үш ішекті
қуыс мойын
шертер
оркестр домбыралары:
қоңыр дауысты (альт)
жіңішке дауысты (прима)
ащы дауысты (секунда)
бас домбыралар (екі нұсқасы) [1]Сипаттамасы[өңдеу]
Домбыра құрылысы бірнеше бөліктен тұрады: басы, құлақтары, пернелер, мойын, шанақ, бетқақпақ, ілгек және ішектер. Сондай-ақ, оның көптеген қосымша бөлшектері бар (тиек, кемер ағаш, тұжым ағаш, бастырма, ойық, қалқа, түйме, өрнек, желкелік). Домбыра тиегі үш түрлі болады (шайтан тиек, негізгі тиек, табалдырық тиек).
Домбыра дыбыс өткізгіштігі жоғары қарағай, дыбыс жаңғырту қасиеті бар тұт, қатты жынысты үйеңкі, емен секілді киелі ағаштардан, негізінен, екі түрлі әдіспен – құралып немесе ойылып (шауып) жасалады. Құрама домбыралардың шанағы жұқа тілшелерден құралып жасалса, бітеу домбыра тұтас ағаштан ойылады.
Домбыра аспабы халықтық кәсіби өнердің туып-қалыптасуына, өркендеуіне негіз болған. Байжігіт, Құрманғазы, Дәулеткерей, Тәттімбет, Сейтек, Қазанғап, Сүгір, Тоқа, т.б. даңқты күйшілердің төкпе, шертпе күй дәстүрлерінің тууы, дамуы осы Домбыра аспабымен тікелей байланысты. Олардың дәстүрін, мұрасын бүгінгі күнге жеткізгенДина Нұрпейісова, Ә. Хасенов, Науша Қашағанов, Махамбет Бөкейхановтар, Төлеген Момбеков, М. Хамзин, Қ. Жантілеуов, С. Балмағамбетов, Л. Мұхитов, т.б. сияқты домбырашылар болса, қазіргі майталман орындаушылар – Қаршыға Ахмедияров, У. Бекенов, Р. Ғабдиев, С. Шәкіратов, Б. Ысқақов, Бекболат Тілеуханов, Айгүл Үлкенбаева, А. Райымбергенов, т.б.
Домбыра – тек күй тартуға ғана емес, ән айтқанда сүйемел үшін де қолданылатын аспап.  HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%91%D1%96%D1%80%D0%B6%D0%B0%D0%BD_%D1%81%D0%B0%D0%BB" \o "Біржан сал" Біржан сал, Ақан сері,Жаяу Мұса, Мұхит, Мәди, Кенен Әзірбаев, Әміре Қашаубаев, М.Ержанов, Ж.Елебеков, Ғ.Құрманғалиев, Қ.Байбосынов т.б. белгілі әншілер домбыраның әнге әр беріп, әншіге демеу болатынын дәлелдеді.
Домбыраның дамуы[өңдеу]
Домбыра аспабының дәстүрлі үлгілерін, халықтық дәстүрдегі перне байлау, домбыра баптау, күй ойнау, домбыра жасау жөнінде зерттеулерді Б.  HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%A1%D0%B0%D1%80%D1%8B%D0%B1%D0%B0%D0%B5%D0%B2_%D0%91%D0%BE%D0%BB%D0%B0%D1%82_%D0%A8%D0%B0%D0%BC%D2%93%D0%B0%D0%BB%D0%B8%D2%B1%D0%BB%D1%8B" \o "Сарыбаев Болат Шамғалиұлы" Сарыбаев, Б. Орымбеков, Т. Әсемқұлов, А.  HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%A1%D0%B5%D0%B9%D0%B4%D1%96%D0%BC%D0%B1%D0%B5%D0%BA_%D0%90%D2%9B%D1%81%D0%B5%D0%BB%D0%B5%D1%83_%D0%A1%D0%BB%D0%B0%D0%BD%D2%B1%D0%BB%D1%8B" \o "Сейдімбек Ақселеу Сланұлы" Сейдімбек, Д. Шоқпарұлы, т.б. еңбектерінен кездестіреміз. Домбыра құрылымдық, сапалық дәрежесінің кемел деңгейге жетуі барысында бүгінге дейін бірнеше сатыдан өтті:
1932 – 1934 жылдары домбыра аспабын жетілдіру бағытында белгілі аспапшы шеберлер Қ.Қасымов, А.Ермеков, ағайынды И. және Б.Романенколар, Қ.Оңалбаев, т.б. еңбек етсе,
оны 1960 – 1970 жылдары Ә.Аухадиев, О.Бейсенбекұлы жалғастырды.
1934 жылы Халық аспаптар оркестрінің (Қазақ мемлекеттік халық аспаптар оркестрі) құрылуымен байланысты домбыраның прима, альт, тенор,бас, контрабассияқты түрлері дүниеге келді.
1990 – 2000 жылдары аспап жасаушы-қолөнерші шеберлердің республикалық «Үкілі домбыра» сайыстары өткізіліп, соның ықпалымен домбыра аспабы жаңаша зерттеу, даму, жетілу бағытына бет түзеді.
Шоқпарұлы, С.Ділманов, Ж.Тұрдығұлов, С.Кенжеғараев, т.б. домбыра жасаушы шеберлер шоғыры пайда болды. Олар дамытып, жетілдіріп жасаған домбыралар сырт нұсқаларына, бөлшектері мен ішек сандарына, дыбыс ерекшеліктеріне, дыбыс ауқымына және басқа да қосымша ерекшеліктеріне қарай «үш ішекті», «кең шанақты», «қуыс мойын», «бүктемелі», «желбезекті», «тұмар», «қос шанақты» немесе «қос мойын», «үшем», т.б. деп аталып, халықтық-аспаптық музыка дәстүрін байыта түсуде. Домбыра тектес аспаптар Орта Азиядағы түркі халықтарының барлығында дерлік бар. Мысалы, башқұртта «думбыра», қырғыздарда «қол қомуз», түріктерде «саз», «уд».[2]Көп ішекті домбыралар[өңдеу]
Қазақтың музыка мәдениетін зерттеушілер күні кешеге дейін өткен ғасырдағы этнографтардың көп ішекті домбыралар жайында жазып қалдырған еңбектеріне жөнді мән бермей келген еді. Ал Семей облысынан үш ішекті аспаптар мен үш дауысты бірегей күйлер кездескеннен кейін ғалымдар бұл мәселедегі көзқарастарын өзгерте бастады. Қазақтарда бұрын өзінің қүрылысы жағынан үш ішекті көне шертерге ұқсас көп ішекті домбыра болғаны жайында бұл күнде қосымша деректер табылып отыр.
Бұрынғы кезде көп ішекті домбыралар Қазақстанның түрлі облыстарында болыпты. Мұны А.  HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%90%D0%BB%D0%B5%D0%BA%D1%81%D0%B0%D0%BD%D0%B4%D1%80_%D0%95%D1%84%D0%B8%D0%BC%D0%BE%D0%B2%D0%B8%D1%87_%D0%90%D0%BB%D0%B5%D0%BA%D1%82%D0%BE%D1%80%D0%BE%D0%B2" \o "Александр Ефимович Алекторов" Алекторовтың, Д. Исаевтың, П. Юдиннің және басқа этнографтардық мәліметтерінен көреміз. Осындай мақалалардың бірінен мынадай жолдарды кездестірдік.
«Қырғыздардың музыкалық аспаптары қызығарлықтай емес. Олардың бар болғаны бубен, джибизги және думбралар (думбра — үш немесе төрт ішекті аспап, біздің балалайкаға ұқсайды)».
Үш ішекті, кейде шанағының ішінде тартылған қосымша ішектері тағы бар, өте көне домбыралар Семей облысының Абай, Шұбартау және Жақа Семей аудандарында жиі кездесетін.
Семей облысында үш ішекті домбыра тартудың тамаша шеберлері көп болған. Солардың бірі Тілеулі Мамырбековтің репертуарында ондаған күйлер болыпты. Ол кісі, мысалы, «Боз айғыр», «Қара жорға», «Қара атты», «Көк атты», «Боз жігіт», «Асан Қайғы», «Қорқыт» сияқты күйлерді нәшіне келтіре орындаған. Ұлы Абайдың баласы Ақылбай мен немересі Исраил үш ішекті домбыраны шебер тартқан екен. Исраилдің өзі де бірнеше күй шығарған, бірақ өкініштісі, ол күйлер бізге жетпеді. Қазір Семейдегі республикалық әдеби-мемориалдық Абай музейінде үш ішекті домбыра сақтаулы:
Олардың бірі Исраилдің домбырасы. Ол тұтас ағашты ойып жасалған. Бет қақпағы ағаш шегелермен бекітілген, оған тарамыс перне байланған.
Екінші домбыраның шанағы бөлек-бөлек тақтайдан құрастырылған. Жоғарғы және төменгі қақпақтары фанерден жасалған. Он екі пернесі бар.
Үшінші домбыраны ұлы ақын-ағартушы Абай Құнанбаев пен оның досы Н. Долгополов Семей өлкетану музейіне 1885 жылы тапсырыпты. Ол да тұтас ағаштан ойып жасалған. Ағаш шегелермен бекітілген бет қақпақта үш шағын ойық бар. Жоғарғы тиек жоқ. Мойынға бес перне байланған.
Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының аға ғылыми қызметкері А. Серікбаева басқарған фольклорлық экспедиция 1965 жылы жазда Семей облысы Абай ауданындағы М. Әуезов атындағы совхозда болды. Экспедиция мүшелері үш ішекті домбырада М. Әзімханов орындаған жеті бірегей күйді жазып алған. Олардың ішінде: «Қалмақтың би күйі», «Панкратов», «Қазақтың би күйі», «Сары өзен», Ағашаяқтың екі күйі және «Сылқылдақ» бар.
Кейін консерваторияның фольклор кабинетіне осы ауданнан үш ішекті домбыра келіп түсті. Бұл домбыраның шанағының ішіне даусын күшейту үшін квартаға келтіріліп екі металл қосымша ішек тартылған. Аспап тұтас ағашты ойып жасалынған. Ағаш пернелері қозғалмайды. Тиектің ішек үшін жасалған үш кертігі бар. Бұл оны сақтау үшін істелген. Аспап квинта мен квартаға келтіріліп бұралады.
Көп ішекті және екі ішекті домбыралардың құрылысында ұқсастық көп. Көп ішекті домбыралардың мойны қысқа, пернелері жылжымалы болған. Шығыс облыстарда кездесетін екі ішекті домбыралардың да мойны нақ осындай. Екі қосалқы ішегі бар екі ішекті домбыралар да кездеседі. Кейбір домбыраға сым ішек тағыла бастайды. Кейін жылжымалы пернелер тұрақты мыс пернелермен алмастырылды. Қосақталған екі сым ішекті және пернелері тұрақты бірегей домбыра 1967 жылы Талдықорған облысының Панфилов ауданынан табылды. Ол бұл күнде автордың музыкалық коллекциясында сақтаулы.
Екі ішегі аспаптың шанағының және мойнының ішінен өтетін домбыралар да бар. Оларда төрт немесе екі құлақ болады. Құлақ екеу болғанда ішектер мынадай ретпен тағылады: екі ішектің ұштары мойынға шалынады да мойынның ішіне жіберіледі, одан әрі шанақтың төменгі бөлігіндегі ролик арқылы сыртқа шығарылады, одан соң сырттан керіліп екі құлаққа бекітіледі. Міне, осы себепті құлақты бұрағанда ішкі және сыртқы ішектер бір мезгілде күйге келтіріледі. Дина Нүрпейісова атындағы халық аспаптары оркестріне қатысушы Қапар Темірәлиев 1960 жылы жасаған домбырада төрт ішек бар. Олардың екеуі шанақ пен мойынының ішінен өтеді. Төрт құлақ болуы арқасында әр ішек жеке күйге келтіріледі. Ішкі ішектер сыртқылармен унисон түрінде күйге келтіріледі де, аспаптың даусын күшейте түседі. Мойынның сағасының бір бөлігі ашық қалдырылады, ол ішек үзілген кезде жаңасымен ауыстыру ыңғайлы болуы үшін қажет.
Домбыраға қосалқы ішек тағылуы және ішекті қос-қостан тағу ол кездегі музыкант орындаушылардың аспаптың үнін жетілдіруді мақсат етіп, үнемі ізденіс үстінде болғанын көрсетеді. Қостанай облысының Боровское ауданында шанағының ішіне қоңыраушалар ілінгек домбыралар да кездесті. Мұндай домбыра жасаушы шебердің бірі — Саубай Ахметов екен. Таулы Алтай автономиялы облысының Қосағаш ауданында бұрын халық композиторы Бейсен деген кісі тұрған екен, ол үш дауысты күй шығарыпты.
Үш дауысты күйлерді алғаш зерттеп көргеннің өзінде-ақ олардың өзгеше әуезділігі байқалады. Музыка зерттеушісі Л. Тарасова үш дауысты «Сылқылдақ» күйікің ладо-тональдық, метрикалық, құрылымдық және басқа сипаттарын талдай келіп: «бұл күй бізге бұған дейін: белгілі күйлердің бәрінен мүлде өзгеше екен. Бүған «кінәлі» оның үш дауыстылығы, осы үш дауыстың нәтижесінде өте бір ерекше комплекстер, қазақ музыкасы үшін мүлде өзгеше әрі жаңа әуендер өмірге келген».
Көп ішекті домбыраларды тарту мәнері Қазақстанның, шығыс облыстарындағы домбырашылардың тартысына ұқсайды. Яғни күйлер ішектерді жеке-жеке шертіп ойнау тәсілімен орындалады. мұндай тәсіл республикамыздың бұл аймақтарында үш ішекті домбыраның сақталуына себепші болған. Үш ішекті домбырада орындалатын күйлер өзгеше естіледі және олардың орындалу тәсілі де басқаша.
Екі ішекті және үш ішекті домбыралардың көп ішекті жетігенмен және үш ішекті шертермен үқсастығы да жоқ емес. Үш ішекті домбыра тартудың қалыптасқан дәстүрін қазақтың аспаптық творчествосы дамуының неғүрлым ертеректегі кезеңіне жатқызуға болады. Домбыраның жетілдірілуі аспаптық музыканың дамуымен тығыз байланыста жүріп отырған. Бірі-біріне ұқсамайтын орындаушылық екі дәстүрдің орын алуын құрылысы және сыртқы түрі жағынан басқа-басқа екі түрлі домбыра жасалуына себепші болды. Осының бәрі қазақ халқының музыка мүрасын байыта түсті. Қазақстанның орталық, оңтүстік және шығыс облыстарының орындаушылық дәстүрі әлі күнге дейін жете зерттелінбей отырғанын айта кету керек.
Советтік заманда Қазақстанның аспаптық музыкасы дамытылуына байланысты екі ішекті домбыра жетілдіріліп қайта жасалды да оны тарту шеберлігі биік сатыға көтерілді.  HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/1943" \o "1943" 1943 жылы Құрманғазы атындағы Қазақтың халық аспаптары оркестрі ұйымдастырылған шақта домбыраның бірнеше түрі бірден жасалынған-ды. Оркестрге әр жылдары жетекшілік еткен А. Жұбанов, Л. Хамиди, Л. Шаргородский, Ш. Қажғалиев, сондай-ақ музыка аспаптарын жасаушы шеберлер И. Романенко мен Қ. Қасымов домбыраны жетілдіру және домбыраның мүлде жаңа үлгілерін жасау жолында қажымай-талмай көп еңбек сіңірді. Домбыра мен қобыз Осакаровка музыкалық аспаптар фабрикасында және Алматыдағы мебель фирмасының музыкалық аспаптар цехында жасалынуда. Ал оларда жасалынып шығып жатқан аспаптардын, саны да, сапасы да аспапқа қойылатын талаптан көп төмен. Аспаптарды көптен шығару ісінің жолға қойылмай отырғаны, яғни сапалы аспаптың тапшылығы көркемөнерпаздар үйірмесінің кең қанат жайып дамуына, жас музыканттарды тәрбиелеп баулуға кедергі болып отыр.
Қазақ КСР Министрлер Советі музыкалық аспаптарды шығару және сапаларын жақсарту жөнінде 1968 жылы 27 ақпанда қаулы қабылдаған болатын. Осы қаулыға сәйкес аспаптардың қолданылып жүрген түрлерін қайта жасауды және көне аспаптарды қалпына келтіруді қолға алған эксперименттік лабораториялар жұмыс істей бастады. бұл кезеңде ағаштың физикалық-механикалық және акустикалық қасиетін зерттеп анықтау барысында біраз жұмыстар атқарылды. Аспаптарды жобалау қазақ аспаптарының көне үлгілерін, сондай-ақ халық шеберлерінің тәжірибелері мен дәстүрлерін, этнографиялық материалды зерттеп-игеру негізінде жүргізілді.
Домбыраны зерттеу нәтижелері[өңдеу]
Әр түрлі үлгідегі домбыралардың қақпақтары зерттелінді. Қақпақтың жеке бөлшектерін құрастырып жинағаннан кейінгі серпінін белгілеу үшін кергіш орнатылады. Қақпақты шанаққа отырғызғаннан кейін топты жаңғырық пайда болады. бұл шанақ пен қақпақтың арасындағы бір тұтас жаңғырық болып саналады. Қақпақты өңмеу жұмыстары оның тербеліс жиілігіне өзгеріс енгізеді, сондықтан қақпақ шанаққа бекітіліп, біржола өңделгеннен кейін тербеліс жиілігі қандай болатынын күні бұрын білуге болады. Оның үстіне ағаштық физикалық ерекшелігіне байланысты көлемі бірдей қақпақтардың өзіндік үн шығару қасиеті де әр түрлі. Солай бола тұрса да қақпақты қажетті интервал шамасында дыбыстайтын етіп күйге келтіруге болады. Тақтайшаларды іріктеу, қақпақтың қалыңдығын анықтау және серпінді орнату әрбір қақпақтың ерекшелігіне байланысты, бұл іске аса мұқият болған жөн. Қалаған үнді келтіру үшін қақпақтың бөліктерін дұрыс іріктеудің де маңызы бар. Қақпақ құрастырылғаннан кейін тақгайшалардың санына қарай реттей отырып қажетті үнді алуға болады.
Зерттеу жүмыстарын жүргізу нәтижесінде анықталғандай, егер қақпақтың көлемі неғүрлым кішірек болса, ағаштың тербеліс қасиеті де соғұрлым жиілей түседі. Қақпақты құрастырған және күйге келтірген шақта, сондай-ақ онын, параметрлерін белгілегенде осы жайларды ескерудің маңызы өте зор. Ағаштың тербеліс жиілігі оның физикалық қасиетіне де байланысты дедік. Көлемі бірдей екі тақтайдың физикалық қасиеттері әр түрлі болса, олардан алынатын дыбыстың айырмашылығы да үш жарым тонға дейін алшақтайды. Жас ағашқа қарағанда кептірілген ағашты күйге келтіру оңай.
Қақпақ бірнеше шағын тақтайды желіммен біріктіру арқылы жасалынады. Қақпақты құрайтын тақтайлардық физикалық қасиеттері мен түсі бірдей болуы шарт. Тақтайша ағаштың табиғи жолақтары бойынша бір бағытта жымдастырылып біріктіріледі. Ені —250 мм, ұзындығы — 400 мм және қалыңдығы —2,5 мм етіп құрастырылған қақпақтың тербеліс жиілігі ағаштың физикалық қасиетіне қарай 207,64—233,08 гц шамасында болады. Егер қақпақтың қалыңдығы 3 мм болса, онда тербеліс жиілігі 233>08—277,12 гц шамасында болмақ.
Қақпақты күйге келтіру кезінде ескерілетін ендігі бір қажетті іс кергіш орнату. Қақпақтың жалпақ бөлігіне орнатылған кергіш қақпақтың тербеліс жиілігіне нұқсан келтірмейтін болуы шарт. Мысалы, егер кергіштін, ені—5 мм, ал биіктігі—6 мм болса, онда қақпақтың үні бір тон шамасында жоғарылайды. Тәжірибе көрсеткеніндей, қақпақтың алғашқы кездегі тербеліс жиілігін сақтау үшін серіппені бірте-бірте аласарта беру керек. Сынақ жүргізілгенде байқалғандай, қақпақтың тербеліс жиілігіне әсер ететін негізгі факторлар мыналар:
ағаштың физикалық қасиеті,
қақпақтың қалыңдығы мен жұқалығы және жанама түрде әсер ететін факторлар:
қақпақтың сәл ұзартылуы мен қысқартылуы,
өрнектеу.
Қақпақ үнінің тазалығы оның жақсылап жымдастырылуына, құрастырылуына және қалыңдығына байланысты.
Әр түрлі аспаптардың үнін келтіру әдісінде ортақ жайлар көп болғанымен әрбір қақпақты жекеше алып қарау керек. Домбыра қақпағын күйге келтіру де, осы аспаптың құлақ күйіне тәуелді. Домбыра-тенордың қақпағы тербеліс жиілігі —233, 08—261,6 гц шамасында дыбыс алуға қолайлы келеді, өйткені мұндай жиілік домбыраның мензурасына, оның құлақ күйіне және дыбыстау сипатна сәйкес келеді. Аспапта жұмсақ тембр, майда қоңыр дауыс пайда болады. Егер қақпақты құрастырғанда оның күйге келтірілуі ескерілмесе, онда, практикада бақыланғанындай, қақпақтың тербеліс жиілігі көбінесе 293,6—349,2 гц шамасында болады. мұндай жағдайда аспаптың даусы нашар шығады, тембрі қүлаққа жағымсыз келеді.
Қазір домбыраның қақпағы 2—5 бөлек тақтайдан құрастырылып жүр. Тақтай бөлшектерінің санына қарай қақпақты құрастырудың және күйге келтірудің жолдары өзгеріп отыруға тиісті. Егер қақпақ екі бөлшектен ғана құралса, онда оларды бір тонға келтіру қажет, ал егер үш бөлшектен құралатын болса ортадағы тақтай күйге келтіріледі. Төрт бөлшектен құрастырылса ортадағы екі тақтайдың күйге келтірілетін болуы маңызды, өйткені негізгі тонды беретін солар.
Сөйтіп, қақпақ жасаудың бүкіл процесін оны күйге келтірумен бір мезгілде жүргізу қажет, яғни:
қақпақтан өзіміз қажет еткен үнді оны әзірлеудің бастапқы сатысында-ақ алу керек;
егер қақпақтың үні құрастыру ісі басталған кездің өзінде-ақ, тым жоғары болса, келесі тәжірибе үстінде де қажетті үнді ала алмайсыз, сондықтан оны күйге келтіріп және аспаптың шанағына орнатып текке әлектенбеу керек;
аспаптың даусы жақсы болуы үшін қақпақтың үнін си-ге немесе си-бемольға жеткізу қажет;
егер бөлек тақтайшалардың арасы дұрыс желімделмесе қақпақ біртектес ағаштан құрастырылмаса, талшықтардың бағытталуы қисық болса, жарықшақ сызат
түссе, домбыраны күйге келтіру қиындайды.
Тәжірибе көрсеткеніндей домбыра-тенордын, қақпағының үніне қарап аспаптың тембрлік даусын күні бұрын білуге болады. Ал мұның, өзі аспаптарды көбінесе сапалы етіп жасауға мүмкіндік береді. Қақпақтың үні жақсы болса — тембрі жүмсақ, ал үні жоғары болса — тембрі ащы болады.
1970 жылы Осакаровка музыкалық аспаптар фабрикасында жасалған бес домбыраға лабораторияда талдау жасап көрген кезде, зерттеу мынаны көрсетті. Қалыңдығы 3,1 мм-ден, —4,1 мм-ге дейінгі қақпақтарды ашып қарадық. Артқы пружинаның биіктігі 5,2—5,6 мм шамасында екен. мұндай көлем тербелістің қасиетті жиілігін және дұрыс күйге келтіру үшін керек болатын шарттылыққа сай емес. Қақпақтың қалыңдығын бір мм-ге жұқартқан соң және пружинаның биіктігін тағы бір мм-ге кеміткен соң тербеліс жиілігі азайды. Қақпақтың үні жарты тоннан астам төмендеді. Егер бұрын тербеліс жиілігі 138,56 гц болған болса, енді ол 128,8 гц кеміді.
Мұнан қорытарымыз, көптеп шығарылатын домбыралардың дауыс шығару мүмкіндігін жақсарту үшін тэжірибе жүргізудің нәтижесінде алынған параметрлерді сақтау қажет екендігіне көз жеткізу қиын емес. Халық шеберлері аспаптың үнін жақсарту жолында үнемі ойластырып, көп ізденіп келген. Сондықтан да олар домбыраның формасы мен құрылысына ерекше назар аударған.
Қолға алып зерттеген бірнеше домбырамыз тұтас ағаштан ойып жасалған. Сырт қарағанда бұл домбыралар жалпақ сияқты, алайда, шанақтың қуысы тостағанша дөңгеленіп ойылған, ал мұның өзі аспаптың даусы жақсы шығуына мүмкіндік береді. Қақпаққа серіппе орнатылмаған, бұл жағдай шанақтағы қақпақтың үні бір қалыптан өзгермеуіне көмектеседі екен.
Белгілі шебер И. Романенко және басқа да шеберлердің қолымен жасалынған бірнеше домбыраға көрнекті музыканттар талдау жасады. Мысалы, атақты орындаушы Дина Нүрпейісова тартқан Домбыра-альттің қақпағын ашып көрдік. Дина Нүрпейісова аспапқа мейлінше сын көзімен қарап ең сапалысын ғана таңдап алған болуы керек. Оның осы домбырасын 1939 жылы шебер Ермек Арыстанов жасапты.
Талдау мынаны көрсетті: шанақтағы қақпақтың тербеліс жиілігі 281,5 гц-ге тең. Домбыра-альт қақпағының көлеміне қарағанда (ені —195 мм, ұзындығы —344 мм) мұндай тербеліс ең жақсы болып саналады. Қақпақтық тербеліс жиілігі оны бөліп алғанда да сол күйінде қалдық Қақпақтың қалыңдығы 2,3—2,5 мм шамасында, артқы серіппенің биіктігі —2,2—2,7 мм, онық ені —6,4 мм, алдыңғы серіппенің биіктігі —2,2—2,7 мм, оның ені — 4 мм.
Шанақтың тербеліс жиілігі 320,12 гц. Шанақтың көлемі: оны құрайтын бөлшектердің қалыңдығы —2,0—2,3 мм, шанаққа қондырылатын контробичайканың қалыңдығы—2.0—1,7 мм шамасында, контробичайкалардық ені— 1,2 мм, бөліктер мен контробичайкалардың жалпы қалыңдығы—4,0 мм. Аспаптың шанағы жаңғақ ағашынан, мойны — қайыңнан, қақпағы — шыршадан жасалған. Сөйтіп, нақ осы тектес домбыра үшін ең қолайлы қақпақ қандай болуы керек екені белгілі болып отыр. Қақпақтың тиісті дірілі шыршаны кептіру арқасында алынды. Серіппелердің көлемдері қақпақтың үніне нұқсан келтірмейтіндей етіп жасалған. Шанақтың, бөліктері мен контробичайкалары да тиісті көлемде, сондықтан шанаққа бекіткеннен кейін де қақпақ өз құлақ күйін сол бұрынғы қалпында сақтап қалды.
Құрылысы мен даусының түпкі ерекшеліктері сақталып қайта жасалған домбыра оркестрдің құрамында домбыра-тенор қызметін атқара бастады. Нақ осы домбыраның, арқасында дәстүрлі аспаптық музыка — күйлерді орындағанда оркестр даусы ұлттық өзгеше рең танытады. Домбыраның репертуары орыс классикасы шығармаларымен және қазіргі заманғы музыкалық шығармаларымен де байып отыр. Қазақтың түбі терең тылсым тарихы, тұрмыс тіршілігі, ақжарқын көңілі, зіл басқан мұны, буырқанған ашу-ызасы, күйініші мен сүйініші, қуанышы мен сүйініші, сілемді сырлары, шалқар шабыты, қайсар қаныр – қайраты бәрі-бәрі домбыра пернесінде хаттаулы.
Домбыра – көшпелі елдің көне көз шежіресі, көпті көрген қарияның көкірек күйі. Ол халықтың тарихи тағдырымен тамырлас. Тарихтың хатқа түспеген талай беттерін паш етіп, халқымыздың тарихнамасына айналды.
Қазіргі кездері археологиялық олжалар домбырашылық дәстүрдің тамыры тым әріде жатқанын пайымдайды. Бұған Хорезмде жүргізілгген археологиялық қазба жұмыстары кезінде табылған қос ішекті аспапта ойнап тұрған музыканттардың күйдірілген саздан жа-салған бейнелер куә. Ғалымдар осыдан кемінде II мың жыл бұрынғы бұл бейнелердегі қос ішекті аспаптың қазақ домбырасымен ұқсастығын айта келіп, оның Қазақстан жеріндегі байырғы көшпелілер арасында ең кең тараған аспаптың бірі болғандығын дәлелдейді.
Домбыра дәстүрінің көнелілігіне күні бүгінге дейін сақталып келген аңыз-күйлер айғақ бола алады. Түп тамыры терең архаикалық салт-санамен үштасқан бұл күйлерде бағзы замандағы мифологиялық наным-сенімдердің сілемдері сақталған. Халқымыздың көшпелі тұрмыс-тіршілігінің ерекшелігіне байланысты өнеріміз ғасырлар бойы тек қана жеке орындаушылық формада дамыды. Ол әр дәуірде мәдениетімізде дарынды тұлғалардың дүниеге келуіне мүмкіндік туғызды.
Аты аңызға айналған Кетбұғы, Асан Қайғы, Қарт Ноғай сияқты оның ең таңдаулы өкілдерінің есімдері біздің заманымызға да жетті. Олардың күйлері халқымыздың басынан өткерген қиын өткел, қилы кезеңдерін бейнелеп, халық тарихы туралы сыр шертеді.
Домбыра дәстүрінің дамуы XIX ғасырда өзінің шарықтау шыңына жетті. Мәдениетіміздің дәстүрінде көптеген профессионал күйші-композиторлар қалыптасып, күйшілік дәстүр көптеген мектептерге бөлінді. Бұл куйші-композиторлар өзіндік стильдік ерекшелігімен, қағыс техникасымен, музыкалық тілімен, орындау шеберлігімен оқшауланып, өнерімізде жарқын із қалдырды.
Домбыра өнерінде Батыс Қазақстандық төкпе және Шығыс Қазақстандық шертпе тәрізді екі аспаптық дәстүр қалыптасты. Бұл екі дәстүр бір-бірінен композициялық құрылысы, ойнау техникасы, музыкалық тілі жағынан айрықшаланып дараланады.
Батыс Қазақстан күйлері негізінен шиеленіскен тартысты оқиғаларға құрылады. Терең философиялық толғанысқа толы бұл күйлерде куатты әрі толық қанды образдар жасалады. Төкпе күйлердің шертпе күйлерден айырмашылығы — оның бас буын, орта буын, кіші саға, үлкен саға болып келетін нақтыланған формасы бар. Және бұл дәстүрдегі тағы бір ерекшелік — оң қол қағысында. Қағыстар оң колдың сермей соғуымен орындалып, қара қағыс, ілме қағыс, бөгеме қағыс сияқты сан түрге бөлінеді.
Шығыс Қазақстандық шертпе дәстүрінің ерекшеліктеріне күйлердің ән тектес әуенді, сазды және жұмсақ нәзік үнді болып келуін, саусақ басымен шертіп тарту әдістерін жатқызуға болады.
Ғасырлардан дәстүрлі сабақтастығын тапқан күйшілік өнер Сыр бойында тамырын тереңге тартты. Әсіресе XIX ғасыр мен XX ғасырдың орта тұсында айрықша дамып, күлтелене түсті. Дәстүр барынша кемелденіп, өмірге көптеген күйші-сазгерлер легі келді. Өнерлі өлкеде ғұмыр кешкен Сырдың дуалы ауыз азулы ақын-жыраулары рухани мұралардың кемел түрлерін сомдады. Айтқаны мірдің оғындай мүлт кетпейтін жезтаңдай шешендер өтті бұл өңірден. Әншілер мен сал-серілер сайын дала төсін думанға бөледі. Қарт қобыз бен қарағай домбыраның бауырынан күй сауған балды бармақтар өтті. Сыр өнері сан рет түледі. Тек аттарын атай бастағанның өзінде Сыр күйшілері есімінен көз сүрінер еді. Қорқыт баба, Сасықбай бақсы, Дайрабай қобызшы, Жақайым Жарықбас бақсы, Әлім Әйтім күйші, Құрманай Төремұрат, Домақ Тәппет, Қоңырат Әлшекей, Жақайым Аймағамбет, Кенжегұл, Теңізбай, Айсүгір, Төренияз, Нышан Әз, Шал Мырза, Қазанғап. Алпысыншы жылдарға дейін өмір сүрген Жалғасбай Аралбаев, Байтақтың Төлебі, Керейұлы Ақжол, Әлібек Бәйкенов, Дәулетбай Елтаев, Құлмырзаның Молдағалиы, Шөмекей Көшкінбайдың Әбілдасы, Сәйке отемістің Бисенәлісі, Жанғылыш Әбдіғали, әкелі-балалы Науан мен Мергенбай, Төртқара Жұмалы, Нүрпейісов Қали, Мусинов Жексенбай, Мәлік Жаппасбаев, Әбдіқалык Дуйсебаев, Қазалылық күйші Мінсізбай, Қарашалаңдық Меңдібаев Ерекен, Ақбастылық Мырзажан Сахиұлы. Бұлардың соңы Қаппар Жармағамбетов, Ізбасар Ілиясов, Бақыт Басығараев, Жұмабай Жақыпов, Нұрмағамбет Әлиев, Шәкі Оспанов, Тілеуберген Төребеков, Қараман Ізмаханов сынды күй өкілдеріне ұласты.
Сыр күйі – өзінен бұрынғы кемел дәстүрлердің ең озық үлгілерін бойына сіңіріп барып дүниеге келген бұла өнер. Әйткенмен, өлкенің күйшілері есімдерінің туған топырағындағы елеусіз, ескерусіз жайы қынжылтады. Төңірегінде теңдесі жоқ бұл күй-қазына тарихы әлі күнге жабулы қазан қалпында. Архивтік күйлердің дені «Жалдыбайдың күйі» деген бүркеншік атпен жатыр. Сынай қараған адамға Сырдың бойында Жалдыбайдан басқа адамда күй, одан басқа күйші болмағандай әсер қалдырады… Рас, күйшінің «Ескі балбырауын», «Жеңіс», «Камаринская», «Қара жорға» атты белгілі шығармаларына ешкімнің де таласы жок. Бірақ «Асанқайғы», «Мамық Ақжелең», «Бұғының күйі», «Баулы ешкі», «Қос қыз», «Тәнтән қыз», «Сыр жаңылтпаш», т.б. сияқты күйлердің Жалдыбайға еріксіз телінуі бізді қайран қалдырғанын жасыра алмаймыз.
Аталмыш күйлер жоғарыда аты аталған күйшілердің орындауында Мырзаның күйі деп жазылған үнтаспалар да жеткілікті. Мұндай таспалар көбіне-көп орындаушылардың өмірлерінің соңында, ағайын-туыстарына ескерткішке жаздырған жәдігерлер. Ал өкімет тарапынан экспедиция жасап фольклор жинаушы келе қалса, жазып берері – дәл сол күй. Бірақ авторы басқа, яғни, «Жалдыбайдың күйі». Сол себепті ел арасынан жиналған материалдар архивтік материалдармен сәйкес келе бермейді. Біз еңбекті жазу барысында көбіне-көп елдегі көзі тірі білетіндердің сөзінің куәлігіне иек арттық. Ал, архивтік материалдардың құны кеңес өкіметі тұсында қатталғаны себепті салмақсыз көрінді. Өйткені жүйенің аты – жүйе.
Домбыраны үйрену әдістемесі
Домбыраның негізгі репертуары күй болғандықтан, сол күйлердің тарихы біздің көзімізді біршама нәрсеге жеткізді. Ұлы түріктер заманында «Тәңірінің 366 күйін» қаған алдында қандай аспаппен тартқаны біздің ғылымда әлі белгісіз. Дегенмен ғылыми болжам жасап көрсек, күйлер негізінен қобыз аспабымен тартылған деп түсінуге болады. Басқа да музыка аспаптарымен тартылуы әбден мүмкін. Енді көне тарихи деректердің кейбіреуін атап өтейік. Академик В.В.Виноградов бұдан екі мың жыл бұрынғы қос шекті аспаптың бейнесін тапқан. Академик Әлкей Марғұлан қобыз бен қоңыраудың суреті бар бақсының тас мүсінін тапты. «Ақсақ киік» күйінің аңызы домбыра бетіндегі үндік ойықтың пайда болуы жайлы болжам жасауға мүмкіндік береді. «Шайтан тиек» туралы аңызда домбыра құлағының түбіндегі ішекті көтеріп тұратын кішкене тиектің пайда болуынан хабар береді. «Тауқұдырет» туралы күй аңызында екінші ішектің пайда болуы жайлы хабар берсе, ал Ш.Уалихановтың бақсылардың бірінші ұстазы Қорқыт екенін айтқан дерегі өте маңызды. Мұндай деректерді жинап-теріп отыру домбыра үйрену тарихын байыта түседі.
Домбыра үйрену әдістемесіне керекті негізгі деректердің түрлерін тізіп көрелік. Құрманғазының шәкірті атақты Ерғали Есжанов 300-ге тарта күй білген деген сөз бар. Бұл Құрманғазының күйшілік мектебін толықтай білді деген сөз. Ал, маңғыстаулық әйгілі күйші Өскенбай 1000-ге тарта күй білсе, оның баласы Мұрат 300-ге тарта күй білген дейді. Мұның өзі бүкіл Маңғыстау күйшілік мектебін шыңына жете меңгергенін көрсетеді.
Дәулеткерей күйшілік мектебін жалғастырушы Науша Бөкейханов 90-ға тарта күй білген екен. Осының өзі-ақ Наушаның Дәулеткерей күйлерін өте терең білгенін, оның дәстүрін жалғастырушы екенін көрсетеді. Атақты Біржан салдың өлеңінде кездесетін, ұлы күйші Тәттімбеттің бір отырыста 40 күйді санап тартуы, ауызға айтуға онай. Тәттімбет бабамыздың қазақтың күй жанрының дәәстүрлік сипатын жан-жақты терең білгенін ол кісінің өзі шығарған күйлері де дәлелдейді.
Қобызда және қазақтың басқа да музыкалық аспаптарында орындалатын күйлерді былай қойғанның өзінде де домбырада тартылатын күйлердің екі үлкен дәстүрлік сипаты бар. Яғни, ғасырлар бойы, екі үлкен тәсілдің күй үйрену тәжірибесінде қалыптасқанын көреміз.
Мұндай әдістемелік тәсіл келе-келе бірнеше күйшілік мектептердің тармақтарын туғызды. Ал, күйшілік мектептердің өзіне тән методологиялық жүйесінің бар екеніне ешкімде дауласа алмайды, оған біздің күйлеріміз куә.
Күй үйрену тәсілдерінің өте ерте заманда-ақ қалыптасқанын көрсететін айғақтардың бірі, домбыра тарту шеберлігіне тән атаулардың лексикалық мағынасының болуы. Қағыстардың сан түрлі атаулары, саусақ басу тәртібі, пернелердің атаулары, күй тарту шеберлігіне қатысты атаулардың түр-түрі жиі кездеседі.
Домбыра үйренудің кейбір бағыт бағдарына тоқтала отырып, қазіргі таңда, күй үйренудің екі үлкен дәстүрлік сипатына аса мән беріп қастерлеп үйренуіміз керек. Мұның өзі ғасырлардан бері келе жатқан бай тәжірибеге сүйене отырып, халықтық педагогиканың бір саласы күй үйренумен ұштастыра білуіміз керек.
Домбыра тартуды үйрену оңай шаруа емес екенін онымен көп жылдар бойы шұғылданып келе жатқан ұстаз жақсы біледі. Бұрынғы кездегі дәстүрлі күй үйретумен қазіргі күй үйретудің арасында көптеген айырмашылық бар. Әрине, бұрынғы аталарымыздың күй үйрену тәжірибесін одан әрі жалғастыру басты міндетіміз. Мысалы, XVIII-XX ғасырдағы ән-күй үйрену тәжірибесімен салыстырғанда XX ғасырдың соңында домбыра тартып үйренудің арасында жер мен көктей айырмашылық бар.
Құрманғазы мен Тәттімбет заманындағы шәкіртпен, қазіргі шәкірттердің дүние танымы, өмірге көзқарасы арасында мүлдем өзгешелік бар. Қазіргі таңда ең күрделі нәрсе ұстаз бен шәкірт арасындағы дәстүр сабақтастығын үзіп алмау.
Мұндай айырмашылықтың негізгі себептерінің бірі: басқа халықтардың музыка мәдениетімен және рухани дүниесімен етене араласуымыздан болып отыр. Қазіргі өміріміздің осындай шындығымен есептеспеуге болмайды.
Күй үйренудегі мұндай айырмашылықтар, күйдің мазмұнын түсінуге, мәнерлеп тартуға, дәстүрлі шеберлікке жетуге т.б. тікелей ықпал жасауда. Әсіресе, күйдің табиғи нұсқасына келеңсіз жағынан әсер етіп, күйді бұзып тартуға дейін апаруда. Келешекте күй үйренудің дәстүрлі жағынан айырылып қалу қаупін тудыратын мұндай жағдайды болдырмас үшін, оның алдын алатын шаралар қолдану керек.
Ұлы халық күйшілерінің тәжірибесіне сүйенсек, бұрынғы кезде өнерге табыс табудың көзі деп қарамаған, рухани мұра деп қараған. Егерде, бала бойынан өнерге деген қабілеті ерте оянса, онда оны әрі қарай тәрбиелейтін ұстаз іздеген. Сал-серілер, әнші-күйшілер, ақын-жыраулар т.б. халық өнерпаздарының өмірі бұған дәлел бола алады. Өнерді табыс табудың көзі деп бағалау – домбырашының психологиясына үлкен әсер етуде. Мұның өзі қазіргі күй үйрену әдістемесіне ерекше көзқараспен қарауды міндеттейді.
Күй үйрену тәсілі
Халық күйшілерінің тәжірибесінде күй тартудың дәстүрлі әдістерін күйшілік мектептердің өзіне тән тәсілдерін ұстазынан шәкірт үйреніп алады.. Оның қыры мен сырын толық меңгереді.
Қазіргі кезде шәкіртті күй тартып үйренуге кішкене күнінен тәрбиелеуге мүмкіндік туып отыр. Мұндай әдістеме бірте-бірте қиындай береді де өзінің ең негізгі шыңы күйшілік өнерді толық меңгере алатын дәрежеге жетеді. Музыкалық қабілеті аса күшті шәкірттерді ел ішінде «құйма құлақ» деп атайтын болған.
Күй туралы және күйдің аңыз әңгімесін тыңдаушыға әрі түсінікті әрі қызықты етіп айту. Бұл тәсіл ежелден келе жатқан әдістемелік құрал, күйді үйреткенде бірге айтылады;
күйді есту арқылы үйрету. Бұл тәсілдің әдістемелік түрлері өте көп. Солардың бірі: өзі естіп, өзі үйрену, өз қатесін өзі түзеп алу. Мұндай тәсіл үлкен нәтиже береді;
күй үйрету тәсілінде ертеден келе жатқан әдістемелік құралдың бірі күй сазын әуен арқылы айтып беру. Бұл шәкірттің күй сазын көкірегінде сақтауға көмектеседі. Әсіресе күйдің дыбыстық сапасының бояуы қанық болады. Халық күйлерін үйреткенде оның сазын әндете отырып түсіндіру, халық педагогикасының ең негізгі әдістемелік құралы.
Домбырады күйді тартып көрсету – ең негізгі көне тәсілдердің бірі. Мұның әдістемелік жүйесі сан ғасырлық тәжірибенің негізінде қалыптасқан. Күй жанрының дәстүрлік сипатын үйретудің тәсілдері. Мұның әдістемелік жүйесі күй үйренуде ерекше құбылыс. Оның тармақтары көп.
Күйшілік мектептердің қалыптасуына қарай, сол мектепке тән ерекше тәсілдерін сақтау. Күйді үйренудің белгілі бір қағидаларын сақтайтын әдістемелік жүйе. Бұл да халық педагогикасында ерекше құбылыстардың бірі. Күйді үйрену үшін оны ана тіліміздің қасиеттерімен байланыстыру тәсілі. Күй жанрының даму жолы халық ауыз әдебиетімен бірдей болғандықтан, сөз сөйлеу, сөйлем құрау, поэзия тілі күйге тікелей әсер етеді.
Күйдің әуен саз ырғағына сәйкес келетін өлең сөздерді жүйелі түрде күймен бірге қоса үйретсе күй тарту шеберлігі арта түседі. Ана тіліміздің қасиеттерін толық білмейінше күйді дұрыс үйрету мүмкін емес. Әдістемелік құрал өте бай болу үшін фольклорлық ауыз әдебиет үлгілерін жинап отыру керек. Күйге байланысты көнеден келе жатқан атауларды қолдану тәсілдері. Оны орнын тауып қолдана білу керек. Ең негізгі әдістемелік тәсілдердің бірі – күйді халқымыздың тарихымен байланыстыра үйрету.
Күйлерді кезеңдерге бөліп үйрену жүйесі Домбыра тарту шеберлігін арттыру – ұстаздың міндеті, ал шәкірт домбыра тартатын өнерді меңгереді. Халықтық педагогика дәстүрінде күйді немесе әнді бойында қабілеті бар шәкірттер үйренеді. Ал, ондай шәкірттер жасанды жолмен емес, табиғи жолмен іріктеледі.

Күй үйренудің әдіс-тәсілдері
Қазіргі кезде музыкалық білім жүйесімен күй үйренудің біршама тәжірибесі жинақталды. Ендігі жерде осы елу жылғы ұстаздық қызметті ғылыми тұрғыдан талдап, бір қорытындыға келіп, алдағы бағыт бағдарымызды анықтап алу керек. Бұл – өмірдің талабы. Халық педагогикасына қазір көп көңіл бөліп жатқан кезде күй үйренудің дәстүрлі әдістерін жан-жақты қолданудың жүйесін жасау керек.
Музыкалық білім сауаты арқылы домбыра тартуды үйрену тәсілі – ең күрделі де, қиындығы мол жұмыс. Бұл салада, көп жылғы тәжірибе қалыптасты, біршама табыстарға қол жетті. Болашақ өнер иелерінің рухани тәрбиесі – кәсіби өнер мен халықтық мектептің тығыз байланысы, дәстүрлі өнерді көздің қарашығындай сақтап, аспаптық өнерді жан-жақты дамыту, орындаушылық және ұстаздық шеберліктерінің қарқынды дамуымен, музыка мамандары қызметінің ұлағаттылығы мен жіті бағыты арқылы атқарылатын абыройлы іс.
Бұл пәннің негізгі мазмұнына студенттердің оқушыға аспапты үйрету уақыттарындағы әдіс- амалдарының іске асыруына қажет білімнің қыр-сырлары енген. Мамандық пәні студенттердің өз бетімен ойлау қабілетінің, домбыра, қобыз аспабында ойнап үйретудің үлгілерін, әдістерін жете білуге үйретеді.
Қазақта аспаптық өнердің сан ғасырлық даму тарихы бар. Ұлы Қорқыттан бастап халық орындаушылары өзінен — өзі пайда болмағаны белгілі жай. Өнерді көріп, әдісін тауып баптайтын шынайы бапкер болғанда ғана шеберліктің шыңына көтерілуге болады.
Музыкалық көркем шығармалардың мәнін терең түсінбей музыкант тәрбиелеу мүмкін емес. Мұндай қабілет студенттің көптеген шығармаларды жан-жақты талдау нәтижесінде шығарманың тәрбиелік мәнін ашуы үшін қолданған әдістерге байланысты. Аспаптың техникалық көркемдік мүмкіншілігін білу, оны шығарма мазмұнын ашу үшін пайдалану болашақ кәсіпқой музыканттың шығармашылық жұмысының нәтижелі болуын қамтамасыз етеді.
Әр мектептің аспап тарту шеберлігі сол мектепке тән көркемдік және суреткерлік шеберлікпен тығыз байланысты.
Сондай-ақ әр мектепке тән тақырып мазмұнын ашу үшін қолданатын шеберлік тәсілдері болады. Бастапқы оқытудың ең қиын күрделі жағы – орындаушылық дағдыларын меңгеру. Орындаушылық қимыл-әрекеттер тәсілдерінің негіздерін игеру. Оқу бағдарламаларын құру.
Орындау әдістері мен шығарманың мазмұндық мағынасын аша отырып, музыканы мәнерлеп орындаудың әр түрлі тәсілдерін үйрету.  Аспапта орындаудың әдіс амалдары арқылы көркем образдың сырын ашу.
Оқулықтар, оқу әдістемелік құралдарды пайдалана отырып белгілі бір мақсатқа жету. Өз бетінше жұмыс жасай біліп, кез-келген қиыншылықты жеңуге ұмтылу. Оқытушылардың маңызды мiндеттерiнiң бiрi ол студенттерге аталмыш пәннен жоғарғы дәрежедегi бiлiм берiп, эстетикалық тәрбиенi айтарлықтай жақсарту.
Жас орындаушыларға әсемдiк сезiмiн дамытып, өнер шығармаларын, тарих пен архитектура ескеркiштерiн, табиғаттың сұлулығы мен байлығын түсiнiп, бағалай бiлу қасиетiн қалыптастыру.
Дарын және қабілет түсініктері жөніндегі кәзіргі замандағы психологиялық тұжырымдар. Табиғи дарындылық негізінде қабілеттердің қалыптасуы. Орындаушылық өнердегі көркемдік ой қызметінің өзгешелігі. Музыкалық ырғақ. Музыкалық ырғақтың адам өмірі қызметімен тығыз байланысы. Музыкалық ырғақты сезіну негіздері. Орындаушылыққа ықылас, назар салу және қызығушылық. Ерік  мақсатқа жету бағытындағы саналы әрекеттің пайда болуы. Студенттің өз бетінше құлшынысын қолдау.
Шәкірттің музыкалық көркемдік техникалық жетілуінің біртұтастылығы музыка педагогикасының негізі.  Оның кластағы сабақта шешімін табуы. Ұстаз бен шәкірттің бірлескен шығармашылық жұмыстарының желісі, шығармашылық жеке тұлғаның қалыптасуы. Жалпыға бірдей аспап қойылымы.
Аспап қойылымының түпкілікті үйлесімді, әсем тұстарын барынша пайдалану. Отырыс, қойылым әрдайым жіті байқауда болуы шарт. Шәкірттің дене құрылымына, ой жүйесі, бұлшық еттерінің табиғи болмысына байланысты.
Аппликатура негіздері. Аппликатураның музыкалық мәнерлеушілікпен және техникалық шеберлікке апарар жолы, оңтайлы тәсілі. Орындаушылық стиль мен аппликатура принциптерінің өзара байланысы. Ыңғайлы аппликатура түсінігі, оны тұрақтандыру. Музыкалық шығарманың әуендік, техникалық бөлімдері үшін, аппликатура таңдау принципі. Позиция және оны алмастыру. Позиция үйрету реті. Позиция ауыстыру амалдары. Кеңейтілген болмаса қысыңқы позицияны қолдану мүмкіндіктері.
Ұлы халық орындаушылары өз халқының тарихын, тұрмыс-тіршілігін, ауыз әдебиетін, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін, ән-күй өнерін жақсы білді. Ал, дарынды композитор-орындаушы өзі шығарған ән-күйлерін өзі елге тарататын дәстүр болды. Кезінде халқымыздың тума талант ұл-қыздарыартына ән-күй өнерінің қайталанбас тамаша үлгілерін қалдырды.
Күй тартуда шеберлікті дамыту
Көп ғасырлық күй тарту шеберлігінің арқасында небір жақсы әдіс-тәсілдер қалыптасты.  Күй тарту шеберлігінің дәстүрі деп жылдар бойы қалыптасқан, кейінгі ұрпаққа мұра болып қалған тұрақты әдіс-тәсілдер:
- біріншіден, күй жанрының негіздерін көрсете алатын шеберлік;
- екіншіден, күй жанрының дәстүрлік сипатын көрсете алатын шеберлік;
- үшіншіден, күй жанрының мектептерін көрсете алатын шеберлік;
- төртіншіден, күй жанрын ұлттық өнер ретінде көрсете алатын шеберлік.
Жоғарыда аталған күй тарту шеберлігінің негіздері күй тақырыбының мазмұнын мүмкіндігінше толық аша алатындай болуы керек. Домбыра тарту шеберлігінің дәстүрлі әдістерін қолдан келгенше сақтап ойнауға күш салу үшін оның негізгі қағидаларын жақсы білу керек.
Домбыра тарту шеберлігі – дамып жетіле беретін өнер. Әр мектептің күй тарту шеберлігі сол мектепке тән көркемдік және суреткерлік шеберлікпен тікелей байланысты. Сондай-ақ әр мектепке тән тақырып мазмұнын ашу үшін қолданылатын шеберлік тәсілі болады. Қағыс атаулары және оған берілетін түсініктемелер. Алғашқы қағысты меңгеру барысында студент екі қағыс түріне де (төкпе және шертпе қағыстарына) бірдей жаттығу керек. Төкпе қағысты сұқ саусақ пен басбармақ, ал шертпе қағысты тек сұқ саусақпен орындаудан бастаған жөн. Ең негізгі бізге белгілі қағыс түрлері:
«Тентек қағыс» – Құрманғазы дәстүріндегі кейін Дина дамытқан кең шеңберлі қағыс;
«Төре қағыс» – Төре күйлеріндегі ішектің екі жағынан аса алыс кетпейтін қағыс;
«Сүйретпе қағыс» – Абылдан келе жатқан бұл қағыс күйлердің динамикалық жақтарын аса жандандырады. Әсіресе ол шартты бөлуден жұпты бөлінген дыбыстарға ауысқанда, соңғылардың үлкен айырмасын көрсетеді;
«Шұбыртпа қағыс» – бес саусақты кезегімен жоғарылы-төмен сілтеген қағыс;
«Сипай қағыс» – саусақтың ұшымен сипай өтетін қағыс.
Енді дәстүрлі күй қағыстары түрлерімен және оларға берілген түсініктермен таныса өтейік: ілме қағыс, саулама қағыс, шалу қағыс, орама қағыс, тырнама қағыс, толқындама қағыс, иілме қағыс,  шашқын қағыс. Бұл қағыс түрлері М.Өскенбаев пен С.Балмағанбетовтерден жазып алынған. Орындаушылық дәстүрлерде ең көп кездесетін қағыстардың бірі “теріс қағыс”. Мұнда қағыстың әлді кезеңі қаққан қолдың жоғары қарай шыққанда келеді. Сондықтан бұл күйдің ырғағында акцент табиғи түрінде болмай ауысып келеді.
Сирек кездесетін күрделі қағыстар. Қара қағыстан кейінгі қағыстар біртіндеп күрделене түседі. “Орама қағыстың” бір түрін домбырада тез үйреніп кетудің өзі біраз қиындықтар туғызады. “Ілме қағыс” – білек буыны арқылы бір төмен, бір жоғары қозғалыспен алынады, тек айырмашылығы соңғы жоғары алынатын екі қағыс бармақпен және сұқ саусақпен алынады.
Күрделі қағыстың бірі Маңғыстау түбегінің әйгілі қағысы “Адай қағыс” – ол оң қолдыңбілек буынын үш рет қозғалып жұмсартып алған төрт қағысын айтамыз. Бұл қағыс көбінесе Атыраудың «Ақжелең» аттас күйлерінде және Маңғыстау өңірінің күйлерінің көбінде әсерлі қолданылады.
Күй үйрету арқылы тәрбиелеу
Музыка – адам сезiмiнiң нәзiк тiлi, яғни адамдардың бiр-бiрiмен эстетикалық тәрбие беруде адам өмiрiнде музыканың атқаратын рөлi аса зор. Сондықтан жаcтарымызды музыка мәдениетiне тәрбиелеу iсiн жан-жақты ойластырып, олардың музыкалық талғамын әрдайым дамытып отыруға мейлiнше көнiл бөлуiмiз керек.
Осы ретте жастардың музыкалық шығармалар жөнiндегi өскелең талап-тiлегiн барынша қанағаттандыру, олардың өнер сұлулығын терең сезiнген биiк талғамын тәрбиелеп отыру мәселелерi арнайлы сөз етудi қажет етедi. Олай дейтiнiмiз, жаңа заманның жасампаз адамдарының iзгiлiкке толы жан дүниесi, биiк парасаты, жан-жақты жоғары мәдениеттiлiгi, музыкалық мәдениетiмiздiң өнерпаздық қуатымен тәрбиелiк ықпалына да тығыз байланысты.
Халқымыздың музыкалық қоры өте бай, игерiлiп бiтпеген мол қазына. Атадан балаға мұра болған «Ќыз Жiбек», «Ер Тарғын» секiлдi әдеби мұраларға жаңаша бiр өң бiтiп, олар музыкалық шығармаға айналды. Ал бүгiнгi заман тудырған мұралар тiптi көп. Солардың қай-қайсысы да өмiрдегi оқиға, құбылыстардың, ренiш-қуаныш секiлдi адам бойындағы сезiмдердiң сырын ашады.  Музыка үнiн естiгенде ерекше әсерленетiмiз де содан. Ат шабысты көзге елестететiн «Сарыарқа», «Адай» сияқты күйлердi естiгенде өзiң де бiр тұлпарға мiнiп ап жүйткiлiп бара жатқандай сезiнесiң.
Қазақ ұлтының өнер саласындағы қасиеттеп маңдайға басар мақтанышы – домбыра. Оның қос iшегiнен күмбiрлей төгiлген құдiреттi күй талайды тамсандырып, таңдай қақтырары шүбәсiз. Сондықтан бiз домбыра сыныбында оқитын студенттерге Құрманғазы мен Динаның қуатты күйлерiн үйретiп қана қоймай, оның мазмұнына, шығу тарихына, айтайын деген ойына терең бойлап, түсiнiп ойнауға баулуға тиiспiз.
Ең бастысы,  «Әнге әуес, күйге құмар бала – жаны сұлу, өмiрге ғашық болып өседi» деген М. Әуезовтiң даналық сөздiн әсте естен шығармасақ, бүгiнгi студент ертең маман болған кезенде эстетикалық тәрбие берудегi музыканың рөлiне айрықша назар аударатыны сөзсiз.
Жас ұрпақтың бойына туған өлкесi мен халқына деген сүйiспеншiлiк қасиеттердi дарытуда музыка мен әдебиеттiң байланыстылығы ерекше ықпал жасайтыны белгiлi. Өйткенi, ол жас өспiрiмнiң рухани эстетикалық, дүниетанымдық көзқарасын қалыптастырып, көркемдiк сезiмталдығын арттырады, талғам өрiсiнiң дамуын зор үлес қосады.
Әр халықтың эстетикалық дүниетанымын, көркемдiк және материалдық мәдениеттiң құрайтын, өзiне тән өнер түрлерiне ерекшелiнетiн, музыкалық және ақындық қасиеттерiн, қабiлеттерiн, икемдерiн тәрбиелейтiн құрал – ұлттық аспаптар. Соның бiрi әрi бiрегейi – домбыра. Мысалы, бесiк жыры, тұсаукесер, шiлдехана, сүндет той, тiлашар, тойбастар, бет ашар, жар-жар, сыңсу, жұбату, жоқтау, жарапазан, батырлар мен махаббат жыры, қисса-дастан, толғау, айтыс, терме, ән, күй т.б. толып жатқан әдебиет пен өнер туындылары домбыра үнiмен ұрпаққа жетiп, жалғасын тауып отырады.
Ата-баба ұстаған бұл киелi домбыраны меңгеру арқылы өз даналықтарын өлместей мұра қылып, дамытпаған қазақ баласы кемде-кем десе болады. Өйткенi, осы домбыра аспабы негiзiнде талантты адамдар ауыз әдебиетiнiң негiзiн қалап, дамыта отырып бiзге жеткiздi.
Ән, өлен, терме, өсиет, жыр, толғау, айтыс, т.б. түрлерi ой елегiн шымырлатып, адамгершiлiкке баулыды. Мақал-мәтел, жұмбақ, қисса-дастан, ертегiлер жақсы мен жаманды ажыратуға үйреттi, ерлiк пен махаббатты жырлады, туған жерi мен елiн қорғауға үндедi;
Күй үнi адамның тiлi жетпейтiн iшкi жан дүниесiндегi ойын жеткiзiп, айнала әсемдiк әлемiн аялап қорғауға нәзiк сезiмен, көңiл-күйiн түсiнуге тәрбиеледi. ұлы ұстаз халықтың өзi болды, шығармашылықпен айналысқан орындаушыларды өздерi сынап, бағалап отырды. Сал, серi деп ат қойып айдар тақты. Тойлар мен жиындарға қос ат жiберiп алдырып, әншi, күйшi жырауларды топ алдына шығарды.
Әр ұлттық өзiндiк жерi мен суы, тiлi мен мәдени ошағы, музыкасы мен поэзиясы, қолөнерi мен тарихына сай мiнез-құлқы да болады. Сондай мұраларға бай ел — қазақ халқы. Сақ, ғұн, үйсiн, қанлы, түрiк, дештi қыпшақ – бәрi-бәрi осы ұлан-байтақ, сахара даласында өмiр сүрiп, барлық мұрасы мен өнерiн дамытып отырады. Бұған Орхон-Енисей бойындағы рунылық сына жазудағы көптеген мақал-мәтелдiң төркiнi өз күшiн жоймай, бүгiнгi күнмен жалғасын табуы дәлел бола алады. Он екі пернелi, екi шектi домбыраны IV ғасырда Арал теңiзiнiң оңтүстiгiн ала орналасқан Хорезм маңындағы «Қой қырылған» деген жерде тасқа қашап салып кетуi – бiз үшiн өлместей мұра қылып қалдырған ата-бабаның ақылдылығы. Сондықтан тарих пен ауыз әдебиетiн домбыра аспабының негiзiнен iздеу және оны оқу құралы ретiнде пайдалану бүгiнгi жас ұрпаққа ана тiлiнiң маңызын жеткiзудiң ең тиiмдi жолы болар едi.
Ал оны мақтап етiп зерделей түйiп оқыту, ұлттық сезiмiн ояту – бiздiң мiндетiмiз. Өйткенi, ата-бабалардың нақыл сөздердi, күйлерi мен әнi, жыр мен толғау өсиеттерi, айтыс, дастан сияқты толып жатқан өнер түрлерi бiзге домбыра аспабы арқылы жеткенi мәлiм.
Қазақтың байырғы даласында ән ырғағының күрделi күйлерiнiң төкпе, шертпе болып бөлiнуi де бiлiктiлiктiң белгiсi. Ана құрсағындағы сәбиге дейiн музыка үнi және сөз өнерiнен ерекше әсер алып, оны тындаған ананың тебiренуiне байланысты iштегi бала тәрбиеленген. Домбырада неше түрлi әуеннiң әсерiмен берiлген сөз маржаны адамды балқыта, елжiрете өзiне тартады.
Домбыра – адам тәрiздес басы, екi құлағы, екi көзi, мойыны, екi iшектi сөйлейтiн тiлi бар ауыз әдебиетiнiң түрлi салаларын жеткiзушi аспап. Домбыраның көмейiнен күңiрене құйылған күй, шыққан үн, пернеден қосылған дыбыс асыл сөздердiң маржанын жинаған және оны кеудесiне сыйғыза бiлген көненiң көзi. Киелi домбыра аспабының үнi бар жерде жамандық иесi болмайды. Ол адамның рухани жан дүниесiн музыка арқылы емдеп, мiнез-құлқын жөндеуге, шығармашылықпен iзденуге, байсалды, сабырлы болып еңбек етуге үйретедi.
Ата-бабаның сан-салалы жанрлардың үлгiсiн салуы, тақырыбы мен мазмұнының әсерлi болуы қазақтың ежелден жан-жақты жетiлгенiн байқалады. Ауыздан-ауызға сөз маржанын домбыра арқылы жеткiзiп, осы жанрлы орындай келе оны күрделiлендiре түсуi талант иелерiнiң iсi. Ал оларды шығарушы мен орындаушыларды дала философтары деуге әбден болады.
Домбыра үнi арқылы сөз ұйқастары құралып сан түрлi өлең жолдары ауыз әдебиетiне үлесiн қосты. ¦йқасы шұбартпалы, төкпе түрлерiне сай өлең жолдары неше түрлi сарындардың пайда болуына ықпалын тигiзедi. Екi арна тоғысып, көптеген жанрларды дүниеге әкелдi.
Домбыра аспабында фортепиано сүйемелдеуімен
шығармалар орындау әдістемесі
Қазақ елі, жері, өнері десек, алдымен ауызға алып, ойға келетіні шегі жоқ сары дала, көшкен ел, аттың жалында, түйенің қомында туып, дүниеге келген ән мен күй.
Сан ғасыр бойы заманның талай зобалаңын бастан кешірсе де, қазақ, халқының еңсесін елден ерекше самғап, биікте ұстап тұрған кұдірет — оның өнері. Музыка өнері, саз өнері, қол өнері.
Жеке алып қарайтын болсақ, домбыра, оның күй өнері — тамыры терендегі тұңғиық ғылым. Осы салада талай ғалымдарымыз, зерттеушілеріміз, композиторларымыз аянбай еңбек етіп келеді. Жалпы халық музыкасы, домбыра, күй және оның қалыптасуы, бізге жетуі, дәстүрлі халық өнері ретінде жер жүзіне танымал болуы жөнінде әңгіме қозғағанда Ахмет Қуанұлы Жұбановты еске алмау мүмкін емес.
Арнайы музыка оқу орындарын ашты. Домбырашылар ансамблінен басталған ұжым, дүние жүзіне аты әйгілі Халықтар достығы орденді, академиялық Құрманғазы атындағы халық аспаптар оркестрі, бір кездегі алты студенттен басталған халық аспаптар бөлімі, қазір бірнеше кафедрасы бар, үлкен факультет. Халық арасындағы көне көз, шежіре орындаушыларды бір орталыққа ұйымдастырып, күй өнерінің дәстүрлі орындаушылығы мен дамуының ғылыми жүйесін жасап, болашақ, ұрпаққа мол мұра қалдырды.
Жоғарыда айтылған  бұрынғы мен қазіргінің арасындағы жанды көпір деп А.Жұбановты айта аламыз. Жарты ғасырдан астам өмірі бар халық, аспаптар факультетінен білім алған түлектер, қазіргі уақытта алды кемеліне толған өнер ардагерлері, зиялы өнер қауымы.
Әрине, заман өзгерістерімен бірге халықтың әлеуметтік тарихи жағдайының өзгеріп отыруы табиғи құбылыс. Күй өнеріне бұрынғы құйма құлақтық дәстүрлі әдісімізбен бірге нота сауаты, арнайы музыкалық жан-жақты білім ағымы қосылды. Бірақ халықтық, дәстүрлі нұсқадан ауытқыдық деп айта алмаймыз.
Олар еуропалық мәдениетті толық таныған, арнайы музыкалық жоғары білім алған мамандар. Бәрі домбырашы — күйшілер.
Бүгінгі таңда — домбырада тек қана күй емес, фортепианомен косыла «Фантазия», «Увертюра», «Поэма», «Концерт» сияқты күрделі шығармалар үйлесімді үндестікпен орындалып жүр. Авторлар күй жанрын әр қырынан қарай отырып, мазмұнын, бітім-болмысын айқара ашып жаңа белеске көтерді.
Домбыра өнерінде жаңа жанр, жаңа ағым дүниеге келді. Бұл үлкен дәстурлі мектеп. Міне, ең алғаш осы тыңды игерген, профессор Х.Тастанов. Мысалы, оның «Фантазия» шығармасың талдап қарасақ, композитор еуропалық циклдарды ала отырып, әр бөлімді жеке күй есебінде қарайды. «Аllеgrrо», «Аndаntuno», «Вальс», «Аllеgrrо». Автор «Фантазия» жазуда — еуропалық әдісті, нұсқаны, дәстүрлі күй шығармашылығына жақындатып, орындаушының да, тыңдаушының да ой тұжырымының бір келісімге келуін мақсат етіп қойған.
Орындаушылық өнерге соны жаңалықтар әкелсе — ол қонымды да ұтымды шыққан. Х.Тастанов домбыраның бұл үрдісіндегі алғашқы қарлығаштардың бірі. Ол бастаған жаңа жанр өз жалғасын табуда.
Фантазия айдарымен жазылған шығармаларды, кейінгі буын композиторлары М.Әубәкіровтің, Е.Үсеновтің, т.б. туындыларынан көруге болады. Келесі фантазия — М.Төлебаевтың «Біржан-Сара» операсының тақырыбына жазылған М.Әубәкіровтің шығармасы.  Шығарманың басында операдағы хор тақырыбынан кіріспе алынған «Adagio». Бір және екі дауыста үлкен толғаныспен орындалып, «Моderato» екпінінде негізгі бөлімге дайындық жүреді. Негізгі бөлім от жалындай жылдамдықпен өтетін күй дәстүрінде жазылған. Орта бөлім хор тақырыбын дамыта отырып, бастапқы күй әуеніне ұласады. Шығарма жігерлі, қысқаша кодамен бітеді.
Ал, Е.Үсеновтың «Майра» фантазиясына келетін болсақ, біздің баршамызға белгілі жағдай — ән мен күй құлақтан құлаққа өтуі арқылы біздің заманымызға жетті. Мол мәдени мұрамызды қағаз бетіне түсіруді алғаш А.Жұбанов, Б.Н.Ерзакович, В.А.Затаевичтар бастады. Бұл шығармаға сол заманнан жеткен «Майра» әнінің екі нұсқасы алынып отыр. Ән тақырыбы дами отырып, құбыла түсіп (вариация) негізгі тақырыпқа оралады.
1) бұрауы — теріс бұрау (квинта).
2) орындаушылық, дәстүрі – төкпе, шертпе мектептерінің ойнау әдістерінен туындайды. Бұл әдісті бірінші болып композитор А.Жайымов қолданған болатын. «Майра» фантазиясы — шертпе дәстүріндегі кіріспемен басталады. Ал, негізгі бөлімінде аса бір екпінмен төгіп ала жөнеледі. Домбырашының орындаушылық, қырын ашу мақсатында тақырып түрлене отырып, кең құлашты әнге ауысады. Одан әрі қарай негізгі буынға өтіп, бастапқы тональді бояуда бітеді.
Кейінгі кезде домбыраға арнап жазылған поэмалар қатары да толысып, көбейе түсуде. Н.Тілендиев «Алтын дән», А. Жайымов «Поэма», Е.Үсенов «Поэма», т.б. болып жалғаса береді. Н.Тілендиевтің оркестрге арналып жазған «Алтын дән» атты поэмасы — өнер сүйер қауымға өте жақсы таныс. Домбыра кафедрасының түлегі «Жігер» фестивалінің жүлдегері А. Тұрсынбеков профессор М.Әубәкіровтің жетекшілігімен осы шығарманы домбыра мен фортепианоға лайықтап түсірген болатын. Сонымен қатар қазақ халқының бірегей, тума — талант композиторы Н.Тілендиевтің шығармашылығы жөнінде дипломдық жұмыс жазды. «Алтын дән» поэмасы Н.Тілендиевтің аспаптық музыка жанрындағы тамаша туындыларының бірі. Шығармада қазақ халық аспаптарының барлық орындаушылық мүмкіншіліктерін сарқа пайдаланып, қазақ халқының күй жанрын асқан шеберлікпен дамыта білген.
Поэма — еркіндік құрылымымен ерекшеленетін аспаптық шығарма. Оның мақсаты, жоспары, анық болжамы болады.
«Алтын дән» поэмасында қарама-қарсы екі бейне бірін-бірі толықтыра отырып, жаңа кұрылымдық, көркемдік жетістікке жеткен. Бірақ сол дәстүрлі нұсқадан аспай, шеберліктің әдіс, амалдарын іздей отырып, негізгі бөлімді «Аllеgrrо» кең дамыған классикалық күй формасында батыс өнірінің тегеурінді төкпе әдісінде алған. Бұл шығармаға алыптық, батырлық сипат береді. Әрине шығарманың сан қырлы, ойлы болуы – «Алтын дән» атынан-ақ көрініп тұрғанындай: «Тың жер», «Сары далада жайқалып өскен бидай», халықтың қажымас күш жігері, терең бейнеленген. «Алтын дәнді» тыңдаған түркі баласының тұла бойы шымырлап, ұлттық сезімінің тереңінен тебіреніп, жігердің жебесіндей серпіліп күш қайратты батыр сезінбегендері жоқ шығар.
Оркестрге арналып жазылған «Алтын дән» поэмасы іспеттес көптеген туындылар бар. К.Күмісбеков «Дала», М.Қойшыбаев «Советтік Қазақстан», С.Мұхамеджанов «Шаттық Отаны», т.б. Домбыра өнеріндегі жаңа үрдістің келесі бір белесі увертюралар.
Д.Ботбаевтың «Бәйге» увертюрасы дамып жетілуі, тақырыптық түрленуі жағынан алып қарағанда фантазия жанрына жақындайды. Увертюра жанр таңдаудың бір қыры. Увертюра — шығармаға бастама, кіріспе деген ұғымды береді. Шығармада тональді, үндестік өзгерістер көп-ақ. Бұл арқылы автор қазақ, халқы өнерінің ең өрелі түрі — бәйгенің болмысын, мазмұнын жеткізген. Бәйгеге озу-қалу, жүйрік-шабан, жарыс-тартыс деген сияқты ұғымдарды тональді қарама-қарсылықтар арқылы берген. Ат шабысының қозғалысын ырғақтық өзгертулер көрсетсе, өзгеріп отыратын шымыр қағыстар шығармадағы біртұтастықты көрсетеді. Бәйге өнерінің бітім-болмысын толық көз алдымызға әкеледі.
Фантазия, увертюра, поэма бұл жанрдағы шығармалардың бәрі де дәстурлі күй шығармашылығына — күйге еуропалық, жанрларды жақындату болып табылады. Бірақ оның мазмұны дәстүрлі күй болса, екінші бір авторларымыздың ізденісінде күйдің өзінен, дәстүрлі музыкадан осы бағыттағы үлгіні дамыту, жаңа жанрды күй аясында биікке көтеру құбылысы байқалады.
М.Қойшыбаевтың «Қызылқұм» атты концерттік күйінде композитор тақырыпты түрлендіре отырып, жаңаша кескін іздеген. Бұл шығарма үлгі (формасы) жағынан үш бөлімнен тұрады. «Қызылқұм» деген атына сай, ә дегеннен негізгі күй тақырыбы абыр-сабыр, өте тез екпінде басталып, көз алдымызға құм көшкінін әкеледі. Табиғат құдіретінің тұрақсыз өзгерісін өте тез екпін, өзгермелі ырғақ, өлшемдер арқылы берген. Жел басылып, саябыр тапқан ашық аспан, бей-жай қалыпқа түскен жан-жануар ортаңғы бөлімде тыныштықпен әдемі үндеседі.Осылайша біртіндеп дамыта отырып бастапқы тегеурінде күй тақырыбы, құм көшкіні қайта басталады.
Соңғы жылдары «Қызыл құм» іспеттес концерттік күй, концерттік пьеса ілегі жалғасып келе жатқанын байқаймыз. Мысалы, М.Әубәкіровтің «Жас екпінін» алайық. Бұл шығарма ұстазы Х.Тастановқа арналған. М.Әубәкіров ұстаз ұлағатын бұрмай, жалғастырған маман. «Жас екпін» — жеке жоспарлы арнайы концерттік шығарма. Автор шығармада — жастық шақты, құбылмалы да жігерлі, еш нәрседен қаймықпайтын қайсарлықты көрсете білген. Шығарманың бірден жоғары нүктеден басталуы да біріншіден, мазмұнына байланысты, екіншіден, бұл күй дәстүріміздің сиректеу кездесетін нұсқасы. Өте тез екпін, триольді кағыстар құбылмалы динамикалық бояулар күрделі үш бөлімді шығарманың мазмұнын аша түседі.
Екінші бөлім нәзіктік, сыршылдық әуенімен түрленеді. Автордың бұл жерде алға қойған мақсаты алынған тақырыпты дамыта отырып, орындаушының орындаушылық шеберлігін, техникасын кең түрде қолданады. 2-бөлімнен кейін каденция, жаңғырықты дыбыс (флажолет) әдісін қолданады. Бұл да домбырадағы ізденісі, жаңалығы. Каденция негізгі бөлімге қайта оралып, үшінші бөлімге жалғасады. Бастапқы екпінде бір тыныста шығарма бітеді.
Жас шамасы жағынан соңғы буын өкілі деп қарасақ та, шығармаларының мазмұн тереңдігі мен сан қилы орындаушылық ерекшеліктерімен композитор — А.Жайымов дараланып тұрады. Оның «Шалқыма» атты концерттік күйі қазіргі таңдағы домбырашылардың орындаушылық негізін көрсететін, асқан шеберлікті талап ететін, атымен де, мазмұнымен де күй дәстүрі аясында құрылған туынды. Республикалық сайыстарда ұдайы орындалатын шығармалардың бірі.
Ал «Дамылсыз қозғалыс» және «Концерттік пьеса» тырнақ алды туындылары. Бұл шығармаларды автор фортепианомен қосылып орындағанда домбыра техникасын жан-жақты дамыту жағын алға мақсат етіп қойған.
«Дамылсыз қозғалыста» еқі шекті кезектестіре қолданып, сол қол саусақтарын пернеге жеке-жеке басу тәсілдерімен домбыра мойнындағы бүкіл кеңістікті толығымен пайдаланады. Шығарма рондо үлгісінде жазылған. «Концерттік пьеса» күрделі үш бөлімнен тұрады. Құрманғазының «Сарыарқа» күйінің тақырыбына жазылған. Күй тақырыбын жаңаша тілмен өрбітіп, оны фортепианомен шебер жарыстыра білген. Мұнда домбырада кездесетін әдіс-амалдар, орындау тәсілдері одан әрі дами түскен. Жалпы домбырашыдан жоғары ептілікті, орындаушылықты талап ететін шығарма.
«Концерттік пьесалар» тізбегін Е.Үсеновтың «Жігер», «Түркі әлемі», «Шәмші дастаны», С.Балмағамбетовтың «Күй дастаны» жалғастырады. «Жігер» күй дәстүрін қолдана отырып жазылған шығарма. Үш бөлімнен тұрады. Орта бөлімінде әдеттегідей жай, әндете, негізгі тақырыбын құбылтып, 1-бөлімді қайталайды. Ал С.Балмағамбетовтың «Күй дастаны» — дастан деген, атына лайық, толғау күй. Әуен жоғарылаған сайын, тақырып ырғақ, қағыс түрлене дамиды. Шығарманың үлкен бір бөлімді болуының өзі күй негізін дәлелдейді.
Еліміз егемендік алып, жалпы халық, қоғам өмірінде түбегейлі өзгерістер болып жатқанда — елім, жерім, халқым деген әрбір азаматтың жүрек тебіренісі, құлшынысы табиғи және түсінікті жағдай болып табылады. Е.Үсеновтың «Түркі әлемі» шығармасы осы бір тебіреністің перзенті. Барлық түркі халықтарының басының бірігуіне арналған. Шығарманың бірінші бөлімі түркі халықтарының әуендеріне құрылған тез екпінді, екінші бөлімінде қазақ халқының әндерінің элементтері бар жай екпінде түрлене отырып, каденция арқылы 3-бөлімге өтеді. Шағын кодамен аяқталады.
«Шәмші дастан» болса «Қазақ вальсінің королі» еліміздің бір туар таланты Шәмші Қалдаяқовтың өмір суреттерінің галлереясы. Жоспарлы поэма, фантазия деп қарасақ та болады. Қысқаша кіріспеден басталып, көңілді жігерлі 1-бөлімге ойысады. Бірінші бөлімнің өзі үш бөлімдік үлгіде жазылған. 2-бөлім Шәмшінің «Цыган серенадасы» әнінің негізінде құрылған. 3-бөлімде «Вальс» — ырғақпен өзгерістерге түсіп, әрі қарай марш тектес әуенге ойысады.
Шығарма Шәмшінің «Менің Қазақстаным» әнінің негізін ала отырып аяқталады. Шәмші «Қандары қызған, нағыз жастық шақтарында менің әндерімді аспандатып шырқаған, сол әнмен бірге есейген қыздар мен жігіттер бұл күндері егде тартып, беттеріне әжім, шаштарына ақ түскен жасамыс болыпты. Менің әндерімді солар шырқайды. Мені «Шәмші» деп бастарына көтерген сол асылдарым дүниеден өткен соң менің әнімді кім салады? Кім мені есіне алады? Менің сонда оқты айдалаға атқаным ба, өмірімді босқа өткізгенім бе? — деп тұңғиыққа тіреліп сұрақ қойғанда, — Оны болашақ айтады» — деп О.Бодықов жауап берген екен. Әуенінде Шәмші әндерінің бірнешеуінің әуені бар «Шәмші дастан» орындаушы мен тыңдаушының сүйіктісіне айналып та үлгерді.
Композитор Е.Брусиловскийдің «Румын әндері» — домбырашы-орындаушы қауымның репертуарынан кең орын алған шығарманың бірі. «Румын әуендері» 1953 жылы Бухарест қаласында өткен жастар мен студенттердің дүниежүзілік фестиваліне байланысты Құрманғазы атындағы халық аспаптар оркестріне арнап жазылған. Оны М.Әубәкіров 1954 жылы фортепианоның сүйемелдеуімен орындау үшін домбыраға лайықтап түсірген. Дәстүр жалғастығы емес, бірақ, домбыра өнеріндегі жаңа ағым, сонымен қатар емтихандарда, конкурстарда домбырашылар репертуарында өзіндік орны бар шығарма.
Сондай-ақ консерватория түлегі, домбыра өнерінің дамуына үлес қосып жүрген маман М.Тіналиннің «Жайлау биі» шығармасы — бүгінде домбырашылар репертуарынан өз орнын тапты. Шығарма фортепианоның жай, қысқа кіріспесімен басталып, орта екпіндегі негізгі бөлімге ауысып, ортаңғы бөлімде бірнеше түрленіп 1-бөлімді қайталайды.
Аспаптык, музыканың күрделі жанр биігі — концерт дейтін болсақ, домбыра мен фортепиано, оркестрге арналған концерттер де жазылды. Жоғарыда атап өткеніміздей бұл жанрда алғаш қалам тартқан композиторлар С.Мұхамеджанов пен А.Жайымов. Бұл жинаққа кірген А.Жайымовтың «Балдәурен» атты шағын концерті (концертино) үш бөлімді жоспарлы шығарма. Мазмұны бақытты балалық шақ көріністерін бейнелейді. Домбырашылық орындаушылық шеберлігін жан-жақты жетілдіре отырып, дәстүрлі күйшілік өнердің қыр-сырларын шебер қолдана білген. Әдеттегідей жай бөлімде қолданылатын тремоло қағысының орнына шертпе дәстүріндегі күй алынған. Үш бөлімнің домбырадағы үлкен сағадан басталуы да көптеген күйлерде кездесетін дәстүр нышаны. «Шын өнерді еш уақытта тот баспайды» — дейді халық даналығы. Бастауын әріден алған сан салалы күй өнеріміз өзінің дер биігінде, келісті кейпінде. Ал бұрынғы күй дәстүрі аясында дамып, жаңа белес, жаңа үрдіс күй құдіретінің  өміршеңдігін дәлелдейді.
Домбыра үйрету әдісі
Домбыра үйрету әдісі пәні болашақ ұстаздарды домбыра аспабында ойнауды үйретудің үлгілерін, әдістерін жете білуге жұмылдырады. Ұстаздардың озық тәжірибесін көріп, сезіне жүріп, орындаушылықты, теориялық бағытта алған білімін өз бетінше тұжырым жасауға үйретеді. Пән түйінді, дәстүрлі күйшілік мектептердің бапты бағамдарынан, алдыңғы қатарлы орындаушылар мен ұстаздардың тәжірибелерінен, ғылыми зерттеушілік нұсқаларынан, жалпы педагогика, музыкалық педагогика, психология ғылымдарының негізінен алады.
Домбыра үйрету әдісі – сындарлы үрдіс. Заңдылықтардың, үлгілердің, әдістердің, түбегейлі зерттеулерлің, бір арнаға құяр саласы, жиынтығы. Теориялық түйін және болжамдардың іске асар тұсы. Домбыра үйрету әдістері дәрістерінен үйренген бар білімін болашақ ұстаздар ұстаздық машықтану сабақтарын өткізу барысында шәкіртпен етене тікелей жүздесу кезінде іс жүзінде қанығып домбырашы ұстаз, домбыра маманының бейнесін қалыптастырады. Репертуар орындаушылық қырынан тексеріліп, құжаттармен жұмыс жасалынып, оқу әдістемелік бағытқа сын көзқарасы, ұстаздық абайы қалыптасады, пікір алысып, өз бетімен жұмыс ұйымдастырылады.
Педагогика ғылымдарының ойшылдары М.Жұмабаев «Ұстаздықтың тұңғиығы Абайдан басталады», – десе, Н. Крупская: «Өз бетімен жұмыс қай салада да биікке апарар жол», – деген екен. Домбыраға үйрету әдісі– кәсіби өнер саласында ұдайы дамып, ізденісте, дамуда келе жатқан үрдіс. Домбыра үйрету мектебін Л. Хамиди, Х. Тастанов, Б. Ғизатов, М. Әубәкіров, А. Жайымов, Б. Ысқақов, С. Бүркітовтер жазған оқулықтары қолданылып келеді. Біздің де ұстанған бағытымыз:
Есте сақтау, есту, ырғақ, музыкалық қабілеттер қалыптастыру, зейін, абай, творчестволық ойлау дағдысын жетілдіру, дамылсыз үйретудің прогрестік жолдары жиынтығындағы мектепті қалыптастыру өз бетімен жұмыс, шығармашылық құлшыныс, орындалған шығармаға сын көзқарас, жалпы өнерге деген сүйіспеншілігін арттыру. Басты мақсат: мінез– құлықты, домбыра өнерін жіті білетін, ұлттық рухтағы тәрбиелі орындаушы, ұйымдастырушы, ыждағатты, қағілез, инабатты ұстаз дайындау.
I. Алғашқы кездесу жоспары:
1) танысу;
2) аты–жөнін құжатқа жазу;
бағыты;
бұрын домбырамен таныс па соны білу;
музыкалық қабілеттерін тексеру;
отбасында домбыра таныстығы;
өз еркі, ата–анасының көзқарасы;
жалпы білім беретін мектептегі үлгерімі, уақыты т.т;
керекті оқу құралдары.
ІІ. Алғашқы сабақ негіздері:
1) оңтайлы аспап;
2) дұрыс отырыс;
3) домбыраны дұрыс ұстау.
Домбыра шәкірттің жас шамасына, дене құрылымына сай болу керек. Кейбір домбырашылардың саусағы қысқа болса да, өте салалы келеді. Кейде салалы саусақтардың созылу қасиеті жоқ, дене бітімі қатаңдары да кездеседі. Аспаптың қолайсыздығынан отырыста көптеген қате кетеді, дыбыс сапасы да бұзылады. Бұған орындықтан келер залал да көп. Аяғы еденге орнықты қойылмаса, сол аяғының өкшесін көтереді де, еңкейіп отырады. Көпшілік жағдайда аяқ астына көтергіш қояды, әрине орындық аяғын кесіп тастап жатпайды. Егер көтергіш кішілеу болған жағдайда да орындықсыз пайда болады.
Осы орайда маңызы зор бес қағиданы үйретуші ұстаз білгені жөн:
анатомиялық;
физиологиялық;
жан танымдық;
механикалық;
акустикалық.
         Анатомия – шәкірттің, ұстаздың дене мүшелері аттарын толық білу. Иық, қол, шынтақ, білек, білезік, алақан, саусақ, кеуде, мойын, бас, тізе, тобық, табан т.т. Тәжірибеде қол, саусақ, бастан басқаны білмейтін шәкірттер жиі кездеседі.
         Физиология – организмнің, өсімдіктердің тіршілік барысын, дамуын және зат алмасуы заңдылығын зерттейтін ғылым. Олай болса  алдыңдағы шәкірт организмнің (ой жүйесі, дене бітімі қатаң ба, боспа аңғару) домбыраға бейімділігінің дамуын байқау.
         Жан таным – ұстазды адам жанының инженері деп қате айтпаған. Тәжірибелі ұстаздар шәкірт мінезін бірден таниды. Кейбір шәкірттер бірден ашыла қоймайды. Селқос тыңдаған тәрізді болғанмен, өз бетімен тындырымды келеді. Қайсыбірі сондай ыждағаттылық танытқанмен, алары аз болады. Қанша шәкірт сонша жан таным бар, әрқайсысына жеке дара келуге тура келеді.
         Механикалық. Механика – (механизм) ішкі құрылысты жүргізу, қозғалту –  қозғалыс және күш заңдылықтары туралы ілім болса, екі орайда да толық білім болуы қажеттілік. Қолдары, қозғалысқа қалай келеді, дыбыс шығару үшін қандай күшті қалай жұмсау керек.
         Аккустика – артикуляция, агогика, әшекей, өрнек, қағыс табиғаты т/б тақырыптар. Бұл тақырыптардың қысқаша мазмұны – бәрін бір жинаққа сыйғызу мүмкіндігі жоқ екені түсінікті болса керек.
Кейбір кемшіліктер көрнекі түрде берілген. Қай мәселені алсаңыз да, 1-ші кезекте тұру керек сыңайлы, сондықтан жалпы заңдылықпен реттеуге тырыстық. Атап айтсақ, домбыраны үйрету сабағын жоспарлау, алғашқы сабақ өткізу әдістері, алғашқы домбыра үйрету кезіне тән қателер, оны болдырмау жолдары, оқу орнына, бағдарына байланысты ерекшеліктері, керекті құжаттар, оның жүргізілу мазмұны, сатылап орындалуы, шәкіртпен творчестволық қатынас, кемшіліктерді талдау, талпынысын қолдау, орындалу сапасын дұрыс бағалай білу. Домбыра үйрету әдістерінің жалпыға бірдей негіздері. Аспап күтімі, отырыс, екі қол қойылымы, оны қозғалысқа келтіру. Екі қол қозғалыс жүйесі, домбырашының орындаушылық дағдысының қалыптасу негізі, екі қол үндестігі, техникалық шеберлік. Маңызды – анатомиялық, механикалық, физиологиялық, жан танымдық, акустикалық бес факторды білу. Музыкалық және орындаушылық қабілеттер, есту, есте сақтау, ырғақ оларды анықтау, дамыту жолдары. Қабілет және дарындылық. Талант және еңбек. Елес-қиял. Сезім және ерік. Әуездік ырғақтық, дыбыс бояулық, буындық, екпіндік, есту қасиеттері, домбыра дыбыс әуезінің қалыптасу табиғаты. Есту және байқау. Саусақ кестесі (аппликатура), орналасу реті, қалпы (позиция).
Саусақтардың халықтық атаулары. Белгіленуі, орналасуы. Позиция ауыстыру, дәстүрлі қалыптасқан перне басу реті. Дәстүрлі қағыстық атаулар. Графикалық белгіленуі. Қағыстық, дайындық жаттығулары. Оң қол шеберлігі, техникалық жетілдіру жолдары. Орындаушылық шеберліктің негіздері. Домбыра орындаушылық өнерінде түрлену (вариант), көбеюі, мәнерлілік. Дыбыс бояуы жолдары, әшекей өрнектің дыбысқа әсері, орынды қолданылуы.
Шығарманың екпініне байланысты ізденістер. Артикуляция, агогика ұғымдары, шығармамен жұмыс. Шебер (виртуоз), орындаушы, жеке орындаушы, сахна мәдениеті, оған дайындық. Репертуар. Репертуар таңдау, көмекші оқу құралдары. Әдістемелік талдау. Бұл қысқаша ғана тақырыптар. Шәкірттің жеке басының мүмкіндігіне, жаратылысына байланысты туындайтын жайттар жиі кездеседі. Қанша домбырашы, сонша жеке тұлға бар.
Музыка маманын дайындау қызықты да өте күрделі еңбек. Мұнда бір-бірімен жалғасып жатқан екі мәселені қараған жөн. Ұстаз өз шәкіртіне өнерге деген көз-қарасын, сүйіспеншілігін, өз білімін, іскерлігін, орындаушылық шеберлігін бере білуі. Оқушы бойындағы талантты ашу, жақсы жақтарын көрсету, кемшіліктерін ұдайы түзете дамыту. Ұстаздық шеберлік тәрбиенің осы екі қырын қатарластыра жүргізгенде ғана нәтижеге жетеді. Бірақ ұстаздық ұлағаттылықтың мәні, оның ішінде, музыкант ұстаздың шеберлігінің кейбір қалтарыстары әлде де зерттеліп болған жоқ. Дейтұрғанмен де орындаушылық шеберлік, көркемөнер, музыкант ұстаз, халық мектебі, әр түрлі аспаптарда ойнауды үйрету, халық таланттары, музыкалық сан-салалы шығармалар, олардың орындау жолы, шығармашылық қақында көптеген тұжырымдар, ғылыми зерттеушілік жұмыстар, түбірлі түйіндер, очерктер, повестер, монографиялар бар.
Музыкалық педагогиканың сүйенері де осы еңбектер. Қазіргі кезде домбыра ойнауды үйрету бағытында бірнеше бағыттар, ойлар туындап жүр. Бірақ бәріне ортақ бір қағида – негіз, ол дұрыс отырғызу, қолдарын дұрыс қою, оңтайлы аспап, әп дегеннен ойлы, ізденісті домбырашы қалыптастыру, әр оқушының жеке қабілетіне байланысты сабақ ұйымдастыру.
Алғашқы сабаққа ұстаз өте тыңғылықты дайындалуы керек. Оқушымен бірінші кездесудің кейінгі еңбек жемісі үшін маңызы өте зор екендігін әсте естен шығармаған дұрыс. Оқушы психологиясына әсері мол боларлықтай жағдай жасау, оқушыны өнерге ынтықтыра, қызықтыра білу. Бір сөзбен оқушыны жалықтырмай, тиянақты сабақ ұйымдастыру.
Жоғарыда айтып өткеніміздей, оқушы қай бағытта музыканы үйренсе де, болашақ түпкілікті осы жолда қаласа да, қаламаса да, барлық домбырашы үшін ортақ мүлде дұрыс отырыс, дұрыс қол қойылымы, әр шәкірттің табиғи жаратылысына байланысты жеке бағдарлама құру, дұрыс ойлау жүйесін қалыптастыру.
Қорытынды
Өнер-адамзат баласының бүгіні мен болашағы, сонау есте жоқ ескі күндерінің арасын үзіліссіз байланыстыратын күн мен түннің арақатынасы сияқты мәңгі ажырамас егізі. Кемеңгер Абайдың сөзін сабақтасақ, «туғанда дүние есігін ашады өлең, өлеңмен жер қойнына кірер денең» деген өмірлік қағиданың тіні тарқамақ. Өткен күндерден жеткен інжу-маржандар көне тарихтан осылайша тағлым береді. Қазақтың сайын даласы қай кезде де өнерге кенде болмаған. Ұлан ғайыр аймақтың, әр өңірдің өзіндік ерекшелігі, белес-бедері, үні,әуезі, бояуы, екпіні бар. Әрине, өнер ауқымы кең, әрі сан-саласы екендігі де белгілі.Қазақ даласының өміршең өнерінің бірі – күй.Қазағымның ғұмырына нәр берген де, азаптан арашалаған да, алдынан жарқыраған ай боп туып, алысқа шақырған да, асудан асырған да, жауға шапса семсеріне күш берген де арғы – бергідей бар болмысының күре тамыры – құдіретті күй. Күйде ұлттық рух бар. Күй қазақтың өмір қазығы – ұлықты ұраны. Дарабоз дархан күйді де, күйшіні де өмірге келтірген, оған ұзақ өмір, мәңгілік мәнсап, биік тұғыр берген де халық.Сондықтан күй халқымен бірге жасап, ғасырды ғасырға жалғап, өрелі өрімдерінен болашаққа бойтұмар тағып, өзі де өзіне табынғандармен бақилық ғұмыр кешуде. Сонымен бірге, қазақ халқының күйшілік дәстүрінде, күй өнерінде тармақты күйлер айрықша орын алады. Сондықтан бұл жұмыста күйлер туралы, домбыра үйрету әдісі, болашақ домбырашы ұстаздарды даярлау турасында арнайы сөз қозғап, ой өрбіткен жөн деп санадық. Сондықтан, қорыта келе осы құдіретті күйдің пайда болуы, дамуы мағынасы жөнінде керемет ой түйген белгілі ғалым Қ. Жұбановқа жүгіне кеткен жөн. Ол өзінің «қазақ музыкасындағы күй жанрының пайда болуы нәсілі» атты еңбегінде мынадай пікірін алға тартады «Қазақ музыкасы шығармаларының ішіндегі ең ірі жанрдың бірі-күйлер. Композиция жағынан, музыка мәдениетінің басқа өлшеулері жағынан қарағанда да,күйлер халық музыкасының жетіскен ірі
тарауы екендігінде дау болмауы керек. Қазақтың өзі де күйді ерекше
бағалайды:онда айтып тұрған әңгіме,сөйлеп тұрған сөз болмаса да, күйлердің өзінің музыка тілі халыққа сондай жақын, сондай түсінікті, оны сол тілсіз түрінің өзінде жақсы таниды. Басқа халықта да күй атаулы шығармалар бар, бірақ оларда әнмен бимен араласып жүреді. Жан-жақты жетілген, дамыған күй тек қана біздің қазақ ұлтына тән өнер. Әр аймақтың өзіне тән күй ойнау, күй шығару, таралу тәсілі бар. Сонымен де, сапасымен де көзге ұратын домбыра күйлері өзінің тақырыптық ауқымымен, сазымен, әуезімен, мазмұнымен, жетілген белгілі нысанымен ерекшеленеді. Адамзат және коғаммен күй дамуы қапталдас өрбіп отырған». Сөйтіп, тұжырымдай келе, күй – халықтың қадір-қасиетті, ділі, тілі парқымның дегендей, заманымыздың өміршең өнері бүгінгі күнге дейін сақталып, өміріміздің қазығы, ұлықты ұраны болып қала бермек. 
Пайдаланылған – Әдебиеттер
1 Ахмедиаров Қ. Күй – ұран. – Алматы, 2001. – Б. 3362 Балмағанбетов С. Қазанғап. – Ақтөбе: ЖШС «Ақжар - АБК», 2005. – Б.1203 Жүсіпов Б. Жиделі Байсын күйлері: оқу құралы. – Алматы: «Ғылым», 2000. – Б. 2884 Тоқтаған А. Құрманғазы. – Алматы: Білім, 2005. – Б. 2165 Райымбергенов А., Аманова С. Күй қайнары. – Алматы: - Өнер, 1990. – Б. 2886 Ермекбайұлы М. Күй маржаны. – Павлодар. – 1999. – Б. 2887 Сахарбаева К. Атырау ән-күй мұхиты. – Алматы: «Дайк Пресс», 2001. – Б. 218 Сахарбаева К. Домбыра дастан. – Алматы: - Мектеп, 2002. – Б. 439 Сейдімбек А. Қазақтың күй өнері. – Астана, 2002. – Б. 83210 Тоқтаған А. Тәттімбет және Арқа күйлері. – Алматы: Білім, 2005. – Б.18411 Сахарбаева К. Дәстүр ізімен. – А., 1997.12 А. Райымбергенов «Қазанғап Ақжелең», Алма – Аты, «Өнер» 1984ж.13 С. Балмағамбетов «Саз зергері Қазанғап» «Өлке» 2001ж.14 А. Райымбергенов, С. Райымбергенова «Күй қайнары», «Өнер» 1997ж. 15 А. Есенұлы, Г. Елеусізқызы. «Күй керуені». А., «Өлке», 1997.16 Ө.Спанов. Домбыра үйренейік. А., «Әуен», 1992.17 А.Жайымов, С.Бүркітов Домбыра үйрену мектебі.. А., «Өнер», 1992.18 Л. Хамиди, Б. Ғизатов. Домбыра үйрену мектебі.. А., «Өнер», 198319 Дүйсембінова Қ. Музыкалық білім беру педагогикасы. – Талдықорған, 2006. – Б. 86 164 20 Аравин И. В., Ерзакович Б. Г. Қазақстанның музыка мәдениеті – Алматы, 1957. – Б. 4 68 21. Қ. Мерембаев. Домбыраға арналған хрестоматия.. Қарағанды, 200322. У. Бекенов. Күй табиғаты.. А., «Өнер», 198123 Х Тастанов. Домбырадан сабақ беру методы. А., «Жазушы», 197024 Т. Мерғалиев. Домбыра сазы. А., «Жазушы», 1972
Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының мектепке бейінгі, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының облыстық оқу-әдістемелік кабинеті
«Домбыра – халқымыздың мұрасы»
(әдістемелік нұсқаулық)


Орал, 2017ж.
Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының мектепке дейінгі, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің сараптама кеңесінде қаралып,облыс педагогтарына таратуға ұсынылады.
Хаттама
Құрастырушы:
Л.К.Сексенбаева – Батыс Қазақстан облысы Теректі аудандық №3 балалар саз мектебінің домбыра пәнінің оқытушысы.
Резиденттер:
С.К.Сексенбаева – «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы БҚО ПҚБА Институтының тұлғаны әлеуметтендіру кафедрасының аға оқытушысы.
Ж.И.Нұрымбетова – ҚР мәдениет қайраткері, Құрманғазы атындағы саз колледжінің қобыз класс оқытушысы.