Жа?ылтпаштар, ж?мба?тар. ?аза? тілі 7 сынып
Сабақтың тақырыбы: Жаңылтпаштар, жұмбақтар, 7 сынып
Сабақтың мақсаты: А) Білімділік: Оқушыларды халық ауыз әдебиетінің түрлері: жаңылтпаш,жұмбақтармен таныстыру. Ә) Дамытушылық: Халық ауыз әдебиетінің бұл түрлерін бір-бірінен ажырата білуін,мәнін терең түсініп,мағынасын аша білуін және оқушылардың ойлау қабілетін,тілін дамыту.Шығармашылық жұмысқа баулу. Б) Тәрбиелік: Оқушылардың халық ауыз әдебиеті арқылы ұлттық сезімін оятып,кішіпейілділікке,ізеттілікке,адамгершілікке,топпен жұмыс істеуге үйрету.Сабақтың түрі: Тренинг сабақ. Пән аралық байланыс: ағылшын тілі,орыс тілі,дүниетану. Көрнекі құралдар:үлестірмелі қима қағаздар,тренинг ережелері жазылған,сабақтың тақырыбы жазылған плакат,топ ұпайларының көрсеткіштері,тест жұмыстары жазылған плакат,магнитофон.Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру. А) сәлемдесу Ә) топтарға бөлу 2.Жаңа сабақ. Бүгінгі сабағымыз тренинг- сабақ түрінде өтеді.Тренинг сабақтың негізгі мақсаты оқушыларды ұйымшылдыққа,топтасып жұмыс жасауға баулу,ойларын бөлісіп,ашық айтуға дағдыландыру,бірлесіп,үндестікпен жұмыс жасауға үйрету. Сыныпты үш топқа бөлеміз: Тұлпарлар. Достар. Батырлар. Әр топ жанына топ аттары жазылған табличкалар қойылады. Сабақ ережесімен таныстыру. 1.Тыныштық сақтау 2.Ұжыммен жұмыс 3.Қол соғу 4.Ойын ашық айт 5.Ережені бұзбау. ӘрбІр дұрыс жауап 5 ұпаймен бағаланады. Әр топ өздері арасынан: 1.Топ басшысын 2.бақылаушысын дайындайды. Топ басшылары топ мүшелерімен таныстырып отырады,ал бақылаушылар топ мүшелерінің алған бағаларын жазып отырады. 1-бөлім. «Білгенге маржан,білмегенге арзан». Әр топқа тапсырма беріледі.Ойлануға 2 мин. Тапсырмалар: №1.жұмбақ деген не? №2.жаңылтпашты қалай түсінесің? Талданып болған соң ойын: «түсін мені». Шарты:1-топтан 1-оқушы шығып,қима қағаз алады да ондағы жазу бойынша ерекшеліктерді бейнелеу. Қалған екі топ қимылына қарап анықтайды. Бағалау.2-бөлім. «Ойлан, тап» деп аталады. А) Тапсырма магнитофоннан тыңдалады. Әр топ айтылған жұмбақ жауабын үш тілде берулері керек. №1. Өзі сондай қу,жүрген жері айқай шу. №2. Маң-маң басқан маң басқан,шудаларын шаң басқан. №3. Қыста ақ тон киемін,сәбізді сондай сүйемін. Ә) Шығармашылық жұмыс. Жаңа жұмбақ шештік,енді берілген тапсырмаларды алып,ойдан жұмбақ құраймыз. Қалған екі топ жауабын табады. 3-бөлім. «Кім жаңылыспайды» ? Магнитофоннан жаңылтпаш тыңдалып,жаңылыспай айтылуы керек. №1. Дәу тау болады,тау дәу болады. №2. Шүрегей сүңгігіш пе,сүңгуір сүңгігіш пе? №3. Аңқау жалқауды жалқаусын дейді,жалқау аңқауды аңқаусын дейді. Жеңімпаздарды марапаттау.