Ж?мба?тар ?аза? ?дебиеті ашы? саба? 6 сынып


6 сынып қазақ әдебиеті
Сабақ тақырыбы: Жұмбақтар
Сабақ мақсаттары:
жұмбақ туралы әңгімелеу арқылы қазақша ойлау, сөйлеу, сауатты жазу дағдыларын дамыту және нығайту;
сөз қорын байыту және онымен тиімді пайдалануға үйрету;
өткен тақырыптарды қайталау арқылы қазақша сауатты жазу дағдыларын нығайту;
қазақ тілі мен әдебиетке қызығушылықтарын арттыру;
халық ауыз әдебиетін білуге, жақсы көруге тәрбиелеу;
логикалық ойлау қабілеттерін дамыту;
Сабақ түрі: жаңа сабақ
Қолданылған технологиялар: сын тұрғыдан ойлау, дамыта оқыту
Әдіс-тәсілдер: сұрақ- жауап әдісі, мәтінмен жүмыс жасау әдісі, мадақтау-жазалау әдісі, тіл дамыту әдісі, қайталау әдісі, репродуктивтік әдістері;
Сабақ мазмұны:
ұйымдастыру кезеңі;
сабақ тақырыбы мен мақсаттарын хабарлау;
өткен тақырыптарға шолу жасау, қайталау;
әдебиет қай тілден енген?
әдебиет нені білдіреді?
әдебиет қандай мұра?
әдебиет не болып саналады?
Қөркем сөзді қазақ халқы қалай бағалады?
Халық ауыз әдебиеті қалай қалыптасты?
Ауыз әдебиетінің түрлері қалай тараған?
Ертегілер деген не?
Ертегілердің түрлері қандай?
Ертегілер қалай басталады?
Ертегілер қалай аяқталады?
Ертегілердің тілі қандай?
Мақал – мәтелдер – ненің түрі?
Олар қалай тараған?
Мақалдың көлемі қандай?
Мақалдың мағынасы қандай?
Қазақ халқы мақал – мәтел туралы не деген?
Мақал – мәтелдер сөздерді не істейді?
Мақал – мәтелдердің тақараптарын ата?
жаңа тақырып «жұмбақтар» туралы әңгіме құру; кітаппен жұмыс жасау: оқу, аудару, сұрақтарға жауап беру.
- Жұмбақ деген не?
- Онда кім және не жайлы айтылады?
- жұмбақта адам өмірі мен тіршілігі, табиғат құбылыстары қалай айтылады?
- жұмбақтар нені дамытады?
- жұмбақтар неге үйретеді?
- жұмбақты дұрыс шешу үшін нені білу керек?
-жұмбақ нені талап етеді?
- жұмбақ адамды неге үйретеді?
Жұмбақ шешу (оқулықтан, хрестоматиядан, қосымша)
Жұмбақтарды шеш:
Арқасында ауыл жүр,
Ала тайым шауып жүр.
Сымға асылып,
Жүр асығып.
Жолы – темір, жаны – темір.
Темір атты зымыраттым.
Үш көзі бар қаз – қатар,
Кезек – кезек ашады.
Үшеуінен байқасаң
Үш түсті нұр шашады.
Ақ шатырлы бір қала,
Суда жүзіп жүр дара.
Төбесінде ебелек,
Ұшады өзі керемет.
үй жұмысы: жұмбақтар туралы мазмұнын айту, өзіндік жұмбақ құру;
қортынды, бағалау, рефлексия;