Жомарт к?з ерте?гілігі (орта??ы топ?а арнал?ан)
КМҚК «Жас – терек» бөбекжай балабақшасы
«Жомарт күз»
«Қызғалдақ» ортаңғы тобының ертеңгілік сценарийі
Топ тәрбиешілері: Абдикашова Ж.М.
Сламжанова Т.Т.
2016-2017 оқу жылы
«Жомарт күз» ертеңгілік сценарийі
Мерекеге сай безендірілген зал. Әдемі сазды әуен ойналып тұрады. Балалардың қолдарында жапырақтар. Жапырақтарын екі қолдарына ұстап, әуенмен еріп, аяқтың ұшымен тамаша көңіл – күймен балалар залға кіріп келеді. (тәрбиеші бірге).
1-Тәрбиеші: Құрметті қонақтар, ата- аналар бүгінгі біздің «Жомарт күз» атты мерекелік ертеңгілігімізге қош келдіңіздер. Ал ендеше не тұрыс? Біздің өнерлі де ,білімді балаларымыздың шығармашылығын тамашалаңыздар.
2-Тәрбиеші: Армысыздар халайық,
Бармысыздар, халайық
Күзгі тойды жұп бұзбай,
Келіңіздер қарсы алайық.
1-тәрбиеші. Ал, балалар, балалар
Енді бері қараңдар
Бізге қонақ келмекші
Сендерді бір көрмекші
2-тәрбиеші: Әуелі жұмбақ жасырам.
Таба алсаңдар шешімін,
Ортаға қонағымды шақырамын.
«Көк майсалы көрікті, алқаптағы көп егін,
Бұл күндері киіпті, сары жібек көйлегін»
Балалар: - Күз.
Күз ханшайымы: Сәлем менің достарым.
Өмірге көп қосқаным
Күз сыйлығын алыңдар,
Молшылыққа кенеліп,
Сыйлығына қаныңдар
Шаттық әнге салыңдар.
1-тәрбиеші: Қош келдіңіз Алтын күз.
2-тәрбиеші: Ал, балалар біздің қонақжай екенімізді танытып, бар өнерімізді көрсетіп, мерекелік іс – шарамызды тойлайық.
Қ. Азиза: Берекесін сыйлауға
Өлкемізге күз келді
Жемістерін жинауға
Шақырады біздерді.
Т.Ерхан: Қуандырып біздерді
Кел жемісті Алтын күз
Жерімізге күз келді.
Кемелденсін халқымыз.
Р.Аида: Көбейді құт мереке.
Астық толы қамбамыз
Құтты болсын мереке
Алтын күзді тойлаймыз.
1-тәрбиеші: Ән салыңдар, күліңдер
Жайнап гүлдей жүріңдер
Күздің тойын тойлайық
Би билейік – ойнайық – деп «Алтын күз» әні орындайтындар
Бақдәулет ұлдарыңызбен, Мадина және Аяулым қыздарыңыз.
Күз ханшайымы: - Жарайсыңдар, балалар мен сендердің өнерлеріңді тамашалап жатырмын. Ал енді сендерге жұмбақ жасырғым келіп тұр.
Ағайынды – бәрі,
Шықса жасыл, түссе сары. Бұл не?
Жапырақ.
-Дұрыс, ендеше мен өзіммен алтын жапырақтарымды ала келдім. Әр жапырақта тапсырмалар орналасқан. Егер де тапсырмаларымды орындасаңдар, мен өте қатты қуанатын боламын.
2-тәрбиеші: Әрине қымбатты, күз ханшайымы. Біздің балалар күз туралы өлең, тақпақ, жұмбақтарды шеше алады.
1-тәрбиеші: Сіз жайланып отырыңыз, күз ханшайымы. Біздің балалардың өнерін тамашалаңыз.
Хор: «Алтын дән» өлеңі.
1-тәрбиеші: Ал, балалар ендеше, Күз ханшайымының тапсырмаларын орындайық. 1-сұрақ: Күз мезгілі нешеге бөлінеді?
-үш
-Күз айларын ата?
-Қыркүйек, қазан, қараша.
2-тәрбиеші: Ендеше ортаға күз айларын шақырайық.
Асылжан: Бірінші қыркүйек
Білімге бастады,
Мал мен аң жүр билеп,
Құс шарлап аспанды.
Мансұр: Жаңартқан ғаламды
Жаңбырлы ғажап ай,
Осынау заманды
Орнатқан қазан ай.
Ерасыл: Мол байлық тергені
Шаттығы қаншалық
Қарашы, өрледі
Қараша ән салып
1-тәрбиеші: Мінеки балалар, біз күз айларымен таныстық.
2-т: Өнім биыл тамаша,
Көз тоймайды қараса.
Сәбіз, пияз, қияр, картоп
Бұршақ, асқабақ, қызылша
Қызанақ, орамжапыраққа қарашы
Көкөністер бір жерде жиыла қалып дауласты.
Лұқман: Жиналып қаппыз бәріміз,
Қайсымыз ең дәмдіміз?
Ішімізден адамға
Тиеді көп пайдамыз?
Шахназ: Кішкене түймедеймін мен
Ұнаймын мен бәріне
Дәмді тағамдарымен
Сый жасаймын бәріңе!
Адина:Мен де бір сөз айтайын
Мақтанайын сіздерге.
Менсіз борщ болмайды
Винегрет те үстелде.
Бақдәулет:Мақтанғаннан не пайда?
Менсіз дәмді щи қайда?
Мені қосса самсаға,
Бәрі жейді тамсана.
Ислам:Дәмім тілді үйірген
Мен тұздалған күйімде!
Жаңа піскен кезімде
Жейді бәрі сүйсіне!
Мадина:Кім білмейді шалқанды?
Талайлар маған таң қалды.
Бәріне сый боламын Тауып көр менен дарханды.
Ж.Аида:Кім бар сәбіз шырынын
Жастайынан ішпеген?
Мені жеген адамдар
Кем болмайды күшке де!
Аяулым:Өсем бақша-бауында Қатты ұқсаймын қауынға
Жемек болып шикідей
Күлкі болмай қауымға.
К.Азиза: Піскен кезде қызанақ
Көз тартар қызыл түсімен
Бар ма адам сүйсінбей,
Томат шырын ішпеген?
Бейбарыс: Боламын мен дәмдеуші
Барлық-барлық тағамға
Көкөністер ішінен
Мен пайдалы адамға.
Аяла: Мен ұялшақ картоппын Мен емеспін мақтанар
Мені жақсы көреді
Үлкендер мен балалар.
1-Тәрбиеші: Көкөністер бәріде
Денсаулыққа пайдалы
Мұны жақсы біліңдер,
Оларды жақсы көріңдер
Хор: «Алмалар әні».
2-Тәрбиеші: Күз ханшайымы, балалардың өнерлері ұнады ма?
Күз ханшайымы: Иә, балалардың бәрі өнерлі екен. Қане, балалар, осындай молшылық Күз айында бір ойын ойнап жіберейік. Ол ойын «Кім жылдам?» деп аталады. Ойын шарты бойынша ұлдар бір себетке көкөністерді жинайды, ал қыздар екінші себетке жемістер жинайды. Ойын: «Кім жылдам?» Тәрбиеші: Күз ханшайымы, балалардың ойынына баға беріңіз.
Күз ханшайымы: Жарайсыңдар, балалар! Көкөністер мен жемістерді дұрыс ажыратып жинадыңдар. Енді екінші тапсырмамды тыңдаңдар, жұмбақ шешу.
2-тапсырма:1.Жазда інге тығылып,
Жатқан қызыл түлкіні
Құйрығынан суырып,
Әкелді әжем бір күні.Бұл не? (Сәбіз)
2. Жайлы, жұмсақ төсегім,
Домаланып өсемін
Қабат-қабат тоным бар
Қалай оны шешемін. Бұл не? (Орамжапырақ)
3. Қалың киім ұнатады,
Шешіндірсең жылатады. Бұл не?(Пияз)
Күз ханшайымы: Жарайсыңдар, балалар!Жұмбақты да шеше аласыңдар.
«Қолшатыр» биі
1-Тәрбиеші: Берекесін сыйлауға
Өлкемізге Күз келді.
Жемістерін жинауға
Шақырады біздерді.
2-тәрбиеші: Жемістерді қарсы алайық. (Осы кезде әуен ойналады. Ортаға жемістер шығады.)
(Алмұрт) Мен алмұртпын, алмұртпын,
Аузындамын бар жұрттын.
(Алма) Мен алмамын, алмамын,
Таңдай жұлар бар дәмім.
Диляра:Бұтақтан үзілген
Жарылса анармын
Моншақтай тізілген,
Дәндерін аламын.
Дана: Мен жүзіммін, жүзіммін
Моншақ болып тізілдім.
А.Азиза: Өрікпін, мен өрікпін,
Бау-бақшаға көрікпін
Баптап мені күткен соң,
Талды бойлап өріппін.
Айым: Мен шиемін, шиемін,
Күннің көзін сүйемін.
Қышқыл шырын менде бар,
Төмен бас иемін.
Күз ханшайымы:-Өте тамаша,балалар!Қазір менімен ойын ойнайсыңдар ма? Бұл ойын «Қай жеміс?» деп аталады.Көздеріңді жұмып,жемісті жеп,қай жеміс екенін айтасыңдар.(Бір ыдыста туралған әр түрлі жемістер.
Жарайсыңдар өрендерім, сендер жұмбақты жақсы шешеді екенсіңдер, Ал енді қонақтарымызды сынап көрейік. «Ұйқасын тап» ойыны ойнайық.
Ойын: «Ұйқасын тап».
Пісетін кезі дәл
Күзде Мезгілсіз оны үзбе.
Аузыңнан кетпес бал дәмі
Оның аты-(шабдалы)
Кіп-кішкене болса да,
Ағаштың басын иеді.
Жемістерін айырып,
Танисың ба...?(шиені)
Жапырақты тасалап,
Өсетін жері- бақша-бақ.
Күрең қызыл шіркін-ай,
Оның аты....(таңқұрай)
1-тәрбиеші: -Рахмет құрметті қонақтар, ата-аналар. Ендігі біздің балаларымыздың «Саңырауқұлақтар» биін қабыл алыңыздар.
Күз ханшайымы: Рахмет, балалар! Өнершіл - өрендерім! Міне, менің сыйлығым бір себет Күз сыйы. Сендерге денсаулық, шаттық және байлық әкелсін. Тәрбиеші: Күз ханшайымы, саған мың алғыс! Бүгінгі сыйлығына рахмет . Бізге тағы кел, біз сені сағына күтеміз.
Күз ханшайымы: Берекелі бақ дәулет Артта түссін тойланып. Сау болыңдар, балалар, Келгенше жыл айланып. (Осы кезде әуен ойналады, Күз ханшайымы қоштасып кетеді) Қош бол,Күз ханшайымы.
2-тәрбиеші: Күздің кереметі, байлығы өте көп. Күзде біздің дастарханымыз дәнді дақылдарға, көкөністерге, жеміс-жидектерге толы болады, бірақ осы байлыққа жету үшін көп еңбек ету керек. Сондықтан сендер еңбекшіл болыңдар.
1-тәрбиеші: Міне, балалар осымен «Жомарт Күз» атты ертеңгілігіміз аяқталды.Сіздерді Күз мерекесімен құттықтаймын, әр отбасыларыңызға бақыт, береке тілеймін. Тәрбие оқу ісінің меңгерушісіне сөз беру. Ата-аналардың бүлдіршіндерге құттықтау сөзі. Шашу шашылып, мереке аяқталады