Саба? жоспары Негізгі ж?не туынды сын есім


Есір Айшуақұлы атындағы орта мектеп

Ашық сабағы
Тақырыбы: «Негізгі жіне туынды сын есім»


Өткізген: Қадір Гүлсім

Сабақтың тақырыбы: Негізгі және туынды сын есім.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға негізгі және туынды сын есім туралы түсінік беру. Олардың бір-бірінен ерекшелігін саналы түрде анықтау. Көркем жазуға машықтандыру.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, шығармашылық.
Сабақтың түрі: дәстүрлі этнографиялық сабақ.
Сабақтың көрнекілігі: венн драграммасы, шығармашылық
тап жазылған плакат.
Сабақтың жүрісі: І Ұйымдастыру
Оқушыларды түгендеу, оқу құралын дайындау. Сабаққа назарын аудару. Бүгінгі сабақты наурызға киім тігу арқылы бағалау.
(1-слайд. Киіз үй суреті)
ІІ. Өткенді қайталау.
Сөз таптары тарауынан өткендерін сұрақ-жауап арқылы пысықтау.
(2-слайд. Сұрақтармен)
Қандай сөз таптарымен таныстық?
Зат есім дегеніміз не?
Зат есім құрамына қарай нешеге бөлінеді?
Негізгі зат есім дегеніміз не?
Туынды зат есім дегеніміз не?
Етістік дегеніміз не?
Етістік құрамына қарай нешеге бөлінеді?
Негізгі етістік дегенімімз не?
Туынды етістік дегеніміз не?
Етістік неше түрге бөлінеді?
Болымды етістік дегеніміз не?
Болымсыз етістік дегеніміз не?
Сын есім дегеніміз не?
Өлеңді оқы, сын есімді тап. Сын есімдерді сөз құрамына ажырат.
(Осыдан жаңа сабақтың тақырыбын шығарып алу).
ІІІ. Жаңа сабақ.
Күннің жадысын, тақырыпты жаздыру.(3-слайд)
Көркем жазу минуты (4-слайд)
Көкшіл бояу әкелші
Көк теңізді салайын.
Ақшыл бояу әкелші
Ақ теңізді салайын.
Оқулықпен жұмыс.
375-жаттығу. Сөздерді салыстырып оқу. Олардың әрқайсысына сұрақ қойып, айырмашылығын байқау. Қосымшалы сөздерді көшіріп жазу. Сөз құрамына талдау және олар қай сөз табына жататынын айту.
Сергіту минуты.
Керегені жазайық,
Шаңырақты құрайық,
Уық болып иіліп,
Киіз үйден болайық
А). 376-жаттығу. Мақалдарды көшіріп жазу. Сын есімді табу. Олардың негізгі, туынды екенін ажырату. Мақалдардың мағынасын түсіндіру.
Ә). 377-жаттығу. Сөздерді көшіріп жазу. Туынды сын есімдердң сөз құрамына талдау. Туынды сын есімнің түбірлері қандай сөз табынан жасалғанын табу.
Шығармашылық тапсырма.
ІІІ деңгей ІІ деңгей
Көктемгі кез............. Біз ектік аулаға
Жазғы мезгіл............Көктемде..............
Күзде бәрі.................Бақта да, бауда да
Қыста бәрі.........................гүлдер өрілді.

І деңгей
Өсіп тұр бауда
..................... алма.
IV.Сабақты қорыту. (6-слайд.)
Негізгі Туынды
13582276051Түбір сөзден болады
00Түбір сөзден болады
226618046868Түбір сөзге жұрнақ жасалу арқылы болады
0Түбір сөзге жұрнақ жасалу арқылы болады
2032716337036Сын есім
00Сын есім

V.Мадақтау. Бағалау. (7-слайд.)
Киіз үйдің құрылымын қарау. Сол арқылы бағалау.