Поурочный план 0 класс Сауат ашу ? дыбысы мен ?рпі


Пәні: Сауат ашу және жазуТақырыбы: «Ұ» дыбысы және әрпіСабақтың типі: жана сабақ
Сабақтың мақсаты:Ұдыбысы мен әрпімен таныстыру.Жеке сөздерді оқуға және тез оқуға дағдыландыру.Ұқыптылыққа, әдемі жазуға дағдыландыру.Жазуға қолдарын жаттықтыру.Әдіс- тәсілдер:сұрақ-жауап,түсіндіру,әңгімелесу
Көрнекіліктері: суреттер ,кеспе әріптер, буындар
Оқу іс-әрекетінің барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі.
Балалар шаттық шеңберге тұрып, бір-бірлеріне жылы лебіздерін білдіреді.
2.Педагог балаларға жұмбақ жасырады.
Шыр айналып биші қыз, Билеп-билеп алады. Өз бұрымын беліне,Орап, түсіп барады. (Ұр-шық) 
Ұршық сөзіне дыбыстық талдау жасау.буынға бөлдіру.
II.Негізгі бөлім. -Жарайсыңдар, балалар
-Ұршық деген не? Ұршықты көріппе едіңдер? Үйлеріңде бар ма?Ұршық – малдың жүнінен жіп иіретін құрал. Ол — мұрындық , басы мен саптан тұрады. Ұршықпен қап, алаша, т.б.тұрмыстық бұйымдар мен киім-кешектерге арнап жіптер иірілген.
-Осы сөзде бірінші қай дыбысты естіп отырмыз?(Ұ дыбысын естиміз).-Балалар, «Ұ»дыбысын хормен айтайық!(Ұ дыбысының баспа және жазба түрін көрсету, тақтаға ілу).-Ұұ дауысты әлде дауыссыз дыбыс па?Қандай текшемен белгілейміз?-Суретте көріп тұрған «ұя» деген не?- Ұя - құстың түрлі шөп, бұтақ, ағаш қалдықтарынан өздері жасаған үйшігі.Ұя бұталарда, үй шатырының қырасында орналасады.Әліппе дәптермен жұмыс.1. Ұя, құдық, бұзау сөздеріне дыбыстық талдау жасатып, ондағы ұ дыбысының орнын ажыратқызады. - Ұя сөзінде ұ әрпі қай орында тұр? (ұ-я)-Құдық деген не? Құдық сөзінде ұ әрпі қай жерде тұр?-Құдық- онда су қоры сақталады. Мына суреттегі құдық-бұл жердің тереңінен су алынатын құдық түрі. (құ-дық)-Бұзау деген қай түліктің төлі? Бұзау сөзінде «ұ» дыбыс қай орында тұр?-Бұзау-төрт түлік малдың бірі сиырдың төлі. (бұ-зау)Буындап оқыту. Ұ-лу, сұ-лу, бұ, бұ-лан, бұр, тұ, тұр, тұ-рақ, құ, құр, сұ, сұр, құ-лан, құ-лын, ұ-я, ұн, құ-рақ, құс, ұш-қыш, ұ-шақ.-Құлан-бұл жабайы жылқы, есекке ұқсас.Бұлан-бұғыға ұқсас жануар. Құр –бұл орман құсы.Сергіту сәті:Ұлпабастың басынаҰлу шықты асыға.Ұстап алмақ боп оны,Ұмтылғандай боп еді,Ұлу қаша жөнелді.2. Ауада жаздырту. Ұ әрпі таңбасының жазылу элементін көрсету, жазылуы 3 элементтен тұрады. Ұ әрпін ауада жазып көрсету, балалардың өздеріне жаздырту. Баспа Ұ әрпін негізгі жолға жазғанда жоғарыдан төменге сүйірлеп көмекші жолға дейін сызып, қайтадан негізгі жолға жоғары көтеру.Тік сызық көмекші жол ішіне сызылады, ал содан соң, белінен сызамыз.Мінеки, Ұ ұ әрпінің баспа түрін осылай бастырып жазамыз.3.Жазу жұмысы. Үлгі бойынша ұ дыбысының кіші және бас әріпін бастырып жазады.Тіл ұстарту жаттығуы.(2 рет) Ұс-ұс-ұсҚарлығаш – киелі құс.4.Тақтамен жұмыс және кеспе әріптерден сөз құрату.Торкөздегі ұ дыбысының орнына қарай сөз ойлап тауып, жазу және дәл сол сөзді екінші бала кеспе әріптер кассасына осы сөздерді құрайды.Сұр(тұр), сұ-лу, тұл-пар.5.«Сөйлем құра» тапсырмасы (3 сөзден тұратын ортасында ұршық сөзі кездесетін сөйлем құрату).Әжем ұршық иірді. Мен ұршық иірдім. Ойын: «Сөз ойла, тез ойла»Шарты: 3 қатар болып «ұ» әрпі кездесетін сөздер ойлатып, жарыстыру. Көп сөз айтқан қатарға пішіндерін беру. Кім көп жинаса, сол жеңеді. (балалар соңында пішіндерді атайды, түстерін ажыратады және санайды).Жаңылтпаштар жаттату.(3-4 рет)Талап-тұлпарБілім-сұңқар. Тұз-мұздай,Мұз-тұздай. -Балалар, тұз деген не, мұз деген не?-Тұз-тағам қосылатын түссіз, ащы кристалл зат, онсыз астың дәмі болмайды.-Қазір жылдың қай мезгілі еді? Қыс мезгілінде өзен, көлдің суы қатады, судың бетінде мұз пайда болады. Судың үш күйі: газ,қатты,сұйық күйі болады. Ендеше судың қатты күйі мұз болғаны.-Мінеки, жарайсыңдар!Жаңылтпашты да жақсы қайталап, жаттап алдыңдар.Қорытынды. -Балалар, бүгінгі сауат ашу сабағынан қандай әріппен таныстық?-Ұ дауысты ма, дауыссыз ба?-Иә, дұрыс айтасыңдар! Дауысты дыбыстар созылып айтылады.-Қандай жаңа сөздермен таныстық?-Бұлан, құлан, сұлу, тұрақ, құр, сұр,т.с.с. сөздермен таныстық.Мадақтау.-Бүгін бәріңде сауат ашу сабағына өте жақсы,белсенді қатыстыңдар, келесі сабақтарға да дәл осылай қатысыңдар.-Балалар, орнымыздан тұрып, сау болыңыз айтайық! Сау болыңыздар.