Жа?сылы? жан жадыратады (9-сынып)


Өзiн-өзi тану сабағының жоспары
Мектеп: №130 Мерзiм: № 9
Тақырып: Жақсылық - жан жадыратады
Құндылық: Ішкі тыныштық Қасиеттер: сабырлылық, байсалдылық, адалдық
Мұғалiм: Тұрғанбаева Гүлнар Сынып: 9 «а,б,в» Оқушылар саны: 21-20-17
Мақсаты: Жақсылық  жасаудың  қуаныш әкелетіндігін  сезіндіру арқылы ішкі тыныштық құндылығының мәнін ашу.
Міндеттері:
1.Жақсылық жасаудың адамның табиғаты екендігін түсіндіру;
2. Сабырлылық, байсалдылық, адалдық қасиеттерін дамыту;
3.Риясыз жақсылық жасауға тәрбиелеу. Ресурстар:
(құралдар, мәлiметтер) оқулық,
дәптер , плакат,
маркер
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңi. Сәлемдесу.
Оқу құралдарына назар аудару. Оқушылардың сабаққа толық қатысуын қадағалау.
5-Т ережесін еске түсіру
Жағымды күйге келу.
«Нұрға бөлену»
-Кім өзінің әсерімен бөліскісі келеді?
Үй тапсырмасын тексеру.
Оқулықтағы 62-беттегі А.Құнанбаевтың «Жиырма үшінші қара сөзін» оқып келу.
Мәтінді талдауға арналған сұрақтар:
1.Қазақты оңдырмай жүрген бір қуаныш, бір жұбаныш дегендері не?
2. Жақсы адамның бойында қандай қасиеттер болады деп ойлайсыңдар?
3.Жақсылық жасаудың адам өміріндегі маңызы қандай?
4.Жақсылық жасағанда қандай сезімде боласың?
5. Адамдар неге жақсылық жасайды? Ескертулер:
Дәйексөз.
«Жақсы адам елдің ырысы,Жақсы сөз жанның тынысы»
Мақал - мәтел
Бірінші хормен оқу. Бірінші ер балаларға,  екінші қыз балаларға айтқызу.
Барлығы бірге айту.
-Осы мақал – мәтелді дәптерлеріңізге жазып алыңыздар.
Осы мақал – мәтелді қалай түсіндіңіздер?
Оқушылардың пікірлерін тыңдап болғасын, мұғалім қорытындылайды. Әңгiмелеу.Мұғалім сыйы

«Өмір сүрудің ең жақсы жолы»
Шағын ғана бір ауылда орта жастағы бір кісі дүкен ашып сауда жасамақ болады.Сөйтіп алға қойған жоспарын бастап та жібереді.Ол ақкөңіл,жайдарлы болғандықтан,ауылдың адамдарының бәрі оны жақсы көретін.Бір күні ауыр науқастанып,бұл дүниеден өтерін сезген адам,артында қалған үш ұлын қасына шақырып:
-Үшеуіңнің біреуі барлық дүкендерімнің иесі болады.Мирасымды соған қалдырамын.Менің дүние-мүлкіме қайсысың лайықты екенін білу үшін үшеуіңе де бір-бір ақшадан беремін.Осы ақшаға бір нәрселер алыңдар.Кешкісін келгенде алған нәрселерің менің осы бөлмемді толығымен толтыруы керек.Шартым осы.
Ұлдары үлкен дүкенді иеленіп қалу мүмкіндігінен айрылып қалмауды ойлап,не істерлерін білмей қатты абыржыды.Қалаға барып үшеуіде ақшаларын жаратты.Кешкісін әкелерінің қасына келгенде үлкен баласы:
-Досымның шаруашылығына барып,екі қап сабан сатып алдым,-деді де,қаптарды ашып,сабанды әр тарапқа шаша бастады.Алайда көп ұзамай сабандар еденге түсіп,бөлмені толтыра алмады.Ал екінші баласы:
-Дүкенге барып екі жастық алдым,-деді де жастықтарды сөгіп,ішіндегі жүнін бөлменің ішіне шашып тастады.Бірақ жүн де жерге түсіп,бөлмені толтыра алмады.Ал үшінші ұлы:
-Ақшаны ұсақтап,50 сомын мешітке бердім,20 сомын қайырымдылық қорға бердім,20 сомын садақа ретінде тараттым.Қалған 10 сомға екі нәрсе алдым деп,қалтасынан сіріңке мен шырақты алды.Бөлменің жарығын сөндіріп,шырақты жақты.Сабан мен жүнге толмаған бөлме аз уақыттың ішінде шырақтың нұрына бөленді.Әкесі баласына риза болып:
-Менің жаным енді тынышталды. Мирасымды саған қалдырамын,өйткені өмір сүрудің ең жақсы жолы - айналаңа жарық тарату екенін білдің – деген екен.

Әңгіме бойынша сұрақтар:
Үшінші ұлының әрекетіне деген өзіңіздің көзқарасыңыз?
Әкелерінің ішкі тыныштық табуына не себеп болды?
«Айналаңа жарық тарату» дегенді қалай түсінесіңдер? Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс
«Бар жақсылық-әлемге!» постер қорғау (топтық жұмыс) Топпен ән айту.

«Қазақ осы» әнімен Сөзі: Қ. Мырза Әлі
Әні: Ә. Телғозиев
Бір – біріңе жасаңдаршы жақсылық,
Болашаққа аяғыңды басшы нық,
Жанымызды жадыратар қашанда
Мен сендерге тілейтінім сәттілік. ( 2 рет)
Мынау әлем жақсылықтан жаралған,
Әр жүректе тұрады ғой ақ арман.
Жақсылықтың кіші – үлкені жоқ дейді
Осы сөзді өшірмейік санадан. ( 2 рет)
Шындық осы айтатыным жарандар,
Айналаңа мейіріммен қараңдар,
Әрқашанда татулықты ту қылып
Жақсылықты көрейікші жанардан . ( 2 рет )
Ей, жарық күн, нұрыңды шаш далама,
Шаш нұрыңды қарттарға, жас балаға,
Барша адамның жүрегі нұрға толып
Жақсылық іс жасасын бар ғаламға. ( 2 Рет )
Жарқырасын шуақ боп алғашқы үміт,
Жүректерді жүрекпен жалғастырып.
Адамзатқа тыныштық бер, бірлік бер,
Ынтымақтан туындар бар жақсылық! ( 2 Рет )
Бір – біріңе жасаңдаршы жақсылық,
Болашаққа аяғыңды басшы нық.
« Жақсы адам көңілі - күн»- деген бар
О, ағайын сіздерде енді басты үміт! ( 2 рет) Үй тапсырмасы.
1.Оқулықтағы 65- беттегі А.Қоныстың «Сөз құдіреті» мәтінін оқып келу
2.Тарихтағы ұлы тұлғалардың өмірінен жақсы істері туралы әңгімелеп келу.
Сабақтың соңғы тыныштық сәтi.
Баяу әуен ойналады
Сабақта айтылған ойларымызды жүрек түкпіріне бекітіп,түйейік. Өмірде байсалды іс-әрекетіміз бен байыпты әрекеттеріміз шын жүректен шығып,ізгілікке ниеттелсін. Бәріміз бір – бірімізге қамқор болайық. Сабақта көрініс тапқан жақсы қасиеттер жүрегімізде сақталып, іс жүзіне асырылсын. Жақсы ой ойлайық, жақсы іс жасайық. Рахмет, көздеріңізді ашуға болады. Сабақ аяқталады, сау болыңыздар!