Гимнастика. Акробатикалы? жатты?улар саба? жоспары 8 класс
Ержанова Қызылгүл
Қызылорда облысы, Шиелі кенті,
№46 А.С.Пушкин атындағы мектеп-лицейінің
дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі
Cабақтың тақырыбы : Гимнастика. Акробатикалық жаттығулар
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Акробатикалық жаттығулардың көмегімен оқушылардың
денсаулықтарын нығайту.
Дамытушылық: Жылдамдық, төзімділік, ептілік , иілгіштік
қасиеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушылардың өз-өзіне сенімділік , жігерлілік қасиеттерін
қалыптастыру , өнегелі көркемдік танымдарды үйренуге
тәрбиелеу.
Қажетті құрал жабдықтар: Ысқырық, секундомер, төсеніштер,
секіртпелер, фишкалар.
Өтілетін жері: Спортзал
Сабақ бөлімі Сабақтың мазмұны
Уақыт Әдістемелік нұсқаулар
Кіріспе дайындық бөлімі 15минут
Сапқа тұру
Рапорт беру, амандасу
Cабақтың мақсатымен таныстыру
Орнындағы бұрылыстар
Жүру түрлері:
Аяқтың ұшымен жүру
Өкшемен жүру
Аяқтың ішкі және сыртқы қырымен жүру
Спорттық жүріс
Жүгірудің түрлері:
Кәдімгі жүгіріс
Тізені жоғары көтеріп жүгіру
Балтырды артқа сермеп жүгіру
Аяқтан аяққа секіріп жүгіру
Максималды жылдамдықта жүгіру
Кәдімгі жүгіріс
Жүру түрлері:
Спорттық жүріс
Кәдімгі жүріс
Демді қалпына келтіру
1 лектік саптан залдың ортасымен
3 лектік сап құрау
3 қатарлық сапта орналасу.
Жалпы дамыту жаттығуларын секрітпемен орындау.
1) Б.Қ.-Н.Т.1-екі қолды жоғары көтеріп керілеміз, оң аяқты артқа беріп аяқтың ұшына қоямыз. 2- Б.Қ.
3 - екі қолды жоғары көтеріп керіліп , сол аяқты артқа беріп аяқтың ұшына қоямыз. 4 - Б.Қ.
2) Б.Қ. – аяқ иық көлемінде , қолдар белде.
1-4 – басымызды оң жаққа айналдырамыз , 5-8- сол жаққа айналдырамыз.
3) Б.Қ. – аяқ иық көлемінде, қолдар жоғарыда.
1-4 – қолдарды алға айналдырамыз, 5-8 – қолдарды артқа айналдырамыз.
4) Б.Қ. – аяқ иық көлемінде , қол белде.
1-4 – денені оңға айналдыру, 5-8 – денені сол жаққа айналдыру.
5) Б.Қ. – аяқ иық көлемінде , қол белде.
1-4 – белді оңға айналдыру, 5-8- белді солға айналдыру.
6) Б.Қ. – аяқты алшақ қойып, қолдарды алға созамыз.
1- оң аяққа қарай отырамыз, 2 – Б.Қ. 3 – сол аяққа отыру, 4 – Б.Қ.
7) Б.Қ.-Н.Т.– 1-4 – оң аяқпен орнында секіру, 5-8- сол аяқпен секіру, 9-12- қос аяқпен секіру.
8) Бір орында адымдау
3 қатарлық саптан 1 лектік сапқа ауысып адымдап барып тоқтау.
Саптық жаттығулар
1 лектік саптан 2 лектік сап құрау
1 лектік саптан 3 лектік сап құрау
Сапқа тұру
Сабақтың мақсатымен таныстыру.
Алға,артқа аунап түсу, жауырынға тұру, «Көпірше»,
«Жартылай шатқа отыру»(полу шпагат),«Баспен тұру» жасау әдістерін түсіндіру және көрсету.
Жинақталып алға аунап түсу
Жинақталып артқа аунап түсу.
1 мин
2 мин
3 мин
2 мин
7 мин
4-5 рет
4-5рет
4-5 рет
4-5 рет
4-5 рет
4-5 рет
4-5 рет
4-5 рет
4 мин
3 мин
3 мин
3 мин Интервалды сақтау
Нақты, толық айту
Мұқият тыңдау
2 санаққа бұрылу
Дистанция сақтау керек
Қолды жоғары көтеру
Қол белде
Қолды алдыға және жанына созу
Адым жиілігін жоғарлатамыз
Дистанция сақтау
Бірқалыпты баяу жылдамдықта
Тізе 90 градусқа көтеріледі
Өкшені жамбасқа тигізу қажет
Ұзаққа және биік секіруге тырысу
Диагональмен
Периметрмен
Ара қашықтық сақтау
Жылдамдықты бірте бірте бәсеңдету
Терең тыныс алу
Қолды жанына созғанда бір біріне кедергі келтірмейтіндей қашықтыққа орналасу.
Керілген кезде демді жұтамыз да бастапқы қалыпқа келгенде шығарамыз.
Басымызды жоғары көтеріп қолдардың ұшына қараймыз.
Көздерімізді жұмып орындауға да болады.
Шынтақ буында қолдарды бүкпей түзу ұстау қажет.
Мүмкіндігінше қаттырақ иілуге , шалқаюға тырысамыз.
Денені түзу ұстаймыз, тек бел ғана айналу керек.
Денені түзу ұстап , толық отыруға тырысамыз.
Биік секіруге тырысамыз.
Санақпен, барлығы бірдей
Интервал сақтап
Мұқият тыңдау қажет
Қатарға тұру мен тізбекке
тұрудың айыриашылығын
айта кету.
Лектік саптан қатарлық сапқа ауысысымен оңға қарап түзелу қажет
Сынып периметр бойынша қадам басып келе жатқан сәтте 2 , 3 , 4 лектік саппен залдың ортасымен солға, бұрыл?командасы бойынша оқушылар мұғалімнің пәрменіндегі лектің санына байланысты залдың төменгі немесе жоғарғы ортасынан
бұрылып 2 ,3 лектік сап түземіз.
3 лектегі сапты оңға бұрып оң жақ қапталдан 1 лектік саппен қайтадан периметр бойынша жүруге көшу.
Интервал сақтап тік тұру
Мұқият тыңдауын қадағалау.
Көрнекіліктер арқылы және үздік оқушылар қимылымен көрсету
Алға аунау кезінде екпінді пайдаланамыз және денені жазбай жинақталып қолмен аяқты ұстап орындаймыз.
Аунап түскеннен кейін жүрелей отыру қалпына келіп барып тұрамыз.
Артқа аунау кезінде қолды алға тіреп, екпінді пайдаланамыз және денені жазбай жинақталып қолмен аяқты ұстап орындаймыз.
Жаттығуды орындау барысында қауіпсіздік ережесін қатаң сақтау керек.
Негізгі бөлім 25 мин. Жауырынға тұру.
«Көпірше» жасау
«Жартылай шатқа отыру»(полу шпагат),
«Баспентұру» 3 мин
3 мин
3 мин
3 мин
Дене еденмен тура вертикаль қалыпта болу қажет.Аяқтың басын созып ұстаймыз, қомен белімізді ұстап аяқты тік ұстауға тырысамыз.
Шалқадан жатқан қалыптан көпірге тұрамыз және әріптесінің көмегімен тұрамыз.Көпірге дұрыс тұру үшін дене салмағы қолға да, аяққа да түспей ортада болуы тиіс.
Жартылай шапқа отыру үшін,
дене мен артқа созылған аяқ бір сызықтың бойында болуы тиіс.
Баспен тұрмас бұрын, қолдың және бостың орналасуын нық орналастырып, жайлап аяқты жоғары көтереміз. Төсенішке үш бұрыш сызып алып жоғары жағына басымызды, төменгі екі бұрышына қолымызды қойып, аяқты бүгіп жайлап жоғарыға созамып тепе – теңдікті сақтау қажет
Қорытынды бөлім
5 мин
Сапқа тұру
Назар аудару жаттығуы
Сабақты қорытындылау
Бағалау
Үйге тапсырма беру
Қоштасу
1 лектік саппен залды бір айналып залдан шығып киініп-шешіну бөлмесіне бағытталу.
5 мин Интервал сақтау
Оқушылардың жіберген негізгі кемшіліктеріне тоқталып болдырмау жолдарын айту және жаттығуларды жақсы орындаған оқушыларды атап өту.